kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілінен тест жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілінен тест жинағы (жауабы соңғы бетте)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен тест жинағы»

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТЕСТ ЖИНАҒЫ 
4 – СЫНЫП 
Қымбатты ұстаздар, әріптестер! Сіздердің жұмыстарыңызға көмек ретінде қазақ тілінен тест жинағын ұсынып отырмыз. 
Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 4 сынып оқушылары білім, білік сапасын анықтау мақсатында тест жұмыстарын жүргізуге көмек ретінде І , ІІ , ІІІ, ІV-тоқсанға қазақ тілінен құрастырылған. 4 сыныптың бағдарламасымен тоқсандағы айларға жеке-жеке құралған. І жартыжылдыққа 40 сұрақтан жасалған. (ІІ нұсқадан) Жалпы 360 сұрақтан қамтылған. 
Тесттік жұмыстар мемлекеттік стандартқа сай жасалған. Оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілген. 
Оқушылар өз білімдерін осы тест арқылы тексеру үшін кітап соңында жауабын кесте түрінде ұсынып отырмын. 

І ТОҚСАН. ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ. І НҰСҚА 
1. Сөздерден жуан айтылған сөзді тап 
А) озат. 
Ә) өмір. 
Б) төсек. 
2. «Мөлдір, жаңа, таза, жіңішке» сөздері қай сөз табына жатады? 
А) зат есім. 
Ә) сын есім. 
Б) естістік. 

3. Қатаң дауыссыздарды белгіле: 
А) п, в, р. 
Ә) ш,щ,ж. 
Б) ц,ч,щ. 

4. Ы - қандай дыбыс: 
А) жуан дыбысты . 
Ә) ұяң дауыссыз . 
Б) жіңішке дауысты. 

5. Қате жазылған сөзді тап. 
А) аспазшы . 
Ә) аспашшы . 
Б) теңізші . 

6. Мына қатардың ішінен сөйлемді тап. 
А) Әйгерім билейді . 
Ә) жылады. 
Б) жануарлардың . 

7. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз: 
А) Оқушылар. 
Ә) Қонақтар. 
Б) Қайындар. 

8. Сөздің басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз. 
А) Ж, 3. 
Ә) У, X. 
Б) Ң, Й. 

9.Сөйлемді белгіле: 
А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті. 
Ә) Ұшып кетті. 
Б) Жылы жаққа. 

10. Жіктік жалғауларын белгіле: 
А)-мін, -сін, -сіз. 
Ә) -ма,-ме,-па,-пе. 
Б)-ым, -ім, -м. 

11. Мәтінге ат қою деген дегеніміз не? 
А) ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау. 
Ә) автордың айтайын деген басты пікірі. 
Б) мәтіндегі негізгі ой мен тақырыптың мазмұны. 

12. Мәтін неше түрі болады? 
А) 2. 
Ә) 3. 
Б) 4. 

13. Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. 
Көкек 
Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа туады. Жұмыртқасын торғайдың ұясына тастап кетеді. Оны торғай басып шығарады. 
А) пайымдау. 
Ә) әңгімелеу. 
Б) сипаттау. 

14. Қандай сұрақ қою арқылы әңгімелеу мәтіні екенін ажыратуға болады? 
А) Не болды? 
Ә) Неліктен? 
Б) Нешінші? 

15. Дұрыс жазылған сөзді тап. 
А) айалдама. 
Ә) аялдама. 
Б) аиалдама. 

16.Дауыссыз дыбыс түрлерін белгіле: 
А) қатаң, дауысты 
Ә) қатаң, ұяң, үнді. 
Б) ұяң, үнді, дауысты. 

17. Мәтін деген не? 
А) өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады. 
Ә) екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөз. 
Б) заттың іс- қимылын білдіреді. 

18.Заттың, сапаның, қимылдың атауы: 
А) мәтін. 
Ә) сөз. 
Б) буын . 

19. Мәтіннің қай бөлігіне жатады? 
«Біз жаңа мектепте оқимыз.Мектеп жаңа. ... » 
А) басы. 
Ә) негізгі бөлімі. 
Б) соңы. 

20. «Зиян» сөзінде неше дыбыс бар? 
А) төрт дыбыс. 
Ә) алты дыбыс. 
Б) бес дыбыс. 

І ТОҚСАН. ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ. ІІ НҰСҚА 
1. «Балықшылар» сөзінің түбірін тап 
А) балықшы 
Ә) балық 
Б) балықшылар 

2. Сипаттау мәтінге қай сұрақ қойылады? 
А) не үшін? 
Ә) қандай? 
Б) қанша? 

3. Ұяң дауыссыздарды белгіле: 
А)қ,к,ғ,г. 
Ә)л,м,б,в. 
Б)ж,з,б,в. 

4. Мәтінге ат қой. 
Бір күні Қожанасыр досына келсе, ол үйін тазалап жатыр екен. Қожа одан: 
- Е, достым! Не істеп жатырсың? – деп сұрайды. 
- Ә, Қожа екенсің ғой! Мынау ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр ем, - дейді досы. 
- Қой, достым! Киім ескіргенімен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескіргенімен ішіндегі ақыл сөзі ескірмейді, - депті сонда Қожанасыр. 
А) Қожанасырдың досы 
Ә) Ескірген киім 
Б) Кітап ескірмейді 

5.Жалқы есімді тап: 
А)Бөрібасар. 
Ә)Қала. 
Б)Ауыл. 

6. Пайымдау мәтіні деген не? 
А) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді. 
Ә) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді 
Б) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды. 

7 .Сұрақ белгісі қойылатын сөйлемді тап: 
А)Сабақтан кешікпе 
Ә)Сабақтан кешіктің бе 
Б)Сабақтан кешігуші болма 

8. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз. 
А) ватқа. 
Ә) граммдап. 
Б)металдың. 

9. Әңгімелеу мәтіні деген не? 
А) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды. 
Ә) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді. 
Б) хабарлы сөйлем. 

10. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз? 
А) көңілді . 
Ә) қызғалдақ . 
Б) жияды. 

11. Мәтіннің түрлерін көрсет. 
А) әңгімелеу, пайымдау, сипаттау. 
Ә) қорытындысы, соңы, басы. 
Б) басы, негізгі, соңы. 

12. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз. 
А) Жуан, жіңішке. 
Ә) Үнді, қатаң. 
Б) Ашық, қысаң. 

13. Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Оның көз алдына бет ұшында қарашықтай меңі бар, талдырмаш қара торы қыз елестеді. 
А) сипаттау мәтіні 
Ә) пайымдау мәтіні 
Б) әңгімелеу мәтіні 

14. –хана жұрнағын қандай сөзге жалғауға болатынын белгілеңіз. 
А)су. 
Ә)кітап. 
Б) сұлу. 
15.Туынды сөзді көрсетіңіз. 
А) қарт. 
Ә) сыйлау. 
Б) бас. 

16. Мәтінде ... мағыналық жағынан байланысқан. 
А) сөздер. 
Ә) сөйлемдер. 
Б) дыбыстар. 

17. Түбір-жұрнақ-жалғау жалғанған сөзді тап 
А) жылқышылар. 
Ә)диван. 
Б) телефон. 

18. Тиісті әріптерді қойыңыз: 
Ша...матшы, мульт...ильм 
А) Ш,х 
Ә) Щ,з 
Б) Х,ф 

19. Пайымдау мәтіні деген не? 
А) белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді. 
Ә) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді 
Б) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды. 

20. Ә. Тәжібаевтің өлеңі не туралы? 
Туған тілім-тірлігімнің айғағы, 
Тілім барда ашылар сыр ойдағы. 
Өссе тілім, мен де бірге өсемін, 
Өшсе тілім мен де бірге өшемін. 
А) Өмір сүру 
Ә) Тіл қадірі 
Б) Сырласу 

І ТОҚСАН. ҚАЗАН АЙЫ. І НҰСҚА 
1.Мәтіннің неше түрі бар? 
А) екі түрі 
Ә) үш түрі 
Б) төрт түрі 

2. Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз 
A) 5. 
Ә) 3. 
Б) 6. 

3. Баяндауышты табыңыз. 
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді. 
А) Күзде. 
Ә) Жылы. 
Б)Ұшып кетеді. 

4.Дара сын есімді көрсетіңіз. 
А) Ақ. 
Ә) Қара ала. 
Б) Қызыл сары. 

5. Оқшау сөздер түрлерін анықтаңыз. 
A) Қыстырма сөз, қаратпа сөз, одағай. 
Ә) Шылау, үстеу. 
Б) Қыстырма сөз, үстеу. 

6. Біршама тиянақты ойды білдіретін сөз тобын табыңыз. 
А) Сөйлем 
Ә) Мәтін 
Б) Сөз тіркесі 

7. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) нүкте 
Ә) үтір 
Б) сұрақ 

8. Жалаң сөйлем деген не? 
А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем. 
Ә) Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем. 
Б) Бастауышы жоқ сөйлем. 
9. Сөйлемге тиісті тыныс белгіні қойыңыз. 
«Мұз айдында коньки тебу қандай тамаша...» 
А) : 
Ә) ? 
Б) ! 

10. Сөз тіркесі неден құралады? 
А) Буындардан 
Ә) Бір не екі сөзден 
Б) Екі не одан да көп сөзден 

11. Сөйлем мүшесі болмайтын сөздерді атаңыз. 
А) Бастауыш 
Ә) Қыстырма сөз 
Б) Біріккен сөздер 

12. Күрделі етістікті белгілеңіз: 
А) Ұшты 
Ә) Жазбаған 
Б) Көріп келді 

13. Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі қалай аталады? 
А) Сөйлемнің дара мүшесі 
Ә) Сөйлемнің күрделі мүшесі 
Б) Бірыңғай мүшелер 

14. Сөз тіркесі бар сөйлемді табыңыз. 
А) Өтірік сөз өрге баспас 
Ә) Күн жылынды. 
Б) Асқар мен Болат ағайынды. 

15. Күрделі етістікті тап. 
А)жуып тұр 
Ә) жуды 
Б) жуған 

16. Сұраулы сөйлемге айналдыр: Анаңа көмектесесің ... ? 
А) ме 
Ә) сірә 
Б) бе 

17. Негізгі сын есімді белгіле: 
А)терең 
Ә) көкпеңбек 
Б) ұмытшақ 

18. Негізгі түбір сөзді белгіле: 
А) бағады 
Ә) бағу 
Б) бақ 

19.Сөйлемнің тұрлаулы мүшесін анықта: 
А) шылау 
Ә) етістік 
Б) бастауыш 

20.. Қыстырма сөзді көрсет: 
Рас, алғаш көргенде танымадым. 
А) танымадым 
Ә) рас 
Б) алғаш 

І ТОҚСАН. ҚАЗАН АЙЫ. ІІ НҰСҚА 
1. Үстеу мағанасына қарай неше түрге бөлінетінін табыңыз. 
А) 7. 
Ә) 3 
Б) 2 

2. Қашан ? сұрағына жауап беретін үстеудің атауы: 
А) мезгіл 
Ә) мекен 
Б) сын-қимыл 

3. Дара сан есімді көрсет: 
А) жиырма үш 
Ә) жүз 
Б) бір-бірден 

4. Негізгі зат есімді көрсет: 
А) күйші 
Ә) күйді 
Б) күй 

5. Барлық сөйлем мүшелер саны: 
А)2 
Ә) 4 
Б)5 

6. Дұрыс жазылған сөзді тап: 
А) менім 
Ә) қонырау 
Б) қоңырау 

7. Жалаң сөйлемді көрсет: 
А) Ол оқып отыр. 
Ә) Мен таңға дейін отырдым. 
Б) Оның музыкалық мәдениеті өте бай. 

8. Күрделі сөзді тап: 
А) аттан жығылды 
Ә) әуежайға беттеді 
Б) жығылып қала жаздады. 

9.Дара сан есімді тап: 
А) мың 
Ә) он сегіз 
Б) екі мың бес 

10. Бір сөзден тұратын сын есімнің атауы: 
А) күрделі сын есім 
Ә) түбірлес сын есім 
Б) дара сын есім 

11.Күрделі мүшесі бар сөйлемді тап: 
А) Бақыт кітап оқыды 
Ә) Бақыт оқыды. 
Б) Бақыт оқып отыр. 

12.Біріңғай мүшелерден соң қайталанып келген шылауы бар сөйлемді белгіле: 
А)Асан мен Үсен жаяу келе жатты. 
Ә) Өзен, көлдер-жердің берекесі. 
Б) Балалар да, үлкендер де көңілді көрінді. 

13. Сөз тіркесі неден құралады? 
А) Екі сөзден. 
Ә) Екі не одан көп сөзден. 
Б) Бір ғана сөзден. 

14. Жалаң сөйлемді белгіле: 
А) Бүгін ол келмеді. 
Ә) Ол қызықты кітаптар оқыды. 
Б) Ол оқыды. 

15.Сөйлемнің күрделі мүшелері дегеніміз не? 
А)Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін айтамыз 
Ә) Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін айтамыз. 
Б) Сөйлемнің дара және күрделі мүшесін айтамыз. 

16. Етістіктен жасалған күрделі мүшелерді тап. 
А) Жазира сабағын оқыды. 
Ә) Жазира сабағын оқып отыр. 
Б) Жазира сабақ оқыды. 

17. Сөйлемдер қатарынан біріңғай мүшелері бар сөйлемді тап. 
А) Партаның үстінде қаламдар жатыр. 
Ә)Партаның үстінде қалам, кітап, дәптер жатыр. 
Б) Партаның үстіне кітапты қойдым. 

18. Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз. 
A) Талаптыға нұр жауар. 
Ә) Еңбек түбі – береке. 
Б) Үш салт атты жүріп келеді. 

19. Жалаң сөйлем деген не? 
А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем. 
Ә) Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем. 
Б) Бастауышы жоқ сөйлем. 

20. Жайылма сөйлем деген не? 
А) Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем. 
Ә) Баяндауышы жоқ сөйлем. 
Б) Бастауышы жоқ сөйлем. 

ІІ ТОҚСАН. ҚАРАША АЙЫ. І НҰСҚА 
1. Екі не оданда көп жай сөйлемдерден құралатын сөйлем: 
А) хабарлы сөйлем 
Ә) құрмалас сөйлем 
Б) Жай сөйлем 

2. Қыстырма сөзді көрсет: 
Рас, алғаш көргенде танымадым. 
А) танымадым 
Ә) рас 
Б) алғаш 

3 . Қыстырма сөзді көрсет 
А) Сірә 
Ә) келіп 
Б) Қалар 
4. Қос ана ғой көк...жер! 
Тиісті шылауды белгіле. 
А)ғана Ә)бен 
Б) пен 

5. Қарсы мәндес сын есімді тап: 
А) адам, кісі. 
Ә) ыстық, суық. 
Б) әдемі, сұлу. 

6. Қарсы мәндес сын есімді белгіле: 
А) батыр-ержүрек. 
Ә) биік-аласа. 
Б) барды-кетті. 

7. Қарсы мәндес сөздері бар сөйлемді тап: 
А) Батырдың өмірі қысқа, даңқы ұзақ. 
Ә) Қажымұқан-әлемге танымал қазақ балуаны. 
Б) Қыста біз шаңғы, шанамен ойнаймыз. 

8. Қарсы мәндес сөздердің ерекшелігі: 
А) мағыналары бірдей болады. 
Ә) мағыналары әр түрлі болады. 
Б) мағыналары бір-біріне қарсы болады. 
9. Мағынасы жуық сөздер қатарын белгіле: 
А) ірі, жуас. 
Ә) атқыш, мерген. 
Б) орта, кем. 

10.Қара деген сын есімге қарсы мәндес сын есімді белгіле 
А) ақ 
Ә) алыс 
Б) жоғары 

11. Жай сөйлемді көрсет. 
А) Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. 
Ә) Күз түсті бірақ күн әлі жылы. 
Б) Көктем келіп дала гүлдеді. 

12.Шешен сөзіне мәндес сөзді көрсет: 
А) сөзшең 
Ә) белсенді 
Б) көреген 

13.Мағыналары қарама-қарсы сөздерді көрсет: 
А)жып-жылтыр, тап-таза, жұп-жұқа. 
Ә) суық-жылы, ұзын-қысқа, биік-аласа. 
Б) аласа-тапал, суық-салқын, ұзын-жіңішке. 

14.Жай сөйлемді көрсет: 
А) Сабақты жақсы оқыды. 
Ә) Келген қонақтар ауылдың табиғатын тамашалап, өзен жиегінде тамақ ішті. 
Б) Мынау екі ақын Абайға көп кезде бірге туысқан аға, ініндей көрініп қалды. 

15.Қарсы мәндес сын есімдер жұбын көрсет: 
А) лай-тұнық, сулы-құрғақ, жас-кәрі. 
Ә) лай-тәтті, жас-кіші, ащы-сулы. 
Б) жас-кәрі, лай-тұнық, тәтті-ащы. 

16.Қыстырма сөздерді көрсет: 
А) бәсе,әрине, сірә. 
Ә) әрі, бері, гөрі 
Б) қой, ғана,ше. 

17.Берілген сөздер ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді көрсет: 
А) айт-айтшы. 
Ә) жуан-жіңішке. 
Б) қолы-аяғы 

18.Құрмалас сөйлемді тап: 
А) Күннің жылы лебі сезіледі. 
Ә) Олар екінше тордың айналасына шоғырланды. 
Б) Қар жауса балалар қуанады. 

19. Бір ғана тиянықты ойды білдіретін сөйлемді көрсет: 
А) жай сөйлем. 
Ә) құрмалас сөйлем. 
Б) жайылма сөйлем. 

20.Сөйлем басында келген қыстырма сөзден кейін тұратын тыныс белгісі: 
А) нүкте. 
Ә) үтір. 
Б) леп белгісі. 

ІІ ТОҚСАН. ҚАРАША АЙЫ. ІІ НҰСҚА 
1.Мағынасы жуық сөзді белгіле: 
А) ақылды, ақымақ. 
Ә)оңай, жеңіл. 
Б) сұр,сүр. 

2.Қыстырма сөзді көрсет: 
Әйтеуір, балалар кешікпесе болғаны. 
А) әйтеуір. 
Ә) балалар 
Б) болғаны. 

3.Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлеміндегі баяндауышты тап: 
Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады. 
А) жауады. 
Ә) төмен. 
Б) ұшса. 

4.Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз: 
А) Қыста қар жиі жауады. 
Ә) Оған, әсіресе, түйеқұс, піл, маймылдар ұнады. 
Б) Күндіз де, түнде де қар жауды. 

5.Қыстырма сөзі бар сөйлемді белгіле: 
А) Шырағым, сен абыржыма. 
Ә) Меніңше, бұл – өте мықты адам. 
Б) Балалар, аманбысың, шырақтарым. 

6. Мағынасы жуық сын есімдерді көрсет: 
А) Әдемі, ақылды 
Ә) ұзын, қысқа. 
Б) әдемі, сұлу. 

7. Қыстырма сөз сөйлем мүшесі болатын, болмайтындығын анықта: 
А) бола алмайды. 
Ә) біріңғай мүше бола алады. 
Б) бола алады. 

8. Аптаның екінше күнін белгіле. 
А) дүйсенбі 
Ә) сенбі 
Б) сейсенбі 

9.Сөйлемдегі қыстырма сөзді көрсет: 
Сен, әуелі, үй тапсырмасын орындап ал. 
А) сен 
Ә) әуелі 
Б) үй тапсырмасы. 

10. Аспанда жапқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады, күн ашылды. 
Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен тұрады? 
А) 1 
Ә) 2 
Б)3 

11.Қыстырма сөзі бар сөйлемді көрсет: 
А) Меніңше, бұл өте мықты адам. 
Ә)Балалар, аманбысың, шырақтарым. 
Б)Шырағым, сен абыржыма. 

12.Құрмалас сөйлемнен жасалған мақалды тап. 
А) Білім-өмір шырағы. 
Ә) Кітап-ғылым, мұғалім. 
Б) Ғылым-теңіз, білім-қайық. 

13.Мәндес сөздерді тауып, белгіле: 
А) ұғымтал, зерек. 
Ә) ұзын, қысқа. 
Б) әдемі, жаман. 

14. Қыстырма сөзді тап: 
А) атақты, даңқты. 
Ә) меніңше, бәсе. 
Б) жалқау, пысық. 

15.Құрмалас сөйлемді белгіле: 
А)Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені, қырау басты. 
Ә) Күн аса суық болмағанымен, ызғары бар. 
Б) Қар аралас жаңбыр жауды. 

16. Жай сөйлемді көрсет. 
А) Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. 
Ә) Күз түсті бірақ күн әлі жылы. 
Б) Көктем келіп дала гүлдеді. 

17.Берілген сөздер ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді көрсет: 
А) айт-айтшы. 
Ә) жуан-жіңішке. 
Б) қолы-аяғы 

18.Құрмалас сөйлемді тап: 
А) Күннің жылы лебі сезіледі. 
Ә) Олар екінші тордың айналасына шоғырланды. 
Б) Қар жауса балалар қуанады. 

19. Қарсы мәндес сөздері бар сөйлемді тап: 
А) Батырдың өмірі қысқа, даңқы ұзақ. 
Ә) Қажымұқан-әлемге танымал қазақ балуаны. 
Б) Қыста біз шаңғы, шанамен ойнаймыз. 

20. Қарсы мәндес сын есімді тап: 
А) адам, кісі. 
Ә) ыстық, суық. 
Б) әдемі, сұлу. 

ІІ ТОҚСАН. ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ. І НҰСҚА. 
1.Күрделі сөзді тап: 
А) аттан жығылды. 
Ә) мұражайды аралады. 
Б) жығылып қала жаздады. 

2.Біріккен сөздің жасалу жолын анықта: 
А) екі түбір сөзден жасалған сөз 
Ә) екі сөздің қосарлануы арқылы 
Б) бір сөздің қайталанып айтылуынан. 

3. Біріккен сөзді тап: 
А) жиырма (бес) 
Ә) бұзау (бас) 
Б) әне (міне) 

4. Мемлекеттік автоинспекция сөзінің дұрыс қысқартылғанын анықта: 
А) МИ 
Ә) МАИ 
Б) МемАИ 

5.Берілген сөздердің қысқартылып берілетін атауын жаз: 
Килограмм,грамм,тонна,сантиметр,дециметр. 
А) к,г,т,см,дм. 
Ә) кил,гр,т,см,дм. 
Б)кг,г,т,см,дм. 

6.Біріккен сөзді көрсет: 
А) ала бұлт 
Ә) тұп-тура 
Б) қосбасар. 

7.Біріккен сөзді тап: 
А) көкжиек. 
Ә) темір жол 
Б) көк жасыл. 

8.Бірігу арқылы жасалған адам аттарын белгіле: 
А) Сәуле, Мұрат, Асан 
Ә) Ыбырай, Ғани, Абай 
Б) Амангелді, Нұрасыл, Ақбота. 

9.Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер: 
А) қос сөздер. 
Ә) күрделі сөздер 
Б) біріккен сөздер 

10. «Айгүл» , «Балмұздақ» қандай сөздерге жатады? 
А) біріккен сөздер 
Ә) қысқарған сөздер. 
Б) түбір сөздер. 

11.Дұрыс жазылған біріккен сөздің белгіле. 
А) ешкім 
Ә) темірқазық 
Б) ас-қазан. 

12. Мақалды аяқта: 
Елдің көркі-елімен, 
Отан көркі-... 
А) көлімен 
Ә) жерімен 
Б) көркімен. 

13. 1 мамырда болатын мейрамның атауын тап: 
А) Республика күні. 
Ә) Қазақстан халықтарының бірлігі. 
Б) Конституция күні. 

14.Біріккен сөзді құрайтын түбірлер қалай жазылатынын белгіле: 
А) бас әріппен жазылады. 
Ә) бөлек жазылады. 
Б) бірігіп жазылады 

15. Бала-шаға сөзі жататын сөз түрі: 
А) біріккен сөз. 
Ә) қысқарған сөз. 
Б) қос сөз. 

16.Қайталама қос сөзді көрсет: 
А) ел-жұрт. 
Ә) ата-ана. 
Б) көзбе-көз. 

17. Қысқарған сөздерді белгіле: 
А) кг,мм. 
Ә) Абай даңғылы 
Б) әке-шеше 

18.Дұрыс жазылған біріккен сөзді белгіле: 
А) Шиелі өзек 
Ә) Сарыарқа 
Б) Сарадыр 

19. Аптаның жетінші күнін белгіле: 
А) сенбі 
Ә) жексенбі 
Б) бейсенбі 

20.Екі сөзден тұратын кісі атының дұрыс жазылғанын белгіле: 
А) Гүлинза 
Ә) Қайдар 
Б)Мырзахмет. 



ІІ ТОҚСАН. ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ. ІІ НҰСҚА. 
1. Біріккен сөзді көрсет: 
А) ала бұлт 
Ә) тұп-тура 
Б) қосбасар. 

2. Біріккен сөзді тап: 
А) көкжиек. 
Ә) темір жол 
Б) көк жасыл. 

3. Дұрыс жазылған біріккен сөзді белгіле: 
А) Егіндібұлақ 
Ә) Семей 
Б) Астана 

4. Мақалды аяқта: 
Ердің сыншысы-... 
А) елі 
Ә) отбасы 
Б) достары 

5. Күрделі сөзді тап: 
А) Суыққа шыдамды 
Ә) Қара шұбар 
Б) Жүк тиеу 

6. Біріккен сөзді тап: 
А) Талдықорған 
Ә) Бес дәптер 
Б) Тісін қайрады 

7. Аптаның бесінші күнін белгіле: 
А) сенбі 
Ә)жұма 
Б) бейсенбі 
8. 9 мамырда болатын мейрамның атауын тап: 
А) тәуелсіздік күні 
Ә) жеңіс күні 
Б) конституция күні. 

9. Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз. 
А) ағалы-інілі 
Ә) өз-өзіне 
Б)сары-көк 

10. Қысқарған сөздерді белгіле: 
А)АҚШ 
Ә) мектеп 
Б) бала-шаға 

11. Қайталама қос сөзді көрсет: 
А) анда-санда 
Ә)сап-сары 
Б) бетпе-бет 

12. Әке-шеше сөзі жататын сөз түрі: 
А) біріккен сөз. 
Ә) қысқарған сөз. 
Б) қос сөз. 

13 .Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер: 
А) қос сөздер. 
Ә) күрделі сөздер 
Б) біріккен сөздер 

14. Күрделі түбірді табыңыз: 
А) ата-ана 
Ә)батыр 
Б) бақша 

15. «Теміртау» , «темірқазық» қандай сөздерге жатады? 
А) біріккен сөздер 
Ә) қысқарған сөздер. 
Б) түбір сөздер. 
16. Біріккен Ұлттар Ұйымы сөзінің дұрыс қысқартылғанын анықта: 
А)ҚазМУ 
Ә) ТМД 
Б) БҰҰ 

17. Сөздердің алғашқы буындарынан қысқарған сөзді табыңыз: 
А) ҚазМУ 
Ә) кеңшар 
Б) педколледж 

18. Қысқарған сөзді табыңыз: 
А) ВАЗ 
Ә) әкел 
Б) ас-қазан. 

19. Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз: 
А) АҚШ-қа 
Ә) ТМД-на 
Б) БҰҰ-ны 

20. Дара түбірді табыңыз: 
А) ықшамды 
Ә) қара торы 
Б) ҚР 

ІІІ ТОҚСАН. ҚАҢТАР АЙЫ. І НҰСҚА. 
1.Септіктердің неше түрі бар? 
А) жеті 
Ә) тоғыз 
Б) бес. 

2.Жатыс септігінде тұрған сөзді тап: 
А) көкте. 
Ә) үйдің. 
Б) көл 

3. Жалғауы жоқ септік: 
А) жатыс. 
Ә) ілік. 
Б) атау. 

4. Кімді? Нені?- қай септіктің сұрағы? 
А) атау септік. . 
Ә) шығыс септік. 
Б) табыс септік. 

5. Табыс септігіндегі сөзді көрсет: 
А) ойыншықты. 
Ә) ойыншықпен. 
Б) ойыншықтан. 

6. Ілік септіктегі зат есімнің сұрақтарын көрсет: 
А) кіммен? немен? 
Ә) кімде? неде? 
Б) кімнің? ненің? 
7. Барыс септігіндегі сөзді тап: Апам тауыққа жем шашты. 
А) апам. 
Ә) тауыққа. 
Б) шашты. 

8. Табыс септіктегі сөзді белгіле: 
А) шекараны. 
Ә) демалыстың. 
Б) кітаппен. 

9. Барыс септік жалғауын көрсет: 
А) -да, -де, -та, -те. 
Ә) -ға, -ге, -қа, -ке. 
Б) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің 

10. Атау септіктегі сөздердің сөйлемдегі қызметі: 
А) баяндауыш. 
Ә) бастауыш. 
Б) қызметі жоқ. 

11. Сөз таптарын белгіле: 
А) зат есім, етістік, үстеу, одағай. 
Ә) сын есім, есімдік, қыстырма сөз. 
Б) етістік, біріккен сөз, үстеу. 

12. Барыс септігінің сұрақтарын белгіле: 
А) кімнің? ненің? 
Ә) кімге? неге? 
Б) кімде? Неде? 

13. Көмектес септігінің сұрағын белгіле: 
А) кіммен? немен? 
Ә) кімде? неде? 
Б) кімге? неге? 

14. Шығыс септігіндегі сөзді көрсет: 
А) үйден 
Ә) үйге 
Б) үйді 

15. Ілік септік жалғауы бар сөздерді көрсет: 
А) оқушыны, баланы, кітапты. 
Ә) оқушының, баланың, кітаптың. 
Б) оқушыда, балада, кітапта. 

16. Көмектес септіктің жалғауларын тап: 
А) -мен, -бен, -пен. 
Ә) -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. 
Б) -ның, -нің, -дың, -дің. 

17. Берілген сөзге сәйкес келетін жалғауларды тап: кітап... 
А) -қа, -та, -тан, -пен, -ты 
Ә) -ты, -пен, -тен, -тың, -та 
Б) -қа, -бен, -тен, -та, -ты 

18. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсет. 
А) баланың 
Ә) баланы 
Б) балаға 

19. Сөйлемде көмектес септікте тұрған сөзді тап: Жайна Алматыдан пойызбен келді. 
А) Жайна 
Ә) Алматыдан 
Б) пойызбен 

20. Табыс септігінің жалғауын белгіле. 
А) - ны, ты, ті 
Ә) - мен, бен, пен 
Б) - ға, қа, ке 

ІІІ ТОҚСАН. ҚАҢТАР АЙЫ. ІІ НҰСҚА. 
1. Жатыс септігінде тұрған сөздерді белгіле 
А) үстелде, жерде 
Ә) қалаға, ағама 
Б) ер, адам 

2. Кімді? Нені? Қай септіктің сұрағы? 
А) ілік септік 
Ә) барыс септік 
Б) табыс септік 

3. Үстел.... -дұрыс жалғауын қой. 
А) - тың 
Ә) - тің 
Б) – дің 

4. Тиісті септік жалғауын қой. 
Асан дүкен..... барады. 
А) - да 
Ә)- ге 
Б) – ға 

5. « ны» қай септіктің жалғауы? 
А) барыс септік 
Ә) табыс септік 
Б) жатыс септік 

6. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс септігіндегі сөзді тап. 
А) алманың 
Ә) алмамен 
Б) алмамды 

7. Көмектес септігінде тұрған сөзді көрсет. 
А) ананы тыңдау 
Ә) есіктің тұтқасы 
Б) мұғаліммен сөйлесу 

8. - ға, ге, қа, ке, а, е – қай септіктің жалғаулары? 
А) барыс септік . 
Ә) табыс септік . 
Б) жатыс септік . 

9. Тәуелді септелген сөзді көрсет. 
А) әкені . 
Ә) әкеме . 
Б) әкеден. 

10. Табыс септігіндегі сөзді тап. 
А) балалы. 
Ә) дәптерді . 
Б) кетті. 

11. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды? 
А) ілік септік . 
Ә) жатыс септік . 
Б) көмектес септік. 

12. Септік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле. 
А) жақсыны . 
Ә) жазғандарды. 
Б) баланы. 

13. Барыс септігінің сұрақтары? 
А) кімді? Нені? 
Ә) кімге? Неге? 
Б) кімде? Неде? 

14. Табыс септігінің жалғауын белгіле: 
А) - ны, ты, ті . 
Ә) - ға, қа, ке . 
Б) - нан, нен, тан. 

15. Жатыс септігінде тұрған сөздерді белгіле: 
А) үстелде, жерде. 
Ә) ер, адам . 
Б) менен, сенде. 

16. Қазақ тілінде неше септік бар? 
А) 7 
Ә) 6 
Б) 4 

17. Жатыс септіктің жалғаулары: 
А) - ға, ге 
Ә) - ды, ді 
Б) - да, де 

18. Мектептен - сөзі қай септікте тұр? 
А) жатыс септік 
Ә) шығыс септік 
Б) табыс септік 

19. Шығыс септігінің сұрақтары? 
А) кімде? Неде? 
Ә) кіммен? Немен? 
Б) кімнен? Неден? 

20. Кімді? Нені? Қай септіктің сұрағы? 
А) ілік септік 
Ә) барыс септік 
Б) табыс септік 

ІІІ ТОҚСАН. АҚПАН АЙЫ. І НҰСҚА. 
1.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 
А) кім? не? 
Ә) не істеді? қайтті? 
Б) қандай? қай? 

2. Бұрыңғы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз. 
А) айтқан 
Ә) айтты 
Б) айтады 

3.Негізгі түбір етістікті тап: 
А) шақыр 
Ә) тазалар 
Б) басқар 

4. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз. 
А) бара жатыр 
Ә) келмекші 
Б) ұқыпты 

5. Етістіктің келер шақ түрін көрсетіңіз. 
А) сөйлеп отыр 
Ә) сөйледі 
Б) сөйлер 

6. Дара етістікті белгілеңіз. 
А) жазып берді 
Ә) жауындат 
Б) мәз болды 

7. Күрделі етістіктерді тап 
А) жүре бер 
Ә) жұлқылады 
Б) жаздыртты 

8. Болымды етістікті табыңыз. 
А) бермейтін болды 
Ә) табан астында жоқ болды 
Б) шығармайтынмын 

9. Болымсыз етістікті табыңыз: 
А)Сабақтан қалма 
Ә) Қызып жарнама 
Б) қалам барма 
10. Сөйлемнен күрделі етістікті тап: Гүлжан жүгіріп келеді. 
А) гүлжан 
Ә) келеді 
Б) жүгіріп келеді 
11. Өткен шақтың ережелерін көрсет: 
А) Өткен шақ етістіктер іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді. 
Ә) Өткен шақ етістіктері іс-әрекеттің бұрын болғанын білдіреді. 
Б) Өткен шақ етістіктері іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді. 

12. Келер шақта тұрған сөйлемді тап. 
А) Марат бірінші сыныпқа барады. 
Ә) Марат бірінші сыныпқа барды 
Б)Марат бірінші сыныпта оқып жүр 

13. Берілген сөздерден жіктеліп тұрған етістікті тап. 
А) отыр 
Ә)отырсың 
Б) отырма 

14. Барыс септікте тұрған ІІІ жақ тәуелдеулі зат есімдерді көрсет 
А) добы 
Ә) добын 
Б)добына 

15.Берілген сөздерден болымсыз етістіктерді тап. 
А) жүгірді, секірді 
Ә) жүгір, секір 
Б) жүгірме, секірме 

16. Етістіктің неше шағы бар? 
А) бір шақ 
Ә) төрт шақ 
Б) үш шақ 

17. Берілген сөздерден көпше түрде жіктелген етістікті тап. 
А) орындау 
Ә) орында 
Б) орындайсыңдар 

18. –мын , -мін , -бын , -бін , -пын , -пін қосымшалары қай жақтікі? 
А) ІІІ жақ 
Ә) ІІ жақ , көпше түр 
Б) І жақ , жекеше түр . 

19. Жіктік жалғаулы зат есімдерді белгіле . 
А)анам, әкем , әкемнің 
Ә) қарлығашқа , қарлығашым 
Б)ұстазбын , балдырғансың , ұстазсыз . 

20. Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған зат есімді табыңыз. 
A) Баласын. 
Ә) Жиенсің. 
Б) Адаммын. 

ІІІ ТОҚСАН. АҚПАН АЙЫ. ІІ НҰСҚА. 
1.Етістіктің жіктелуі дегеніміз не? 
А)Зат есімге жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз. 
Ә) Сөз таптарының өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз. 
Б) Етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі дейміз 

2.Жаздым сөзі қай жақта тұр? 
А)І жақ 
Ә)ІІ жақ 
Б) ІІІ жақ 

3.Берілген сөйлем етістіктің қай шағы? 
Мен ертең шаңғыдан жарысқа қатысамын. 
А) өткен шақ 
Ә) келер шақ 
Б) осы шақ 

4. –дар, -дер, -тар, -тер, -лар, -лер жалғауларының түрін көрсет. 
А)септік 
Ә) көптік 
Б) тәуелдік 
5. Маған есімдігі қай септікте тұр? 
А) шығыс 
Ә)жатыс 
Б) барыс 
6. Мақалдан келер шақты тап. 
Жолдас қадірін жорықта білесің. 
А) жолдас қадірін 
Ә) жорықта 
Б) білесің 

7.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 
А) кім? не? 
Ә) не істеді? қайтті? 
Б) қандай? қай? 

8. Болымсыз етістіктің жұрнағын тап. 
А) –ма,-ме,-ар,-ер 
Ә) –ма,-ме-ба,-бе 
Б) –ка,-ке,-да,-де 

9. Негізгі етістікті көрсет. 
А) өсу, 
Ә) өсір 
Б) өс 
10. Өткен шақ нені білдіреді? 
А) Іс-әрекеттің қазір болып жатқанын. 
Ә) іс-әрекеттің бұрын болғанын. 
Б) іс-әрекеттің мүлде болмайтынын 

11. Аптаның үшінші күнін белгіле 
А) дүйсенбі 
Ә) бейсенбі 
Б) сәрсенбі 
12. Көптік жалғауы жалғанған зат есім. 
А) баба 
Ә) бабалар 
Б) бабам 

13. «Он саусағынан өнер тамған» деп қандай адамды айтады? 
А) әнші 
Ә) өнерлі 
Б) білімді 

14. Берілген өлең жолдарынан болымсыз етістікті тап. 
Ғылым таппай мақтанба, 
Орын таппай баптанба. 
А) ғылым таппай 
Ә) мақтанба,баптанба 
Б) орын таппай 

15. Әнші сөзінің жіктік жалғауының екінші жағын белгіле 
А) әнші 
Ә) әншімін 
Б) әншісің 

16. Берілген сұрақ қай шақтың сұрағы? 
Не істеп отырмын? 
А) осы шақ 
Ә) келер шақ 
Б) өткен шақ. 

17. Өткен шақты белгіле. 
А) Жеткізер 
Ә) Жеткізді 
Б) Жеткізеді 

18. Келер шақты көрсет. 
А) сөйлемекші 
Ә) сөйлеп отыр 
Б) сөйледі 

19. Мақалдан келер шақ етістіктерді тап. 
Ақыл-көпке жеткізер, 
Өнер көкке жеткізер. 
А) ақыл көпке 
Ә) жеткізер 
Б) өнер көпке 

20. Келер шақты табыңыз. 
А) ертең айтады 
Ә) кеше айтты 
Б) бүгін барған 

ІІІ ТОҚСАН. НАУРЫЗ АЙЫ. І НҰСҚА. 
1.Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз. 
А) Отыз бесінші. 
Ә) Жүз алты. 
Б) Оннан төрт 

2. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз. 
Атам 70 тен асты. 
А) Дефис. 
Ә) Жақша. 
Б) Үтір. 

3. Дара сан есімді көрсетіңіз. 
А) Екі жүз сегіз. 
Ә) Жиырма. 
Б) Он төрт. 

4. Білім күні нешінші айда екенін көрсетіңіз. 
А) Жетінші. 
Ә) Тоғызыншы. 
Б) Оныншы. 

5. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз. 
А) Ағаш күрек. 
Ә) Екі жолдас. 
Б) Жібек жолы. 

6. «1989-шы» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз. 
А) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы. 
Ә) Бір мың тоғызыншы жүз сексен тоғыз. 
Б) Бір мыңыншы тоғыз жүз сексен тоғызыншы. 

7. Болжалдық сан есімді табыңыз. 
А) Беске таман. 
Ә) Бесінші орын. 
Б) Бес адам. 

8. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз. 
А) Кім? Не? Кімдер? Нелер? 
Ә) Не істеді? Не қылды? 
Б) Қанша? Неше? Нешінші? 

9. Реттік сан есімді табыңыз. 
А) Жетінші. 
Ә) Он бестен. 
Б) Сегіз. 

10. Болжалдық сан есімді табыңыз. 
А) Жүзден. 
Ә) Жүзінші. 
Б) Жүздей. 

11. Жинақтық сан есімді анықтаңыз. 
А) Бестік. 
Ә) Төрт. 
Б) Үшеу. 

12. Сын есімді табыңыз. 
А) Жаңбырлы. 
Ә) Кілем. 
Б) Орындық. 

13. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз. 
А) Биіктеу адам. 
Ә) Таулы жер. 
Б) Кішкене төбешік. 

14. Адамның шашы қандай болатынын көрсетіңіз. 
А) Арық. 
Ә) Биік. 
Б) Қысқа. 

15. Сын есімді табыңыз. 
А) Дәптерді. 
Ә) Кеткенді. 
Б) Дәмді. 

16. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз. 
А) 6 
Ә) 4 
Б) 2 
17. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз. 
А) Ауылдық. 
Ә) Әдемілеу. 
Б) Күзгі. 

18. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? 
А)2 
Ә)3 
Б)4 

19. Күшейткіш буын арқылы жасалған күшейтпелі шырайды табыңыз. 
А) Тым әдемі. 
Ә) Әп-әдемі. 
Б) Аса әдемі. 

20. Сын есімді табыңыз. 
А) Кесу. 
Ә) Майлы. 
Б) Оқу. 

ІІІ ТОҚСАН. НАУРЫЗ АЙЫ. ІІ НҰСҚА. 
1. Туынды сын есімді табыңыз. 
А) Бөлме. 
Ә) Төсек. 
Б) Кілем. 

2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз. 
Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі ... 
А) Жұмсақ. 
Ә) Көк. 
Б) Қысқа. 

3.Күрделі сын есімді табыңыз. 
А) Әп-әдемі. 
Ә) Кемдеу. 
Б) Аласалау. 

4. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз. 
А) Кімнің? ненің? 
Ә) Қандай? қай? 
Б) Қанша? неше? 

5. Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді анықта. 
А) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр. 
Ә) Әуе тұп-тұнық жібектей жұмсақ. 
Б) Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен. 

6. Сын есімді табыңыз. 
А) Төмен. 
Ә) Мен. 
Б) Қара. 

7. Күрделі сын есімді табыңыз. 
А) Көгілдір. 
Ә) Биіктеу. 
Б) Тұп-тұнық.. 

8. Сын есім қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз. 
Еркін- сабағын жақсы оқитын бала. 
А) Бастауыш. 
Ә) Анықтауыш. 
Б) Баяндауыш. 

9. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз. 
А) Сұлу әйел. 
Ә) Алты адам. 
Б) Менің атам. 

10. Күрделі реттік сан есімді табыңыз. 
А) Екі бүтін оннан үш. 
Ә) Он бір. 
Б) Он бірінші. 

11. Реттік сан есімнің сұрақтарын табыңыз. 
А)Неше?Қанша? 
Ә)Нешінші? Қаншасыншы? 
Б)Нешеден? Қаншадан? 

12. Сын есім қандай сөз табы? 
А) заттың санын білдіретін сөз табы 
Ә) заттың сапасын білдіретін сөз табы 
Б) заттың атын білдіретін сөз табы 

13. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар? 
А) 4 
Ә) 2 
Б) 3 

14. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 
А) 7 
Ә) 5 
Б) 4 

15. Туынды сын есімді табыңыз. 
А) Таумын. 
Ә) Таулы. 
Б) Таулар. 

16. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз. 
А) Семіз өзен. 
Ә) Әдеби тіл. 
Б) Тәтті ауыл. 

17. Әлияның бойы қандай екенін белгілеңіз. 
А) Ақшыл. 
Ә) Жалғыз. 
Б) Ұзын. 

18. Сан есімнің қай түрінде -ау, -еу жұрнағы жалғанады 
А) жинақтық 
Ә) реттік 
Б) болжалдық 

19. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 
А) 6 
Ә) 5 
Б) 4 

20. Толықтырыңыз: «Менің отбасым ... тұрады» 
А) Бауырмал. 
Ә) Тату-тәтті. 
Б) Ақылды. 

ІІІ ТОҚСАН. СӘУІР АЙЫ. І НҰСҚА. 
1. Септеулік шылауды табыңыз. 
А) Қой. 
Ә) Мыс. 
Б) Соң. 

2. Сөйлемде «де» не болатынын анықтаңыз 
Сен де бір кірпіш дүниеге. 
А) Септеулік шылау. 
Ә) Үстеу. 
Б) Демеулік шылау 

3. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз. 
Отан ... от кешкендер. 
А) Үшін. 
Ә) Бұрын. 
Б) Секілді. 

4. Жұмбақ құрамындағы қай сөз шылау екенін көрсетіңіз. 
Таңертең бар, кешке жоқ, 
Кеш түгілі, түсте жоқ. 
Мен әдемі моншақпын, 
Ірі емеспін ұсақпын. 
А) түгілі. 
Ә) емеспін. 
Б) кеш. 

5. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз. 
А) Сондықтан, сол себепті. 
Ә)Және, бірақ. 
Б) Көрікті, көңілді. 

6 .Демеулік шылауды табыңыз. 
А) Гөрі. 
Ә) Сонда. 
Б) Ма, ме. 

7. Нақтылық мәндегі шылауды көрсетіңіз. 
А) Күйтабақта Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері жағылған. 
Ә) Өмірден орын тапқан-ды. 
Б) Қолына тек добыра берсең болады. 
8. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз. 
Себебі, өйткені, сол себепті. 
А) Іліктес 
Ә) Қарсылықты 
Б) Себеп-салдар 

9. Септеулік шылауды табыңыз. 
А) Үшін 
Ә) Егер 
Б) Және 

10. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз. 
А) Бүгін аттанды. 
Ә) Ілгері жүрді. 
Б) Қаннен-қаперсіз ұйықтады. 

11. Мекен үстеуді көрсетіңіз. 
А) Алға қадам басты. 
Ә) Әрең-әрең бара жатты. 
Б) Амалсыздан үйіне жүрді. 

12. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз. 
А) ала-жаздай 
Ә) тасыр-тұсыр 
Б) ендігәрі 

13. Үстеу дегеніміз не? 
А) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді. 
Ә) Заттың сапасын, көлемін білдіреді. 
Б) Қимылдың мезгілін, себебін, мақсатын білдіреді. 

14. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 
А)4 
Ә)6 
Б)7 

15. Мезгіл үстеуін көрсет? 
А)күні бойы оқыдым 
Ә) біртіндеп бардым 
Б)астарлап айттым 

16. Мезгіл үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді? 
А)2 
Ә)3 
Б)4 

17. Мезгіл үстеу іс-әрекеттің несін білдіреді? 
А)мезгілін 
Ә)мөлшерін Б)мекенін 

18. Мезгіл үстеу қандай сұрақтарға жауап береді? 
А) қашан? қашаннан? 
Ә)не істеді? Б)нешеде? 

19. Дефис арқылы жазылған үстеуді табыңыз: 
А)емін еркін 
Ә)таң сәріде 
Б)құр босқа 

20. «Қалай қарай?» қай үстеудің сұрағы? 
А) мақсат 
Ә) мезгіл 
Б) мекен 

ІV ТОҚСАН. СӘУІР АЙЫ. ІІ НҰСҚА. 
1.Мезгіл үстеуді тап. 
А) Таңертең барамын. 
Ә) Жақсы оқиды 
Б) Ақырын жүрді 

2.Біріккен үстеуді табыңыз: 
А)бүрсігүні 
Ә)таңғысын 
Б)қасақана 

3. Шылауы бар сөйлемді белгіле 
А) Журналдар да, кітаптар да жеткілікті 
Ә) Келгеннен көзі журналдарда болды 
Б) Журналдарды, кітаптарды жина 

4.Мекен үстеу қандай сұрақтарға жауап береді? 
А) қандай? 
Ә) қайда 
Б) қашан? 

5. Сын-қимыл үстеуді белгіле. 
А) далада ойнады 
Ә) тез оқиды 
Б) ертең барады 

6.Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді қандай сөз табы дейміз? 
А) шылау 
Ә) есімдік 
Б) үстеу 

7. Шылауларды белгіле 
А) ма (ме), ба (бе) 
Ә) мо (ми), ре (ри) 
Б) со (ля), си (до) 

8. Іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіретін сөздер үстеудің қай түріне жатады? 
А) сын-қимыл үстеуі 
Ә) мезгіл үстеуі 
Б) мекен үстеуі 

9. Сөз бен сөзді байланыстырып тұратын шылауларды ата. 
А) мен,бен,пен, және 
Ә) да, де, та, те 
Б) ма,ме,ба, бе, па, пе 

10.Мекен үстеуді тап. 
А) Төмен түсті 
Ә) Бүрсігүні келемін 
Б) Қатты сөйледі 

11.Сын-қимыл үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді? 
А) қанша? 
Ә) қашан 
Б) қалай? 

12. Одағайлардың тыныс белгілерін ата. 
А) үтір, леп белгісі, дефис 
Ә) тырнақша, қос нүкте, жақша 
Б) сұрақ белгісі, нүкте, тырнақша 

13.Жан-жануарларды шақыру үшін айтылатын одағайларды тап. 
А) бәсе 
Ә) айхай 
Б) шөре-шөре 

14. Сөйлемнен шылауды тап. 
Түске дейін кел. 
А) түске 
Ә) дейін 
Б) кел 

15. Қосарланған одағайларға қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) үтір 
Ә) нүкте 
Б) дефис 

16. Одағай сөзді тап. 
А) қап, кетіп қалды 
Ә) кең-тар 
Б) балалар, ертең жарыс болады. 

17. Өкінішті білдіретін одағайларды тап. 
А) бәрекелді. 
Ә) қап 
Б) ахау 

18. Шылауы бар сөйлемді белгіле. 
А) Қоңырау соғылды. 
Ә) Ел үшін еңбек ету. 
Б) Оқушылар сабаққа келді. 

19.Синонимдес шылауларды көрсетіңіз. 
А)бірге, бірақ 
Ә) я, не 
Б)мыс,ты 

20. Туынды үстеуді табыңыз: 
А)шалқасынан 
Ә) бірге, зорға 
Б) ешқашан, қалай қарай 

ІV ТОҚСАН. МАМЫР АЙЫ. І НҰСҚА. 
1.Пысықтауышты табыңыз. 
Ол сұраққа ойланбастан жауап берді 
А)ойланбастан 
Ә) Ол сұраққа 
Б) жауап берді 

2.Анықтауышты табыңыз. 
Қолында сары-қызыл гүлдер бар. 
А) қолында 
Ә) сары-қызыл 
Б) гүлдер бар 

3. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемнің түрін белгілеңіз. 
А) Атаулы 
Ә) Жалаң 
Б) Жайылма 

4. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы сан есіммен жасалғанда, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сызықша 
Ә) үтір 
Б) қос нүкте 

5. Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді көрсетіңіз. 
Біз кеше мұражайға бардық. 
А) Біз бардық. 
Ә) Мұражайға бардық. 
Б) Мұражайға кеше. 

6. «Қ» дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, «қ» дыбысы қандай дыбысқа айналады? 
А) «Р» 
Ә) «Х» 
Б) «Ғ» 

7. Мәтін дегеніміз не? 
А) Екі не одан көп өзара байланысқан сөйлемді мәтін дейміз 
Ә) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз 
Б) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегін мәтін дейміз 
8. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері? 
А) тұрлаусыз 
Ә) тұрлаулы 
Б) анықтауыш 

9. Қай сөзде "Ң" әрпі жазылады? 
А) Досжа... 
Ә) жа...бады 
Б) жа...ғақ 

10. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз? 
А) бәйшешек 
Ә) қалам 
Б) жияды 

11. "Батыл" сөзіне мағынасы жуық сөзді тап. 
А) Өжет 
Ә) Әлсіз 
Б) қорқақ 

12. Шылауы бар сөйлемді белгіле 
А) Дүкенде кітаптар да, дәптерлер де, қаламдар да бар екен 
Ә) Дүкенеде қалам бар. 
Б)Қаламдарды, кітаптарды жина. 

13. Сын есімді табыңыз. 
А) қызыл 
Ә) Шырын. 
Б) Оқу. 

14. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 
А) 7 
Ә) 5 
Б) 4 

15. Мәтелді табыңыз. 
А)Әлін білмеген әлек 
Ә) Аузымен орақ орып, аузына құм құйылды. 
Б)Аузына құм құйылды 
16. Жіктік жалғаулы зат есімдерді белгіле . 
А)анам, әкем , әкемнің 
Ә) қарлығашқа , қарлығашым 
Б)ұстазбын , балдырғансың , ұстазсыз . 

17 . Біршама тиянақты ойды білдіретін сөз тобын табыңыз. 
А) Сөйлем 
Ә) Мәтін 
Б) Сөз тіркесі 

18. Тәуелді септелген сөзді көрсет. 
А) әкені . 
Ә) әкеме . 
Б) әкеден. 

19. Дұрыс жазылған біріккен сөзді белгіле. 
А) ешкім 
Ә) кемпірқосақ 
Б) ас-қазан. 

20. Сөйлемде «де» не болатынын анықтаңыз 
Сен де бір кірпіш дүниеге. 
А) Демеулік шылау 
Ә) Үстеу. 
Б) Жалғаулық шылау. 

ІV ТОҚСАН. МАМЫР АЙЫ. ІІ НҰСҚА. 
1. Сөйлемді белгіле: 
А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті. 
Ә) Ұшып кетті. 
Б) Жылы жаққа. 

2. Жіктік жалғауларын белгіле: 
А)-мін, -сін, -сіз. 
Ә) -ма,-ме,-па,-пе. 
Б)-ым, -ім, -м. 

3. Мәтінге ат қою деген дегеніміз не? 
А) ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау 
Ә) автордың айтайын деген басты пікірі 
Б) мәтіндегі негізгі ой мен тақырыптың мазмұны 

4. Мәтіннің неше түрі болады? 
А) 2 
Ә) 3 
Б) 4 

5. Негізгі зат есімді көрсет: 
А) күйші 
Ә) күйді 
Б) күй 

6. Барлық сөйлем мүшелер саны: 
А)2 
Ә) 4 
Б)5 

7. Дұрыс жазылған сөзді тап: 
А) менім 
Ә) қонырау 
Б) қоңырау 

8. Реттік сан есімді табыңыз. 
А) Жетінші. 
Ә) Он бестен. 
Б) Сегіз. 

9 . Болжалдық сан есімді табыңыз. 
А) Жүзден. 
Ә) Жүзінші. 
Б) Жүздей. 

10. Сипаттау мәтінге қай сұрақ қойылады? 
А) не үшін? 
Ә) қандай? 
Б) қанша? 

11. Ұяң дауыссыздарды белгіле: 
А)қ,к,ғ,г. 
Ә)л,м,б,в. 
Б)ж,з,б,в. 

12. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз: 
А) Қыста қар жиі жауады. 
Ә) Оған, әсіресе, түйеқұс, піл, маймылдар ұнады. 
Б) Күндіз де, түнде де қар жауды. 

13 .Қыстырма сөзі бар сөйлемді белгіле: 
А) Шырағым, сен абыржыма. 
Ә) Меніңше, бұл – өте мықты адам. 
Б) Балалар, аманбысың, шырақтарым. 

14. Мағынасы жуық сын есімдерді көрсет: 
А) Әдемі, ақылды 
Ә) ұзын, қысқа. 
Б) әдемі, сұлу. 

15. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз. 
А) Сондықтан, сол себепті. 
Ә)Және, бірақ. 
Б) Көрікті, көңілді. 

16 .Демеулік шылауды табыңыз. 
А) Гөрі. 
Ә) Сонда. 
Б) Ма, ме. 

17. Нақтылық мәндегі шылауды көрсетіңіз. 
А) Күйтабақта Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері жағылған. 
Ә) Өмірден орын тапқан-ды. 
Б) Қолына тек добыра берсең болады. 

18. Дара сан есімді көрсетіңіз. 
А) Екі жүз сегіз. 
Ә)Отыз. 
Б) Он төрт. 

19. Тәуелдік есімдігінің қанша жағы бар? 
А) 4 
Ә) 2 
Б) 3 

20. Тура мағыналы сөзді табыңыз: 
А) қара тас 
Ә) жуас кісі 
Б) тас жүрек 

Жауап парағы 
І тоқсан. Қыркүйек айы 
І нұсқа ІІ нұсқа 
1 а 11 б 1 ә 11 а 
2 ә 12 ә 2 ә 12 а 
3 б 13 ә 3 б 13 а 
4 а 14 а 4 б 14 ә 
5 ә 15 ә 5 а 15 ә 
6 а 16 ә 6 ә 16 ә 
7 б 17 а 7 ә 17 а 
8 б 18 ә 8 ә 18 б 
9 а 19 а 9 а 19 ә 
10 а 20 б 10 ә 20 ә 

І тоқсан. Қазан айы 
І нұсқа ІІ нұсқа 
1 Ә 11 Ә 1 А 11 Б 
2 А 12 Б 2 А 12 Б 
3 Б 13 Ә 3 Ә 13 А 
4 А 14 Ә 4 Б 14 Б 
5 А 15 А 5 Б 15 А 
6 А 16 Б 6 Б 16 Ә 
7 Ә 17 А 7 А 17 Ә 
8 А 18 Б 8 Б 18 А 
9 Б 19 Б 9 А 19 А 
10 Ә 20 А 10 Б 20 А 

ІІ тоқсан. Қараша айы 
І нұсқа ІІ нұсқа 
1 Ә 11 А 1 Ә 11 А 
2 Ә 12 А 2 А 12 Б 
3 А 13 Ә 3 Б 13 Ә 
4 Б 14 А 4 Ә 14 Ә 
5 Ә 15 Б 5 Ә 15 Ә 
6 Ә 16 А 6 Б 16 А 
7 А 17 Ә 7 А 17 Ә 
8 Б 18 Б 8 Б 18 Б 
9 Ә 19 А 9 Ә 19 А 
10 А 20 Ә 10 Б 20 Ә 

ІІ тоқсан. Желтоқсан айы 
І нұсқа ІІ нұсқа 
1 Б 11 Ә 1 Б 11 Б 
2 А 12 Ә 2 А 12 Б 
3 Ә 13 Ә 3 А 13 А 
4 Ә 14 Б 4 А 14 А 
5 Б 15 Б 5 Ә 15 А 
6 Б 16 Б 6 А 16 Б 
7 А 17 А 7 Ә 17 Ә 
8 Б 18 Ә 8 Ә 18 А 
9 А 19 Ә 9 Ә 19 Ә 
10 А 20 Б 10 А 20 А 
ІІІ тоқсан. Қаңтар айы 
І нұсқа ІІ нұсқа 
1 А 11 А 1 А 11 Б 
2 А 12 Ә 2 Б 12 Б 
3 Б 13 А 3 Б 13 Ә 
4 Б 14 А 4 Ә 14 А 
5 А 15 Ә 5 Ә 15 А 
6 Б 16 А 6 Б 16 А 
7 Ә 17 А 7 Б 17 Б 
8 А 18 Б 8 А 18 Ә 
9 Ә 19 Б 9 Ә 19 Б 
10 Ә 20 А 10 Ә 20 Б 

ІІІ тоқсан. Ақпан 
І нұсқа ІІ нұсқа 
1 Ә 11 Ә 1 Б 11 Б 
2 А 12 Ә 2 А 12 Ә 
3 А 13 Ә 3 Ә 13 Ә 
4 А 14 Б 4 Ә 14 Ә 
5 Б 15 Б 5 Б 15 Б 
6 Ә 16 Б 6 Б 16 А 
7 А 17 Б 7 Ә 17 Ә 
8 Ә 18 Б 8 Ә 18 А 
9 А 19 Б 9 Б 19 Ә 
10 Б 20 Ә 10 Ә 20 А 

ІІІ тоқсан. Наурыз айы 
І нұсқа ІІ нұсқа 
1 Ә 11 Б 1 А 11 Ә 
2 А 12 А 2 А 12 Ә 
3 Ә 13 Ә 3 А 13 Б 
4 Ә 14 Б 4 Ә 14 А 
5 Ә 15 Б 5 А 15 Ә 
6 А 16 Б 6 Б 16 Ә 
7 А 17 Ә 7 Б 17 Б 
8 Ә 18 А 8 Ә 18 А 
9 А 19 Ә 9 А 19 А 
10 Б 20 Ә 10 Б 20 Ә 

ІV тоқсан. Сәуір айы 
І нұсқа ІІ нұсқа 
1 Б 11 А 1 А 11 Б 
2 Б 12 Б 2 А 12 А 
3 А 13 Б 3 А 13 Б 
4 А 14 Б 4 Ә 14 Ә 
5 А 15 А 5 Ә 15 Б 
6 Б 16 Ә 6 А 16 А 
7 Ә 17 А 7 А 17 Ә 
8 Б 18 А 8 Б 18 Ә 
9 А 19 А 9 А 19 Ә 
10 А 20 Б 10 А 20 А 

ІV тоқсан. Мамыр айы 
І нұсқа ІІ нұсқа 
1 А 11 А 1 А 11 Б 
2 Ә 12 А 2 А 12 Ә 
3 Ә 13 А 3 Б 13 Ә 
4 А 14 А 4 Ә 14 Б 
5 А 15 А 5 Б 15 А 
6 Б 16 Б 6 Б 16 Б 
7 А 17 А 7 Б 17 Ә 
8 Ә 18 Ә 8 А 18 Ә 
9 Б 19 Ә 9 Б 19 Б 
10 Ә 20 А 10 Ә 20 А 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілінен тест жинағы

Автор: Сагитова Инара Бақытқызы

Дата: 15.04.2018

Номер свидетельства: 466246

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "2 сынып арналған Қазақ тілінен тест"
    ["seo_title"] => string(39) "2_synyp_arnalg_an_k_azak_tilinien_tiest"
    ["file_id"] => string(6) "347252"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1475492100"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "3 сынып?а арнал?ан ?аза? тілінен тест жина?ы "
    ["seo_title"] => string(51) "3-synypk-a-arnalg-an-k-azak-tilinien-tiest-zhinag-y"
    ["file_id"] => string(6) "166836"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1422992160"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "5 сынып?а ?аза? тілінен тест"
    ["seo_title"] => string(26) "5synypkakazaktilinientiest"
    ["file_id"] => string(6) "320052"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1460996730"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "?аза? тілі п?ніне арнал?ан тест тапсырмасы "
    ["seo_title"] => string(46) "k-azak-tili-p-ninie-arnalg-an-tiest-tapsyrmasy"
    ["file_id"] => string(6) "216713"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1433128063"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "?аза? тілі п?нінен тест жина?тары"
    ["seo_title"] => string(38) "k-azak-tili-p-ninien-tiest-zhinak-tary"
    ["file_id"] => string(6) "284182"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1453935173"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства