Тема доклада актуальна в образовательном мире. Многих учителей волнуют вопрос о том, как развить одарённость и талантливость у детей с младших классов. Главной целью учителя является - развитие и поддержание одарённости в детях. Данная работа позволяет рассмотреть проблему с разных точек зрения и помочь решить некоторые проблемы в работе с такими детьми
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дарынды дамыту – м??алім парызы »
Талдықорған қаласы
К.Ушинский атындағы № 7 орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Д.Б.Нагайбекова
Дарынды дамыту – мұғалім парызы
Қазіргі кезде адам іс-әрекетінің барлық салаларында жаңа құндылықтар қалыптасып келеді. Теория мен практикада дарындылық феноменін зерттеуге деген қызығушылық арта түсуде. Себебі - дарындылықты тәрбиелеу мен сақтап қалу - тек қана әркімнің даралығын ашу проблемасы емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік, ғылыми-техникалық прогресін ашу, оның интеллектуалды және шығармашылық потенциалының құрылу проблемасы болып табылады. Ұлтымыздың интеллектуалды потенциалы – бұл мемлекеттің тұрақты гүлденуін анықтайтын дарынды тұлғалар. Дарындылық – ең алдымен сана мен жүйкенің сапалық көрінісі. Ол өзіне танымдылық, ерік-жігерлік, жеке дамулық ерекшеліктерді біріктіреді. Дарындылықты тәрбиелеу үшін көп жұмыстар атқарылуы қажет. Ол үшін ерте жастан дарындылықтың деңгейін анықтап, оны әрі қарай дамыту өте маңызды. Жас дарынды анықтау, дамыту, оқыту және оның потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау-қазіргі білім берудің басты бағыттарының бірі.
Дарынды балалар - олар әртүрлі, бір- біріне ұқсамайды.Дарынды балаларды байқамай қалу мүмкін емес. Ол бала әрқашан ерекше қабілеттерімен, өзінің қол жеткізген мүмкіндіктерімен көзге түсіп тұрады.
Баланың дарындылығын анықтау үшін арнайы психодиагностикалық әдістерді қолдану міндетті емес. Тек бақылап, әңгімелесіп, көрген мен естігенді саралай білудің өзі де жеткілікті. Сонымен, алдымен балада анатомиалық-физиологиялық тума ерекшеліктер, яғни нышан көрінеді. Олар басқа жағдайлармен, бәрінен бұрын әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестігі, дара талаптар мен мидың жалпы мүмкіншіліктерінің негізінде алдымен нышандардың, яғни қандай да болмасын әрекетке ұмтылыс, содан кейін қабілеттердің қалыптасуына әкеледі. Қабілет деп - әр адамның белгілі бір іс- әрекет түріне икемділігін айтады немесе мақсатқа бағытталған, тәлім- тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруын айтады. Қабілеттілік бұл бір немесе бірнеше әрекет түрлерінің табысты орындалуына қатысы бар, дара психикалық ерекшелік. Ең бастысы –дарындылық көрінуінің жасаралық бірізділігі бар. Ол ерте музыкаға бейімділік, сурет салу және кейіннен ақыл-ой саласында көрінеді. Шығармашылықтың жасаралық мүмкіншіліктері туралы айтқанда, ерте ақыл-ойы жетілген балалар ойлап тапқыш, сабақта алда жүретін, ынталы болатынын атап айтқан жөн. Кейде бұл балаларға ақыл-ой ойындарында шығармашылық нұсқау көрінбейді. Егер де оларды қандай да болсын бір ғылым саласы қызықтырса, онда оларды толықтыратын білімдерді біріктіруге тырысқандай болып, бүтіндей трактат ойлап шығаруды бастайды. Бұндай жазулардың қызығына түсу, шығармашылықпен нақты айналысу – баланың дәстүріне сабақтардың формасына айнала бастайды. Бұндай оқушылар сабақты өте жақсы оқиды. Бұл балалар интеллектуалды вундеркинд болғандықтан, өзімен жасты балалардан әлдеқайда озып кетеді. Олардың ойлау ерекшеліктері соншалықты жарқын көрінгендіктен, оларды байқамау мүмкін емес.
Шығармашылық мүмкіншіліктер тек қана ақыл-ойдың қасиетінен ғана емес, мінез-құлықтың нақты ерекшеліктеріне байланысты. Ерікті шешімдерге дайындық, ойдың мықтылығы, ақыл-ой дербестігі сияқты сапалардың шығармашылық үшін мәні ерекше. Бала - шығармашылықтың субъектісі. Дарынды балалар бір уақытта бірнеше жұмыспен айналысуға, бірнеше құбылыстарды бақылауғы қабілетті, өте әуесқой, әділет сезімі өте жақсы дамыған, не нәрсені терең қамтиды және түсінеді, басқаларға қарағанда көп көреді, естиді және сезінеді, тығырыққа сирек түседі, олардың қызығушылықтары әртүрлі, бірақ дене сипаты бойынша олар өздерінің қатарластарынан ерекшеленбейді.
Балалардың сұранысы көңіл-күйінің жайлылығында, тәуелсіздігінде, қоршаған ортаны мойындауда, өздерінің бағаларының өте жоғары екенін сезінуде және онымен жиі қанағаттанбауында көрінеді. Дарынды балаларды басқа балалар, мұғалімдері, ата-аналары көп жағдайда түсіне бермейді. Балада сенімділік, кемшіліктер мен жетістіктерді түсіну, әуесқойлық және зерттеушілік тәуекелге дайындық, мейірімдік, шыншылдық, жанашырлық, қарсыласымен әңгіме жүргізе білу сапаларының дамуы көбінесе ата-аналарға байланысты. Егер ата-аналар балаға үйреткісі келгенді өздері бағалайтынын; оған қысым көрсетпей, жағдайдан өзі шыға білуге рұқсат ететінін паш етіп көрсетсе, онда, жоғарыда аталған сапалардың дамуы үшін өте қажет, жақсы жағдай жасайды. Ақылды ата-аналар балалардың реакциясының деңгейін және сәтін дәл санап, олардың қойған сұрақтарына нақты жауап беріп отырады.
Белгілі қабілет зерттеушісі Н.С.Лейтес дарынды балаларды үш деңгейге бөлуді ұсынған.
Бірінші деңгей – бұл интеллектілері ерте жоғарылаған оқушылар. Бұндай оқушыларға мектепте тез және жақсы оқу тән. Олардың ойлау ерекшеліктері соншалықты жарқын көрінгендіктен, оларды байқамау мүмкін емес. Бұндай балалар 3-4 жастарында оқып, жазып, санап үйренеді. Өсе келе белгілі бір ғылым саласымен шұғылданып, бұл ісінде көптеген жетістіктерге жетеді. Осындай дарынды балалардың бойындағы ерекше қасиет –әрқашанда білімге ұмтылу, ой-ісімен шұғылдануға деген құштарлық.
Екінші деңгей - қабілеттері өте жарқын көрінетін, мектепке бір пәнге немесе белгілі бір іс- әрекетке қабілеті өте жоғары дарынды балаларды жатқызады.
Арнайы қабілеттері жарқын көрінетін балалар интелектісі жалпы деңгейде дамиды, бірақ бір ғылым саласына деген қабілеті ерекше дамиды. Бұндай арнайы қабілеттер ерекше ой сапасын қажет етеді. Мысалы, музыканттар немесе суретшілерде сондай арнайы қабілеттер болады. Бұл қабілеттер бала бойында ерте көріне бастайды. Мысалы ұлы композитор, аты әлемге әйгілі Моцарттың 3-4 жасында–ақ ерекше дарыны байқала бастаған. Белгілі математиктер Паскаль, Лейбниц, Гаусс, С. Ковалевская өздерінің математикаға деген ерекше қабілеттерін кішкентай кездерінен байқатқан.
Үшінші деңгейге – жататын дарынды балалар өз дамуларында құрбыларынан ерекшеленбейді. Бұл балалар бойларында потенцалдық дарындылық көрінген балалар. Олардың ой жұмыстарының ерекше қабілеттері көзге түседі. Әр түрлі іс- әрекетте бұл балалар тәуелсіз, өздеріне тән көзқарас танытады. Бұндай балалардың дарындылығы -шығармашылық потенциалы. Мектептерде осындай дарынды балалардың сыртқа шығаруға мүмкіндік таппай тұрған потенциалын дамытып, дұрыс жұмыс жүргізу қажет. Дарынды бала дегеніміз – ол ересек адам емес, өмірлік тәжірбиесі жоқ, әлі қалыптаспаған тұлға. Болашақта бала дарындылығының ашылып, дамуына - мектептің, педагогтардың, психологтардың ролі өте маңызды.
Дарынды балалармен жұмыс жүйесіндегі негізгі тұлға- мұғалім. Мұғалім баланың ата-анасымен бірге оның дарынын алғаш байқаушы, дамытушы. Бала білімін тереңдетуге, өз бетімен білімін көтеруге ақыл-кеңестерін береді, көмектеседі, көп жағдайда оқушының болашақ кәсіптік тағдыры мұғалімге байланысты деуге болады. Дарынды баланың бойындағы ерекше қасиеттер - белсенділік және өзін-өзі реттеу. Көптеген психологтар бұл қасиеттерді баланың ізденушілігімен, білімге, жаңалыққа құштарлығымен байланыстырады. Педагогикалық үрдісте дарынды баламен жұмыс істеу барысында екі әрекетке жол бермеу керек. Біріншіден, мұндай баланың дамуы өздігінен жүреді және мұғалім бұл үрдіске араласпауы керек деген ой. Бұл мүлдем дұрыс емес. Мұғалімнің бала дамуына араласпауы қабілеттердің дамуын тежейді. Екіншіден, бала бойындағы қабілеттің қалыптасуына шектен тыс араласу. Баланың жүйке жүйесі тұрақсыз, ми мүмкіншіліктері шектеулі. Сондықтан баланың зорығып шаршауы денсаулық жағдайына әсер етеді және бала дамуының жолына жағымсыз көрініс береді. Дарынды баланың болашақта қоғамға қосатын үлесі зор. Әрине, дарындылық ерте кезде ерекше көзге түсіп, бала өсе келе өз құрбыларымен теңесіп кетуі де мүмкін. Дарындылық уақыт өте келе, ондай қабілеті жоқ баладан да шығуы мүмкін. Мысалы, белгілі физик А.Эйнштейн тілі жай шыққан, мектепте нашар оқыған. Соған қарамастан, ол әйгілі физик, Нобель сыйлығының лауреаты.
Бала бойындағы дарындылық – ол өзінше бір феномен. Мұғалімдер, ата-аналар бұндай балаларды түсінбей, қарым-қатынастарында қарама-қайшылықтар тууы да мүмкін. Ол әрине, дұрыс емес. Дарынды бала бойындағы қабілеттерді қай жаста болмасын ашу, дамыту қажет, олар өз барысында дамып қалыптасады. Дарынды балаларды тәрбиелеудің ең тиімді формасы - қарым-қатынаста оларды дарынды бала ретінде қабылдау, арнайы жұмыс жүргізу, әр уақытта олардың бойындағы білімге деген ұмтылысты қолдап отыру, ерекше қабілеттердің көріністерін бекіту, оқушылардың бойындағы шығармашылық потенциалын оятып, қолдап отыру қажет. Сонда ғана дарынды бала өз бойындағы бар шығармашылық потенциалын ашып, өмірде, тәжірибеде қолдана алады. Мұндай жағдай жасау мектептің, отбасының және қоғамның да міндеті деп ойлаймын.