kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дарынды балалармен ж?мыс жасау ?дісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы» за?ында мемлекеттік саясат негізінде е? ал?аш рет «?р баланы? ?абілетіне ?арай интеллектуалды? дамуы жеке адамны? дарындылы?ын таныту» сия?ты ?зекті м?селелер енгізіліп отыр?аны белгілі. Дарынды балалар?а білім беруді ?р ?ылымны? б?гінгі д?режесіне с?йкес ж?ргізу бір жа?ынан ?о?ам?а талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жа?ынан ?о?ам?а ерекше дарынды балаларды? тек ?зіні? интеллектуалды? дамуын ?амтамасыз етеді.
Жас жеткіншекті? бойында?ы таби?ат берген ерекше ?абілетті, дарындылы?ты тани білу, оны? одан ?рі дамуына ба?ыт-ба?дар бере білу ерекше ?иын іс.

Алайда ?р баланы? жеке ?абілетін аны?тап, оны сол ба?ытта жетелеу-?стаз парызы. Баланы заманына ?арай икемдеп, ?з заманыны? озы? ?негесін оны? санасына сі?іре білу, оларды шы?армашылы? ба?ытта жан-жа?ты дамыту-б?гінгі к?нні? басты талабы. Дарындылы? ??ымымен ?атар шы?армашылы?, талант, данышпанды? ??ымдары да бар.

Шы?армашылы?-?зіні? жа?ашылды?ымен, ?згешелігімен ерекшеленетін ?нім алу?а м?мкіндік жасайтын, жеке т?л?а бойында?ы ?абілеттілікті?, білім мен біліктілікті? болуы.
Талант-?абілеттілікті? е? жо?ары де?гейі.

Данышпанды?-?о?ам ?мірінде тарихи ма?ызы бар, шы?армашылы?пен сипатталатын дарындылы?ты? жо?ары де?гейі.

Дарынды балаларды аны?тау-баланы? дамуын та?даумен байланысты ?за? процесс. 

Показать полностью
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дарынды балалармен ж?мыс жасау ?дісі»

Дарынды балалармен жұмыс жасау әдісі


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзегеасады.

2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар

- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

- оқушы дарындылығын моделін білуі;

- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

- дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

- дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;

- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

- дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

- оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;

- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

- баланың отбасы жағдайын зерттеу;

- шығармашылық қабілетін анықтау;

- сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

- ата-анасымен әңгімелесу;

- пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;

Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқылатын бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі математикаа курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Математика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Оқушыларды зерттеушілікке тартатын сабақтар бірқатар белгілермен сипатталатының ескергені жөн. Олар. Проблемалық жағдайлар жасау,оқушылардың ғылыми –зерттеу әдістерін( теориялық талдау, эксперимент) қолдануы, жаңа білім алуда немесе өтілген материалды қайталауда оқушының өзі жұмыс істеуі. Оқушылардың өз бетінше зерттеушілігін ұйымдастыру және басқару үшін, мұғалім өтуге тиісті оқу материалына алдын-ала теориялық психологиялық талдау жасау қажет. Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде мұғалім алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады.

Нәтижеге жету үшін:

1/ Мақсатын анықтап алу

2/ Қандай құбылыстарға басты назар аудару керектігін дәлме-дәл белгілеп алу

3/ Салыстыру тәсілін пайдалана отырып, оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай туғызу

Алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық жасау. Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі артқан сайын, мұғалім жанама басшылыққа көңіл бөледі де, оқушылардың дербестігі мен сабаққа ынтасы арта түседі, Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына , дамуына ықпал етеді. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді

1/ Жауапкершілігі артады

2/ Қажет болса көзқарасын өзгертеді

3/ Өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады

4/Басқаларды тыңдай біледі

5/Қарым-қатынас жасауға үйретеді

6/Практикалық іс әрекетте болады

7/ Өзін-өзі бағалайды.

Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық өзінің жаңашылдығымен, өзгешілігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын,жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы.

Талант қабілеттіліктің жоғары деңгейі.

1. Баланың қызығушылығымен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс әрекетіне талдау жүргізу.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамудың нақты деңгейде ғана емес, сондай ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата аналардың

сипаттамалық бағалары.

Оқушы дарындылығының дамуы,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екеніне айдан анық

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру дайындығын қалыптастыру.Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдеп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асыру.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызы орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығы,яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Дарынды баланы анықтау,дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан, еліміздегі жоғары оқу орындарында дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты қарастырмаған. Дарынды балаларды анықтау арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады.

Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр, өйткені білім мен ғылымды көтеріп, еліміздің абройын асқақтатып, дүниеге танытатын жеке тұлғалар. Сол жеке тұлғалар бүгінгі біз тәрбиелеп жатқан дарынды балалардан шығады. Дарынды оқушының белгілі бір нәтижеге жету қаржылық еңбек тін, шығармашылық ізденістің нәтижесінде болады, Еліміздің ертеңгі болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланысты екені баршаға белгілі.

Сондай-ақ дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби «бейне»мынадай қасиеттерден тұрады;Жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: « көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың табиғи құбылысына терең бойлай алмай» тұлпарды есекке айналдырады, құртып тынады.

Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.



Пайдаланған әдебиеттер:



1.Қазақстан мектебі «Дарынды оқушымен жұмыс» №2, 2005жыл



2. Т.С. Сыдықов, А.Е. Әбілқасымова, «Оқушылардың танымдық белсенділігін

қалыптастырудың дидактикалық негіздері» Алматы,2008 жыл,журнал


3. Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы» №12, 2006жыл





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дарынды балалармен ж?мыс жасау ?дісі

Автор: Ахметжанова Алмагул Карбаевна

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295206

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "ашы? саба?. "Асхана" "
    ["seo_title"] => string(19) "ashyk-sabak-askhana"
    ["file_id"] => string(6) "178604"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424860039"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства