kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алғысым шексіз" тақырыбындағы класс сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алғысым шексіз тақырыбындағы 2 Б класында өткен класс сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алғысым шексіз" тақырыбындағы класс сағаты»

Күні: 01.03.18

Тәрбие сағаты

"Алғысым шексіз"

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері: презентация, таратпа қағаз,

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Ризашылық өлеңін оқу

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.

ІІ. Кіріспе.

«Орынын тап» ойыны

Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

Шаңырақ – күн,

Уықтары - нұр, шашқан.

Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.

Жарқырайды темірқазық жұлдызы,

Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб)

Ыстық дейді оны оттан,

Патриот оны ұнатқан.

Оңбайды бұл өмірде,

Адам оны жоғалтқан. (Отан)

Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,

Әдемі мекен екен, жанға жайлы.

Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,

Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)

Егіз қайың,

Бой - бастары тең өскен.

Іске дайын,

Бұтақтары бес - бестен. (Қол)

Бір малға екі бала мінгеседі,

Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)

Тұмсығымен ояды,

Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)

Қиналмай тауларды, орманды,

Теңізді, дария, жондарды,

Ауылды, қаланы, халықты...,

Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)

Тау, қыр, жазық, өзен, көл –

Қабырғада биік тұр.

Нансаң, кел, өзің көр –

Бір қағазға сыйып тұр. (карта)

Емес ол кітап та, дәптер де,

Жүреді бірақ та портфельде.

Көрсетіп ондағы бағаңды,

Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)

Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

Әңгімелесу

  • Ризашылық дегеніміз не?

  • Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

  • Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

  • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.

Топпен жұмыс

І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау

ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау

ІІІ - топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт»

ІҮ - топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?

«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді»

«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді»

Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»



Оқушыларға таза парақтар таратылады «Алғыс білдіремін» сөзін жалғастыр.

Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

Оқушы ойлары тыңдалады.

ІҮ. Қорытындылау

- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке:     Біздің тілек.   Ғ. Жұмабаев

Бізге ашық күн керек

Аспан керек мөп-мөлдір

Қуанышқа тұр бөлеп

Бақытты өмір төккен нұр

Тыныш болып жер беті

Түршікпесін денеміз

Азамат боп ер жетіп

Ағаларға ереміз








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алғысым шексіз" тақырыбындағы класс сағаты

Автор: Кужаниязова А.Ж.

Дата: 25.03.2018

Номер свидетельства: 463448


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства