выступление "Совершенствование профессиональных и ключевых компетенций педагога как средство повышения качества знаний"
Выступление "Совершенствование профессиональных и ключевых компетенций педагога как средство повышения качества знаний"
"Білім сапасын к?теру ретінде м??аліні? негізгі ??зіерттілігі мен ?ызметкерлігін іс ж?зінеде арттыру"
М??алім білім сапасын к?теру ?шін ?немі біліктілік арттыру курстарына барып білімін жа?артып отыру керек сонда ?ана жа?ашыл м??алім, жа?ашыл ?стаз бола алады.Б?гінгі та?да педагогикалы? ?жым мен сол ?жымды ??руда?ы педагог кадрларды? негізгі ма?саты мен міндеттері-саба? сапасын к?теру, оны? т?рлерін жетілдіруді? жолдарын іздеу,іздене отырып о?ушыны? п?нге ?ызы?ушылы?ын ж?не танымды? ізденпазды?ын арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«выступление "Совершенствование профессиональных и ключевых компетенций педагога как средство повышения качества знаний" »
Бүгінгі таңда педагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ – біртұтас жүйе және педагогикалық шығарма, сондықтан да ол бір тұтастығымен, бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен, мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, экологиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек.
Оқу үрдісін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу бағдарламасын толық меңгеруді қамтамасыз етуге болады. 1980 жылдары В.К.Дьяченко «Оқу процестерін жетілдіру ғана емес, ұйымдастыру түрлерін, әдіс-тәсілдеріне түбірлі өзгеріс енгізу» керектігін айтқан-ды. Сондықтан, алдымен мұғалімдер өзгеруі керек«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан басталады», - деп ұлы Абай айтқандай, бүгінгі жас ұрпақтың өрелі боп өсуі жақсы ана, жақсы атамен қатар жақсы ұстазға да тікелей байланысты. Жас баланың ақыл-санасы ұстаз алдында қалыптасады. Білім сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін мұғалімнің күнделікті, әрбір сабағына жан-жақты ізденіспен тиянақты дайындығы қажет. Сонымен бірге ұзақ жылғы педагогикалық-әдіскерлік тәжірибемде ұққаным тек мұғалім ғана емес, оқушыларға сапалы білім беру үшін алдымен, мектептің директоры теориялық білімді, кәсіби шебер болуы керек. Ол басқарудың қыры мен сырын білімділігімен ұштастыра білсе, өмірдің жаңа талаптарын жақсы түсініп, қарамағындағы ұжым мүшелерінің әрқайсысының еңбегін жеке бағалай білсе ғана дұрыс басқару болмақ. Сондықтан, алдымен мектеп директорларына басқарудың қыры мен сырын меңгерту керек. Ол үшін «Жас директорлар мектебі» жұмыс жасаса, олар ұжым, білім бөлімдері алдында дүркін-дүркін есеп беріп отырса, директорлардың олимпиадасы, сайыстары өткізіліп, теориялық, практикалық, кәсіби білім-білік дағдылары шыңдалса деп ойлаймын.
Екінші, оқушыға сапалы білім беру үшін мұғалімнің өзі сапалы білімді болуы керек.
Оқушылардың білімі сапалы, жан-жақты болуы үшін оқулықтағы материалмен шектелмей, қосымша, дамытатын білімдер беріліп, оқушыларды ізденуге үйрету керек. Оқушылардың білімге құштарлығын оятып, қанағаттандыра білім беріп, мектепке келу оларға ренішке айналмай, қуанышқа айналуы – сапалы білімнің көзі.
Мектепте отырған оқушы біреуге бала, ертеңгі ата-ана, маман басшы, тұтынушы сияқты әлеуметтік рөлдерді атқаратынын ескерсек, оқушыларға сапалы білім берудің маңызының қандай екенін түсіну қиын болмайды. Мектеп бітірген соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған сапалы ақыл көзімен қарай білсе, қорытынды жасап, өз көзқарасын, ойын сауатты да жан-жақты жеткізе білсе, міне, мектепте берген білімнің сапасының айғағы!Сонымен ерінбей еңбек етсең терлеп егер, тікен де гүлге айналып шыға келер – дегендей оқушыларға сапалы білім беруде жаңашылдық пен әдістемелік қызметті түрлендіре, жандандыра жүргізейік.
Білім беру қызметінің негізгі бөлігі білім сапасын арттыру мақсатында негізделді. Бұл қызметтің жоспарында жұмыс бағыты мынадай принциптер бойынша атқарылады:
Білім сапасы негізінен оқу материалын игеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыдан дамуына, педагогтардың қарым-қатынасын ізгілендіруге оңды ықпал етеді
Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсатым деп есептеуі керек.
Қарақоға орта мектебі
«Білім сапасын көтеру ретінде мұғалімнің негізгі құзіреттілігі мен қызметкерлігін іс жүзінде арттыру»