kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жайдарлы жаз қызықтары » көңілді эстафета

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эстафеталық ойынның мақсаты:Балаларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жайдарлы жаз қызықтары » көңілді эстафета»

стафеталық ойынның мақсаты:Балаларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

 

Жүргізуші: -Құрметті тәрбиешілер, ата-аналар  және балалар, Бүгін сіздер

ІІ кіші «Күншуақ»  тобы арасында өтетін «Көңілді старт» эстафеталық ойынын тамашалауға жиналып отырсыздар.

-Балалар сендер спорт, денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?Сендерде өз ойларыңды бізбен бірге бөлісіп, өз білетіндерің туралы айтып беріңдерші:

 

Айтұмар:

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.

 

Ербатыр:

Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

 

Мирас:

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың


Қолқанат:

Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

 

Еңлік:

Ұшақтан да ұшқырмыз
Желден де озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз

 

 

 

Інжу:

Келіңіздер, келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Бізде бәрі жүйріктер
Күш сынасар алыптар

 

Арнат:

Біз көңілді баламыз,
Шыныға да аламыз.
Бақытты елдің құшағында

Жұлдыз болып жанамыз

 

Жүргізуші: -Қандай тамаша, балалар сендер де денсаулыққа немқұрайлы қарамай денсаулықтарыңды күтулерің қажет. Ең бастысы спортпен дос болу керек екен. Бүгінгі күн ерекше күн, балалар!

 

-Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым! Сонымен ойынымызды  бастауға рұқсат етіңіздер!

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ - қазылар алқасымен танысайық. Әр кезең сайын әділ - қазылар өз бағасын береді.
- Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыздар сегіз қырлы, бір сырлы - деген тілекпен кезекті топтардың таныстыруына береміз.

Топпен танысу
- «Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны:  Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.

- «Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

- Жарайсыңдар балалар, олай болса жарысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру жаттығуына шақырамын.

- Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сонымен сайысымызды бастаймыз:

І. Кезең. «Қос аяқпен секіру»
Шарты: Қос аяқпен берілген бес шеңбер ішіне секіріп, кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІІ. Кезең. «Ирелеңдеп  жүру»
ШартыҚойылған кедергілер бойымен ирелеңдеп жүріп барып, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.

ІІІ. Кезең.  «Кім жылдам?»
Шарты: Балалар доптың үсімен секіріп барып, шапшаңдылықпен жүгіріп келу, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!
Ү. Кезең. «Арқан тартыс»  Ұлттық ойыны
Шарты: Балалар арқаннан ұстап өз бағыттары қарсыластырамен күш сынасады. Белгіленген жерден қарсы топты өздеріне тартып алса «Жеңімпаз» атанады. Бағалау.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділ - қазы сайысты әділ бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ - қазы алқаларына беріледі.

Жеңімпаз топты марапаттау.Екі топқа сыйлықтар сыйлау.

Жүргізуші: Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы жетіп таянар
Дені сау, мықты, епті, ақылды
Спорт сүйгіш боп өсіңдер, балалар!
Мінеки балалар, бүгінгі сайысымыздың соңына да келдік.
- Сендерге ойындар ұнады ма?
- Алдағы уақытта спортпен шұғылданып, ертеңгісін жаттығулар жасап жүресіңдер ме?
-Жарайсыңдар, балалар!

-Осымен салауатты өмір салтын сақтау бағытына арналған «Көңілді старт» эстафеталық ойыны аяқталды. Баршаңызға зор денсаулық тілей отырып, көңіл қойып тамашалағандарыңыз үшін алғыс айтамыз!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
«Жайдарлы жаз қызықтары » көңілді эстафета

Автор: Нұрымбетова Н.О., БерентаеваЭ.Қ, Суйналина Г.Ж.,Кужаниязова А.Ж, Сағындықова А.Т.

Дата: 17.06.2022

Номер свидетельства: 609961

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Жайдарлы жаз қызықтары" көңілді эстафета"
    ["seo_title"] => string(43) "zhaidarly_zhaz_kyzyktary_konildi_estafeta_1"
    ["file_id"] => string(6) "652265"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1717738460"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства