Просмотр содержимого документа
«"Ақбота" мектеп жанындағы лагері»
Қаныш Сатпаев атындағы орта мектебі жанындағы «Ақбота» жазғы демалыс лагерінде 2017 жылдың 8-14 маусым аралығында атқарылған жұмыстар
4-сынып оқушылары «Ақбота» жазғы демалыс лагеріне күнделікті сағат 9:00жиналып мемлекеттік гимнді орындаудан бастап, мектеп медбикесі балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру жүргізеді. Таңертеңгілік бой жазу жаттығулары орындалады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Дене тәрбиесінің мұғалімі ортаға шығып жаттығудың жасалу жолын көрсетеді. Ол жаттығу аяқталған соң, шеңбер құрып тұрған балалардың бірі ортаға шығып басқа жаттығуларды, саппен тұру, жүру жаттығулары орындалады.
Таңғы жаттығудан кейін, мектеп ауласы мен сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік туралы нұсқау беріледі.
Жаттығу жасап болған соң,оқушыларға ағылшын тілінен үйрету сабағы болады.Оқушылар ағылшын тілінен жаңа сөздер ,тақпақтар үйренді.Бір-біріне сұрақтар қойып,сөздікпен жұмыс жүргізді.Өз отбасы туралы әңгіме құрастырды,жалпы ағылшын тілінен сабақ қызықты өтті.
Шығармашылық кезеңінде оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындап отырды. Мақал-мәтел айтудан жарыс өткізілді. Ертегілер ішіндегі кейіпкерлерді рөлге бөліп ойнады,оқушылар өз ойларынан өтірік өлең құрастырды. Оқушыларға тақпақтар оқылып отырды,олар сол тақпақтың ұйқасын тауып отырды.Оқушылар өздерінің білетін ертегілерімен бөлісті.Сол ертегінің мән-мағынасын ашты. Ертегілер арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын күн сайын арттырып отырды.
Ермексазбен «Жаз» композициясын жасады. Балалар ермексазбен жұмыс орнын дайындап, сынып жетекшісі ермексазбен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін ескертті.оқушылар сыртқа шығып асфальтта сурет салды.Ең жақсы деген суреттер анықталып,оқушылар марапатталды.Түрлі-түсті қағаздардан «Табиғат ғажайыптары» тақырыбында аппликация жасады.Өз қиялдарынан «Жадыраған жаз» тақырыбына сурет салды.Ең жақсы деген суреттерден көрме ұйымдастырылды. Табиғи материалдармен жұмыс жүргізілді.Қол икемділіктерін жетілдіру мақсатында түрлі әшекей бұйымдар, мазайка құрастыруды, қима қағаздардан жеміс жидектер мен көкөністер жасап оның денсаулыққа пайдасы жайында айтылды. Оқушылардың сурет салуға қызығушылығын арттыра отырып, сурет көрмесін ұйымдастырды. Эстетикалық талғамдарын арттырды.
Қазақтың ұлттық ойыны «Ақсерек-көксерек», «Сиқырлы таяқ», «Ақсүйек» ойыны ойнатылды.
Оқушыларға мультфильмдер, «Ерте, ерте, ертеде ...» аудио- видео құрылғыларды пайдаланып «Түлкі мен Арыстан », «Алдар көсе» ертегілері көрсетілді.
Бұл көрсетілімдегі негізгі мақсаты шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Оқушылардың әр күні көңілді қызықты өтті,көңіл-күйлері көтеріңкі болды.Шығармашылық жұмыстарға оқушылар белсене қатысып,өз ойларымен бөлісе білді.Бір-бірімен қарым-қатынастары да жақсы болды. Оқушылар лагерден көптеген тың дүниелерді ұғып, шығармашылық қабілеттерін арттырып отырды.