Просмотр содержимого документа
«4 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары»
Пәні: қазақ тілі
Сынып:
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Базарда.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: оқушылардың тақырып аясында білімдерін нығайту. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру.
ә) Дамытушылығы: оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, мағынасын аша білуге үйрету, таным көкжиегін кеңейту. Ауызекі тілде өз ойын еркін жеткізе алуға ықпал ету.
б) Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тест тапсырмалары, кесте, карточкалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт.
-Қайырлы күн, балалар!
-Қайырлы күн, мұғалім!
-Балалар, қане, шеңберленейік. Күллі әлемге күннің қайырлы болуын тілейік.
-Қайырлы күн!
-Қайырлы күн, көк аспан!
-Қайырлы күн, Жер-Ана!
-Қайырлы күн, қонақтар!
-Қайырлы күн, достарым!
-Біздің күніміз сәтті өтсін! Алақай! (ду қол шапалақ)
-Мен де барлықтарыңызға сәттілік тілей отыра сабағымды бастайын.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Тапсырманы дерлік орындадық па? (дәптерлерінен берілген жаттығу жұмысын тексеріп шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Жеміс-жидектер қай жерлерде сатылады?
-Қандай жеміс-жидектерді білеміз?
IY. Жаңа тақырып:
көктемде...
1. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
жеміс-жидек -овощи- фрукты ащы - горький
қанша тұрады? – сколько стоит? арзан - дешево
тым- очень тосап – компот
қышқыл –кислый ағза – организм
дәрумен – витамин
2. Мәтінмен жұмыс:
-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу
-мәтінді аударту
Базарда
Адамдар базарға көкөніс, жеміс- жидек алу үшін барады. Жексенбі күні
базарда адамдар тым көп болады. Базардың ішінде сатып алушылар арзан
бағалы көкөністерді алып жүр. Менің анам тосап жасау үшін жеміс – жидектерді төмен бағамен сатып алды. Жеміс- жидектің ішінен анам қарақатты молырақ алды. Қарақатта С дәрумені көп. Ол адам ағзасына пайдалы.
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
Топпен жұмыс:
-мәтінге бірнеше сұрақтар дайындау.
-мәтін ішінен мезгіл, мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою.
-берілген үстеулерді мағынасына қарай екі топқа орналастырыңдар.
Ертемен, боранда, аязды күні, таң атысымен, ауылда, қалаға, алыста, жақын маңда, алдыңғы жақта, артта, келесі жылы, алдыңғы күні, іште, анда, ана жақта, ерте, кештете, мұражайда...
Өздік жұмыс:Сөйлемдерді аударып, жазыңдар.
Я люблю ходить по магазинам. Я хочу купить бананы на базаре. Ты не хочешь есть яблоко? Овощи и фрукты полезны для здоровья. Они на базаре ничего не купили. Центральный базар находится на юге города. Наш дом находится недалеко от базара.