kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақылды ешкі. Ш дыбысы мен əрпі (сауат ашу, мектепалды даярлық тобы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөздегі дыбыстарды, олардың  түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Ш  дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақылды ешкі. Ш дыбысы мен əрпі (сауат ашу, мектепалды даярлық тобы)»

ТАҚЫРЫБЫ: Ақылды ешкі. Ш дыбысы мен əрпі



Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

0.3.3.2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Педагог сұрақтарына толық жауап беріп, сөйлемдегі сөздердің санын анықтайды.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ш дыбысының орнын ажыратады.

Ш əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша өз ойларын айтып, мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Ш дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ш дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ш əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Жұмыс дəптерінен педагог сұрағы негізінде қажетті мəліметті табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Ш дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап бере отырып, Ш əрпімен танысады. Ш дыбысынан келетін сөздерді айтады, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Шарбақ, пішенші, айыр.



ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Сен неше сөйлем таныдың?

Соңғы сөйлемде неше сөз бар?

Ешкі қарбызды не үшін екті?

Ешкіге өзің қалай көмектесер едің?

Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр?

Шарбақ сөзін буынға бөліп айт.

Қай суреттен артық зат қалды?

Өткен ҰОҚ-

дан алған білім


Сөйлем құрастыр. Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Қандай түстермен белгіленеді?

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту үшін шаттық шеңберіне тұрғызып, көңілді өлең жолдарын айтқызады.

Арайлап таң атты, Алтын сəуле таратты.

Тəрбиелі баламыз,

Амандасып аламыз.

(Ұ)Педагог слайдтан бақташының суретін көрсетеді (слайдта ешкі бағып жүрген бақташы жүреді)

Балалар слайдтан не көріп тұрсыңдар?

Ешкі қандай жануар?

Ешкінің төлін не деп атаймыз?

Ешкі бізге не береді?

Балалар педагог сұрақтарына жауап беріп слайдтағы көрініс туралы пікірлеседі.

Суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.


(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Педагог балаларға сөйлем оқып береді.

Балалар мұқият тыңдап, педагог сұрағына жауап береді.

Ешкі лақтарын жақсы көреді. Оларға арнап қарбыз екті. Ол шаршады.

Балалар неше сөйлем тыңдағандарын айтады. Педагог əр сөйлем сайын тоқтап оқиды. Соңғы сөйлемде неше сөз барын табады.

Əліппе-дəптер

Суреттер.


Балалар педагогтің ешкі туралы əңгімесін сурет бойынша толықтырып аяқтайды.

Суреттегі шелек, шегелерді аттарымен атап, қандай дыбыспен басталып тұрғанын табады.

Ш дыбысын айтады. Ерін аздап дөңгеленеді жəне жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді.

Əңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ешкі қарбызды не үшін екті?

Ешкіге сен қалай көмектесер едің?

Ешкі сөзінде Ш дыбысы нешінші тұр?

Балаларға педагог шарбақтың суретін көрсетін түсінік береді.

Шарбақ сөзін буынға бөледі.

Шар-бақ

2-тапсырма. Ешкінің еңбек құралдарын атап, Ш дыбысын ізде. Сызбаның қай суреттің атауы екенін тап. Суреттегі заттарды атайды.

Шелек, шар, тырнауыш, шеге.

Балалар сызбаны қызыл жəне көк дөңгелекпен белгілеп, қай суреттің атауы екенін табады.

Ш*Ш, Т*РНАУ*Ш

Ш – қатаң дауыссыз дыбыс. Көк түсті дөңгелекпен белгілейміз.

3-тапсырма. Ш əрпімен танысайық.Ш əрпі неге ұқсайды?

Аша сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Оның басының неге ұқсайтынын елестетеді.

Ш əрпінің баспа түріне қарап бейнелейді.

Шарбақтың суреті.

Қызыл, көк дөңгелекшелер.

Ш əрпінің баспа түрі жазылған плакат.

Əліппе-дəптер.


(Ұ) Сергіту сəті.

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма, шырағым!

Секеңдеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың!

Өлең жолдарын 2-3 рет қимылмен айталайды.

4-тапсырма. Педагог балаларға шарбақтың, тарақтың суретінің Ш дыбысына ұқсайтынын салыстырып айтып көрсетеді.

Балалар тарақтың тістерін домалақтап Ш дыбысын бейнелейді.

Ешкінің он шарбағынан Ш дыбысының тістерін санап қоршап белгілейді. Ш дыбысының баспа түріне қарап белгілейді.

Шарбақ пен тарақ тістерін Ш əрпіне ұқсатып қоршағанда қай суреттен артық тістер қалғанын айтады. Неге артық қалғанын түсіндіреді.

Балалар жазу дəптеріне Ш əрпінің баспа түрін жазады.

Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

Педагог оқу қызметін қорытындылайды.

Балалардың белсенділігін талқылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білімдеріне қарай смайликтер алады.

Смайликтер




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ақылды ешкі. Ш дыбысы мен əрпі (сауат ашу, мектепалды даярлық тобы)

Автор: Көпжасарова Гаухар Асқарқызы

Дата: 03.11.2017

Номер свидетельства: 436419

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "М  дыбысы ж?не  ?рпі"
    ["seo_title"] => string(15) "mdybysyzhnierpi"
    ["file_id"] => string(6) "296100"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455906618"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства