Просмотр содержимого документа
«Рәміздерім мақтанышым»
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Жарияланды 4-11-2012, 22:59 Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер, слайд Тәрбие сағатының барысы: Кіріспе бөлім: - Сәлеметсіздер ме балалар? - Балалар көңіл – күйлерің қалай? Бүгін қандай мереке? - Дұрыс айтасыңдар балалар. 1 қыркүйек - білім күні. «Мектеп – кеме, білім - теңіз» дегендей бүгінгі күні «Білім» теңізінде әрі қарай жүзу үшін 1. Еңбекқорлық 2. Білімпаздық 3. Ұйымшылдық қасиеттері бойымыздан әрқашан табылуы тиіс.
Бүгін міне сіздерге «Ешқашан жалықпайық», «Білім алу жолында талмайық», «Бір – бірімізге дос – бауыр деп қарайық» дегім келеді. Сонда ғана өз отанымыздың нағыз азаматы бола аламыз. Олай болса біз отан деген сөзді қалай түсінеміз? Отан деген не? Деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік. - Өте жақсы балалар. Өз ойларыңды ортаға салдыңдар. Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келеді. 1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? 2. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады? 3. Қазақстан көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? 4. Қазақстанның астанасы қай қала? 5. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады? 6. Президенттің жұмыс орны 7. Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды? 8. ҚР Конститутция күні қашан? 9. Рәміздерге нелер жатады? 10. ҚР туында не бейнеленген? 11. Тудың авторларын ата 12. Әнұранның авторлары кімдер? - Міне балалар бастаймыз бүгінгі сабағымызда мемлекеттік рәміздерге көбірек тоқталамыз. Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» деп аталады. Ақпараттар легі Президент Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Әнұран орындалады. Еңселі Елтаңба. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов. Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес. 1-оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар, Ай астында қазақ үй Қалықтаған жас сұңқар, Шарықтаған таза күй. Бұл таңбасы елімнің, Елдігімнің белгісі. Тұғырлы туымыз. Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. 1-оқушы: Айнымайды аспаннан Жанатын да өзі отша Біздің тудың болуы Жалын шарпып бетіңді Оны халық қашанда Туымыз да қазақша Биікке іліп қояды. Сөйлеп тұрған секілді. Асқақтаған Әнұран. Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. 1-оқушы: Әнұран Әнұраным –жан ұраным Айтар әнім, сөйлер сөзім Туған жерім сағынарым Бақыт - бірлік күн талабы. Тоқтамайды дабыр әні Мәңгі бақи шырқалады Республикам Әнұраны! Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» Ережесі: Берілген сөздерден басқа сөздер құрап жазу
Елтаңба - ел, таңба, таң, аң Байрақ - бай, ай, қар, ар Әнұран - ән, ұра, ұн, нан
2. Ойын «Жауабын тап» Ережесі: Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек Елтаңба – не? (шаңырақ,тұлпар, Қазақстан, егін, жұлдыз, т.б ) Ту – қандай? (көгілдір, төртбұрышты, әдемі, белгілі) Әнұран – не істейді? (шырқайды, айтады, жаттайды)
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Ендеше сіздерді өз Отанымыздың алдында ант қабылдауға шақырамын. Ант Мен, өз Отанымды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, елімнің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға ант етемін.