kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?имылды ойындар картотекасы 2 с?би тобы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?гіруге арнал?ан ойындар 1.?ш?ыштар 2.Т?рлі-т?сті к?ліктер 3.??стар мен мысы? 4.Аю апанында 5.?зі?е ж?п тап 6.Аттар 7.Сылдырма?ты сылдырлат 8.Ты?ылма? Секіруге арнал?ан ойындар 9.?ояндар мен ?ас?ыр 10.?аздар мен т?лкі 11.С?р ?оян жуынады 12.?ойлар мен ?ойшы 13.?шатын ??стар Затты ла?тыру мен ?а?ып алу?а арнал?ан ойындар 14.Мысы?тар мен балалар 15.Ла?тыр да ?а?ып ал 16.Кеглиді к?зде 17.Тор ар?ылы допты ла?тыр 18.Доптар мектебі Ке?істікті ба?дарлау?а арнал?ан ойындар 19.Д??гелекті ла?тыр 20.?айда жасырыл?анын тап 21.?стап ал 22.Тап та ?ндеме 23. Кім кетті
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?имылды ойындар картотекасы 2 с?би тобы»





Қимылды ойындар картотекасы

2 сәби тобы







Жүгіруге арналған ойындар 

1.Ұшқыштар 
2.Түрлі-түсті көліктер 
3.Құстар мен мысық 
4.Аю апанында 
5.Өзіңе жұп тап 
6.Аттар 
7.Сылдырмақты сылдырлат 
8.Тығылмақ 

Секіруге арналған ойындар 

9.Қояндар мен қасқыр 
10.Қаздар мен түлкі 
11.Сұр қоян жуынады 
12.Қойлар мен қойшы 
13.Ұшатын құстар 

Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар 

14.Мысықтар мен балалар 
15.Лақтыр да қағып ал 
16.Кеглиді көзде 
17.Тор арқылы допты лақтыр 
18.Доптар мектебі 

Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар 

19.Дөңгелекті лақтыр 
20.Қайда жасырылғанын тап 
21.Ұстап ал 
22.Тап та үндеме 
23. Кім кетті 










1.Ұшқыштар 
Мақсаты: балаларды бір-біріне соғылмай жүгіруге, белгі бойынша қозғалуға үйрету; кеңістікті дұрыс бағдарлауларын дамыту. 
шарты:Балалар 3-4 топқа бөлінеді. Олар бірінің соныңнан бірі қолбасшының артында тұрады. Түрлі-түсті жалаушалармен белгіленген алаңдарда топтар орналасқан. Бұл- әуежай. «Ұшқыштар ұшуға дайындалыңдар» - деген тәрбиешінің белгісімен балалар әртүрлі бағытта жүгіріеді, өз ұшағының қасында тоқтайды, жанармай құйып алады /еңкейеді/, моторды айландырады /қолдарымен кеуденің тұсында айландырады/, қанаттарын жан-жаққа созады, ұшады /әртүрлі бағытта жан-жаққа жүгіреді/. Ұшақтар тәрбиеші «қоныңдар», - деген белгі бергенше ауада ұшып жүреді. Бұдан кейін қолбасшы топтарын жинап әуежайға қонуға әкеледі. Қай топ бірінші келеді, сол жеңеді. Ойын 4-5 рет қайталанады. 
Ұсыныс: ойында әртүрлі құралдарды пайдалануға болады. Әуежайды белгілеп қойған жалаушаларды тәрбиеші білдірмей ауыстырып қояды. Қолбасшының топтарын әуежайға дұрыс орналастыруы қажет. 

2.Түрлі-түсті көліктер 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын дамыту. 
шарты:Балалар бөлменің қабырғасының жаңында тұрады. Олар -гараждағы көліктер. Әр ойнаушы қолдарына жалау немесе картоннан жасалған түрлі-түсті диск ұстап жүреді.Тәрбиеші бөлменің ортасында тұрып, ойынаушыларға қарап тұрады, оның қолында 1 жалауша /2 немесе 3 бірге/, біреуін көтерген кезде сол түсті көліктердің жүрісін, дауысын келтіріп жүреді. Тәрбиеші жалауын түсірген кезде, көліктер тоқтап, бұрылып, гаражға барады. Ойын 4-6 рет қайталанады. 
Ұсыныс: тәрбиешіде қызыл түсті жалау болуы мүмкін. Байқаусызда ол жалауды көтереді- белгі бойынша барлық көліктер тоқталуы қажет. 

3.Торғайлар мен мысық 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
шарты:Жерді шеңбермен белгілеу керек /5-6м.диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында- олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады.Торғайлар шеңбердін ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2-3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойынаушыларға қосылады. . ойын 4-5 рет қайталанады. Ұсыныс: мысық ақырын барыпторғайларды ұстайды /қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді/.
4.Аюдың апанында 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
шарты:Бір жақта аюдың апаны болады. Екінші жақта балалар тұратын үй болады.Тәрбиеші аюды балалардың ішінен біреуін тағайындайды.Тәрбиеші: «Балалар қыдырып келіңдер»,- дегенде балалар үйлерінен шығып, саңырауқұлақ теріп, көбелек ұстап,орман қыдырады /еңкееді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды/. Олар дауыстап айтады: 
-Біз аюдың қасында 
Жеміс- жидек тереміз, 
Аю ұйықтамайды, 
Аю ырылдайды. 
«Ырылдайды»,- деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аюдың қолы тиген балалар акюдың апанында қалады. Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдың рөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Ұсыныс: Ойынның басқа нұсқасы болуы мүмкін- екі аюмен ойнауға болады. 

5.Өзіңе жұп тап 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту. 
шарты:Тәрбиеші ойнаушыларға негізгі түстен бір -бір жалаудан таратады. Даңғыраның белгісімен, шапалақпен – жалауын көтеріп алаңда жүгіреді. Келесі белгімен – даңғыраны бірнеше ұрғылаумен, шапалақпен, «Өзіңе жұп тап»- деген сөзбен, түстері бірдей жалаулары бар балалар жұп құрады. Әр жұп өз беттерімен фигура жасайды. Жұпсыз қалғандарға ойнаушылар мынадай сөздер айтады: «Арман, Арман, аузыңды ашпай, тезірек жұбыңды таба ғой». Содан кейін белгі бойынша баолығы алңға жүгіріп келеді: 5-6 рет ойын қайталанады. 
Ұсыныс: ойында тақ сан ойынаушылар қатысады, тәрбиеші де қатысады. Тәрбиешіде әртүрлі түсті жалаулар болуы керек: ойын қайталанғанда балалардың жалаулары ауысады. Ойыншықтар белгі бойынша өздеріне жұп таңдайды. 


6.Аттар 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту. 
шарты:Балалар екі бірдей топқа бөлінеді. Біреулері – аттар болады, басқалары – шабарман болады. /Шабарманның қолында -ауыздық/. Аланның басқа жағында- аттар жайылатын жер, бұнда аттар тұрады, басқа жағында шабармендар. Тәрбиеші: «Шабармандар, тұрыңдар, тезірек аттарды дайындаңдар!»- дегенде шабармандараттан түсіп, аттарды жайылымға жіберіп, өздерінің орындарына барады. «Шабармандар, аттарыңды ұстаңдар»,- дегенде әрқайсысы өздерінің аттарын ұстайды. «Аттарыңды ат қораға апарыңдар»,- дегенде апарады. Ойын 3-4 рет қайталанады. 
Ұсыныс: ойында жүгірумен жүгірудің түрлерін кезектестіруге болады.ойнды түрлендіруге болады: ат шабуы, орманға саяхат, т.б.. 

7. Сылдырмақпен сылдырлат 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
шарты:5-6 балалар аланның бір жағында сызықтың ар жағында тұрады. Қарама-қарсы жақта орындықтарда бір бірінен арақашықтығы бірдей болып сылдырмақтар /бал-ң санына сай/ жатады. «1-2-3, жүгіріңдер»- деген белгі бойынша балалар сылдырмақтарға қарай жүгіреді, жоғарыға көтереді де сылдырлатады. Бірінші жетіп, сылдырлатқан бала жеңіске жетеді. Сол балалар орындарына барады, басқа ойнаушылар қатысады. 
Ұсыныс: ойынды қиындатуға болады: кедергілерден секіртіп /жіптен, текшелерден, шеңберден өту, т.б./ 

8.Тығылмақ 
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа,ептілікке , бірлікке тәрбиелеу. 
Ойынның шарты: Тәрбиеші санамақ арқылы жүргізуші сайлап алады. Жүргізуші тәрбиешінің қасында немесе белгіленген жерде көзін жұмып тұрады, ал басқа балалар тығылады. Жүргізуші: « 1-2-3-4, іздеуге шықтым». Тауып алған баланың атын атайды. Осылай 3-4 баланы тапқан соң басқа баланы сайлайды. 

9.Қояндар мен қасқыр 
Мақсаты: Балаларды алғырлыққа, қырағылыққа, татулыққа тәрбиелеу. Ептілік қасиеттерін арттыру. Денсаулықтарын шынықтыру. 
Ойынның шарты: Бір бала қасқыр болады қалған балалар қояндар болады. Қояндар өз үйлерінде тығылып жатады, ал қасқыр өзінің апанында жатады. Тәрбиеші: 
- Секеңдеңдер қояндар, 
Жүгіріңдер жортыңдар- деген кезде Қояндар үйлерінен шығып секеңдеп ойнайды. Осы кезде қасқыр апанынан шығып қояндарды қуа жөнеледі. Ұстап алған қояндарды апанына апарады. Осылай 3-4 қоянды ұстағаннан кейін ойынды басқа бала жалғастырады. 
Ойын 2-3 рет ойналады. 




10.Қаздар мен түлкі 
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, ептілікке және ойынды дұрыс ойнауға үйрету. Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болуын қадағалау.Балалардың ойынға деген қызығушылықтарн арттыру. 
Ойынның шарты: Қаздар алаңның бір жағында жүреді. Ал алаңның екінші жағында балалар орындықта тұрады. Алаңға қарама қарсы жақта түлкінің үйі орналасқан. Қаздар жәйіліп қататтарын қағып жүреді, тәрбиешінің белгісімен түлкі келді деген кезде қаздар ұша жөнеледі, ұйлеріне барып қонады. Түлкі қаздарды қуа жөнеледі, ұстаған қаздарды ініне апарады. Ойын 4-5 рет қайталанады. 


11. Сұр қоян жуынады. 
Мақсаты: Қимыл қозғалыс қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ептілікке тәрбиелеу. 
Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Қоян болған бала ортаға шығады. 
Балалар: Қоян, қоян тұршы, 
Беті, қолды жушы 
Айнаға қарашы 
Шашыңды тарашы 
Енді бізді қушы. 
Қоян қимылмен көрсете отырып жасап, тұрады. Енді бізді қушы дегенде, балаларды қуа жөнеледі. 
Ойын 4-5 рет қайталанады. 


12. Қойлар мен қойшы. 
Мақсаты: Балаларды бірлікке, татулыққа, ептілікке тәрбиееу. Тәрбиешінің берген белгісіне көңіл аудара білуге үйрету. 
Ойынның шарты: Қойшы сайланып алады. Қалған балалар қойлар болады. Қойшының құралдарын береді. Қойлар алыста жайылып жүреді, қойшы алыстан бақылап тұрады. 
Тәрбиеші: Қойшы шықты ертемен, 
Қойларын бағып далаға. 
Қойлар маңырайды, 
Сонан соң жамырайды, - деген кезде қойлар жан-жаққа жамырайды. Ал қойшы оларды жинақтап қораға әкеліп қамайды. Басқа қойшыны сайлайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.






13.Ұшатын құстар 
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарын салыстыра білуге үйрету, және қырағылыққа тәрбиелеу, құстар сияқты ұша білу қабілеттерін бақылау, тәрбиешінің берген белгісін тиянақты тыңдай білуге үйрету. 
Ойынның шарты: Алаңның бір жағында құстар ұшып жүреді. Тәрбиеші құстар ұшты дегенде, қанаттарын желпіп алаңда құстар ұшады. Тәрбиеші дауыл соқты дегенде құстар ұшып барып қабырғадағы сатыларға шығып алады, ал тәрбиеші дауыл басылды дегенде сатыдан түседі де ұшуларын жалғастырады. Ойын 3-4 рет қайталанады. 


14.Мысықтар мен балалар 
Мақсаты: Берілген белгіні дұрыс тыңдай білуге, ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге, топпен ойнауды ойнай білуге үйрету. Ептілікке,алғырлыққа тәрбиелеу. 
Ойынның шарты: Балалардың жартысы мысықтар болады, ал жартысы олардың иесі болады. Мысықтар баспалдақта отырады, олардың иелері жүрелерінен алаңның екінші жағында отырады. 
Тәрбиеші сүт кімге керек деп сүт құйғандай болады.Балалар «кис-кис», деп шақырады.Мысықтар жақындаған да балалар алаңның екінші жағына қашып шығады. 
Ойын 2-3 рет қайталанады. 

15.Лақтырда қағып ал. 
Мақсаты: Балаларды ептіліке ,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Тәрбиешінің берген белгісін мұқият тыңдай білуге үйрету. 
Ойынның шарты: Балалар алаңда еркін орналасады әр біреуінің қолында бір-бір доптан болады.Тәрбиешінің «баста»,деген белгісі бойынша балалар допты жоғарыға лақтырып қағып алады.Әр бала неше рет лақтырып қағып ала алады,соны санайды. 

16.Кеглиді көзде 
Мақсаты: Балаларды мергендікке,ептілікке,белгілі бір бағытты көздей білуге үйрету. 
Ойынның шарты: Балалар екі қатарға бөлініп тұрады,тізілген кеглиларды қолдарындағы доппен көздеп құлату керек.Әр бір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтап отырады.Допты оң қолымен , сол қолымен де домалатуға болады. 


17.Допты тордан лақтыр 
Мақсаты: Допты лақтыра білуге үйрету, топпен жарыса білуді ептілікке,шапшаңдыққа үйрету. 
Ойынның шарты: Құрылған тордың екі жағынан бөлініп тұрады. Арақашықтығы 1-1,5 метр болуы керек. Балалар тор арқылы бір-біріне допты лақтырады.Допты жерге түсірмей қағып алып отыру керек.Тәрбиеші жерге түскен допты санап отырады.Қай топта доп көп жерге түсе сол топ жеңіледі. 

18.Доптар мектебі 
Мақсаты: Доппен ойнаудың тұрлерін үйрету,екі қолмен қағып алу,қабырғаға үру,жерге ұрып қағып алу сияқты.т.б.түрлерін ойнай білу.Ептілікке тәрбиелеу. 
Ойынның шарты: Балалар тәрбиешінің көрсеткен жаттығуларын орындайды. 
1. Допты жоғары лақтырып екі қолмен қағып алу. 
2. Допты жерге соғып екі қолмен ұстап алу. 
3. Допты жерге соғып шапалақты соғып екі қолмен ұстап алу. 
4. Қабырғаға допты соғып екі қолмен қағып алу. 
5. Допты қабырғаға соғып ұстап алып,жерге соғып қағып алу. 

19.Дөңгелекті лақтыру 
Мақсаты: Балаларды белгіленген бағыты көздей білуге,ептілікке,шапшаңдыққа үйрету. 
Ойынның шарты: Ойын дөңгелектерді көздеп лақтырудан түрады,доңгелектің диаметрі 15-20см. Ал таяқшаның ұзындығы 30-40см. 
Балалар қатарға түрып 1,5-2метр ара қашықтықта дөңгелектерді таяқшаға дәлдеп лақтырып кіргізу керек.Балалар ойынды бірін кейін бірі жалғастырып ойнай береді. 

20.Қайда жасырылғанын тап 
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа, байқампаздыққа үйрету,бірлікке,татулыққа тәрбиелеу 
Ойының шарты: Балалар бөлменің бұрышында тұрады. 
Тәрбиеші жалаушаны тығатынын айтады. Балалар теріс қарап көзін жұмады,тәрбиеші жалаушаны тығып қояды да «болды» ,деген де балалар жалаушаны іздейді.Тапқан бала жалаушаны тығады.Ойын 2-3 рет қайталанады. 

21.Ұстап ал! 
Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту. 
Ойының шарты: Балалар алаңда тұрады. Тағайындап алынған ұстағыш-бала ортада тұрады. «1-2-3, ұстап ал!»- деген белгі бойынша, балалар ұстағыштан қаша жөнеледі, ұстағыш болса біреуін ұстап, қолын тигізеді. Кімді ұстайды, сол аланның шетіне барады. 

Ұсыныс: ойынның басқа түрлерін пайдалануға болады: «Қуып жет те, ұстап ал», «Ұстап ал, шеңберде» т.б. 

22.Тап та үндеме 
Мақсаты: Балаларды қырағылыққа тәрбиелеу,бірлікке,татулыққа ойын ойнағанда қаіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету. 
Ойын шарты: Балалар алаңның шетінде тәрбиешіге қарама-қарсы түрады тәрбиешігің берген белгісімен олар қабырғаға бұрылып тері қарап тұрады, Бұл уақыта тәрбиеші орамалды жасырады. Содан кейін балалар көдерін ашып,орамалды іздеуге кіріседі. Тапқан бала білдірмей тәрбиешінің құлағына келіп орамалды көргенін айтады да,орнына келіп отырады. Осылайша барлық балалар орамалды тапқанша ойын жалғаса береді. 
Ойын3-4 рет қайталанады. 

23.Кім кетті 
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін артырып,байқампаздыққа тәрбиелеу. 
Ойынның шарты: Балалар шеңберге немесе жарты шеңберге тұрады.Тәрбиеші балаларға қасындағы баланы дұрыс есте сақтау керектігін түсіндіреді,содан кейін сол баланың көзін байлап қояды. Балалардың біреуі тығылып қалады.Тәрбиеші баладан кім жоқ екенін сұрайды. Егер бала тапса,сол баланың көзін жұмады. 
Ойын 3-4 рет қайталанады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?имылды ойындар картотекасы 2 с?би тобы

Автор: Нуржанова Перизат Есимхановна.

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 295760


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства