Просмотр содержимого документа
«Мені? Отаным – ?аза?стан »
Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
Омаров Мұрат Боранбай ұлы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Манашы орта мектебі» ММ-нің 4 «В» сынып оқушысы.
Жетекшісі: Борашова Жамила Илесовна
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі Қазақстанның жарқын болашағын, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігімізді оятып, Отан тарихын терең білу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Еліміздің тәуелсіздік алған күніне орай түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болып, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғына білуіне жан-жақты мәліметтер жинақтау арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің әдісі: Алға қойылған мақсатқа жету барысында тақырыпты жүйелеу, зерттеу әдістерін қолдану.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу барысында жинақталған мәліметтерді кезеңдерге бөліп жинақтау.
1-кезең: Елімізде, жерімізде болып жатқан өзгерістер туралы, Отанымыз туралы деректермен танысу.
2-кезең: Жинақталған деректерді саралау.
3-кезең: Ғылыми жұмысты баспаға дайындап, түптеу.
4-кезең: Слайд дайындап, суреттер жинақтау.
Зерттеудің жаңалығы: Өз халқымызға, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, бірге жүрген достарыма Отанын қорғауға дайын болуды ұғындыру.
Қорытынды: Еліміздегі әрбір азамат Отанымызға қамқор болып,оны қорғай білсе екен деймін.Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасап, жарқырай беруіне тілектеспін. Мен Отанымды қорғауға, Тәуелсіз Қазақстанға қызмет көрсетуге өз үлесімді қосуды мақсат етемін.
Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының
ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу:
ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің
бір ғана Отанымыз бар: ол-тәуелсіз Қазақстан».
Нұрсұлтан Назарбаев
Кіріспе
Отан... Бұл сөз – әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз.
Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.
Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз-жастар.Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Отан! Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!
Негізгі бөлім
Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным -сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.
Отанымның тарихы сонау жылдардан басталады. Қазақстан жерін хандар басшылығына алған. Бірақ қазақ елі өз мәдениетін дамытқан ел. Қазақ хақының естелік жерлері бар, ол жерде ғұлама адамдар туып-өскен және өмір сүрген.
Отан – адамның түп-тұқияны, ата – бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп – өніп келе жатқан жері.Сондықтан өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды.Отан ұғымы адамның адамдық мінезі, ізгілік сезімімен, парасатымен етене байланысты.
Отан. «Ол - белгілі бір аумақта өзінің іс-қимылын жүзеге асырып жатқан бүкіл халық. Ол-халықтың өткені, бүгіні және келешегі. Ол-оның өзіндік мәдениеті, оның тілі, оның мінез-құлқы, ол-сол халық жасайтын революциялардың, оның тарихи желілерінің тізбегі». Отанға қатынасы-адамның адамшылдығының, ізгілігінің,парасатының көрінісі.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Отан соғысының қаһарманы әрі әйгілі қолбасшы, қазақ халқының дана да батыр перзенті Б.Момышұлының: «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» - деген әмір-бұйрықтай нақыл сөзінің өмірдің өзінен алынғаны, даусыз. Өзі үшін отқа түскен ерлерін қайырымды халық, Отан - анасы да ұмытпай, мәңгілік даңққа бөлейді.
Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, ақ нанымен бекіген. Біздің ұшан - теңіз ертегі, аңыздарымыз, ұзақ дастандарымыз бен жырларымыз, ұлы жырауларымыздың толғаулары мен жезтаңдай ділмарларымыздың шешендік нақылдары туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Ата-бабаларымыз арттағы ұрпаққа мәңгілік аманатындай: «Отан - от басынан басталады», «Отаның - алтын бесігің», «Отаны жоқтық - нағыз жоқтық», «Ер – елінде, гүл - жерінде», «Опасызда - Отан жоқ» - деген т. б. мақал - мәтелдер қалдырған.
Ел тарихы жылмен шектелмейді. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде еніп отырмыз. Қазақстан - қазақ халқының қасиетті атамекені, кіндік қаны тамған киелі жері.
Ақиқаттың ауылы – Ұлы Отаным,
Атқызып тұр шындықтың құла таңын.
Ақиқаттың жолынан тайып кетсем,
Алдына кеп жүгінем, сынатамын...
Не десе де Ұлы Отан ... ұнатамын! –дей келе, мен Отаным - Тәуелсіз Қазақстанымды жақсы көремін.
Қорытынды
Отан! Отан!
Сен болмасаң, не етер ем,
Өмірден бұл өкінумен өтер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін - өзі қорлайды да сорлайды,
Тірі адамға - сол қайғы.
Күн көреді Әкесіз де Анасыз,
Өмір сүрер,
Әйелсіз де баласыз.
Ал, Отансыз - нағыз сорлы панасыз.
Отансыз адамдардың күні жоқ. Онсыз тіршіліктің мәні болмайды. Алыс кетсең оны сағынасың, тіпті ол алыстан қол бұлғап шақырғандай болады.Ол жерде сен дүниеге келесің, өсесің, білім аласың. Кейін сол үшін адал қызмет жасайсың.
Мен Қазақстанды тек қана сол жерде тұрғаным үшін емес, оның кең даласын, тауларын, мөлдір көлдерін жақсы көремін.
Отанды шексіз сүйіп, ардақтауға қоса, оны жауларынан жан аямай қорғау- әр перзентінің парызы және міндеті.Туған анасын басқаның қорлық-зорлығынан қорғамаған баланы перзентім деу былай тұрсын, адам деуге бола ма? Отан - ананы басына іс түскенде, жан салып қорғамаған азаматты да азамат, халық перзенті деуге болмайды. Сондықтан да біздің басты міндетіміз – отбасында, мектепте және қоғамдық ортада отаншылдық борышымызды адал атқару деп білемін.
Туған еліміздің егеменді тәуелсіздігінің 20 жылдығында еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Бейбітшілігіміз баянды болып, аспанымызда тек қана күн жарқырап, нұрын төге берсін.
Пайдаланған әдебиеттер:
Бастауыш сыныптарға арналған Ана тілі оқулықтары.
Авторлары: Т. Әбдікәрімова, С. Рахметова, Б. Қабатай.
Алматы «Атамұра» 2010 жыл
Дүниетану оқулығы.
Авторлары: К. Жүнісқызы, Ә. Бірмағанбетов, Қ. Аймағанбетова.