kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын күз" тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Алтын күз» мерекесі

Мақсаты:

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.

Күз  көрінісін ән, би, көрініс арқылы сипаттау. Жұмбақ  арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.

Залды безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар тігілген түрлі түсті маталар, шарлар, залға ілінген күзгі жапырақтар.

Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер муляжы

Кейіпкерлер: Күз аруы, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Пияз, Қарбыз,Өрік, Жүзім, Алма, Алмұрт, Картоп

Назерке:
Шөп сарғайып,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Ислам
Бұл қай кезде болады?

Ислам:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс Назерке
Күзде ғана болады. 

Назерке:
Армысыздар Қымбатты қонақтар!
Ислам:
Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достарым.
Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Назерке: Балалар, сендер күз айларын білесіңдер ме? Олай болса кім маған атап береді?
-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүек айы(Айбат) Менің атым –Қыркүйек.Күздің бірінші айымын, Сендер мен туралы не білесіңдер?      (Оқушылардан жауап алынады)

Қазан айы:  (Әділжан) Менің-атым-Қазан. Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?
-Ұстаздар күні,қарттар күні бар.
Қараша айы (Жанель). Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын !Күннің суып,қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?

Оқушылардан жауап алынады

Назерке: Қыркүйек, қазан, қараша төрге шығыңыздер

Қуандырып біздерді                                                                                                              Мерекелі күз келді                                                                                                                         Кел жемісті алтын күз                                                                                                               Кемелденсін халқымыз (ортаға күз ханшайымын шақырайық)

Ортаға себет толы жемістері бар Күз-Лашын  келеді. (қол соғып қарсы алу)

Күз-Лашын:

Сәлем өрен достарым                                                                                                                           Өмірге көп қосқаным                                                                                                      Қымбатты сый алыңдар                                                                                                             Молайтыңдар шаттықты                                                                                                                                Ән айтыңдар бақытты.

Ислам:

Астық жеміс жиылды                                                                                                    Қамбамызға құйылды                                                                                                                             Ардақты күз мың алғыс                                                                                                                           Алдық өнім сыйыңды

Хормен: Ардақты күз мың алғыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын күз" тәрбие сағаты»


Тақырыбы: «Алтын күз» мерекесі

Мақсаты:

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.

Күз  көрінісін ән, би, көрініс арқылы сипаттау. Жұмбақ арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.

Залды безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар тігілген түрлі түсті маталар, шарлар, залға ілінген күзгі жапырақтар.

Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер муляжы

Кейіпкерлер: Күз аруы, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Пияз, Қарбыз,Өрік, Жүзім, Алма, Алмұрт, Картоп

Назерке:
Шөп сарғайып ,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Ислам
Бұл қай кезде болады?

Ислам:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс Назерке
Күзде ғана болады. 

Назерке:
Армысыздар Қымбатты қонақтар!
Ислам:
Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достарым.
Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!


Назерке: Балалар, сендер күз айларын білесіңдер ме? Олай болса кім маған атап береді?
-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүек айы(Айбат) Менің атым –Қыркүйек.Күздің бірінші айымын, Сендер мен туралы не білесіңдер? (Оқушылардан жауап алынады)

Қазан айы: (Әділжан) Менің-атым-Қазан. Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?
-Ұстаздар күні,қарттар күні бар.
Қараша айы (Жанель). Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын !Күннің суып ,қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?

Оқушылардан жауап алынады

Назерке: Қыркүйек, қазан, қараша төрге шығыңыздер

Қуандырып біздерді Мерекелі күз келді Кел жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз (ортаға күз ханшайымын шақырайық)

Ортаға себет толы жемістері бар Күз-Лашын  келеді. (қол соғып қарсы алу)

 

Күз-Лашын:

Сәлем өрен достарым Өмірге көп қосқаным Қымбатты сый алыңдар Молайтыңдар шаттықты Ән айтыңдар бақытты..

Ислам:

Астық жеміс жиылды Қамбамызға құйылды Ардақты күз мың алғыс Алдық өнім сыйыңды

Хормен: Ардақты күз мың алғыс.

Күз-Лашын:   Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.

Барлығыңды қимаймын Барымды мен сыйлаймын Бір айға бір демім Өздеріңмен біргемін

(Менің қолымдағы себеттегі жемістерді сендерге арнап әкелдім, бірақ оны бірден бермеймін, сендер маған өздерінің өнерлерінді көрсетулерін керек)

Назерке:   Иә, біз сізді дархан алтын күз деп байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз. Келіңіз, төрлетіңіз! Біздің сізге арнаған сыйымыз бар.

Ислам:

Көбейді құт- береке Астық толы қоймамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз.

Айбын:

Уа, халайық, халайық! Мұнда назар салайық. Мерекесі халықтың, Алтын күзді бастайық Алтын күзге арналған Мерекемеізді бастайық.

 Назерке: Олай болса, бүгінгі «Аяулы күз,Алтын күз» атты мерекемізді ашық деп жариялаймыз. Олай болса, мен Сіздерге жұмбақ жасырайын

Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.(Қарбыз )
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.(пияз)
Үстіне тігіп көк шатыр , Астында қызғылт дәу жатыр . (Қызылша)

Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. Алма

 Доп-домалақ сары, Ішінде бар дәні. Қызығасың көріп, Оның аты- ... (Өрік)

Іші толған шәрбәт, Дәмді, қандай әйбәт. Үзесің бірден жүзін, Оның аты - .... (Жүзім)

Олай болса ортаға 1А.2А сынып оқушыларын қошеметтап, қарсы алайық! Жемістер мен көкөністер

Пияз Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.
Асқабақ
Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын,жараймын,
Қыста сақтап қоюға.
Қауын
Исім жұпар аңқыған ,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Қарбыз (Нұрхан)
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.

Алма
Нарттай қызыл алмаман,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Алмұрт
Мен алмұрпын,алмұртпын,
Күзде жинап алатын,
Балбыраған біреуін.
Жесең тойып қалатын.
Өрік
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Жүзім
Мен жүзіммін,жүзіммін.
Моншақ болып тізілдім.
2А сынып оқушыларының орындауында «Күз көрінісі»

(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)

Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.

Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!Шуағын шашып,нұр төгіп тұр. Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер. (Әрқайсысын жұлқылап оятады)

Жуа:Не болды? Сәбіз:Бұл не айқай?

Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)

Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.

Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.

Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюхоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.

Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!

Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!

Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)

Ислам:

Мың бұралу  аз екен бұл өнерде, Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге. Бар сезімді көрерменге жеткізу, Мақсат екен орындалған әр биде.

Ендеше, ортаға 3А сынып оқушыларын шақырамыз!

Ислам: Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тірмшілігін жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары. Олай болса, келесі 4А сынып оқушыларының биін тамашалайық!

Ортаға 4А сынып оқушылары шақырылады «Би»

Назерке: Құлактан кiрiп бойды алар, Әсем ән мен тәттi күй. Көңiлге түрлi ой салар, Әндi сүйсен менше сүй.

Ортаға 4 А сынып оқушысы Ханшайымды шақырамыз.

Ислам: Ортаға 3А сынып оқушыларын шақырамыз «вальс»

Алтын Күз-Лашын:

Рахмет, балалар өнерлеріңе Уақыт өтпес бірліксіз Бақыт келмес тірліксіз. Талмай еңбек етіңдер Қыстан аман өтіңдер!

(Жемістері толы себетін оқушыларға ұсынады)

Жарайды мен енді қайтайын. Келесі жылы келермін.Мені қуандырып қарсы алдыңдар. Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік! Қыркүйек, қазан, қараша: Қош сау болыңдар!

Ислам-Назерке: Қош сау болыңыздар, Алтын күз! 

Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен мерекеміз аяқталды.







































«Алтын күз» мерекесінің талдауы

Мақсаты:

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.

Күз  көрінісін ән, би, көрініс арқылы сипаттау. Жұмбақ арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.



Бұл мерекеде бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. 1 сынып оқушылары күз туралы тақпақтарын паш етті. 2 сынып оқушылары болса, көріністерін көрсетті. 3 және 4 сынып оқушылары би биледі. Және де көрермендерге жұмбақ жасырылды. Бұл мереке көрермендердің және оқушыларыдың көңілінен шықты.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Алтын күз" тәрбие сағаты

Автор: Садыкова Айнур Руслановна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 376064

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Алтын к?з (т?рбие са?аты) "
    ["seo_title"] => string(25) "altyn-kuz-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "139719"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417782998"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты "Аналар?а мы? ал?ыс""
    ["seo_title"] => string(28) "trbiiesagatyanalargamynalgys"
    ["file_id"] => string(6) "310951"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459140170"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Аталар м?расы" ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(29) "atalarmurasyashyktrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "256002"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448032160"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Елін с?йген -Елбасы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(32) "ielinsuighienielbasytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "290462"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454953621"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Т?рбие са?аты: "Ата за??а - 20жыл!""
    ["seo_title"] => string(34) "t-rbiie-sag-aty-ata-zan-g-a-20zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "269782"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450899040"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства