kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақселеу Сейдімбек Әйел ана

Нажмите, чтобы узнать подробности

4сыныпқа арналған сабақ жоспары. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақселеу Сейдімбек Әйел ана»

Ақселеу Сейдімбек "Әйел ана"



Сабақтың тақырыбы: Ақселеу Сейдімбек «Әйел - ана»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың әдеби ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флепчаттар, маркерлер
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ жауап
1. Әдеби ертегілер деген не?
2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?
Венн диаграммасы бойынша әдеби ертегілердің басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын табу.

Жаңа сабақ:
Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегілердің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегілер деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады.
Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтылады. Әдеби ертегілерде еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, әділетті болуды уағыздайды.
Ақын жазушылар кейде қызықты ертегілерді балаларға арнап әдейілеп те жазады. Олар да әдеби ертегілерге жатады. Бүгінгі өткелі отырған А. Сейдімбектің «Әйел – ана» ертегісі.
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (22. 12. 1942 ж., Байдалы би ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы - 16. 09. 2009 жылы, Астана)- жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).

Білімі
1968 жылы ҚазМУ - ді бітірген.

Қызмет жолы
«Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968 - 1975), Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан»газетінің жауапты хатшысы (1975 - 1976),
1976 - 1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі.
1983 - 1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы.
1987 - 1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы.
1988 - 1997 ж. ҚазКСР ҒА - ның Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
1997 - 1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры.
1999 жылдан Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде, кафедра меңгерушісі.

Шығармашылығы
Алғашқы әңгімелер жинағы "Ақиық" 1972 жылы жарық көрген, « Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), « Кеніш» (1979), «Алпамыс батыр» (1979), «Серпер» (1982), «Ақ қыз» (1991) және т. б. әнгіме, повесть, очерктері, «Күңгір - күңгір күмбездер» (1981), «Мың бір маржан» (1989), «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992), «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993), «Күй шежіре» (1993), « Көшпелілер тарихы» (1995), «Ойтолғақ» (1997),«Күй шежіре» (2 - т.; 1997), «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми - танымдық еңбектері жарық көрді. Гомердің «Илиада», «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974), И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды. Шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Қайтыс болуы
Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі.

Ой шақыру
«Ана» қасиетіне байланысты:
«Ана» жынысына қарай:
Мұғалім сөзі: Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Біз - қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңлілеріміз.
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.

Пәні:Әдебиет Класы: 5 б Уақыты: Сабақтың тақырыбы:А.Сейдімбек «Әйел-Ана» ертегісі (1-сағаты) Мақсаты: Автор туралы,шығармалары туралы білім беру.Ертегіні оқытып,талдата отырып,тақырыбы мен идеясын ұғындыру,білімдерін тереңдету.Сауатты жазуға,дұрыс сөйлеуге,шапшаңдыққа,ой ұшқырлығына машықтандыру. Міндеті:Ертегі талдату,түрлі тапсырмалар орындату арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдау.Оқу техникасын жетілдіру.Тақырыпты талдай білуге үйрету. Күтілетін нәтиже: Пәнге деген қызығушылығы артады,ертегі түрлерін ажырата біледі,кейіпкерлерге талдау жасай алады,тақырыпқа сай ой қорытады,өзіндік көзқарастары мен пікірлерін еркін білдіре алады.Алған тәлім мен өнегесін өмірде қолдана алатын болады. Сабақ түрі: Жаңа білімді өздігінен меңгерту. Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауаптар,Блум таксономиясы. Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі,тарих,музыка. Жабдықтар: Ақын портреті,шығармалар жинағы,слайдтар,кестелер. Сабақ барысы:

Кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру

 

 

 

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлу

 

 

 

 

Ой шақыру

 

 

Білу

1.Амандасу,түгелдеу.                       2.Оқу құралдарын даярлату.

 

 

1. «Толағай» қандай шығарма? 2.Қандай ертегі?                                  3.Не себепті әдеби ертегі деп аталып тұр?                               4.Авторы кім екен?                         5.Ә.Тәжібаевтың тағы қандай шығармаларын білесіңдер?Атап көріңдерші.                                         6.Ертегінің тақырыбы не екен? 7.Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдеріңді айта қойыңдаршы.

 

Қызыл,жасыл,сары түс арқылы топқа бөлемін.Топ басшыларын сайлап,бағалау парақшаларын тапсырамын.

 

Ана туралы әннің бір шумағын айтамын.(Ана туралы айтып өту)

 

Олай болса,балалар,бүгінгі өтетін сабағымыз А.Сейдімбектің «Әйел-Ана» ертегісі.

1.А.Сейдімбек туралы слайдпен таныстырады.

2.Ертегіні үш топқа бөліп беремін.

1.Сәлемдеседі,кезекші мәлімдеме жасайды.       2.Сабаққа бейімделеді.

 

1.Ертегі.                              2.Әдеби ертегі.                            3.Авторы бар.                                           4. Ә.Тәжібаев                                    5.Ақын шығармаларын атап айтып шығады.        6.Ерлік,батырлық.                            7.Үйден жаттап келген мақал-мәтелдерін айтады.

 

 

 

Таңдаған түстеріне сай бөлініп отыра қалады.

 

 

 

Балалар әннің ана туралы екендігін айтады,ана деген кім,оның қандай қасиеттері бар екендігін айтады.

 

Кітап-дәптерлерін ашып,күн ретін,тақырыпты жазады.

1.Балалар қысқаша жазып алады. 

2.Өз топтарында оқиды,бір-біріне түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағына қойылады, формативті бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір білдірген балалар бағаланады.

 

 

Топ жетекшісі бағалайды.

Түсіну

 

 

 

 

1.Мазмұнын сұраймын

 

2.Өз бөліктеріндегі түсініксіз сөздерді тапқызамын,мағынасын сұраймын.

1.Мазмұнын айтады. 2.Түсініксіз сөздерді тауып,мағынасын ашады,бірлесе отырып талдайды.                                                 

Топ жетекшісі бағалайды.

Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

1-топ.                                                            1. «Күншуақ елінің» ғажайып көрінісі.                                                2.Бөлік ішіндегі синонимдерді таптырып,дәптерлеріне жаздырамын.

2-топ.                                             1.Елшінің сөзін тауып сөйлеу. 2.Омоним сөздерді табу.                          3-топ.                                                    1.Ананың даналығын айту.          2.Антоним сөздерді табу.

 

Орнымыздан тұрамыз,                     Алақанды соғамыз.                               Бір отырып,бір тұрып,                        Билеп-билеп аламыз,                               Тез орнымызды табамыз.

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша бірлесе жұмыс жасайды,дәптерлеріне жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғаліммен қосыла орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі бағалайды.

Талдау

 

 

Ой-толғаныс

 

 

 

 

Әр топқа өз бөліктеріндегі азат жол санын анықтауды тапсырамын.

 

Топ басшылары келіп тапсырма жасырылған парақшаны алады.  Шағын эссе жаздырамын.                                          1.Ана.                                                      2.Туған.                                               3.Қатігездік.

1-топ.  5 азат жол,                                                          2-топ.  7 азат жол,                                                           3-топ.  6 азат жол.

 

Топтағы әр бала бір сөйлемнен жазады,толық бір мәтін шығады.Оқиды.

Топ жетекшісі бағалайды.

Жинақтау

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру

Топ басшылары тапсырма жасырылған парақша таңдап алады.

 

 

Ауызша сұрақтар беремін:              1.Ертегінің мәні мен мағынасы неде деп ойлайсыңдар?                                   2.Автор «Күншуақ елі» дегенде сенің көз алдыңа не елестеді?                                                 3.Қиын жағдайдан елді кім құтқарды?                                                 4. «Толағай» ертегісі мен «Әйел-Ана»  ертегісін салыстырып көрейікші.

 

1.Ертегіні мәнерлеп оқу.            2.Мен еліме қандай жақсылық жасаймын? Эссе жазып келу.

Тақырыпқа сай мақал-мәтел айтады.                                                    1.Ана туралы                                     2.Туған жер туралы.  3.Жақсылық туралы.

 

 

Оқушылар өз пікірлері мен

ойларын ортаға салады.

 

Салыстыру кестесін толтырады.

Шығарма талдау кестесін толтырады.

 

 

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Топ жетекшісі бағалайды.

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі бағалайды.

 

 

Топ жетекшісі бағалайды.

Бағалау

 

 

Рефлексия

 

Топ жетекшілеріндегі бағалау парағын қарай отырып,ортақ баға шығарамын.

Бүгінгі сабақтан алған әсерің.

Өз деңгейлерімен бағаларын алады.

Ойларын еркін айтады,пікір білдіреді.

Топ жетекшісімен бірлесе  бағалайм




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ақселеу Сейдімбек Әйел ана

Автор: Шайкбаева Гульназ Камалбековна

Дата: 25.04.2017

Номер свидетельства: 411595

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Ақселеу Сейдімбек: "Әйел-Ана" /әдеби ертегі/"
    ["seo_title"] => string(47) "ak_sielieu_sieidimbiek_iiel_ana_diebi_iertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "400399"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1489555384"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ақселеу Сейдімбек. Әйел – Ана."
    ["seo_title"] => string(33) "ak_sielieu_sieidimbiek_iiel_ana_1"
    ["file_id"] => string(6) "449972"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515955836"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(14) "?йел-Ана"
    ["seo_title"] => string(10) "iiel-ana-3"
    ["file_id"] => string(6) "264002"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449643850"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Конспект урока по литературе"
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekt_uroka_po_litieraturie_5"
    ["file_id"] => string(6) "464663"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1522664512"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства