kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға негізгі тағамдық минералдар мен энергияның қажеттілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға негізгі тағамдық минералдар мен энергияның қажеттілігі.

Минералдарды жіктеп түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға негізгі тағамдық минералдар мен энергияның қажеттілігі»

Тақырыбы: Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға негізгі тағамдық минералдар мен энергияның қажеттілігі

  1. Мақсаты: Студенттерді минералды заттардың физиологиялық маңызымен және жіктелуімен таныстыру.



Тамақтану - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.

Өсіп келе жатқан организмдердегі энергия және зат алмасуының ерекшеліктері.

Балалар организмі үнемі өсіп, даму үстінде болатындықтан олардың зат алмасу про-цестері елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Мұнда төмендегідей ерекшеліктерді бөліп қараған дұрыс:

  1. Балаларда өсу, даму процесі өте қарқынды жүретіндіктен, зат алмасу процесі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүреді және жас ұлғайған сайын баяулай бастайды. Бала организміндегі зат алмасу процесі клеткаға қажетті заттар мен жоғалтқан энергия шығынының орнын толтырумен қатар, тканьдердің үздіксіз өсіп, дамуын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, балаларда ассимиляция процесі диссимиляция процесінен жоғары, яғни анаболизм катаболизмнен жоғары болып келеді;

  2. Балалар организмінде клеткалар мен тіндердің құрлысына қажетті белоктар үдемелі түрде түзіледі. Өсіп келе жатқан организмге белок қажеттілігі ересектерге қарағанда біршама жоғары және бала неғұрлым жас болса, белок қажеттілігі соғұрлым жоғары болады. Белок жетіспеуі өсу процесінің тежелуіне ұшыратуы мүмкін;

  3. Көмірсулар бала организмінде энергетикалық қызметпен қатар, пластикалық (клетка қабығының, дәнекер тіндерінің қалыптасуы және т.б.) қызмет атқарады. Өсіп келе жатқан организмде белок қажеттілігі жоғары болғандықтан көмірсулардың ыдырауы өте қарқынды жүреді, сондықтан, жас балалардың организмдері көмірсуларға өте жоғары қажеттілікті сезінеді;

  4. Май алмасу процесі балалар организмінде тұрақсыз болып келеді. Тамақта көмірсулар жетіспеген кезде, май депосы тез таусылады. Майлар жылу энергиясының бастама көзі болумен қатар, организмді жылу жоғалтудан, органдарды жарақат алудан қорғайды;

  5. Ересектерге қарағанда балалар гидролабильді болып келеді, яғни, олардың организмдері суды тез жинап, тез жоғалтып отырады. Сондықтан балалар организміндегі су алмасу процесі жылдам бұзылады және бала неғұрлым жас болса, соғұрлым суды көп қажет етеді, бұл құбылыс, қыз балаларға қарағанда ер балаларда жақсы көрінеді;

  6. Сүйек тканьдерінің үдемелі өсіп-дамуына байланысты балаларда кальций қажеттілігі ересектерге қарағанда 1,5 есе жоғары. Кальций сүйектерде негізінен фосфор қышқылды тұздар түрінде түзетілетіндіктен, организм калциймен бірге фосфордың қатар түсіп отыруын қажет етеді;

  7. Сүйектегі фосфор қышқылды тұздар "Д" витаминінің қатысуымен ғана түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеушілігі рахит ауруына шалдықтырады;

  8. Ана сүтінің құрамында темір жеткіліксіз болғандықтан, емшектегі кезеңдегі сәбилердің осы микроэлементке (әртүрлі жеміс-жидек шырындарына) қажеттілігі жоғары болады;

  9. Балалар организміндегі органдар мен жүйелердің дамып жетілуі аяқталмағандықтан, зат алмасу процесі көбінесе сыртқы ортаға, әсіресе, дұрыс тамақтануға бағынышты болады;

  10. Балаларда негізгі зат алмасу көлемі ересек адамдарға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болып келеді, бұл оларда тотығу процестерінің үлкен қарқынмен жүретіндігін көрсетеді.

Негізгі зат алмасудың мөлшері баланың жасына, жынысына, өсу қарқынына, олардың конституциясына (арық балаларда зат алмасудың қарқыны жоғары болады), қимыл-қозғалыстарына, жыл мезгіліне (көктем, жаз мезгілдерінде жоғары), туып, өскен мекеніне (биік таулы аудандарда, жазыққа қарағанда жоғары) және т.б. байланысты болып келеді.

Балалардың тамақтануының рационалды болуы, тамақтанудың тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін. Ол үшін төменде көрсетілген шаралардың орындалуы қажет:

  1. Тамақтану уақытын және уақыт аралықтарын қатал сақтау;

  2. Тамақ қабылдаудың физиологиялық рационалдылығы;

  3. Жеке тамақтану уақыттарына сәйкес, тағамды мөлшері мен сапасына байланысты дұрыс бөлу;

  4. Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі.

Санитарлық дәрігер ас-мәзірін құрастырған кезде мынадай негізгі қағидаларды білуі керек:

  1. Тамақ рационы балалардың жас мөлшеріне сәйкес дене еңбегінің жүктемесіне, жыл мезгіліне, климатқа байланысты алынған тағамдық заттарға және энергияға қажет-тілігіне сәйкес болуы қажет. Жаз мезгілінде энергия шығыны ұлғаятындықтан, тағам колориясын 10%-ға жоғарылату қажет;

  2. Ас мәзірі балалар мекемелерінің қызметінің ұзақтығына байланысты 3-5 ретке есептелінеді;

  3. Ас мәзірі әрбір типтегі балалар мен жасөспірімдер мекемелері үшін бекітілген негізгі тағамдардың түрлеріне байланысты жасалады. Ет пен балықтан жасалған тағамдарды таңертеңгі және түскі асқа ал, кешкі асқа сүт, көкөніс және жармадан жасалатын тағамдар ұсынылады. Рационның құрамында күнделікті міндетті түрде ет, балық, сүт, сары май, көкөніс, нан болуы керек;

  4. Ас мәзірі әр түрлі тағамдардан құралады. Бір күндегі тағамдардың түрлері қайталанбауы тиіс;

  5. Барлық балалар мекемелерінде, Медициналық Ғылым Академиясының тағам институты жергілікті жағдайларға байланысты ұсынған үлгі ас мәзірін негізге ала отырып, екі апталық ас мәзірі жасалады. Сонымен қатар "жазғы" және "қысқы" деген тағы екі ас мәзірі дайындалады. Тағам рационының калориясын және химиялық құрамын анықтау, арнаулы кестелер мен балалар тамақтануына арналған нұсқаулар бойынша жүргізіледі;

  6. Күнделікті үлгі ас мәзірінің негізінде, құрамында әрбір тамақтану мерзіміндегі тамақтардың тізімі және осы тағамдардың барлығының массасы мен жеке түрлері көрсетілген сұрыптама ас мәзірі жасалады. Сұрыптама ас мәзірінде тамақтанатын балалар мен қызметкерлердің де саны көрсетіледі (мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қызметкерлер тек қана түсте, ал мектеп интернаттарында 3 мезгіл тамақтанады);

  7. Ас мәзірінде көрсетілген кейбір тағамдар жоқ болған кезде, оларды бірін-бірі алмастыра алатын тағамдардың кестесін қолдана отырып, химиялық құрамы жағынан сәйкес келетін тағамдармен ауыстыруға болады;

  8. Балалар рационында, ас қорту органының қызметін жақсарту үшін күрделі тағамдар (қара бидай наны, ботқасы, В тобындағы витаминге бай тағамдар болу керек);

  9. Рациондағы белоктардың меншікті үлесі, жылдың барлық мезгіліне тұрақты түрде болады.

Минералды заттар біздің ағзамызға кіретін басқа заттар сияқты, шығындалады, бұл шығындардың өлшемдері бірқатар себептерге, мысалы, қызмет түріне, жұмыс жағдайына, ағзының күйіне байланысты. Егер де адамның тағамы әр алуан болатын болса, ондағы барлық қажетті микроэлементтер жеткілікті мөлшерде болатын еді. Адам үшін қажетті көптеген минералдық заттардың маңызы мен мөлшері толығымен зерттелмеген. Кальций мен фосфор тұздарының сүйек жүйесінің басты құрамдық бөліктері болып табылатын белгілі, фосфор жүйке және басқа да тіндердің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта жүрек бұлшық еті мен жалпы алғанда барлық бұлшықет жүйесінің дұрыс жұмыс жасауы үшін кальций мен магний тұздарының орны ерекше. Темір тұздары қанның бояушы затының құрамына кіреді де, оттегінің тіндерге тасымалдануына себеп болады, ал мыс тұздарының қанның жасалуындағы ролі ерекше.

Ағза үшін көпшіліктің оны тек дәм беруші зат деп санап кеткен кәдімгі ас тұзының маңызы ерекше. Шын мәніне келгенде, тамақта ас тұзының болмауы немесе ағзаның артық мөлшерде қабылдауы салмақты бұзылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ғылыми зерттеулер дәлелденгендей, егер ағза ұзақ уақыт көлемінде ас тұзын қабылдамаған болса, бас айналу, естен тану, жүрек қызметінің бұзылыстары болады. Тұзды артық мөлшерде қабылдау жүрек қантамыр жүйесіне, бүйрек пен басқа да мүшелер жұмысына әсерін тигізбей қоймайды.

Ағзаның минералды заттарды пайдалануы, олардың ішек қабырғалары арқылы сіңірілуі, біраз мөлшерде шығарылатын өнімдерге байланысты. Кальций көздері сүт, сүтқышқылды өнімдер, сүт сарысуы, сыр.

Фосфор ағзаға жануар және өсімдік текті өнімдермен түседі, ішекте жақсы сңіріледі. Жануар текті өнімдерден алынған фосфорлы қосылыстар, бауыр, ми, ет, сыр, жұмыртқа жақсы қолданыста және жүйке жүйесіне, әсіресе ой жұмысымен қызу жұмыс жасағанда қолайлы әсерін тигізеді.

Магнийдің де ағза үшін рөлі үлкен. Ол жүрек қызметіне, сүйек жүйесі жағдайына әсер етеді. Магний тұздары көздеріне қара нан, жарма жатады. Егер қара нан аз қолданылатын болса, яғни бидай нанының ең жоғары сорты пайдаланылатын болса, онда адамдарға жүргізілген зерттеулер көрсеткендей магний ағзада азаяды. Осы өнімдерді – қара нан, жарманы көп пайдаланғанда, тағамда сүт және өнімдерінің жетімсіздігі кезінде ағза кальцийді жоғалтады, бұл сүйек жүйесінің зақымдануын болдыруы мүмкін.

Жоғарыда ағза үшін ас тұзының маңызы көрсетілген болатын. Осылармен қатар, бүйрек арқылы судың шығарылуына жоғары қан қысымы мен жүрек әлсіздігі кезінде маңызды су мөлшерінің реттелуіне себепкер болатын калий тұздарының рөлін атап көрсету қажет. Калийге бай көздерге түрлі көкөністер, мысалы, қырыққабат, картоп жатады. Натрий тұздары жануар текті өнімдерде болады, әдетке байланысты натрий ас тұзы түрінде түрлі мөлшерде енгізіледі.

4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 12,

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Минералдық элементтердің физиологиялық маңызы қандай?

  2. Минералдық элементтер қалай жіктеледі?

  3. Фосфор мен кальцийдің ағза үшін маңызы қандай?

  4. Ағзадағы ас тұзының маңызы қандай?

  5. Адам ағзасында калий, магний, мыс, йод қандай рөл атқарады?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Джумагамбетова Зоя Султанбаевна

Дата: 31.08.2020

Номер свидетельства: 556743

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға негізгі тағамдық минералдар мен энергияның қажеттілігі"
    ["seo_title"] => string(80) "erte_zh_ne_mektep_zhasyna_deiingi_balalarga_negizgi_tagamdyk_mineraldar_men_en_1"
    ["file_id"] => string(6) "556745"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1598851473"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства