kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қимылды ойындар картотекасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Картотека подвижных игр.Для дошкольников 5-6 лет. На казахском языке.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қимылды ойындар картотекасы»

«Кім көп сөз біледі?» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар дөңгелене отырып көрсеткен суреттер жайында

жылдам, тез әңгіме құрайды. «Жел» суреті болса желдің

пайдасы мен зиянын айтады.

Мақсаты:

Балалардың ой-өрісін дамыту. Ойлау,есте сақтау қабілетін

арттыра отырып жылдамдыққа, ойлампаздыққа тәрбиелеу.












«Күн мен жаңбыр» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар алаңға шығады. «Жаңбыр!» белгісі берілгенде балалар

үйге кіріп, паналауы керек.«Күн!» белгісі берілгенде балалар

сыртқа шығып жүгіруі керек.

Мақсаты:

Балаларды берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа,

зейінін аударуға және ұйымшыл болуға үйрету, олардың есту

қабілетін дамыту.Ойынды 3-4 рет қайталау.





«Өз жұбыңды ізде!» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады, ортада бір бала. Шеңберде тұрған әр

баланың өз жұбы болады. «Ізде!» дегенде бір бала ортаға келеді,

«Ізде!» деп әндеткенде әркім өзінің жұбын іздеп орнына тұруы керек.

Мақсаты:

Қимыл ептілігін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Ойынды 3-4 рет қайталау.














«Асық ату» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар асықты бір қатар бойына тігіп, соны өз сақаларымен

дәлдеп атады. Кім көп асық атып алады сол бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету.

Ептілікке баули отырып, ұлттық тәрбие беру.

Ойынды 3-4 рет қайталау.




«Жапырақ жинау» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлініп, берілген бұйрық бойынша жапырақ

жинауға кіріседі. Кім көп жинайды, сол жеңімпаз болады.

Мақсаты:

Балаларға асық атуға, дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойнауға үйрету.

Ептілікке баули отырып, түстерді ажырата алуға, үйрету.

Ойынды 3-4 рет қайталау.













«Ұзындыққа секір» қимылды ойыны.

Ережесі:

Балалар бір-бірден қатарға тұрып, сызық сызылады.

Мәреге дейін сол орынында тұрып секіруі тиіс.

Мақсаты:

Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.





«Қырықаяқ» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа бірдей бөлінеді. Берілген мәреге дейін

екі топ бірінен-бірі ұстап, айнала жүгіріп,

сол белгіге жүгіруге тиіс.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.













«Арқан тарту» қимылды ойыны

Ережесі:

Арқанды балалар тәрбиеші бұйрығынан кейін

екі жаққа тартады.

Мақсаты:

Жылдамдыққа, ептілікке үйрету.





«Ақ серек пен көк серек» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Бір жақтағы балалар

екінші жақтағы бір баланы әндете шақырады.Аты аталған бала

жүгіріп келіп, қарсы беттегі қатарды үзіп шығуы тиіс. Үзе алған

бала өзімен бірге өз тобына бір ойыншыны алып кетеді.

Үзе алмаса сол топта қалады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету.










«Орамал тастамақ» қимылды ойыны

Ережесі:

Әуенмен балалар дөңгеленіп отырады. Сол кезде бір бала

ортаға шығып орамалмен әндетіп жүреді.Әуен тоқтағанда ойын

бастаушы ортада тоқтап қалуы керек. Сол кезде екі бала

жүгіріп келіп, оны алып үлгеруі тиіс.Орамалға кім бірінші келеді,

сол бала жеңімпаз атанып,ойынды ары қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Балаларды әуенмен жүруге, дәлдеп орамалды екі жаққа қоюға,

ептілікке тәрбиелеу.



«Қыз қуу» қимылды ойыны.

Ережесі:

Ұл бала мен қыз бала атқа мініп, ереже бойынша бірін – бірі

қуады. Қызға жеткен ұл оның бетінен сүюі шарт.

Ал, жете алмаса, келесі айналымда қыз ұлды қамшымен ұрады.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Қызды сыйлауға, икемділікке, ептілікке үйрету.













«Білектесу» қимылды ойыны

Ережесі:

Ойыншылар бір-бірмен білектесіп жарысады. Екі бала бір-біріне

қарама-қарсы отырып, шынтағын үстелге тегіс тигізе,

қол күштерін сынасады.

Мақсаты:

Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, шымырлыққа тәрбиелеу.







«Дойбы» ойыны

Ережесі:

Дойбының арнаулы тақтасы болады. Әрбір жеке шаршылар

ақ және қара түске боялған.Екі адам кезектесіп, бір-біріне

қарсылас болып ойнайды.

Мақсаты:

Балаларды икемділікке, тез ойлауға, ептілікке тәрбиелеу.










«Асық ату - алшы» қимылды ойыны

Ережесі:

Үш бала шығып сақаларын лақтырады. Бірінші кезекте –алшы

түссе, екінші кезекте – тәйке түссе, үшініш кезекте – бүк түссе,

төртінші кезекте – шік түссе осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Балаларға асық ойындары жайында білім беру. Асық ату,

ойлау дағдыларын қалыптастыру, Ептілікке баулу.





«Білектесу» қимылды ойыны.

Ережесі:

Ойыншылар бір-бірмен білектесіп жарысады. Екі бала

бір-біріне қарама-қарсы отырып, шынтағын үстелге тегіс

тигізе, қол күштерін сынасады.

Мақсаты:

Балаларды жылдамдыққа, ептілікке, шымырлыққа тәрбиелеу.










«Қыз қуу» қимылды ойыны.

Ережесі:

Ұл бала мен қыз бала атқа мініп, ереже бойынша бірін – бірі қуады.

Қызға жеткен ұл оның бетінен сүюі шарт. Ал, жете алмаса, келесі

айналымда қыз ұлды қамшымен ұрады.

Мақсаты:

Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Қызды сыйлауға, икемділікке, ептілікке үйрету.







«Қарғымақ» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жақтан екі арқанды ұстап тұрады.

Ортасынан балалар біреулеп қарғып секіреді.

Мақсаты:

Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.











«Соқыр теке» қимылды ойыны

Ережесі:

Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Бір баланың көзін байлап,

ортаға шығарады.Айнала тұрған балалар «Соқыр теке» тиіп,

қашып жүреді. Оның қолына түскен бала ойында ары

қарай жалғастырады.

Мақсаты:

Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.





«Тоғанда балықтар жүзеді» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар әуенмен балықтардың қимылын салып жүреді.

Белгі берілгенде «балықтар» сол қимылда тоқтап қалады.

Байқаусызда қозғалып қойған «балық» ойыннан (судан) шығады..

Мақсаты:

Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.











«Кім мерген?»қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар қарды домалақтап, арнайы көздеген

затқа дәлдеп тигізіп ойнайды.

Мақсаты:

Балаларды ерлікке, дәл тигізуге, күшті болуға баулу.






«Тату тәтті отбасы» қимылды ойыны

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп жүреді.

Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті жанұяда 2 (3,4) адам

тұрады!» деп хабарлайды. Сол кезде балалар аталған санға қарай

бөлінуі тиіс. Осылайша ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке,

сыйластыққа үйрету.









«Өрмекші мен шыбын»қимылды ойыны

Ережесі:

Әуен ойнағанда шыбындар адуындап ұша бастайды.

Әуен тоқтағанда олар қонады. Ол қозғалғанда өрмекші

олады аңдып, ұстауға шығады. Әуеннің орынына бубен

қолдануға болады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.




«Сымсыз телефон» ойыны

Ережесі:

Балалар қатарласа отырады. Ойын бастаушы бір сөзді айтады да,

келесі ойыншыға құлағына сыбырлап жеткізуге ұсынады. Ол сөзді

бала ешбір өзгертпестен дұрыс жеткізуі керек. Солайша жағалай сөзді

бір-бірінің құлағына айтып шығады. Ең соңында айтылған сөз ойын

басқарушыға жетеді. Егер сөз өзгермей сол қалпында жетсе ойын әрі

қарай жалғасады. Өзгеріп кетсе өзгерткен (дұрсы естімеген)

ойыншыны таубы керек. Ол ойынна шығарылады.

Мақсаты:

Ептілікке, шыдамдылыққа, зейінін қалыптастыруға үйрету,

есту қабілетін дамыту.








«Кім заттарды көбірек жинайды»қимылды ойыны

Ережесі:

Тегіс алаңға көлемі шағын бүршіктер, текшелер, кішкентай

шарлар секілді заттарды шашып тастайды.Ойнаушылар берілген

белгіден кейін бір түрдегі заттарды ғана жинай бастайды.

«Тоқта!» деген белгіден кейін заттарды жинау тоқтатылады.

Затты көбірек жинаған бала жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.




«Балықтар» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі қолдың алақанын беттестіріп, балықтың басын

кескіндейді. Ал, саусақтарын балықтың құйрығы ретінде

қолданып ойынды бастайды. Бөлменің ішінде иректеле

жүргізіп, бір бағытқа жиналуын, жыртқыштардан жан-жаққа

қашуын көрсетеді.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.











«Біз тамшылармыз» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар тамшы бейнеленген тәж киеді. Педагог бұлт кейпіндегі тәж

киеді. Ол бұлт –анасы, ал тамшылар-балалары. Тамшылар бұлтты

жүреді, секіреді. Бұлт оларды жер бетіне қыдыруға жібереді. Оларға

өздерін жақсы ұстау керектігін, өсімдіктерді суару керектігін, жер бетін

жуып қайта оралуларын ескертеді. Балалар жан-жаққа тарап, сосын қайта

бір жерге жиналып, бірінен кейін бірі судың жылға боп аққанын көрсетеді.

Педагогтың нұсқауымен олар жылғаның суы жиналып (екі қатарға)

өзенге айналғанын көрсетеді. Өзен ағып, теңіз болады(балалар үлкен

шеңбер жасайды). Бұлт ана олардың тамшы екендігін ескертіп, үйлеріне

шақырады. Теңіз буланып балалар тамшыға айналып, біртіндеп

бұлтқа айналады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.

«Күн, су, ауа » қимылды ойыны

Ережесі:

«Күн!» дегенде балалар қуанып ойнап жүреді. Өсімдік болып

өседі. Өйткені, өсімдіктер күн жылуын қажет етеді, жақсы

көреді. «Су!» дегенде балалар балықтар сияқты суда жүзеді.

«Ауа!» дегенде құстар сияқты, ұшақ секілді ұшады.

Осылайша ойын әуенмен жалғаса береді.

Мақсаты:

Бір-біріне деген қамқорлыққа, достыққа, сүйіспеншілікке,

еңбекқорлыққа тәрбиелеу.









«Кетті кетті » қимылды ойыны

Ережесі:

Ойыншылар тізесін сәл көтеріп, бір-біріне жақын айнала отырады.

Бастаушының белгісі бойынша ойнаушылардың бірі орамалды көрсетпей

екінші біреуге береді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойнаушыны сырт

жағында ескен сүлгі не жіп ұстап тұрған кісіге орамал көрінбеуі тиіс.

Оның зейінін басқа нәрсеге аударып, жаңылдыру үшін ойыншылар

«Әне кетті, міне кетті!»деп шуылдап отырады Егер ойын жүргізуші

орамалды ұстаған адамды дер кезінде байқап, оны ұрып қалса, екеуі

орын алмасады. Ал, қателесе ойыннан шығады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету. Зейінін дамытып,

шапшаңдыққа баулу.



«Өз жұбыңды тап! » қимылды ойыны

Ережесі:

Қатысатын балалар санына қарай әрқайсысының жалаушалары

болуы керек. Әр бала бір-бір жалаушадан алады. Ойын

бастаушының белгісінен кейін балалар алаңға шашырай жүгіреді.

Келесі белгі берілгенде бір түсті жалаушалары бар балалар

бірін-бірі тауып, бір сапқа қатарға тұруы керек. Ойында бір бала

жұпсыз қалуы керек. Тақ санды ойыншылар қатысқаны жөн.

«Аузыңды ашып, құр қалма,Серігіңді тез таңда!»

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету. Әуен ырғағымен

қимылдарын дәл келтіруге баулу.







«Аюлар мен аралар » қимылды ойыны

Ережесі:

Ойыншылар тең емес екі топа бөлінеді. 3-4 бала аю болса, қалған

балалар аралар болады.Барлық аралар ұяларынан ұшып кеткенде

аюлар келіп бал жей бастайды. Сол кезде тәрбиеші белгісімен аралар

ұшып келеді. Олар аюларды талай бастайды. Аюлар қашуы тиіс.

Қашып үлгермеген аю ойыннан шығады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа үйрету. Зейінін дамытып,

шапшаңдыққа баулу.





«Гүлдер» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар әуен ырғағымен жердегі гүлдерді жинайды. Әуен

тоқтағанда кім көп жинаса, сол жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.













«Күрес» қимылды ойыны

Ережесі:

Күші теңдес болып келетін екі бала бірінің аяғына бірінің басын

келтіре, шалқаларынан кілем үстінде жатады. Бұдан кейін сол

жатқан беттерінде бірінің қолынана бірі қатты қыса қолтықтасып

алады. Енді балалар аяқтарын жоғары көтере бірінің өкшесін бірі

іле қағысады. Әркім өзінің қатарындағы палуандар тақымынан

көтере басынан асыра тастау. Осы мақсатты орындағаны жеңгені

болып табылады.

Мақсаты:

Балаларды ерлікке, күшті болуға баулу.




«Айна» ойыны

Ережесі:

Балаларға ойын бастаушы әртүрлі қимылдар көретеді.

Қалғандары сол қимылды айнытпай, дәл қайталауы тиіс.

Екеуден жұптасып, бірі - айна, бірі - сондағы сұлба болып

ойнауға да болады. Орындарын ауыстыра алады.

Мақсаты:

Ептілікке, шыдамдылыққа, зейінін қалыптастыруға үйрету,

есту қабілетін дамыту.









«Кім тезірек жалаушаға жетеді?» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада бір бала екі жалаушаны

ұстап тұрады. Екі топтан екі-екіден ойыншылар кезектесіп

шығып, жалаушаға жүгіреді. Кім тезірек жетіп алады, сол

топ жеңімпаз атанады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.






«Бағдаршам» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар шеңберде тұрады. Бір бала бағдаршам. Ол қызыл

түсті көтергенде бір адым артқа, сары түсті көтергенде

орындарында тапжылмай тұрады, жасыл түсте бір адым

алға жылжиды.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланың өз бетінше бейнелей алуға үйрету.









«Көкпар» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі жаққа теңдей бөлініп тұрады. Берілген белгі

бойынша балалар ортадағы қошақанға жүгіреді. Кім бұрын

жетті, сол алады. Сосын бір-біріне лақтырып қашады.

Екінші топтың ойыншылары қошақанды алуға тырысып,

қуады. Ойын осылайша жалғасады.

Мақсаты:

Жылдам жүгіруге, көздеуге, ептілікке үйрету, күштілігн арттыру.





«Мысық пен торғайлар» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар шеңберге тұрады. Санамақ арқылы бір бала мысық

болады. Қалған балалар торғай. «Мысық ұйықтады

дегенде торғайлар жем шоқуға шығады. «Мысық оянды

дегенде торғайлар мысықтан үркіп қашады. Ұсталған бала

ойыннан шығады.

Мақсаты:

Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.











«Торғайлар мен автомобильдер» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар екі топқа бөлінеді. 3-4 бала көлік болады, қалған

балалар торғайлар. Белгі бойынша балалар көшеге қарай

жүгіреді, ал, «автомобильдер» оларды қуады.

Мақсаты:

Ептілікке, жылдамдыққа, дәлдікке үйрету.







«Тоғанда балықтар жүзеді» қимылды ойыны

Ережесі:

Балалар әуенмен балықтардың қимылын салып жүреді.

Белгі берілгенде «балықтар» сол қимылда тоқтап қалады.

Байқаусызда қозғалып қойған «балық» ойыннан

(судан) шығады..

Мақсаты:

Елестету арқылы баланы өз бетінше бейнелей алуға үйрету.











«Тату тәтті отбасы»қимылды ойыны

Ережесі:

Алаңда балалар әр отбасы болып бөлінеді. Әуенмен билеп

жүреді. Педагог әуенді тоқтатады да: «Тату тәтті

жанұяда 2 (3,4) адам тұрады!» деп хабарлайды.Сол кезде

балалар аталған санға қарай бөлінуі тиіс. Осылайша

ойын жалғаса береді.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке,

сыйластыққа үйрету.




«Түн мен күн» қимылды ойыны

Ережесі:

Балаларға «Түн!» белгісі берілгенде олар «ұйықтайды».

«Күн!» белгісінен кейін қуанып, ойнайды. Ойынды бірнеше

рет қайталауға болады.

Мақсаты:

Тез шешім қабылдай алуға, жылдамдыққа, ептілікке,

сыйластыққа үйрету.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қимылды ойындар картотекасы

Автор: Дюсембаева Айсулу Абеновна

Дата: 01.10.2017

Номер свидетельства: 430483

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Қимылды ойындар картотекасы презентация"
    ["seo_title"] => string(45) "k_imyldy_oiyndar_kartotiekasy_priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "449920"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1515939522"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "?имылды  ойындар картотекасы 2 с?би тобы"
    ["seo_title"] => string(41) "k-imyldy-oiyndar-kartotiekasy-2-s-bi-toby"
    ["file_id"] => string(6) "295760"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455873243"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства