Әр отбасы бір әлем
«Отбасы» құндылығы туралы
түсініктерді, отбасы туралы
ұғымдарды кеңейту, оны білуге,
отбасы игілігі үшін талмай
еңбек етуге үйрету.
Сабақтың
мақсаты:
- Отбасының негізі өмірдің ұйтқысы
киелі қасиетке ие болу сыры туралы түсініктерді кеңейту;
- Отбасы тірлігі мен құндылықтарын атап, қадір-қасиеті туралы философиялық астарына назар аудару;
- Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, алдағы өмірге даярлау.
Сабақтың
міндеттері:
Жаңа ақпарат
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі.
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып,
отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі бала.
Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі,
ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы ата мен баланың, келін
мен ененің және басқа отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады.
Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық,
бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады»дейді халқымыз.
Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады.
Отбасы діңгегі –бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі.
Отбасылық өнеге махаббатта, сыйластықта, береке мен бірлікте.
Елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі.
ОТБАСЫ
Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы
Отбасы мүшелерінің бір- біріне деген мейірімділігі
Туыскандық, бірлік ұғымдарын тудырушы
Отбасы мүшелерінің бір- біріне деген сүйіспеншілігі
Кішкене бір мемлекеттік орта
Барлық ағайынды жақындастырушы
Ұрпақ өрбітуші ерекше ұя
ОЙЛАНАЙЫҚ, ПІКІРЛЕСЕЙІК
Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіз ?
Отау дегеніміз не?
Отағасы деген кім?
Отанасы деген кім?
ТАПСЫРМА
Татулық
Бірлік
Сүйіспеншілік
Отбасының жарастығы
Келісім
Сыйластық
Адалдық
ӘҢГІМЕЛЕСУ
Сен отбасыңда кімсің?
Өзіндік орның қандай?
Ана туралы жыр
Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі Әні: Ш.Қалдаяқов
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған.
Әлдилеп, аялап
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін
Қолыма түспеді.
Назарларынызға рахмет!