Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында тірек -сызбаларды қолдану»
\1-слайд\
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында тірек -сызбаларды қолдану
Қайырлы күн,әріптестер!
Менің аты-жөнім: Окасова Гульжан бастауыш сыныптарда жұмыс істеймін.
Мен сіздермен бастауыш сыныптарда тірек-сызбаларды қолдану бойынша іс-тәжірибеммен бөлісемін.
Жоғарыда әріптесім айтқандай, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын туғызу, білімдерін кеңейту, дағдыларын қалыптастыруда тірек-сызбалардың алатын орны ерекше.
Тірек-сызбаларды пайдаланғанда бала тақырыпты жақсы меңгереді, материалды жақсы есте сақтайды. Осы тірек-сызбаларды бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс барысында қалай қолдануға болады?
Бастауыш сыныптарда жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде тірек сызбаны қолданамын. Тірек-сызбалар арқылы мұғалім балалардың білім сапасына, олардың ойлау қабілеттеріне, танымдық белсенділігіне ықпал етері сөзсіз. Ол көрнекіліктің бір түрі, ал көрнекілік әдісі – бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту, өткен материалды бекіту үшін ұтымды әдістердің бірі. Сабақтың қай түрі болмасын сызбаларды қолдану тиімді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында таптырмас көмекші құрал және де оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды.
Мен тірек сызбаларды сабақтың мақсатына қарай барлық кезеңдерінде қолданамын.
\2-слайд\
Мысалы, «Үй жануарлары» тақырыбын қорытындылаған кезеңде «Детальдарды қосу» стратегиясында тірек-сызбаны пайдаланамын. Тақтада үйдің суретін көрсетіп, оқушылар үй жануарларының атауларын бір-бірден қосып, сөйлем құрайды.
\3-слайд\
3-сыныпта өткен сабақтан үзінді ұсынамын. /видео/
\ 4-слайд\
«Өнерлі отбасы» тақырыбын өткен кезде де осы стратегияны қолдандым. Бұл жұмыс барысында бір оқушы сызба бойынша сөйлем құрап, қалған оқушылардан сөйлемнің дұрыс немесе бұрыстығын сұрайды. Сабақ барысында жай ғана жалаң сөйлем құрғаннан тірек сызбаларды көрнекілік ретінде қолдансақ, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Есте сақтау қабілеттері дамиды. Алдарыңызға 1 сабақтың үзіндісін ұсынамын. /видео/
\5-слайд\
Айтылым әрекетін дамыту мақсатында «Геометриялық фигуралар» әдісін де қолданамын. Бұл әдістің құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Төртбұрыштың орнына заттың атауын білдіретін , ал үшбұрыштың орнына заттың сынын білдіретін , ал дөңгелектің орнына заттың қимылын білідретін сөздерді қойып, сөз тіркесін құрайды. Бұл жаттығу жүйелі түрде жүргізіледі, сондықтан балалар төртбұрыш заттың атауын білдіретін, үшбұрыш заттың сынын білдіретінін, дөңгелек заттың қимылын білдіретіні сөздер ретінде сақталады. Сөздік жұмысын жүргізген кезде , осы сызбаны бергенде оқушылар сызба бойынша дұрыс сөз тіркесін құрастырады.
Қорыта айтқанда, сабақтың барысында тірек-сызбалар , біріншіден, көзбен көріп, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттырады, екіншіден, білімге деген құштарлықтарын одан әрі дамыта түседі де осының арқасында балаларға тақырыптар жеңілдей түсіп, болашақта еркін оқуына жағдай жасайды деп ойлаймын.