kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяуылы анашым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы:  Аяулы анашым.

Т?рбие са?атыны? ма?саты:

1.Балалар?а аналар мерекесі туралы т?сінік беру.

 2.Аналарды,?желерді сыйлай білуге ?йрету.

3.?лкенді сыйлау?а,кішіге ?ам?ор болу?а т?рбиелеу.

К?тілетін н?тиже:

Білуі:Балалар аналар мерекесі туралы т?сінік алып,білуі.

Ме?геруі:Аналарды сыйлай білуді.

Жасай алуы:Аналар мерекесіне арнап та?па?,?ле?,би билеп ?нерлерін к?рсете алуы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяуылы анашым »

Келісемін:

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Аяпкалиева Ж.К___________

Володар орта жалпы білім беретін мектебі







Тәрбие сағаты:

Тақырыбы:



Мектепалды даярлық сыныбы



Өткізген: Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі:

Қажығалиева Г.Ш













2015 жыл.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Аяулы анашым.

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Балаларға аналар мерекесі туралы түсінік беру.

2.Аналарды ,әжелерді сыйлай білуге үйрету.

3.Үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Білуі:Балалар аналар мерекесі туралы түсінік алып,білуі.

Меңгеруі:Аналарды сыйлай білуді.

Жасай алуы:Аналар мерекесіне арнап тақпақ,өлең,би билеп өнерлерін көрсете алуы.

1.Құттықтау сөз.

Армысыздар, ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар,ұстаздар,қыздар «8-наурыз-халықаралық әйелдер күні» мерекесі құтты болсын!

Армысыздар,ару қыздар,абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

Аяулы аналарға,әжелерге,қыздарға бақытты өмір, амандық пен қуаныш тілеймін.Балаға ең жақын-аналар,сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.Әлемдегі ең ғажап,ең әсем сөз-Ана.Ал бүгін өздеріңізге арналған «Аяулы анашым» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.Құрметті аналар,әжелер балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар.

Ал,қазір, «Көктем ханшаларын қарсы алайық!»

Осы сәтте әуен ырғағымен аю келеді.

Аю: Бұл не айқай-шу,мені оятып жібердіңдер ғой!

Сәлеметсің бе, аю.Бүгін мереке ғой,міне «Көктем ханшалары да келді,аюлар да ұйқысынан оянатын мезгіл болды.



1-бала : Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

2-бала: Ана-біздің күніміз,

Ана-біздің гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

3-бала: Ардақтап аялап,

Мәпелеп өсірген.

Анамдай жан барма,

Қатемді кешірген.

4-бала: Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Балалардың орындауындағы «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

5-бала: Менің әжем әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

6-бала: Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген-анашым.

Тақпақ айтып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.



7-бала: Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де құрметтеп,

Әдеппен бас иеміз.



8-бала: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.



9-бала: Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам.



10-бала: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.



11-бала: Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді.

Мен үшін әжеме,

Ешкімде жетпейді.



12-бала: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі.



13-бала: Шалқып,тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Аналарды құттықтап,

Би билейміз бәріміз.

Қыздардың орындауындағы «Қамажай» биін қабыл алыныздар.

Осы сәтте әуен ырғағымен аю келеді.

Аю: Бұл не айқай-шу, мені оятып жібердіңдер ғой!

1-жүргізуші:Сәлеметсің бе,аю!Бүгін мереке ғой,міне «Көктем» де келді,аюлар да ұйқысынан оянатын мезгіл болды.

Аю:Е-е.Көктем мезгілінің де келіп қалғаныма?Бүгін қыздардың мерекесі ғой.Менің Маша деген досым бар еді,ендеше мен Машаны құттықтауға кеттім.

Осы сәтте екінші есіктен музыка ырғағымен Маша келеді.Маша балаларды құттықтайды.»Мен ормандағы әжеме бара жатырмын»-дейді. Осы сәтте аю қайтып келеді,қолында бал салынған шелегі бар.Маша аюды көріп қашады,ал аю Машаны қуады: «Мен саған тиіспеймін,мен сені құттықтауға келдім,саған бал сыйлайын деп келдім « дейді.

Жүргізуші: Маша сен аюдан қашпа,ол сені құттықтауға іздеп жүрген болатын.Бері кел,оданда біздің балалардың өнерлерін тамашалайық.

Ер балалардың орындауындағы «Қара жорға» биін тамашалайық.

« Құтты болсын осы шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз «деп тағы да бір құттықтап,аналарымыздың көңілін көтеріп ойынға шақырайық.

Ойын: «Кім көп сөз біледі?»

Ортаға екі ана шығады.Оларға қарама-қарсы балалары тұрады.Анасы баласына дейін әр қадам басқан сайын жылы сөздер айтуы керек. Мысалы,айым,күнім, жұлдызым,...,... .

Ән:«Ақ мамам»

Қысылып еш саспаңдар,

Қызықты ойын бастаңдар.

Аналардың тойында

Бір көтеріп тастаңдар.

Ойын: «Өз анаңды тап»

Ортаға бес бала шығады.Олардың көзі байланады.Балалар өз аналарын алақанымен сипап тауып алады.

Маша мен аю би билейді,аю Машаға балын сыйлайды.Сосын Маша ормандағы әжесін құттықтауға асығып шығып кетеді.

Балалар барлығы хормен айтады:

Гүл-гүл жайнап бәріміз,

Келді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз-деп

балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына,әжелеріне сыйлайды.

Ана ,әже,апалар,

Құтты болсын мереке!

Осы келген ортаға

Тілейміз біз береке.

Құрметті қонақтар,бүгінгі «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аяуылы анашым

Автор: Кажыгалиева Гульзада Шайтимовна

Дата: 16.03.2015

Номер свидетельства: 187313

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "«Алтын т?ж киген анашым, Алтындай ?ымбат адамсы?!»атты ерте?гілігі."
    ["seo_title"] => string(73) "altyn-t-zh-kighien-anashym-altyndai-k-ymbat-adamsyn-atty-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "274612"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452427171"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства