kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аяулы менің анашым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні: 4.03.2016ж.

Тақырыбы: «Аяулы менің анашым»

Мақсаты:

Оқушылардың ата-анаға деген құрметін арттыру, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбие беру.

Көрнекілігі: слайдтар, гүл шоқтары, шарлар, ашық хаттар, т.б.

Түрі: мерекелік тәрбие сағаты

Барысы:

-Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың  шат көңілде өтуіне барлық жағдайды жасап отырған  аяулы да ардақты аналарымыз, қымбатты  әжелер, сүйкімді қыздар! Көктемнің алғашқы күнімен қатар келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аяулы менің анашым»

Күні: 4.03.2016ж.

Тақырыбы: «Аяулы менің анашым»

Мақсаты:

Оқушылардың ата-анаға деген құрметін арттыру, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбие беру.

Көрнекілігі: слайдтар, гүл шоқтары, шарлар, ашық хаттар, т.б.

Түрі: мерекелік тәрбие сағаты

Барысы:

-Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілде өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналарымыз, қымбатты әжелер, сүйкімді қыздар! Көктемнің алғашқы күнімен қатар келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын!

/2-слайд/

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар, қасиетті аналар!

/3-слайд/

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Аялы қолда талпынтқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?

/4-слайд/ -тақырып

Балалар: -ана, ана, ана! /5-слайд/

-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз да аналардың құрметіне арналады.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген қуанышы көңілдің.

Ана деген әрбір үйдің жылуы,

Ана деген гүлі туған өмірдің.

Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, Ана – құдіретті жан. Ендеше, алда келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар, Сымбатты сұлу қыздар!

Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналған қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ана десек, жүрегімізде сол асыл жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқан сәттен бастап осы жан анаңды көресің.

Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында дамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңізші! АНА – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. АНА бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Расында, мына өмірді анасыз елестету мүмкін емес! Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана.

/Ана туралы монолог/

Толғанай: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Балғын шақты біз бақытты балалар!

Бейбарыс:

Бүгін наурыздың сегізі -

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Ана деген асыл жан,

Мөлдіреп аққан бұлағың

Ана деген асыл жан,

Мойныңа таққан тұмарың.

Бізді өсірген аналар,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын аналар,

Құтты болсын мерекең!

1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Міндеге Клара Цеткин шықты. «Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені 8 наурыз күні жыл сайын атап өтейік. Барша әйел қауымының төл мерекесі болсын» деген ұсыныс айтты.Сол кезден бастап осы мереке жыл сайын 8-наурыз күні тойланып келе жатыр екен.

Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Н.О.Нұртас ағайға береміз.

Ақмоншақ: -Ділназ, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.

Ділназ: -иә, Ақмоншақ мен мектептен келсем, тамағым да дайын, үй де жинаулы, мұның бәрін үлгереді екен?

Ақмоншақ: -Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді. Сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады.

Ойын: «Даусын тап»

/6-слайд/ «8- наурыз - тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі,

аналардың бақытты кезеңі" Н.Ә.Назарбаев.

Нұршуақ: Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын.

Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын,

Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын.

О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осыңдайсың жасың дағы кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге.

Ана әрбір адамның дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ана баласын көзінің қарашығындай сақтап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын, бақытты болуын тілейді. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір қырсық болса да бәрібір сүйеді. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

-Ендеше, келесі құттықтау сіздер үшін.

Дүниедегі ең асыл жан кім? - Ана
Қызығыңды да, бұзығыңды да көтеретін кім? - Ана
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? - Ана
Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап демеу беретін кім? - Ана
Үйдегі алтын қазық кім? - Ана
Аналарыңның бақытты болғанын қалайсыңдар ма?

/7-слайд/ «Анаңның қарызынан Меккеге үш рет арқалап апарсаң да құтылмайсың.» «Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала анасымен бақытты.»

-Сол бақытты аналарымызды тағы да бір сынап көрсек.

Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Сұрақ – жауап

Ақмоншақ: Екеуміздің мінезімізде қандай ұқсастық бар?

Бейбарыс: Менің болашақта кім болатынымды білесіз бе?

Ақжан: Мені бұрын айтпаған әдемі сөзіңізбен еркелете аласыз ба?

Жаснұр: Мен аптаның қай күнінде дүниеге келдім?

Нұршуақ: Менімен өткізген қызықты сәтіңіз есіңізде ме?

Ділназ: Менің әкем қандай пәнді сүйіп оқитын еді?

Толғанай: Менің достарым жайлы не білесіз?

Ләззат: Мен үшін қуанған сәтіңіз есіңізде ме?

/8-слайд/ Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

8-наурыз келді қыр асып.

Қызғалдақтар, нәзік жандар мейрамы,

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Ақмоншақ:

Аялаған, баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Бәрін бізге үйреткен,

Анамызға мың алғыс!

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.



Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен.

Жердегі бар тағамнан,

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен?!

Ақжан:

Ана - өмір шуағы,

Бала оның шырағы.

Ана деген сол бір сөз,

Жүрегімде тұрады.

Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам.

Менің мамам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам

/9-слайд/ Ана – өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың,

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Көрініс: Қабдікәрім Ыдырысов «Әжесі мен Бағлан»/Ләззат пен Жаснұр/

- Жүрегім кім менің?

- Мен

- Тірегім кім менің?

-Мен

-Сәнім кім менің?

- Мен

-Ботақаным, Бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің!

Ой, қарғам менің!

-Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо... жоқ, қарға мен болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға «қарқ-қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда боп әрдайым

Мен ешқайда бармаймын.

Ләззат: Бәрімізге анасың,

Біз үшін көп панасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

Аялаған анашым,

Мен үшін сен дарасың.

Құтты болсын мерекең,

Құттықтаймын анашым!

Жаснұр: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген- асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.

Ойын: «Шын жүрегіммен...»

1) Дәптер парағындағы жазу бойынша еркелетеді. (бота, құлын, жүрек, балапан, алтын, гүл, жарық, күн, жылу, жапырақ, қолғанат, қозы.)

2) Дәптер парағындағы жазу бойынша оқушыларға ақыл айтады. ( дос, ата-ана, ұялы телефон, ұстаз, оқулық, киім, ойын, спорт, жазу, өсімдік, қоқыс, тазалық.)

3) Дәптер парағындағы жазу бойынша тілек айтады. (қалам, ту, қызғалдақ, денсаулық, аспан, байлық, кітап, еңбек, ата-ана, балалық шақ, болашақ, бақыт.)

/10-слайд/ «Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығының арқасында жүзеге аспақ.»

Сәкен Майғазиевтың «Асыл ана» әні сіздерге арналады.

Ділназ: Құтты болсын аналардың мейрамы,

Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары.

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары.

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құрметіңе бас иіп

Құрметтейік қасиетті ананы.

Көрініс: «Үш ана»

Автор: Ойыннан келген Әйгерім

Қуыршағын іздейді.

Столдың астынан тапты да

Хал сұрауды көздеді.

Қызы: Қызым менің қалайсың,

Томсырайып қарайсың.

Қарның ашып отырмай

Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең,

Қу сүйек боп қаласың.

Отыр қане қасыма

Тамақтанып аласың.

(қуыршағын алдына алып отырғызады)

Автор:

Әйгерімнің осы сәт,

Анасы үйге кіреді.

Тағат таппай қызының

Халін сұрап біледі.

Анасы: Әйгерімжан, бүгін сен,

Тамақ ішіп көрдің бе?

Қызықтап әлде ойынды,

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,



Тамағыңды іш деймін.

Тіл алмайсың қырсығып.

Осы сені не істеймін? (отырады)

Автор: Анасының артынан

Аптығып әже кіреді.

Ол дағы өз қызының

Халін сұрап біледі.

Әжесі: Айналайын, алтыным,

Шаршадың ба, жарқыным,

Ішпедің – ау тамақ та,

Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым,

Түсіңкі ғой қабағың.

Сөткемен тұрып жұмыста

Болмай қалды –ау тамағың. (отырады)

Автор: Аналардың елжіреп,

Ет бауыры барады.

Әрқайсысы сұқтанып

Өз қызына қарады.

Мұғалім: Қандай қиын қараңдаршы,

Қырсық мінез бала болу.

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу!

/11-слайд/

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Аяулым: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың,

Қарайтыным қас қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым.

-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып, қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті. Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.

-Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді. Әйелдер бір – бір қапшық жүк арқалап қаладан шығып кетеді.Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір ер адам жоқ. Әйелдер ер адамдарын қапқа салып көтеріп кетіпті. Осылайша әйелдер бір елді аман алып қалыпты.

Мұғалім: -Осы аналарымыздың бір адамды көтеріп кететіндей күшін сынап көрейік.

Ойын: «Гүл сыйлайық»

Қағаз қиындыларынан гүл құрастыру

/12-слайд/ Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде «Ең алдымен ананы құрметтеу парыз. Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген.

/13-слайд/ Сонымен қатар, «Егер әкең мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар.

Ләззат:

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.

Аналық махаббатың кәусар- бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Дүниенің жарық күні анамыз,

Дана болсақ анаменен данамыз.

Ән де шырқап, ойын ойнап жүрсек те,

Асыл анам сіздің ғана арқаңыз.



Толғанай: Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі жаным деген сая маған.

/14-слайд/ Хор: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар,

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

/Оқушылар аналарына гүл шоқтарын ұсынады/

/Ер балалар қыздарға да сыйлықтарын ұсынады/

Мұғалім: Жаңбырменен жер көгереді,

Батаменен ел көгереді.

Бата: /Бейбарыс/

Жаманшылық болмасын,

Аруана қолдасын.

Отбасының ордасын

Періштелер қолдасын.

Тіккен әрбір отауға

Тәңірім, жақсылық жолдасын.

Бақыт ашып қақпасын

Мәңгі бақи жаппасын.

Бәле-жала отбасын

Іздесе де таппасын.

Әумин!

/Марапаттау сәті/

Қорытынды: /15-слайд/

Өмірдің иесі сен ғазиз ана,

Келтірген дүниеге небір дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана,- деп Нұршуақтың әдемі әнімен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!

-Сау-саламатта болыңыздар!























Бабатай орта мектебі ММ











Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Аяулы менің анашым»









Жетекшісі: А.К.Тажикенова.

Сыныбы: 2

































2015-2016 оқу жылы

Ақмоншақ: Екеуміздің мінезімізде қандай ұқсастық бар?







Бейбарыс: Менің болашақта кім болатынымды білесіз бе?







Ақжан: Мені бұрын айтпаған әдемі сөзіңізбен еркелете

аласыз ба?







Жаснұр: Мен аптаның қай күнінде дүниеге келдім?







Нұршуақ: Менімен өткізген қызықты сәтіңіз есіңізде ме?







Ділназ: Менің әкем қандай пәнді сүйіп оқитын еді?







Толғанай: Менің достарым жайлы не білесіз?







Ләззат: Мен үшін қуанған сәтіңіз есіңізде ме?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Аяулы менің анашым

Автор: Тажикенова Акзия Кабдрахиевна

Дата: 03.12.2016

Номер свидетельства: 365399

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Т?рбие са?аты "Аяулы мені? анашым!" "
    ["seo_title"] => string(37) "t-rbiie-sag-aty-aiauly-mienin-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "194041"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427722460"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Аяулы  мені?  анашым! "
    ["seo_title"] => string(21) "aiauly-mienin-anashym"
    ["file_id"] => string(6) "187542"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426525580"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Аяулы мені? анашым"
    ["seo_title"] => string(19) "aiaulymieninanashym"
    ["file_id"] => string(6) "302158"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457081231"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Аяулы мені? анашым»"
    ["seo_title"] => string(23) "aiauly-mienin-anashym-1"
    ["file_id"] => string(6) "320898"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461167399"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сыныптан тыс: Аяулы анашым!"
    ["seo_title"] => string(27) "synyptan_tys_aiauly_anashym"
    ["file_id"] => string(6) "373630"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482771319"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства