Бүгінгі таңда Тәуелсіз дамыған мемлекет ретінде әлемге танылып, бейбітшілікте бақытты өмір сүріп жатқанымыз көреген көсеміміз- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті -Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал еңбегі мен еліне деген сүйіспеншілікпен төккен маңдай терінің арқасы деп нақты айта аламын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Елін сүйген Елбасы"»
Ел үшін туған Елбасы
Азамат Гулбаршын. Ертіс ауданы Қызылжар ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
«...Отандастарымнан бөлек уайымым да жоқ.
Нені де болса, елмен бірге көремін,
елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Бүгінгі таңда Тәуелсіз дамыған мемлекет ретінде әлемге танылып, бейбітшілікте бақытты өмір сүріп жатқанымыз көреген көсеміміз- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті -Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал еңбегі мен еліне деген сүйіспеншілікпен төккен маңдай терінің арқасы деп нақты айта аламын. 1991 жылы осыдан 25 жыл бұрын ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздіктің ақ таңы атты . Бұл күні күллі Алаш баласы бөркін аспанға атып, қуаныштан шаттанған еді.Содан бері еліміз өркендеп дамыған елу елдің қатарына кіріп, жаста болса әлемге танылып, адам айтқысыз өзгерістер мен жетістіктерге қол жеткізді.Бұл Тәуелсіздік оңай жолмен келмегені бізге белгілі. Елімізді дамыту мен гүлдендіру жолында қиын да шытырман жолдардан сүріндірмей нық қадаммен алып келген Елбасымыздың қажыр-қайраты мен табандылығының арқасы.Бүгін осы Елбасымыз туралы мақала жазу үшін көп ойланып, мың толғанып қолыма «тәуекел»- деп қалам алдым. Бірақ неден бастасам екен деп толғандым. Президентіміздің қай қасиетінен, қандай жетістігінен бастарымды білмедім. Өйткені бар қасиеті мен елі үшін жасаған жақсылығын бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Көп оқыдым, көп іздендім әр кітабын, Елбасы туралы шығармаларды оқыған сайын таңданумен болдым.Дегенмен естігендерім мен көргенімді, оқыған мен білгенімді түйе отырып Елбасына деген ілтипатымды сөзбен өрнектеуді жөн санадым.
Елбасы түр сымбаты мен ақылы сай келген сабырлы да салмақты кең жүректі Ұлы тұлға.Екі тілді қатар меңгерген , өз ісіне жауапты , елін сүйген азамат.Бұл қасиетін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басы қасында болған Махмұт Қасымбеков ағамыз: «Бірден көзге түсетіні: Елбасымыз өте жинақы жан.Өзінің жұмысын дұрыс ұйымдастыруға қатты мән береді.Мұның өзі бүгінде үйреншікті әдетіне айналып кеткен.Үстелінің үстінде бір жапырақ артық қағаз болмайды.Президенттің қол таңбасын көргеніңіз бар ма осы? Зер сала қарасаңыз, ол сиялы қаламмен тайға таңба басқандай етіп, маржандай тізіп жазады. Ең асығыс жазуының өзін қиналмай оқи аласыз»- деп Елбасы туралы кітабында жазған [2,25-бет] Әрине, бұл Елбасы туралы бір ғана дәлел.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елін басқара білді.Осы тұста Елбасымыздың «Қашанда қай істе болсын, ханы мен халқы бір болып, тұтастық құрғанда -мемлекет нығайып, ел ырысы тасады; ал халқы қолдамай, ханы халқын қорғамай, өзімшілдік өктемдік алып, өзара талас-тартысқа түскенде-мемлекет әлсіреп, ел ырысы қашады» -деген ой тұжырымынан көп нәрсені аңғаруға болады. [6,16-б] Елін бірлікпен татулыққа шақыра отырып, ел тыныштығын сақтау әр азаматтың борышы екенін баса айтқан.Сайланған күннен бастап бүгінгі күнге дейін даму мен өркениеттің жолын іздеді. Осы жетістікке жетуіміз, мені әркез қолдаған халқымның арқасы деп мақтан етеді-Елбасы.
«Өткен күн, Кеше, -тарих
Келер күн, Ертең, -сыр
Ал бүгінгі күн-үлкен сый» -деп Қорқыт атамыз айтқандай Тәуелсіздік бізге келген үлкен сый, үлкен бақыт.
Осы тұста еліміздің даму тарихындағы Елбасының ең негізгі мәселелердегі батыл шешімі мен жетістікке жетудегі рөлі жайындаайта кетуді жөн санадым.
1992 жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұран» туралы заңдарды күшіне еңгізілді.Мемлекеттік рәміздер турасында «Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін Республика Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз»-деген еді Елбасы.
1993 жылы 15 қараша күні Ұлттық валютамыз жарық көріп , қаржы нарығына айналымға енді.1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.Бұл да Елбасымыздың ертеңі мен қауіпсіздігі үшін құрған парасатты шешімі еді.1995 жылы 30 тамыз күні Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» -дейді.
Бұл жетістіктер мен шешімдер елінің жанын ұғатын, халқын замана көшінен аман алып шығуды мақсат еткен қамқор Елбасымыздың еңбегі. «Садағаң кетейін айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін» - деген сөзінен-ақ елі үшін еш аянбайтынын байқап, ісіне сүйсініп қуаныштан көзіңе жас аласың. [6, 35-б] Шіркін, патшамызға ұзақ ғұмыр бер деп іштей тілек тілейсің. «Түсі жылыдан түңілме» деген қазақта әдемі сөз бар.Қазақ деп соққан жүрегі өз еліне ғана емес өзге мемлекетте жүрген қандас бауырларын өз Отанына оралту жолында кеткен еңбегі тіптен зор. Мен өз басым осы тәуелсіздіктің арқасында Елбасының саясатының нәтижесінде 1992 жылы Атамекеніме оралдым. Тарих толқынымен жан-жаққа тарыдай шашылған қандастарын бір шаңырақ астына жинап, татулық пен бірлікте өмір сүру бақытын сыйлаған осы- Нұрағаң еді. Елбасының шешендігі мен тапқырлығы туралы әкем ерекше тебірене мақтана әңгімелейтін.Осыдан есімде қалғаны 1992 жылы Елбасы радиодан сұхбат берген екен. Өзге мемлекетте тұрып жатса да Қазақстанның әр жаңалығы мен жетістігін қалт жібермей тыңдап отырған кез болса керек. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сұхбатында : «Отанына қаны бар қазақ келеді, қарны бар қазақ қалады», -деген екен.Осы сөздің астарын түсінген, атажұртын аңсап отырған отбасылар ағыла көше бастады.Елдің ойланбай өз Отанына оралуға Елбасының осы бір сөзі үлкен түрткі болды дейтін әкем. Осы тұста Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ел көшін бастау-маған сын, мені қостау-елге сын», - деген өзекжарды ойы нақты дәлел болатындай. Осыдан кейін Ұлы көш басталды да кетті. Түкпір-түкпірден ағылып қандас бауырлар келе бастады.Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде 4,1 млн этникалық қазақ тұрған екен. Олардың 1,5 млн Өзбекстанда, Ресейде-740 мың, Түркіменстанда-70 мың, Қытай Халық Республикасында-1,5 млн, Монғолияда-100 мың адам, Ауғанстанда-30 мың және Түркияда-25 мың қандас бауырлар болған.1991-2001 жылдар аралығында шетелдерден Қазақстанға 664997 адам көшіп келген.[2.63-б] 1993 жылы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті «Иран Ислам Республикасынан және басқа мемлекеттерден отандастарымызды көшіріп алуды ұйымдастыру шаралары және иммирациясы квотасы туралы» қаулыға қол қойды. Мұнда Елбасы қандастарды көшіріп әкеліп тек демографияны көтеруді мақсат етпеген.Ол:«Жырақтағы жұртың жаутаңдап қарап отырса, кісінің жаны қайтіп жай табады?! »-деп өз ұлтына деген ерекше сезімін паш етті.Жыл сайын оралмандардың оралуын ұйымдастыру жөніндегі жоспарды бекітті.Ол міндетті түрде әр ел бойынша оралмандардың отбасы сипаттамасын, оларды көшіруді ұйымдастыру мен аймақтарға орналастырудың схемасын қамтуға тиіс. Сонымен қатар оралмандарды бейімдеу жөніндегі шаралар жоспары жасалды.Қазіргі таңда Қазақстан азаматтығын алуда бір жүйеге келіп халыққа үлкен жігер берді. «Елге ел қосылса-құт, елден ел кетсе- жұт» демекші бүгінде ырысымыз асып, бірлігіміз нығайып бір жердің қуысында, бір алланың уысында бейбіт өмір сүріп жатуымыздың өзі Президентіміздің арқасы. Елімізде 130-дан астам ұлт болсада оларды бір атаның баласындай бауырына басып, тілі мен дініне кедергі келтірмей гулдендіріп отырған осы көреген Елбасы саясатының жемісі. Әуелі Семей полигонын жабу жолында еткен еңбегі бір төбе.Мәселен, әлемде ядролық қарудың көлемі жағынан 4-орында тұрған біздің еліміз іс жүзінде Семей ядролық полигонын жауып тастады.Қазақстан ғаламат ядролық қарудан бас тарта отырып, әлемдегі ядролық держевалардың қауіпсіздік кепілдігіне қол жеткізді.[4, 6-б] Бұл да халықтың , еліміздің болашағы үшін жасалған сәтті шешім. «Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады» деген сөзі осыған куә.Осы Семей өмірінде алғаш еңбек жолымды бастадым. Полигонның зардабын шеккен балаларды көріп жаным қатты қиналатын. Елбасы болып, ел болып ядролық қаруды жаппаған жағдайда талай ұрпақ өмірден баз кешер еді. «Ел болам десең -бесігіңді түзе» деген атам қазақ. Елдің амандығынан кейін біліміне үлкен назар аударды. Елде жас ұрпақты ырғақты дамытуға барлық негіздер жасады. Елімізде 150 жоғары оқу орын, техникалық және кәсіби білім беретін 306 мекеме мен 480 колледж жұмыс істейді.[5, 243-244-б] Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының қиындығына қарамастан Қазақстан Президенті данышпан шешім қабылдап, Қазақстанның ең дарынды жастарын әлемнің беделді оқу орындарында оқыту үшін арнайы білім беретін «Болашақ» стипендиясын белгіледі.1992 жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы бүгінде Қазақстанның жүзеге асқан ең үздік жобаларының бірі.Міне, елімізде оқимын деген жанға жол ашық.Барлық мүмкіндіктер жасалған.Бұл біз үшін үлкен жетістік. «Өз елін кім сүйсе жүректен, әнші боп кетеді екен»-деп ақын ағамыз жырлағандай ақындық шабытым келіп өлең шумағын да жазып жібердім.Әрине, Елбасына өлең түгілі жыр арнасаң да жарасады.
Жүзінде бар жылылық,
Ісінде бар ұлылық.
Елбасының істері,
Халқына бағыт, күш берді.
Қолдасын тек бір Аллам!
Аман болсын Нұрағам.
Тілеулес сізге еліңіз,
Бос кетпес төккен теріңіз.
Сіз барда біз аманбыз,
Өркендейміз, жанамыз.
Мәңгілік елмен бір жасап,
Жүргеніңіз бір ғажап!
Халық сізге сенеді,
Соңыңыздан ереді.
Тәуелсіздік тірегі,
Елбасын ел біледі.
Біздің бақытымыз бен тыныштығымыз үшін ұйқысыз түндерін, күлкісіз күндерін өткізіп бар өмірін сарп еткен адам, елін сүйген адам болса осы Нұрағаңдай болсын.
«Елу жылда ел жаңа»- деген халықта жақсы сөз бар.Ширек ғасырда гүлденген әсем қалаға, кең байтақ бай жерге, бірлігі жарасқан елге, таза тіл мен дінге қол жеткіздік. Әлем танып білді.Бұл ғаламат жетістік көреген басшымыз , қолдаушы әрі қолдаушымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен төккен терінің арқасы.Елбасымыз өз қолымен құрған Мәңгілік еліміз мәңгі болғай.Көк туымыз көгімізде желбіреп мәртебемізді асқақтата берсін дей келе, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында сөйлеген сөзімен аяқтауды жөн санадым. [5, 3-б] «Біздің міндетіміз -айқын, алған бағытымыз-дұрыс. Бұл жолда біз үшін ең бастысы -тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы. Дана халқымызда «Игілік басы -ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ендеше, тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, еліміз мәңгі болсын ағайын!»
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
«Қазақстан жолы» Нұрсұлтан Назарбаев Астана, 2007ж
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» Махмұт Қасымбеков «Елорда» Астана-2005 ж
«Тарих толқынында» Нұрсұлтан Назарбаев Алматы «Атамұра» 1999 ж
Тәуелсіз Қазақстан шетел сарапшыларының көзімен «Қазақ энцикопедиясы» Алматы, 2011 ж
«Еліне елеулі Елбасы» Авдувохид Гафаров Алматы,2014 ж
«Өзекжарды ойлар» Нұрсұлтан Назарбаев Алматы «Мектеп» 2003 ж
Ақыл- парасат кітабы. Нұрсұлтан НазарбаевХалықаралық Абай клубы.Жидебай 2015 Шиліөзек
Тіркеу парағы
Тегі: Азамат
Аты: Гүлбаршын
Әкесінің аты:
Ғылыми дәрежесі, атағы:
Ұйым, қызмет: Қызылжар ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Почталық индексі көрсетілген үй мекен жайы: Ертіс ауданы, Қызылжар ауылы, Дюсенбинов көшесі.