kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армысың, Әз Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тақырыбы: Наурыз келсе құт келгені халайық!
Сабақ мақсаты: қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнерін баулу, балаларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, қабырға газеттері, шарлар, нақыл сөздер.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армысың, Әз Наурыз!»

Сабақ тақырыбы: Наурыз келсе құт келгені халайық!
Сабақ мақсаты: қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнерін баулу, балаларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, қабырға газеттері, шарлар, нақыл сөздер.
1. О, жарандар, жарандар!
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды, 
Текке қарап тұрмаңдар.
2. Әуелесін армандар.
Үміті от боп жанғандар
Бақ дарып, Қызыр қарасын, 
Мерекеден қалмаңдар.
3. О, жарандар, жарандар
Тамашадан қалмаңдар.
Құс қанатты көңілмен
Жер әлемді шарлаңдар.
4. Оятып шың мен асқарды.
Ерітіп мұз Бен ақ қарды.
Нұрландырған даланы
Наурыз көктем басталды.

Ән: Көктем келді

Мұғалімнің сөзі:
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп жатыр міне маңайды! 
Мал біткеннің бал татыған уызы, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 

«Наурыз мерекесі баршаңызға құт береке әкелсін»

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, барша халық.
Қартқа құрмет сыйлайық жасқа шабыт
Салты солай Наурыздың
Ей, адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық.
2-жүргізуші Көктем сайын арда емген Ана-Күнді, 
Дүбірлесін думаннан дала күллі.
Салты солай Наурыздың
Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Жаңа жылды.
1-жүргізуші: Құрметті халайық! Наурыз мерекесіне арнаған ойын-сауық кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
2-жүргізуші: Наурыз ән-күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып, тілектер тіленген.

Хор: Хош келдің, төрлет Наурызым

- Ал, енді сіздерге біздің 1 а сынып оқушыларының наурыз мейрамына дайындаған тақпақтарын ұсынайық. 
Наурыз қыз:

Жақсыма ма,ата халіңіз

Менің атым наурыз

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім, алыңыз

Қар астында қыс қалды,

Қар еріді қыс қалды,

Қар еріді су ақты

Алып келдім шуақты

 Бүгін наурыз күні деп

Бүкіл адам күлімдеп

Әркім қалап бір  істі

Әрекетке кірісті

Наурыз көже - жыл дәмі

Той дәміне тойыңдар

Тойдан кейін ойын бар

Той-тамаша көріңдер

Билеп ән сап билеңдер

 Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді

6 -оқушы

Ашылды  да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар,

Ащы құрты тағы бар

Көже -елдің ырзығы

7 - оқушы: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
8-оқушы: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Көрініс:
Залға бірін-бірі итеріп, қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады.
Қожанасыр: Ассалаумағалейкум, халайық! Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті. Қайда жүр екен, ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.
Алдар көсе: Ей, Қожеке не болды, сонша айқайлап. Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.
Қожанасыр: Әкел шапанымды, Бер деймін шапанымды.
Жүргізуші: Қойыңыздар ағалар не болды сіздерге! Бүгін мейрам, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні адамдар ренжіспейді. Ренжіскен адамдар төс қағысып татуласады.
Алдар: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.
Қожанасыр:Татулассақ татуласайық. Тойға құтты болсын айтайық.
Арайы бар даланың, 
Амансың ба, жаңа күн.
Сәлем, халқым, тірегім
Сендермен бірге жүрегім, 
Орындалсын ойларың, 
Құтты болсын тойларың!
Алдар: Сәлем Наурыз күніміз
Мейман парқын біліңіз
Қыруар істі бастаймыз, 
Қуанышты үніміз!
Қайтқан емес толайым, 
Алдарыңа кеп тұрмын, 
Айналайын, ағайын.
1-Жүргізуші: Ендеше әнші аталар
Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
........................................ орындауында «Тойға шашу» қабыл алыңыздар.
(бір оқушы қыз ортаға шығып)
Шашу шашу шашайық
Ән думанға басайық
Наурыз келді далама
Жаңа жыл келді аулыма. (Шашу шашылады)
2-жүргізуші: Шашу шаштық болсын деп аман халқым, 
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
Келер жылға жетсек деп аман-есен - дей отырып тағы да тақпақтарға кезек берейік

9- оқушы : Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 

10- оқушы- Армысыздар халайық!
Әркез аман болайық

Наурыз тойын қуанып
Жылды бір қарсы алайық

11-оқушы: Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз

12- оқушы: Наурыз күні той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу маржан шашайық

13- оқушы: Жақсылыққа бас болып
Алдымызға ас болып
Келген Наурыз құт болсын
Берері тағы мол болсын!
14- оқушы: Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың
15-оқушы: Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді
16- оқушы: Күттіріп келген жыл басы
Бізбенен бірге жырлашы
Дастарханыма елімнің
Береке – ырыс сыйлашы
17-оқушы: Әнім де саған, биімде
Құт қонақ өзің үнімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде Наурыз, күлімде

1- жүргізуші:

Ұлыс  күні  қазан   толса,

Ол  жылы  ақ мол  болар.

Ұлы  кісіден  бата  алсаң,

Сонда  олжалы  жол болар !

  2-жүргізуші:

Бәрекелді !

Ендеше,  Қыдыр  баба қайда екен?

Ат- көлігі  сай ма екен?

Бізді көріп  жүр ме  екен,

Бата  беріп  тұр ма  екен ?

«Батаменен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деп бекерге айтпаған ғой.

Қанеки, Қызыр атадан Наурыз тойының ақ батасын сұрайық.

(Қыдыр ата бата береді)

Қыдыр ата келеді:

Қыдыр ата:

Оу, аман ба, жарандар,

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып,

Рахатын тапты жан.

Келе жатыр жырымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар.

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам – бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар!

  (Бәрі орындарынан тұрып қарсы алады)

 Балаларым, қыздарым,

Үндеріңнен айналдым.

Бағанадан сендерді,

Қырық рет айналдым.

 Көріп тұрып сендерді,

Көңілдендім,  жайландым.

Мені іздемей жатыр деп,

Өкпелеп те қалғанмын!

Өздеріңе батамды

Берем  енді балалар,

Ұлыс  күні барлығы:

Нұрланар  да  жаңарар.

Бақытына  ұрпақтың

Аман болсын аналар!

Өздеріңді жетелер

Аман  болсын әкелер!

Жақсылыққа  құштарлар,

Аман болсын ұстаздар!

Сұрасаң бата берейін, 
Үстем болсын мерейің. 
Ықыласпен қол жайсаң, 
Ақ тілекті төгейін. 
Ұлыс оң болсын, 
Ақ мол болсын! 
Қайда барсаң жол болсын! 
Ұлыс бақты болсын, 
Төрт түлік ақты болсын! 
Ұлыс береке берсін, 
Бәле – жала жерге енсін! 
Ұлы халқым тоқ болсын, 
Көйлектерің көк болсын! 
Уайым – қайғы жоқ болсын, 
Қуаныштарың көп болсын! 
Күлімдесін көкте күн,

Шуақ шашсын көктемің.

Орындалсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың!

Әумин! ! ! 

 1-жүргізуші: Берген баталарыңыз қабыл болсын!

 Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Би билеп, ән өнерге тамсанайық. 
«....................... биі» бір топ бишілер
2-Жүргізуші: Ұлттық дәстүріміз бойынша қалада болсын, далада болсын әр ұйым, өз наурыз салтанатын көрсетіп, ойын сауықтарын жасайды. Бұл мұсылман қауымына аса маңызды қуанышты мереке. Көркем безендірілген қазақы үйлер, сәулетті ұлттық дәстүрлер көріністері, қызықты ойындар көрсетеді.
1-Жүргізуші: «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін», - деп сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ғұрып, әрі ырым. Тұсау кесер көрінісін тамашалаңыздар.

Әже: Біздің қазақ халқы салт - дәстүрге өзара көңіл бөледі, сәбидің дүние келгеннен бастап, қуанып, той тойлауда: ат қою, шілдехана, сүндет той, тұсау кесу, тілашар сияқты салт - дәстүрлерді ылғи орындап келеді. Бізде қазір «Тұсау кесу» салт - дәстүрін көрсетейік.
(ортаға ақ мата төселеді, бір сәбиді шығарып, аяғына ала жіп байланады)
Әже: Ала жіппен байлап кесудің мәнісі _ ешкімнің ала жібін аттамай, адал өтсін деген. Ал майлы ішекпен байлап кесу ешкімді жатсынбай майлы ішектей араласу, елгезек, бауырмал өтсін дегенді білдіреді. Көк шөппен байлап кесу баланы көктей қаулап тез жетілсін, көбейіп - көктесін дегенді білдіреді. Ер баланың ала жібін пышақпен, ал қыздың қайшымен кесу керек.
Әже баланың аяғын байлап жатып, ақ жол тілейді:
Қаз - қаз балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз балам,
Баланы екі жағынан ұстау керек. Ақ матамен бала жүреді. Ал Әже батасын беріп, «Жақсылықта асып - тасымасын, жамандық көрсе, жабырқап - жасымасын, қуанышты күндерінде асылық жасамасын, қиыншылық басына түскенде еңсесі түсіп басылмасын, екеуінен тең өтсін» деп, шашуын шашады.
Жүрг: Әже, бізде де сізге арналған сыйлығымыз бар. (Әжеге сыйлық береді)
Әже: Рахмет!
Жүрг: Әже, төрлетіңіз, тойымыз жалғасуда!
Ән: Тұсау кесер
(Тұсау кесерден кейін тамақ тарту рәсімі)
2-Жүргізуші: Жиналған мынау халыққа, 
Жыр маржаннан шашайық.
Батасын алып қарттардың, 
Наурыз көже беру рәсімін жасайық.
1-Жүргізуші: Наурызым міне келді жайраңдаған, 
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған, 
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.

2-Жүргізуші: Жылдың басы –Наурыз, 
Жырдың басы – Наурыз.
Наурызға жыр арнап, 
Әндетерміз әлі біз
........................... орындауында «Құтты болсын әз Наурыз » әнін қабыл алыңыздар
1-Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
............................ орындауында «Қазақ осы » әні

2-жүргізуші:   Наурыз құтты болсын, 
                     Дендеріміз сау мықты болсын!
                     Наурыз тойы келе берсін,
                     Барлық халық бақытты бола берсін!
                     Еліміздің несібесі көп болсын.
                     Халқымыз көбейіп тоқ болсын!
                     Қош сау болыңыздар халайық, 
                     Көріскенше күн жарық болсын!

Қорытынды: Сонымен кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі сөзді
......................................... берейік.





























1. О, жарандар, жарандар!
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды, 
Текке қарап тұрмаңдар.


2. Әуелесін армандар.
Үміті от боп жанғандар
Бақ дарып, Қызыр қарасын, 
Мерекеден қалмаңдар

3. О, жарандар, жарандар
Тамашадан қалмаңдар.
Құс қанатты көңілмен
Жер әлемді шарлаңдар

4. Оятып шың мен асқарды.
Ерітіп мұз бен ақ қарды.
Нұрландырған даланы
Наурыз көктем басталды

6.Ашылды  да кебеже

Дәм әзірлеу басталды

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар,

Ащы құрты тағы бар

Көже -елдің ырзығы





8.Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

7. Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.


(бір оқушы қыз ортаға шығып)
Шашу шашу шашайық
Ән думанға басайық
Наурыз келді далама
Жаңа жыл келді аулыма

9. Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 


10.Армысыздар халайық!
Әркез аман болайық
Наурыз тойын қуанып
Жылды бір қарсы алайық


11. Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз


12. Наурыз күні той думан
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу маржан шашайық


13. Жақсылыққа бас болып
Алдымызға ас болып
Келген Наурыз құт болсын
Берері тағы мол болсын!

14. Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың

15.Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді

16.Күттіріп келген жыл басы
Бізбенен бірге жырлашы
Дастарханыма елімнің
Береке – ырыс сыйлашы

17. Әнім де саған, биімде
Құт қонақ өзің үнімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде Наурыз, күлімде

















Қыдыр ата:

Оу, аман ба, жарандар,

Алтын таңға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып,

Рахатын тапты жан.

Келе жатыр жырымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар.

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам – бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар!

  (Бәрі орындарынан тұрып қарсы алады)

 Балаларым, қыздарым,

Үндеріңнен айналдым.

Бағанадан сендерді,

Қырық рет айналдым.

 Көріп тұрып сендерді,

Көңілдендім,  жайландым.

Мені іздемей жатыр деп,

Өкпелеп те қалғанмын!

Өздеріңе батамды

Берем  енді балалар,

Ұлыс  күні барлығы:

Нұрланар  да  жаңарар.

Бақытына  ұрпақтың

Аман болсын аналар!

Өздеріңді жетелер

Аман  болсын әкелер!

Жақсылыққа  құштарлар,

Аман болсын ұстаздар!

Сұрасаң бата берейін, 
Үстем болсын мерейің. 
Ықыласпен қол жайсаң, 
Ақ тілекті төгейін. 
Ұлыс оң болсын, 
Ақ мол болсын! 
Қайда барсаң жол болсын! 
Ұлыс бақты болсын, 
Төрт түлік ақты болсын! 
Ұлыс береке берсін, 
Бәле – жала жерге енсін! 
Ұлы халқым тоқ болсын, 
Көйлектерің көк болсын! 
Уайым – қайғы жоқ болсын, 
Қуаныштарың көп болсын! 
Күлімдесін көкте күн,

Шуақ шашсын көктемің.

Орындалсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың!

Наурыз қыз:

Жақсыма ма,ата халіңіз

Менің атым наурыз

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім, алыңыз

Қар астында қыс қалды,

Қар еріді қыс қалды,

Қар еріді су ақты

Алып келдім шуақты

 

Бүгін наурыз күні деп

Бүкіл адам күлімдеп

Әркім қалап бір  істі

Әрекетке кірісті

Наурыз көже - жыл дәмі

Той дәміне тойыңдар

Тойдан кейін ойын бар

Той-тамаша көріңдер

Билеп ән сап билеңдер

 

Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді











Сабақтың тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына 20 жыл »

Тәрбие сағатының мақсаты:
Мақсаты:

1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)


Баяндамашы:Сыбайлас-жемқорлық деген не?

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды

БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

1 - оқушы 
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.

2- оқушы 
Әр ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.

3 - оқушы 
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.

4 - оқушы 
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.

5 - оқушы 
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.

Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»

(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)

Сахналық көрініс (Әр топтан екі  оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді)

Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.

6.Сабақты қортындылау:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар 
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Армысың, Әз Наурыз!

Автор: Балданбаева Бейсекуль Каналбайкызы

Дата: 28.03.2018

Номер свидетельства: 464043

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Армысы?, Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(13) "armysynnauryz"
    ["file_id"] => string(6) "310921"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134584"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Жыл басы Наурыз "
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl-basy-nauryz-1"
    ["file_id"] => string(6) "194663"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427801252"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз- начало года"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryznachaloghoda"
    ["file_id"] => string(6) "310927"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459134776"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Наурыз, начало года"
    ["seo_title"] => string(19) "nauryznachaloghoda1"
    ["file_id"] => string(6) "311237"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459174514"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства