оқып, сурет бойынша өз ойларын анық жеткізе білуге үйрету. Жазу
каллиграфияларын қадағалау. Топпен жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, ақ қағаз, маркер, смайликтер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберіне шығамыз. Сәлемдесу.
-Сәлеметсіңдер ма балалар? (Сәлеметсіз бе?)
-Көңіл күйіңіз қалай ? (жақсы)
-Ынталарың қалай ? (жақсы) -Сабаққа дайынсыз ба ? (дайынбыз) -Оқу құралымыз түгел ме ? (түгел) -Енді сабағымызды бастамас бұрын, мына геометриялық фигураларды алып, екі топқа бөлінеміз. (оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу) ІІ. Өткен сабақты қайталау -Осы уақытқа дейін қандай әріптерді өттік? -Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата
ІІІ. Жаңа сабақ -Ыдыстарды көрсетіп әрбір ыдыстың жеке – жеке атын айтамыз. Балалар , осыларды жалпылама қалай айтамыз ? (Ыдыстар) -«Ыдыс » деген сөзде бірініші қандай әріп келіп тұр ? (ы әрпі) -Ендеше, балалар бүгін біз ы дыбысын өтеміз. Ы дауысты дыбыс,оны қызыл үйге кіргіземіз . «Ыдыс» сөзін буынға бөлейік.Неше буын болды ? (екі буын)
Буынды құрауға дауысты дыбыстар қатысама?
Біз бүгін Ы дыбысы туралы мағлұмат алуды жалғастырамыз Ы дыбысының сөздегі орнын артикуляциясын анықтаймыз. (Білу)
Қане балалар бәріміз ыыы деп айтып көрейікші. ( 3 рет айтқызу)
Тіліміз қалай жылжып тұр, алға ма әлде артқа ма? Оқушыларға айтылу ерекшелігімен таныстыру, аңғарту
Осыдан ерже шығару, Ы дыбысы сөздің қай бөлігінде кездеседі екен? Басында, ортасында, соңында
Кітаппен жұмыс Оқулықтағы буынға бөлінген сөздерді оқимыз. Сергіту сәті:
Екі топқа тапсырма : Сөздерді аяқта. І топ : ІІ топ: Қайық- қа йы ғы Қап – қа бы Тауық - ...... Топ- ........ Тарақ- ........ Доп -....... Дәптермен жұмыс. Дәптердегі Ыы дыбысына байланысты берілген тапсырмаларды жазамыз. Үнемі қатесіз әдемі жазуларын қадағалап отыру. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Жаңа сабақты бекіту үшін екі топқа тапсырма беріледі. Өздеріне ұнайтын ыдыстын суретін салу. Бір оқушы шығып сурет бойынша әңгімелеп береді. Ү.Үйге тапсырма. Оқулықтан 66 бетті оқып келу. ҮІ . Бағалау.