Просмотр содержимого документа
«"Жолда жүру ережесін білесің бе?" тәрбие сағаты»
«Қайнар» мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Дайындаған : Шарапова Г.С.
2013 – 2014 оқу жылы
Жүрг.: Ирек-ирек көшелер
Көше деген мың ирек
Қиындыққа әйтсе де
Үйренесің біртіндеп
Барар жолға асықпа
Бәйге алмайсың бұрын кеп!
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Жол тәртібін білейк!» атты ашык тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Қазіргі танда балалардың өмірін кездейсоқ жол көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі біздің көрсеткелі отырған бастамамыз жол қауіпсіздік ережелерін тусіндіру. Жолдын ортасындағы ақжолак, тротуар жөнінде, сондай-ақ балалар арасындағы жолда жүру ережелерін насихаттау.
Меруерт: Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын дастан бар елменен
Жолдардан тұрады гой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталды сәлемменен!
Балжан: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да Қай ақыл өлшеміне салсаңызда Жолда жүру ережесі занды тәртіп Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға
Жүрг.: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде болған. Алғаш рет 1868 ж. Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол колмен алмастырылмалы және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын болған. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 ж. Америкада электр бағдаршамы пайда болды. Ал Ресейде 3 түрдегі бағдаршамдар 1920 жылы іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі танда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орналасқан.
Қазақстанда 1917 ж. дейн небәрі 127 км. ғана жол жол болатын 50 ж. Республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы 30 мың км. болды. Жаңа ғасыр техниканың өркендеп дәуірлеген заманы болды.
Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесуі мақсатында бағдаршам дүниеге келді.
Багдаршам
Айгүл: Көшеде бағдаршам болмаса
Кісі жоқ сілтер өзіңе
Кідірме абыржып онда аса
Көшеде ортаға жеткенше
Әуелі көзің сал сол жақа
Көшеде ортадан өткен соң
Мойныңды бұр сол жақтан оң жақа
Багдаршамның көздері:
Айгүл: Қызыл жарық жанғанда, қалт тоқтай қал табанда
Азиза: Сары шамы жағылса, сақ абай бол барынша
Мұхтархан : Жасыл жарық жол ашық, зымырай бер бел асып
Жүрг.: Балалар біз жол бойынан бетонға қалдырылған дөңгелек, шеңбер, үшбұрыш және басқа белгілерді көреміз, олар қандай белгілер деп ойлайсыздар?
Ердәулет: Ал кәнекей үйренейк бізде жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер бар кімің?
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым
Мейірбек: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап Қалмаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан Белгісі жолдардың 4 топтан тұрады Жарқырап көрінер түнде де жырақтан
Ескерту белгісі
Сәуле: Ескерту белгісі менг болам
«Қауптен сақ бол» деп сәт-сапар жолдаған
Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған!
Тыйым салу белгісі
Дана: Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты
Анықтама белгісі
Ердәулет: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты
Міндетті бұрылыс әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда
Абай бол шартымды міндетті орында
Нүскау белгісі
Еркебұлан: Баратын сапардың жақынын, қашығын
Үн түнсіз жол сілтеп тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көкпенен боялған төрт бұрыш шырағым
Жаңыл: Әйгілеп үш сөзді
Бір дәу тұр үш көзді
Оған жас кәріміз
Бағындық бәріміз
Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қорытынды сөзді мектебіміздің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Тұрғанбай Алмас ағайға және Омарова Ғалия апайға берсек.