Сабағыңды оқышы. (Бұл жаттығуды жасаған кезде оқушылар өздерін ретке келтіреді)
Балалар! Бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Қайда дейсіңдер ғой? Қазақ ауылына яғни, Шоқан ,Абай, Ыбырай аталарымыздың ауылына барамыз.
Балалар, біз сендермен саяхатта көп нәрселерді көреміз, жаяу да жүреміз, өзеннен де өтеміз. Сол қиындықтардың бәрін жеңіп, біз бүгін Абай атамыздың ауылына барып, көңілді оралуымыз керек.
Ал енді саяхатқа шығуға әзірміз бе? Біз саяхатқа мына автобуспен шығамыз. Автобусқа отыру үшін алдымен есігін ашу керек.
ІІ. Өткен материалдарды бойынша жұмыс.
Автобустың есігі ашылу үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
1.Дыбыс нешеге бөлінеді?
2.Жуан дауыстыларды атаңдар.
3.Жіңішке дауыстыларды атаңдар.
4. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ата.
- Жақсы балалар, мінекей барлығымыз автобусқа жайғасып отырдық.
- Алдымыздағы ауылға тезірек жету үшін үй тапсырмасын айта отырайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын айту.
«Көмірдің кереметтері» мазмұндау. (2-3 оқушыға мазмұндату, сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы бекіту)
Біздің келіп жеткен ауылымыз: «Шоқан» ауылы. Бұл ауылда сендермен біз «Орамал тастамақ» ойынын ойнаймыз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерге айналдырып айту.
бала балалар
кітап кітаптар
қарындаш қарындаштар
орындық орындықтар
мұғалім мұғалімдер
дәрігер дәрігерлер
қой қойлар
гүл гүлдер
жеміс жемістер
дәптер дәптерлер
ІV. Жаңа сабақ.
а) Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазу, көркем жазу. Кк әрпі.
- Жақсы балалар, енді біз сендермен жол қысқарсын деп «Бәйге» ойынын ойнап отырайық. Бұл ойында берілген сюжетті сурет бойынша сөйлемдер құрап жазуымыз керек. Жазған сөйлемдегі кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беріп тұрған сөздерді тауып, астын сызу керек.
ә) Тақырып мазмұныны ашып түсіндіру. Жазған сөйлемдеріндегі бас әріппен жазылған кісі аттарын аңғартып, ережені қорытып шығарту.
Кісінің аты-жөні бас әріппен басталып жазылады. Мысалы Айнұр Серікқызы Аханова
ұрақтарына жауап беріп тұрған сөздерді тауып, астын сызу керек.0000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000
ә) – Мінекей, келесі келіп жеткен аулымыз «Ыбырай» атамыздың ауылы. Ыбырай атамыздың ауылында біз сендермен оқулықтағы 98-жаттығуды орындаймыз.
Мәтінді оқып, кісінің аты-жөнінің бірінші әрпі қандай әріппен жазылғанын айтқызу.
б)Терме диктант. (Гүл құрастыру, көктем мезгілі, көктем мезгілінде алғаш шығатын гүлдер жайлы айту) Бас әріппен басталып жазылатын сөздерді теріп жазу.
в) Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
г) Мінекей балалар көзді ашып-жұмғанша «Абай»атамыздың ауылына да жетіп қалдық.Алдымыздан не көрінеді? (өзен.)
-Өзеннен өту үшін мына сөзжұмбақты шешіп көрейік. (Шешуі: Жер -ана)
Қ.Сәрсекеев өмірі мен шығармаларына тоқталу, жер-ана жайлы түсіндіру.
«Абай» ауылы.
- Мәтін мазмұныны сюжетті сурет бойынша түсіндіру. 113-бет
- мұғалімнің оқуы
- оқушыларға тізбектеп оқыту
- сұраққа жауап алу.
Қорытынды. Сыныпқа оралу.
Не істедік? Не білдік? сұрақтарына жауап алу.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: 113-114 бет мазмұндау, ережелерді қайталау,