Алғыс айту – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. «Рахмет» деген бір ауыз сөздің өзі жүрекке жылу сыйлап, адамдардың арасын жақындата түседі. Сондықтан алғыс айту – әр адамның парызы деп ойлаймын.
Ең алдымен, біз ата-анамызға алғыс айтуымыз керек. Олар бізді өмірге әкеліп, тәрбиелеп, бар жақсылығын бізге арнайды. Түн ұйқысын төрт бөліп, болашағымыз үшін еңбек етеді. Осындай қамқорлық үшін ата-анаға алғыс айту – перзенттік борышымыз.
