kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш мектептің оқу- тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану жолдары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген (18).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш мектептің оқу- тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану жолдары.»

Тоныкөк. /646 – 731жж/

Тоныкөк есімі, ежелгі түрік руна жазулары мен ескерткіштері айғақтағанындай, Шығыс Түркі қағанатының қалануымен, Қытаймен күресте тәуелсіздігін орнатуымен байланысты. Тарихшы Ма-Шаңжудың айтуынша, Тоныкөк қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан. Қытай астанасында 13 жыл тұрып, сонда білім алады. Өзінің ақылгөйлері - Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі. Елтеріс қаған лауазымен қабылдаған Шығыс Түркі мемлекетінің қағаны реформатор Құтлықтың серігі болған. Оның тұсында Тоныкөк бас қолбасшы болды. Ал ол өлгеннен кейін орнында қалды. Ол жоғары қолбасшылық дағдысымен ерекшеленді. Елтерістің балалары Білге қағанмен, Күлтегінмен бірге түргештер мен қытайларға қарсы әскери операцияларды басқарды. Екінші Түркі империясының оғыздар көтеріліс жасағаннан кейін әлсіреген өкіметін қалпына келтірді.

Түргештер мен қытайлардан тәуелсіздігін алғаннан кейін ақылгөй Тоныкөк тұрақты ішкі достық саясатын енгізді. Ол көршілермен әрқашанда жақсы қатынаста болу керек деп есептеді. Қытайлармен аса маңызды келіссөздер жүргізді. Кездесу нәтижелерінен елдер арасындағы бейбітшілік мәселелері шешілетінді. Ол әрбір жаумен болған күресті көрсететін тас қабірлерде (Орхон-Енисей жазбалары) із қалдырған жалғыз қолбасшы шығар. Жазуларға қарап, тарихшылар қарсыластар күшін, қару-жарағын, күрес орнын және уақытын анықтай алады.

Орхон-Енисей мәтіндерінде бірінші жақтан баяндалатын Тоныкөкке арнаған жазулар бар. Қаһармандық оқиғалар жайындағы әңгімелер былайша аяқталады: "Онда мен, ақылгөйдей Тоныкөк, сол жерге жеттім, сырты алтын, ашық күміс, әйелдер және қыздар жамылғылар (кілем) және асыл заттар сансыз көп әкелінді. Менің қағаным ақылгөй Тоныкөктің ой-пікірін тыңдады да айтты... Мен оған ақылдылық ағайын және даңқ ағайын ретінде бағындым".

Тоныкөктің арманы ішкі, сыртқы жауларынан тәуелсіз, бодандықсыз түркі халқының еркіндігі еді.

Оның тікелей ұрпағы XIII ғасырда найман ханы Таянның хатшысы болған. Ал моңғолдар жаулап алғаннан кейін Шыңғысханның сауатын ашқан.











Білге қаған./ шамамен 681 – 734жж/

Білге - Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған қоздырған тайпаластар арасындағы соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ақылгөй әрі қайын атасы Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындады. Осылай билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. "Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал Білге қағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады" (Т. Жұртбаев. "Дулыға", 135-6.). Бірақ ол құт-береке өздігінен оп-оңай келмеп еді. "Жалаңаш халықты тонды, аз халықты көп қылу" құны неге түскені Күлтегін үлкен жазуында былай баяндалған: "Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құрадым... Мен өзім қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп-жітіп, жаяу-жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып телес тайпасы оралды. Түргештер, қырғыздар бөрілі байрақ астына жинала бастады. Бұлардың бірқатарын ақыл-айламен, бірқатарын әскери күшпен қиратуға тура келді. Терістікте оғыз халқына қарсы, ілгері қидан, татабы халықтарына қарсы, бербері табғашқа қарсы үлкен әскермен он екі рет соғыстым", - дейді Білге қаған (Күлтегін үлкен жазуы).

Түркі қағанаты күшейгенін мүлде қаламайтын "Ұлы Аспан" империясы Білгенің бейбіт келіссөзге келу жөніндегі ұсынысын ұнатпады. Қытай соғысқа дайындалып жатты. Бірақ бұл жоспар іске асырылмады. Өйткені оларға 714 ж. тибеттіктер шабуыл жасады. Түркілер тыныс тапты. Әйтсе де, империялықтар ұсақ тайпаларды айдап салып, арандатып отырды. Білге қаған өздерін үнемі сатып кетіп, қауіп төндіре берген ұйғырларға қарсы жорыққа аттанды. Сөйтіп, оларды бағындырды. Одан соң Білге қаған татабтардың аттарын тартып алып, ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осыдан кейін түркі әскері жұмылған күшке айналды. Осы кезде Яштар түмен қарлұқтарды талқандады. Солтүстік Жоңғария түркілердің қол астына кірді. 717 жылдың аяғында қала қағанатқа бағынды.

Енді қағанаттың алдында не істеу керек деген сауал туды. Сол кезде Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін сансыз көп ұрыстардан кейін түркі халқы өзді-өзіне келу үшін бейбіт өмірді қалпына келтіру керек деп шешті. "Уақыт ұтқылары келіп тұр", - деп, Қытай Білге қағанның бейбітшілік жайындағы ұсынысын қабылдамай тастады. Түркілердің сол уақыттағы стратегиялық мұраты қорғаныс болды да, ол саясат пен идеология астарында өзін Қытайға қарсы қоюшылық жатқан еді. "Ұлы үштіктің" арқасында түркілер 722 ж. қытайларды талқандады.

Л. Н. Гумилев: "Жеңіске тек сыртқы ғана емес, ішкі жауларын жеңумен де келді. Елде тыныштық орнады. 716 жылы жеңіскер түркілердің жағдайлары оншалықты болмады. Білге қаған: "Мен бай халыққа хан болып отырмадым. Ішінде тамағы, сыртында киімі жоқ, аянышты, төмен халыққа хан болып отырдым", - дей келе, халықпен қатынасу әдісін өзгерткендігін айтады: "Сонша құрап, біріккен халықтарды от пен су етпедім, олармен тіл табысуға ұмтылдым. Адал халқы мен адал қоғамдар бар жерде мен жақсылықтар жасадым. Әлемнің төрт бұрышындағы халықты бейбітшілікке шақырдым, жауластырмадым, олардың бәрі маған бағынды"... Ол өліп бара жатқан халқын тіршілікке келтірді, киіндірді, ештеңесі жоқ халықты байытты, аз халықты көбейтті", - деп баға береді.

Білге қаған түбінде Қытаймен бейбіт қатынас орнатты. Бірақ қытайлықтар мұны онша құптамады. Сөйте тұра мәмілеге келуге мәжбүр болды. Осылайша Білге халқын 722-741 жылдар арасында 20 жыл бейбіт өмірмен қамтамасыз етті. Екі ел арасындағы бұл тыныштық Білгенің алғыр саясаты арқасында орнады.

722 ж. кездесуде Сюанцун үлкен қошемет көрсеткен Қытайдың бұрынғы елшісі, түркіден шыққан сатқын 734 ж. Қытай жағының өтінішімен Білге қағанға у беріп өлтіреді.

Білге өлер алдында оны дарға асып, тұқымымен құртып жіберуге бұйрық береді. Ал Қытай императоры өзіне сезік түсірмес үшін қағанды жерлеу рәсіміне елші жібереді. Түркі тағына Білге қағанның ұлы Иоллығ тегін отырды.































Күлтегін./ 684 – 731жж/

Түркі жұртының төрт жағы түгел болуы үшін қырық жеті жылдық қып-қысқа ғұмырында он жасынан бастап ат үстінен түспей, аласапыран айқастарда айбалтадай жарқылдап өткен айбарлы қолбасшының әкесі Елтеріс қаған атанған құдіретті Құтлық еді. Оған дейін жужандар (тибеттер) қол астында бытырап жүрген түркі тайпаларын Бумын, Естеми деген кісілер басқарып, бірлігі мықты ел қылған екен. "Бастылыны жүгіндірген, тізеліні бүктірген" бұлар өлген соң, 600 жыл шамасында үлкен күш-қайратпен құрған мемлекет Шығыс және Батыс Түркі қағанаттары болып, екіге бөлініп кетті. "Бөлінгенді бөрі жейді" емес пе?! Мұның аяғы қайтадан Қытайға бағынған бодандыққа әкеліп соқтырды. Содан жарты ғасырға созылған қиян-кескі айқас нәтижесінде ғана түркі халқы өзінің құлап қалған мемлекеттігін қайта тіктеп, Тоныкөктей ақылгөй данасы бар Құтлық қаған тұсында "ілгері Қыдырқан қойнауына дейін, кері Темір қақпаға дейін" - ұлан-ғайыр өңірді қоныстап қоймай, қаһары айнала-төңіректі қалтыратқан қуатты қағанатқа айналғанды.

Құтлық өз ажалынан қайтыс болады. Екі ұлы да әлі жас еді: Күлтегін жетіде, Білге (Могилян) онда. Сондықтан әкелерінің інісі Мойыншөр (Қапаған қаған) таққа отырады...

Йоллық тегін тасқа ойып жаздырған VIII ғасыр ескерткішіндегі: "Күлтегін қой жылының он жетінші күні өлді... қырық жеті жаста еді", - деген дерекке сүйеніп, 731 жылы дүниеден өткенін білеміз. Демек, Күлтегіннің туған жылы - 684 екен. Осы жәдігерлікте "Әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды", - деген жолдар бар. Ендеше, Елтеріс қаған (Құтлық) 691 жылы дүниеден өткен болып шығады ғой...

Тас жазу тарих сырын былай шертеді: "Он жаста інім Күлтегін ер атанды. Он алты жасында ағам қағанның ел-жұртын соншама меңгерді. Алты баулы Соғдаққа қарсы соғысып, талқандадық. Табғаш Оң тұтықтың елу мың әскері келді... Күлтегін жауға жаяу үмтылды. Оң тұтық басшыларын жарақты нөкерлерімен қолға түсірді..."Осы кезден бастап ол жайында халық арасында аңыздар таралып кетті. Оның есімін естіген жаудың өзі қорқа бастады. Күлтегін 21 жасында өзінің ұлы жорығының біріне — қытайдың Чача Сеңүн бастаған тұрақты және ең сенімді әскерімен соғысқа аттанды. Л. Гумилев Күлтегіннің әскери өнерін жоғары бағалай отырып, сол шайқаста ойсырай жеңілген қайшылықтар 10 мың адамынан айырылғанын хабарлайды. 708-709 жылдары қытайлар Күлтегінге қарсы тағы да қалың қолмен ұрыс жасайды, бірақ көк түркі жауынгерлерінің көзсіз ерлігі арқасында бәрі сәтсіз аяқталады.

Күлтегін - Қытай қол астындағы Шығыс Түркі қағанатын қайта қалпына келтіру үшін қол бастаған қаһарман, аруақты әскербасы.

Қапаған қағанның теріс сыртқы саясаты кесірінен 709-711 жылдары Күлтегінге қырғыз, түргештермен күрес жүргізуге тура келді. Бұл жолы да ол жеңіске жетті. Күлтегіннің 4 жыл бойы сарайда болмауы Қараханидтар мемлекетіндегі жағдайды өзгертіп жіберген еді. Сарайға оралысымен-ақ, ол Қапаған қағанның дана Тоныкөк пен ағасы Білге биді ел басқару ісінен аластағанын естиді. Қаған өз халқынан гөрі, бақ пен тақ қамын көбірек ойлайтын болыпты. Ал ағайын тайпалар арасында алауыздықтар асқынып тұр екен. Қапаған қаған Күлтегіннен құтылмақшы болып, кісі өлтірушіні жалдайды. Бірақ оның бұл ойы іске аспады. Қағанаттағы інілі-ағалының дауласқанын, бекті халықтың жауласқанын көріп күйзелген батыр өзіне: "Біз не үшін күрестік? Мемлекетіміздің құрып бара жатқанын көру үшін бе?" — деп сұрақ қояды. Өзі қоздырған қақтығыстар Қапаған қағанның өзінің өліміне әкелді. Енді таққа таласқан мұрагерлері арасында қақтығыстар басталды. Қарахан мемлекетін құрайтын түркі тайпалары ыдырай бастады. Күлтегін өзіне жақын батырларын жинап, әскери төңкерістің арқасында Қапаған қағанның барлық мұрагерлерін жойып жібереді. Одан кейін әскери жорықта жүрген ағасы Білгені жедел шақыртып алады. Халық оны сыйлайтын еді, сондықтан мемлекетті басқаруды ұсынады. Білге ұзақ уақыт қағандықтан бас тартып жүреді, бірақ Тоныкөк пен Күлтегін екеуі оны ақыры көндіреді. Шындығында, Тоныкөк пен Білге түркі тайпаларын қайтадан Қараханид мемлекетіне біріктіре алды. Білгенің қаған, Тоныкөктің кеңесші, Күлтегіннің әскербасы болып, 15 жыл билік құрған шағы қағандықтың гүлденген дәуірі еді.

731 жылы Күлтегін 47 жасында дүниеден өтті. Бұл Түркі қағандығы үшін орны толмас қаза еді. Батырмен қоштасуға көрші қытай, татабы, табғаш, түргеш, қырғыз және т. б. мемлекеттердің әміршілері келді. Қайғыдан тек дос елдер ғана емес, қастарының да қабырғасы қайысты.

Тоныкөк секілді, Күлтегін де ағасы Білгенің тасқа қашап қалдырған Орхон-Енисей жазбалары арқылы баршаға белгілі. Күлтегін өз замандастары мен ұрпағын түркі халқының бірлігін сақтап, тату-тәтті тұруға шақырды.





















Иоллығ тегін. /VII ғ. аяғы - VIII ғ. басы/

Иоллығ тегін - Білге қағанның ұлы. Әкесі өлгеннен кейін қағанат ақ-сүйектерінің бірауыздан берген келісімімен таққа отырған еді. Бұл адам - жазушы, тарихшы, екі бірдей орхон жазбалары мәтіндерінің авторы. Ол әкесінің саясатын жалғастырып, тығырықтан шығар жол іздеді. Әкесі Қытай императорының тапсыруымен өлтірілгеніне қарамастан, ол Қытайға үш рет елшілік жібереді.

Иоллығ тегін ең жақсысы - дүниенің төрт бұрышындағы бүкіл халықты бағындырып, басын игізіп, тағзым еткізу деп есептеді. Оның ата-бабалары да осылай істегенді. Ол әрқашан да көшпенділер тұрмысына қытай мәдениетінің дендеп кіруіне қарсы болатын. Ол материалдық мәдениетті қытай идеологиясын енгізудің құралы деп түсінді. Иоллығ тегіннің: "Алтын, күміс, өнімді, жібекті сонша шексіз беріп жатқан табғаш халқы сөзі тәтті, қазынасы асыл еді. Тәтті сөзін, жұмсақ қазынасын беріп, алыс халықты өзіне жақындатқан еді. Жақын қонған соң, олардан жаман-жақсылықты енді үйренген едік. Игі білгіш кісілерді, игі батыр кісілерді қозғалта алмады. Бір кісі жаңылса, руы, халқы тұқымына дейін қалмас еді. Тәтті сөз, жұмсақ қазынасына көп сеніп, түркі халқы жойылды!

Сонда өш адамдар былай сендірген еді: "Жырақ болса, жаман сыйлық берер, жақын болса, жақсы сыйлық берер", - деп... Білік білмес кісілер сол сөзді алып, жақын барып, көп кісі өлді... Өтүкен жерінде отырып, керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. Сонда, түркі халқы, тоқ болатын едің. Ашсың ғой сен: аштықта тоқтықты түсінбейсің, бір тойсаң, аштықты ойламайсың сен!" - деген сөзі түркі халықтары үшін бүгін де көкейкесті емес деп ешкім айта алмас.

Сөйтіп, Иоллығ тегін есімі тек қағандығымен емес, бәрінен бұрын, көк түркі тарихын, Күлтегін, Білге секілді ер оғландардың ерлік дастанын тасқа ойып жазғанымен мәңгілік қадірлі болып қалды. Ол, әсіресе, түркі халықтарының бірлігін армандады. Ендеше, ол сонау Күлтегін ескерткішіндегі үлкен жазудың әріп-харіптерінен: "Үстіңнен тәңірі баспаса, астында жер айырылмаса, түркі халқының ел-жұртын кім құртады?! Түркі халқы, өлдің!.. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың. Барған жерден не жақсылық таптың? Қаның судай ақты, сүйегің таудай болып жатты. Бек ұлдарың құл болды, сұлу қыздарың күң болды...", - деп тұрғандай.

739 ж. Иоллығ тегін өлгеннен кейін, оның орнына кіші інісі Білге Құпығ қаған отырды.



















Қорқыт. /IX ғасыр/

Қорқыт - бағзы замандарда өмір сүрген бабаларымыздың бірі.Ол - қобыз атасы, сазгер, жыршы, ақын, бақсылардың қамқоршысы.Ұлы бабамыз шамамен VIII-IX ғасырларда Сыр бойында туып-өскен. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен, тегі түрік оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Ол - Орта Азия халықтарына және басқа түркі тектес халықтарға ортақ тұлға. Әкесінің аты - Қарақожа. Шешесі қыпшақ тайпасынан.Әріден қозғасақ, Әбілғазының "Түрік шежіресі" мен Рашидәд-Диннің "Жамиғ ат-тауарих" Қорқыт туралы айтылады. Әбілғазы "Қорқыт бес ханға уәзір болды", Рашидәд-Дин оның "ұзақ өмір сүргенін" баяндайды.

Ш. Уәлиханов Қорқыттың балгерлігі, ақындығы, музыкалық өнері жайында құнды пікірлер қалдырған. М. Әуезов пен Ә. Марғұлан да Қорқыт туралы тамаша пікірлер жазған. Ұлы бабаның өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында, оптимистік сарын жатқанын тілге тиек етеді.

Қорқыт - қобыз арқылы музыка өнерінің негізін салған ұлы сазгер әрі жыршы. Сонымен бірге, ел басқарған данышпан, қасиетті әулие. Аңыздарға сүйенсек, ол өзгеше бір музыкалық аспап жасау үшін ойланып-толғанып жүреді. Бір күні қалғып кеткен оған періштелер аян береді. "Ағаш аспапқа түйенің көнін қаптап, жылқының қылынан шек жаса", - дейді. Соны орындап, әлгі аспапты қолға алып тарта бастағанда керемет бір әуен шығады. Содан бері "Қорқыттың қобызы" деген сөз қалған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.

Қорқыттың дүниеге келуі де ғажайып сырға толы. Оны анасы босанарда аспанда күн тұтылып, дүниені қараңғы түнек қаптап, жауын-шашынды дауыл соғады. Күшті күн күркіреп, найзағай ойнайды. Жұрттың есіл-дерті қалмай қорқып, зәресі ұшады. Қорқыт жарық дүниеге келгенде, әлгіндей табиғат құдіреті бірден тоқтап, әлем шайдай ашылады, мамыражай бір тып-тынық күй орнайды. "Апырмай, бұл бала дүниеге жұртты шошындырып, қорқыта келді ғой, соған орай есімін де Қорқыт қоялық", - деседі жұрт...

Уәлихановтік-Потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі - адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.

Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі - адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы, сиқыршы Желмаясы болды. Қорқыттың күй мұрасынан әзірге белгілі жиырма шақты шығармасы ғана. Күйтабаққа түсіріліп, жазылып алғаны он бір. Әр күйдің өз тарихы бар. Мысалы, "Қорқыт" күй туралы аңызда өлмес өнер жасап, өліммен күресу жайында оқиға бар. Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күндіз-түні қобызын сарнатқан Қорқыт өлімді келтірмейді. Бұл арман-мұратының, философияның нағыз өнер арқылы көрінуі. Ол тек Қорқыттың ғана қолынан келген.

"Қорқыт ата кітабы" - кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші. Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз-қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы сақталған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбірінде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздерге толы. Бір қызығы, мұнда Қорқыт әрі автор, әрі кейіпкер ретінде көрінеді. Еңбектің басқалардан ерекшелігі де осында. Жырдың кіріспесіндегі: "Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз болған... оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын Қорқыттың ризалығын алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған" деген сөздерден-ақ біраз жайды аңғаруға болады.

Ә. Қоңыратбаев "Қорқыт жырларын" ондағы шежірелік арқауға орай үш кезеңге бөлген:

  1. Оғыз-қыпшақ ұлысының ұйымдасу кезеңін суреттейтін жырлар.

  2. Түрікмендер мен пешене тайпалары арасындағы 34 жылға созылған алалықты суреттейтін жырлар.

  3. Оғыз-қыпшақ ұлысының ыдырауын білдіретін жырлар.

Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлерінде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың құралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа - қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т. б. түркі халықтарының арасында сақталған. Кітапта қазіргі қазақ тіліндегі географиялық атаулар көптеп кездеседі. Бұл кітаптың қазақ этносына енген әртүрлі түркі тайпалары мекен еткен қазіргі Қазақстан жерімен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. "Қорқыт ата кітабы" түркі халықтарының тарихи ескерткіші болып табылады.

Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В. В. Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 жылы жарық көрді. Ал қазақ тіліне аудармасын Ә. Марғұлан, Н. Келімбетов, Ә. Қоңыратбаев сынды қазақ ғұламалары 1986 жылы басып шығарды.

Қорқыт туып-өскен қазіргі Қызылорда облысының Төретам станциясынан бес-алты шақырым жерде, Сырдарияның жағасында мазар бар болатын. Мазарды зерттеуші Ә. Диваев 1929 жылы суретке түсірген. Ол жерде Қорқыт атаға арналып, архитектуралық ескерткіш орнатылды. Ескерткіш зәулім қобыздың формасында жасалды. Авторлары - архитектор Б. А. Ыбыраев, физик С. И. Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4-тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 м. Жоғары жағында ауыз кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Ол сарын Қорқыт қобызының үнін еске салғандай. Бұл жер шетелдерден келген туристердің барар жеріне айналды.





Қайыр хан. / шамамен 1165 – 1220жж/

Отырар қаласының билеушісі. Ол билік құрған кезеңде Отырар қаласы Қазақстан мен Орта Азияның ірі мәдени, ғылыми, сауда орталығына айналды. Әлемде кітаптарының саны мен сапасы жағынан екінші орынға шыққан кітапхананың Отырарда болуы да оның есімімен тығыз байланысты. Шыңғыс ханның замандасы екен. Сонымен бірге, Шыңғыс әскерінен Отырарды қорғау жолында жан аямай шайқасқандардың бірі болып саналады.Шыңғыс хан Орта Азияны жаулап алуды армандаған еді. Ол кезде Орта Азияда Хорезмшах Мұхаммед билік жүргізіп тұрған. Оның 400 мың адамнан тұратын қуатты әскері болған. Ал Шыңғысханның қол астында 200 мың жауынгері бар еді. Сондықтан да Шыңғысхан оған 500 нарға сыйлықтар артып, керуен жібереді. Елші арқылы жолдаған хатында, Мұхаммедті "сүйікті ұлым" дей отыра, достық ұсыныс жасауды да ұмытпапты. Бұл оны біраз қапаландырды. Алайда Мұхаммед өте көп сыйлық артылған керуенді жауап ретінде жөнелтті де, Қайыр ханнан 450 адам мен 500 түйеден құралған керуенді де тексеруін сұрайды.

Отырарлықтар 30 шақырымға созылған жерасты жолымен қаланы қоршай қамал салды. Пышақтөбе, Қыштөбе және Көксарайда қару-жарақ шығарыла бастады. Сыртқы жаулардан қауіп төне ме деген оймен, қалаға тек дайын өнімдері бар зергер көпестер өткізілді.

Шыңғысхан мемлекеттер арасында соғыс отын тұтандыру ниетімен 450 адамнан құралған шағын әскер мен тыңшыларды жіберді. Қонақтардың көздеген мақсаты үш күн ішінде орындалды. Керуенді бастап келген елші бірнеше рет Қайыр ханға "үлкен құрметпен қабылда" деген талап қойды. Тіл тигізген моңғол елшісіне Қайыр хан керуен туралы өз ойын білдіріп, моңғолдық көпестердің "тауарларын" көрсетуін талап етті. Жауап берудің орнына, тағы да тіл тигізіп, қыр көрсеткен моңғол елшісін Қайыр хан өлтіреді. Содан кейін ол қонақтардың тауарларын тексеріп, қалғандарын өлтіруге бұйрық береді. Алайда моңғолдардың біреуі қашып тығылады.Біраз уақыт өткен соң, Шыңғыс ханнан Мұхаммедке хат келеді. Онда оның көпестерінің Отырарда шейіт болғандығы баяндалған еді. Шыңғысхан кінәлі адамдарды Мұхаммедтің алып келуін өтінеді. Егер де бұл өтініш орындалмаса, соғыс бастайтынын білдіреді. Мұхаммед моңғол ханының қыр көрсеткенін елемейді. Ол Шыңғыс ханның әскеріне Қайыр хан өзі-ақ тойтарыс береді деп ойлайды.

1219 жылы қыркүйек айында 150 мың адамнан тұратын моңғол әскері Отырарға жақындайды. Шыңғыс хан әскерінің түменбасылары: Шағатай, Үгедей, Сүбедей, Жебе, Тонышар Отырарды қоршауға алады. 50 мың адамнан құралған әскері бар Қайыр хан Отырарды табандылықпен қорғайды. Олар қала қақпасын қатты бекітеді. Екі айдан аса отырарлықтар жаудан қорғанады, Шыңғысхан бүкіл әскерін Отырар айналысында топтастыруды жөн кермей, бір бөлігін көрші қалаларға жібереді. Осылай моңғолдар соғысты бірнеше жерде жүргізеді. Тез арада Самарқан мен Бұхараны алды. Отырарды алуға келген Шағатай мен Үгедейге су көзіне апарар жер асты жолы белгілі болады. Олар тез арада жер асты жолын бекітеді. Біраз уақыт өткен соң, азық-түліктің қоры таусылып, Отырарда аштық орын ала бастайды. Аштыққа шыдамай, соғыс жеңіліспен аяқталады деп ойлаған Отырар әскерінің бір бөлігінің (10 мың адам) басшысы Қаража Қажып моңғолдар жағына өтіп кетеді. Ал Мұхаммед болса, өзінің 400 мың әскері бола тұра, қол ұшын беруге асықпайды.

Қоршауда бес ай бойы болған Қайыр ханның әскерінде 20 мың адам ғана қалды. Жеті айға созылған соғыста шал-кемпірлер мен балалар да табан тіресе шайқасты. Қала тұрғындары 2 ай бойы аш болды. Жаулар қаланы өртеді. Қала тұрғындарының бірі қалмай өлтірілді. Ал Қайыр хан өзін-өзі өлтірмекке бел буды. Шыңғысхан Қайыр ханды тірідей жеткізуге бұйрық берген екен. Қайыр хан Шағатай мен Үгедейдің қолына түскен соң, оның өтініші бойынша, көз алдында сатқын Қаража Қажып пен оның әскерінің басы алынған екен. Қайыр ханды Бұхарадағы Шыңғыс ханға жеткізіпті. Сонда Шыңғысхан: "Менің елшімді өлтірген сен бе?" - деген сауал қойған. Қайыр хан: "Сенің елшің соғыстың басталуына себепкер болды. Ал моңғолдардың ханы көп елдің көз-жасында қалды. Оның қанқұмар жанын жер де, Көк Тәңірі - Аспан да қабылдамайды. Ал сүйегін құрттар кеміреді", - дейді.

Шыңғысхан оның аузына қайнап тұрған қорғасын құйған екен. Осылайша Отырар билеушісі Қайыр хан 1220 жылы айуандықпен өлтірілген.





























Кетбұға./ шамамен 1185 – 1260жж/

Кетбұға - қазақтың ұлы жыршысы, сазгер-күйшісі және халықтың тарихи аңыздарының кейіпкері. Оны көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп те атайды. Кетбұға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер "Шадтжарат әл-атрак" (Түркі шежіресі) кітабы мен халық аңыздарында кездеседі. Халық Кетбұғаны "Ұлы жыршы" деп те атаған. Иісі Дешті-Қыпшақты аузына қаратқан Жошы хан аңда жүріп, мерт болғанда, осынау қаралы хабарды Шыңғыс ханға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұға жырау: "Хан ием, қайнар көзі лайланған теңізді кім тазартар?", "Түп-тамырымен қопарылған ағашты орнына кім қондырар?" - деген сауалдар қою арқылы әміршіні қаралы хабарға іштей дайындап алып, оның ұлы Жошының өлімін "Ақсақ құлан - Жошы хан" күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұға жырауды жазалауға шешім қабылдайды. Алайда қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құюды бұйырады. Осылайша домбыраның беткі жағында кішкентай саңылау пайда болыптымыс. Бұдан домбыра іске аспай қалған жоқ, керісінше, оның үні нақышты болып, көркейе түсті.

Кетбұғаның "Ақсақ құлан - Жошы хан" күйі мен оның орындалуы алдында оқылған өлең жолдары бізге жетті. Сол кезеңде халық арасында кеңінен таралса да, Кетбұға жыраудың басқа рухани мұрасы, әдеби шығармалары біздің заманымызға жеткен жоқ. Ол қарапайым халықтың өмірін өзекті мәселелері туралы жыр жолдарымен беруге ұмтылды, сондықтан да халық оны "Ұлы жырау" деп атап кетті. Кетбұға сөз өнерінің дамуына да өзіндік үлес қосты. Ол көптеген қазақ жырауларының шығармашылығы мен стиліне игі ықпал етті. Мәселен, XV-XVI ғасырлар шегінде өмір сүрген Доспамбет жырау бір толғауында: "Кетбұғадай билерден, кеңес сұрар күн қайда?!" - деп жырлайды, оның сөздерімен таныс екендігін білдіреді. Халық аңыздары мен өлеңдерінде ол халық қамқоршысы мен даланың дана биі бейнесінде сипатталған.

Кетбұға жырау туралы аңыздар қырғыз фольклорында да кездеседі.















Бейбарыс сұлтан./ 1223 – 1277жж/

Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі - Жамақ, анасы - Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс - қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.

Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мұхаммед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық қақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. Ал 1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыс та Дамаскіде 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға - "крестілер жорығы" мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді.

1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырды. Мысырда тарихи әдебиет мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен Алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды. Түркі әулеттері, халықтарының тарихи-географиялық мәліметтерін толық қамтитын энциклопедиялар пайда болды. Мысырда сұлтан Бейбарыстың өмір-дерегіне арнап жазған хатшысы Абд-аз-Захирдің тарихи еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Алтын Ордамен қарым-қатынастар туралы мәліметтер, сонымен бірге Қырымнан Волгаға дейінгі аралықтағы қысқаша "жолсілтеме". Қырымның тұрғылықты халқы туралы діни, этнографиялық мәліметтер келтіріледі.Билік тізгінін мықтап қолға алған Бейбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты, Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Бейбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің әміршісі деген атаққа қол жеткізді. Орта Азиядағы селжүктерді, кіші Арменияны, берберліктерді толығымен өзіне бағындырды. Франктердің зәулім қамалдарын бірінен соң бірін талқандай берді. Барлық көршілес елдер мәмлүктер мемлекетімен санасатын болды. Ол сұлтандық билікке қол жеткізген кезде қыпшақ жерлері моңғол ханы Берке Құлағу билеп отырған Алтын Орданың иелігінде еді.Бейбарыс бірінші кезекте достық пиғылдағы хат жіберді. 1262 жылы сұлтан екі ел арасында достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнатты.

1277 жылы Бейбарысты уәзірі қыпшақ Қалауын у беріп өлтірді. Оның сүйегі Дамаскідегі Баб-әл-Барид зиратына қойылды. Осылайша Бейбарыс сұлтан мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны "крестілер жорығы", моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды, бүкіл мұсылман елдеріне қорған болды. 17 жыл Мысырда билік құрды.

































Жамал Қарши./ 1230 – 1315жж/

Туғаннан оны Әбуфазыл ибн Мұхаммед деп атаған. 1230 ж. Алмалық деген жерде дүниеге келген. Әкесі Мұхаммедтің кіндік қаны тамған құтты қонысы Баласағұн қаласы екен. Моңғол шапқыншылығы кезінде Алмалыққа келіп, Шағатай ханға қызмет еткен. Жамал Қарши араб-парсы әдеби дәстүрінде тәрбиеленеді. Алмалық пен Қашғарда білім алды. Моңғолдар билеген тұстағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихын алғаш жазған адамның бірі. Тарихты шынайы жазу үшін өзі де сол болып жатқан оқиғаларға тікелей қатысты немесе көнекөз қариялардың аузынан хатқа түсірді. Бәріне түсінікті болуын көздеген ол өз еңбегін таза, қарапайым тілде әрі әділ жазды. Жамал Қаршидің бұл бірегей қасиетін жоғары бағалаған, одан үш ғасыр кейін өмір сүрген туысы Мұхаммед Хайдар Дулати оны өзінің кемеңгер ұстазы санаған.

Ж. Қаршидың араб тіліндегі негізгі еңбегі "Әлмұхаммед-ас-Сұрақ" деп аталады. Бұл тарихы әдеби шығарма Х ғасырдағы ортаазиялық үрдіспен жазылған. Автор негізгі идеяны замандасы әрі жерлесі Әл-Фараби Жауқаридың "Сахаха Әл-Жауқари" кітабынан алған. Жауқари өз кітабында сол кезде өмір сүрген тайпалардың тұрмыс-тіршілігін, ұлы тұлғалары мен тарихи оқиғаларды баян еткен еді. Жауқари еңбегін Жамал 1282 жылы парсы тіліне аударады. Ал 1300 ж. оған "Қосымша" жазады. Автор өз заманының өзекті мәселелерін көтерді. География, тарих, мәдениет салаларын, сондай-ақ көрнекті тұлғалар өмірбаянын оқып-білуде еңбектің маңызы өте зор. Оғыз-қарахандар, қарақытайлар мен наймандар және Шығыс билігі кезеңдері қамтылған. Тарихи оқиғалар мен шежірелер негізінде жазылған Қарахан дәуірі ерекше көңіл аудартады. Мемлекеттің қашан, қалай, кім құрғандығы жайында, Сатұқ мемлекетінің негізін салушы Боғраханның иманды қалай қабылдағаны жөнінде суреттейді. Қарахандардың архитектуралық өнері жайында құнды мәліметтер беріледі.

















Асанқайғы Сәбитұлы./ XIV - XV ғасырлар/

XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов т. б. айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.

Ол Алтын Орда хандығының негізін салған Ұлық Мұхаммедтің ең беделді кеңесшілерінің бірі болған. Шығыс Дешті-Қыпшақта өрбіген саяси күрес кезінде Әбілқайыр ханның қарсыластары Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар Керей мен Жәнібектің жағында болды.

Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған. Ш. Уәлиханов "көшпенділер философы" атаған. Асанқайғы жөнінде М. Әуезов былай деген: "Өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік, дерек береді".

Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады.

Ішкі саясатта жер-су, жайылым, қоныс үшін қақтығыстар мен қайшылықтарды реттеу, ел-жұртының хал-ахуалын жақсарту мақсатында Асанқайғы хан алдына өзінің "ымыраға келу теориясын" ұсынған. Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұсқан келтіретінін жете сезеді. Осыған орай Асанқайғының жанға жайлы, жері нулы, суы мол, барлық адамдар терезесі тең өмір сүретін "Жерұйықты" іздегені туралы аңыз да елге кең тараған. Асанқайғы "Жерұйық" адамдардың теңдігі мен бақытының мекені болуы тиіс деп санады. Жер бетіндегі адамзат адал болуы тиістігін ғибрат етті. Ол іздеген "Жерұйық" шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқының тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. Елі мен жұртының болашағы туралы толғанған, тұла бойы ізгілікке толы, халқына Желмаясымен жер жанатын іздеген абызды халық Асанқайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған.

Алты атанға жүк артып, жылы, жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады. Әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді.

Жыраудың толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады:

Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып неге терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің?

Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді: "Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан қарағай басын шалмай ма?". Осы бейнелер арқылы орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегендік танытады.

Асанқайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай т. б.) кеңінен тараған.

Асанқайғының философиялық дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:

  1. Этикалық дүниетаным ұлы жыраудың философиялық ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктерімен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.

  2. Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімінің растығы, қоршаған ортаны тану мәселелері Асанқайғы философиясының басты бағыттары.

  3. Асанқайғы гуманизмі, адамға деген сүйіспеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асанқайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы Асанқайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды.

Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан ата кесенесі "Жеті әулие" қорымында.













Бекет Мырзағұлұлы./ шамамен 1750 – 1813жж/

Қазақтың батыры, сәулетші, ағартушы, ойшыл және қасиетті әулие. Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:

Біріншісі - халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр.

Екінші - ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы.

Үшінші - ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші.

Төртінші - мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.

Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "Мединеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.

Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған.

Қазіргі таңда Бекет атаның Адамдықтың Ақ жолы, Әулиелік өсиеттері өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде көп септігін тигізіп отыр.

Жастайынан оқу-білімге құмар, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқыған. Бекет ата жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан.

Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді. Бекет ата ескерткіштері - Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. ХІХ ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э. Эверсман, А. Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған.

Эверсман: "Үстірттегі таудан үңгіп жасаған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет төрт жерде жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда", - дейді. Бекет ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезін, ал өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сембиева Татикуль Лесовна

Дата: 04.12.2017

Номер свидетельства: 442062

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) "Бастауыш мектептің оқу- тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану жолдары."
    ["seo_title"] => string(80) "bastauysh_miektieptin_ok_u_t_rbiie_urdisindie_dien_ghieiliep_ok_ytu_tiekhnologhi"
    ["file_id"] => string(6) "442060"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512376667"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства