Баяндама Инновациялық әдістер негізінде оқыту үрдісін жетілдіру
Баяндама Инновациялық әдістер негізінде оқыту үрдісін жетілдіру
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесімен меңгерсе екіншіден,кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама Инновациялық әдістер негізінде оқыту үрдісін жетілдіру»
А.Т.Рахимжанова
Инновациялық әдістер негізінде оқыту үрдісін жетілдіру
«№39 ЖОББМ» КММ
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауышта оқыту саласына тікелей қатысты да маңызды. Бастауыш мектеп-бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын кезеңі ерекше. Сондықтан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы.Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттерінің дамуына жол ашады. Сол себепті мұғалім алғашқы жылдан бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, қолынынан не келетінін,оқу мен еңбекке ұқыптылығын есепке алып,оқу үрдісін ұйымдастыруы шарт. Өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін-өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі субъектіні қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Бүгінгі күн тұрғысынан қарасаң,оқыту-тек сабақ беру ғана емес,оқытудың басты міндеті-мұғалімнің білім беруі мен оқушының білім алу қызметтерінің біріккен,үйлескен түріне қол жеткізу.Өскелең заман оқушыны тұлға ретінде тәрбиелеуді қажет етуде.Сондықтан оқушы қызметін басымдау етіп,үйренуші тұлға тек шәкірттер екенін ескеріп,білім беру ісін осы бағытта ұйымдастыру талап етіледі.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесімен меңгерсе екіншіден ,кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекетер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекетінің айырмашылығы –ол баланың өзін-өзі қалыптастыруын өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша , бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық ,шебер ұйымдастырушылық қажет.
Әр оқушының таланттылығын мен дарындылығын дамыту үшін жаңа ұтымды әдістерді іздеу барысын қолға алу болып табылады. Ол әдістер оқушылардың белсенділігіне, ізденімпаздығына, оқиғаны сын көзбен қарауға негізделді.Осындай әдістердің негізі деп:оқушыларды деңгейлік дифференциалдауды күнделікті өз сабақтарымда қолдандым. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар – базалық стандарт болып табылады. Оларды орындауда оқушы әр пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болды. Бұларды әрбір оқушы орындай білді. Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеру қамтамасыз етілді. Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардын алған білімдерін ойлануға, талдауды пайдалануды талап етілді. Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болды .
Оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімдеп, қосымша ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма бере бастаймын. Біртіндеп оқушыларымды топпен жұмыс жүргізуді ұйымдастырдым. Бастапқыда деңгейлік тапсырмалар беріліп отырды. Топпен жұмыс жүргізу қалыптасқанда барлығына бір деңгейде тапсырмалар берілді. Осы кезде барлық оқушылардың әр-түрлі жұмыс істейтін қабілетін байқап, олардың шығармашылығын дамытуда, сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту технологиясын қолдандым.
Ендігі мақсатым оқушыларды топпен жұмыс жасауды, пікірін нақты дәлелді мысалдармен ұштастыруға бейімдеу; оқушылармен ұжымдық жұмыс жасап, бірлік пен ынтымақтыққа тәрбиелеу болды. Бұл тұрғыда жұмыс жүргізуде балалар топпен, жұппен жұмыс жүргізуде бірден кірісіп кете алмады,ойларын ортаға салғанда шулады. Ұжымдық жұмыс жүргізгенде белсенділіктері орташа болды. Кейде берілген тапсырмаларды тез жасауға үлгере алмайтын, шығармашылық қабілеттері бір қалыпты болды. Оқушылар таза қазақ тілінде сөйлеуге қиналды, әрбір сабақта қазақша сұрақтар қойып, оған жауап беруге үйренді.
Әр сабақта біртіндеп стратегияларды қосу арқылы оқушылардың топпен жұмыс жүргізу барысында көзқарасы өзгере бастады.Оқушылардың өзгеруін байқадым сабақ барысында жаппай тілдік әрекетке түсуі, оқушылардың ойлау деңгейлері әлдеқайда жоғарлады. Сабақ үстінде тәртіп мәселесі де өз орнына келді.Қызығушылықпен жұмыс жасаған баланың бұрылуға шамасы келмеді. Сабаққа нашар деген оқушылардың да көзқарасы өзгерді.Оларда талпыныс, құштарлық,ынта-жігерлері қалыптасты .
Біз қазіргі заман талабына сай оқу сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын меңгеру үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелеуге тура келді . Екінші сыныпта ой қозғау , түртіп алу жүйесі стратегияларын жиі қолдансам, үшінші сыныпта Венн диаграммасы, семантикалық карта , Insert әңгіме кестесін жиірек қолдандым. Ал екінші сыныпта әңгімені бөлісіп жазу стратегияларына көбірек мән бердім. Мысалы :үшінші сыныпта оқушылардың ойлау деңгейінің тағы бір сатыға жоғарлағанын байқадым «Жануарлардың сан алуандығы» тақырыбын өткенде «Insert» стратегиясын бойынша жұмыс істеу барысында бұрынғы білетіндерімен жаңадан білетіндерін шебер ұштастыра білді. Ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы арқылы көбелек пен араны салыстыра білді. «Эссе»жазу оқушылардың сүйікті стратегиясына айналды десем қателеспеген болар едім. Мысалы: үшінші сыныпта өткізген “Таза ауа –денсаулық кепілі ” атты дүниетану пәнінен сабағы бойынша жүргізілген жұмыс бойынша баланың жеке басын дамытудың басты кепілі, - денсаулығы жақсы, жан-жақты білімі дамыған, өз-өзін рухани бай және жаны да сау болу үшін, әр оқушы өзі сауатты болу керек екенін, тақырыпты талдау арқылы саналарына жетеді.
«Таза ауа- денсаулық кепілі» деген тақырыпта өткенде эссе жазуда өз ойын былай деп көрсете білді.Оқушылардың эссесінен үзінді . «Адам табиғатта өмір сүреді. Табиғаттың таза болуы адам денсаулығына өте пайдалы.Егер табиғат аясында көп жүріп,таза ауамен тыныстасақ,біздің өміріміз ұзақ болады, ауырмаймыз. Ауа таза болу үшін ағаштарды көп отырғызу керек. Өсімдіктер ауадағы лас қалдықтарды өзіне сіңіреді.Ауаны таза сақтауға барлық адамдардың үлес қосуы керек.
Біздің қаламызда ағаштар аз, айналамыз лас.Мен кейде шашылып жатқан қоқыстарды көргенде ,көңіл күйім бұзылып, ойланып қаламын.Неге үлкендер ойланбайды? Жазғы демалыста Талдықорған қаласына нағашыларыма қыдырып бардым.Сонда біздің қаламыз сияқты шашылып жатқан қоқыстарды көрген жоқпын. Біздің қаламыз да таза, әдемі болса ғой! Адамдар, ойланайық! Өз қаламызды таза ұстайық!» Осындай эсседен оқушының өз ойын біріншіден табиғатқа деген қамқорлығын және адамзатқа табиғатты қорғау керек екендігін ой салдырса. Екіншіден,екі қаланың тазалығын салыстыра отырып оқушының ойлау,салыстыру қабілетінің дамығандығын байқауға болады.
Әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге тырысты, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренді. Соның нәтижесінде оқушының белсенді шығармашылық дамуын менің қол жеткізген табысым деп есептеймін.
Мысал ретінде қазақ тілі пәні бойынша «Жалаң және жайылма сөйлем» тақырыбы бойынша нені білу керек ?деген сұраққа жауап беру үшін бірінші берілген сөйлемді оқушылар жекелей, жұпта, топта сөйлем мүшесіне талдап дәлелдейді. Сөйлем мүшесіне талдап дәлелдей отырып жайылма және жалаң сөйлемді анықтап тұжырымдама жасап, ережесін өздері шығарады. Ізденуге сұрақтар қойылады. Іздену арқылы оқушылар жаңа ақпаратты өздігінен ұғынады.Оқушының тұлғалық қабілеті айқындалады. Белсенділер қатарынан көрінуге ұмтылады. Ақпаратты түсінеді, қолданады, сараптайды.
Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.Білім сапасын арттыру мақсатында критериальдық бағалау жүйесін дамыту маңызды. Ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі. Бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне , оқушының материалды қандай дәрежеде меңгермегендігін, меңгергендігін байқауына, ата-анасы баласының қандай дәрежедеоқу материалын білетіндігін , оқушы білімін диагностикалауына,ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жауапкершілікті сезіне отырып,нақты жіберілген қателерінің ,жетістіктерінің нәтижесі көре отырып алға жылжуына үлкен мүмкіндік береді. Енді ол алдына мақсат қойып нәтижеге жетудің, жағдаятты шешудің әдіс –амалдарын белгілейді, іске кіріседі. Оқушылар өзіндік жұмысты бағалауға қойылатын талаптарды саралауға жаттығады.
Критериальды бағалау жүйесін тиімді қолдану барысында оқушының құзыреттілігі арттады.Оқушы өзіне жауапкершілікпен қарап, құрылымдылық және нақтылы бағалауда оқушы әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалды өсу динамикасын байқайды.
Баланың білім алу арқылы субъект ретінде дамуын бірінші қатарға қойып, ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі амалдары анықталып жүзеге асырылуда. Бұл орайдағы менің басты мақсатым– баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерін өзіндік ашылуына қолайлы жағдайлар жасау.Осындай жұмыстың нәтижесінде өзін-өзі дамыта алатын,өз бетімен білім алатын,өз бағыт-бағдарын айқындай алатын белсенді тұлға қалыптасады .
Қолданылған әдебиеттер :
1. Б.А Тұрғынбаева «Ұстаздық шығармашылық» Алматы , 2007ж
2. Тұрғынбаева Б.А «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту» Алматы, 1999ж
3.Красноборова А.А «Критериальное оценивания как технология формирования учебно –позновательной компетентности учащихся » Нижний Новгород 2010.