kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жануарлар д?ниесін ?ор?ау" 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: Жануарлар  д?ниесін ?ор?ау

Саба?ты?  ма?саты: О?ушыларды?  жануарлар  жайлы  ал?ан  білімдерін  тияна?тау. «?ызыл кітап»  туралы     ма?л?мат  беру.

Міндеттері:1.  Таби?ат  ж?не   ?сімдіктерді?  к?пт?рлілігін ?айталап, о?ушы  ойын  бекіту.

2. О?ушыны  ойланту  ?здігінен  ізденіске  салу,  ?иялдату,  ойын  т?жырымдату,  ой-?рісін  ке?ейтіп,  шы?армашылы?ын  дамыту.

3. Таби?атты  ?ор?ау?а,  ?ам?орлы?  жасау?а  т?рбиелеу.

Саба?ты?  типі: 6

Саба?ты?  т?рі:  аралас  саба?

Саба?ты?  формасы:  топпен  ж?мыс

Саба?ты?   ?діс – т?сілдері: с?ра? – жауап,  т?сіндіру, талдау, ой сергіту, ой т?йін, топтастыру

Саба?ты?  к?рнекілігі: слайд,  суреттерd

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жануарлар д#U04afниес_н #U049bор#U0493ау»

Жамбыл облысы

Қордай ауданы

Қайнар ауылы

32 В.В. Маяковский атындағы орта мектебі

Жумаева Зина Толегеновна

Бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі: 19 жыл

Санаты: I

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесін қорғау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жануарлар жайлы алған білімдерін тиянақтау. «Қызыл кітап» туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:1. Табиғат және өсімдіктердің көптүрлілігін қайталап, оқушы ойын бекіту.

2. Оқушыны ойланту өздігінен ізденіске салу, қиялдату, ойын тұжырымдату, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылығын дамыту.

3. Табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: 6

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың формасы: топпен жұмыс

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, ой сергіту, ой түйін, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Сабаққа дайындықтарын тексеру, бір - біріне жақсы тілектер тілеу. Жануарлар суреттері бойынша топқа бөлу.

  1. Өтілгенді қайталау

Ой сергіту

1. Ғалымдардың есептеуі бойынша жер бетінде жануарлардың неше түрі бар?

2. Жануарлардың топтарын ата.

3. Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

4. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы не білесіңдер?

5. Не себепті кей жануарларды санитарлар деп атайды?

6. Қандай жануарларды адамның досы санайды?

7. Ұя салмайтын құс?

8. Құстардың барлығы бірдей балапандарына қамқорлық жасай ма?

Әр топтан екі оқушы жануарлар жайлы мәлімет береді, салған суретін тақтаға іледі.

  1. Топтастыру жұмысы

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы топтастырады.

1. Жануарлардың топтары

2. Жыртқыш жануарлар

3. Үй жануарлары

4 .Ү құстары

Топ басшылары орындаған тапсырмаларын қорғап айтып тақтаға іледі және топ мүшелерінің пікірі тыңдалады.

  1. Жаңа сабақтың мақсат міндеттерін хабарлау

  2. Жаңа сабақ: Жануарлар дүниесін қорғау

Табиғатқа адам әрекетінің әсері ерекше. Адам табиғатта кез келген шаруашылықты жүргізгенде өсімдіктер мен жануарларға әсер етпей қоймайды. Жол салу, үй тұрғызу, мұнай мен газ құбырларын салғанда да жерді қазып, ормандарды кеседі. Мұндай жағдайда өсімдіктер ғана емес, аң, құс, жәндіктер де өз мекен ортасынан ажырайды. Ұсақ жануарлар қырылады. Өздеріне жаңа қоныс іздеп қиналады. Бүгінгі күні жануарларды шектен тыс атудың, аулаудың салдарынан құрып кету қаупі туындап отыр. Мысалы, қазақ жерінде өте ерте заманда жосып жүретін жабайы түйелер, құлан тарпаң, ну қамыстарда мекен ететін жолбарыстардан қазір тұқым да қалмаған. Даламызда, тауларымызда топ - тобымен, үйірімен жүретін арқар, бұғы, қарақұйрық, орман сусары, ақ тырна, құндыз, дуадақ, т.б. жануарларды оңайлықпен іздеп табу қиын.

Табиғат - адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген ортасы және мәңгілік мекені. Қорықтарды көрсетіп түсіндіру.

Біздің халқымыз ежелден өз жерінің табиғатын аялай қорғап, бүгінгі ұрпақ сендерге жеткізді.

Туған жер табиғаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны аялап қорғауға, оның байлығын еселеп арттыруға үлес қосу – сенің де азаматтық борышың т.б.

1.Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс жүргізу

2.Дәптермен жұмыс.

3.« Менің мекенім қайда?» ойынын ойнату.

4. Сәйкестендіру тесті

Суретті мағыналары сәйкес келетін сөздермен сәйкестендіруі тиіс. Әр топ мүшелері сәйкестендіреді, топ басшылары қорғайды.

  1. Сабақты бекіту

Сұрақтарға жауап беріңіз. Жазбаша.

Топтарға сұрақтар беремін жазбаша олар өз жауаптарын жазады.

1. Қазақстан Қызыл кітабына ......... енгізілген. (Жойылу алдында тұрған жануарлар, құстар, өсімдіктер)

2. Заңды бұзғандарға ........... .. ... салынады.

3. « Қызыл кітаптың» түсі ............ . (қызыл)

4. Қызыл түс ................ түс. ( дабылды, ол тірі табиғатты сақтау үшін күресудің белгісі).

5. «Қызыл кітап» қай жылы басылып шықты? (1978)

6. «Қызыл кітап» нені хабарлайды? (Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар туралы ақпарат

  1. . Сабақты қорытындылау

Ауызша сұрақтар беру.

Топ мүшелері жауап береді.

  1. Сен қалай ойлайсың, Қызыл кітапты не үшін ойлап шығарған?

  2. «Құрып кету қаупі бар» деген сөздің мағынасын түсіндір.

  3. Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарларды сақтау үшін сен қандай істі атқарғанды жөн санар едің?

Рефлексия

Тақтадағы пікірлер ағашына оқушылар өз пікірлерін, сабақтан алған әсерлерін жазып іледі.

  1. Үйге тапсырма: Жануарлар дүниесін қорғау оқу және табиғатты қорғау ережесін жазып келу.

  2. Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

Табиғатты сақтаңдар,

Құстарды атпаңдар.

Гүл жайнаған жерімді

Аялаңдар сақтаңдар деген өлең жолдарымен сабағымды аяқтаймын.







Просмотр содержимого презентации
«17.03.2015 жыл. Д#U04afниетану»

Табиғат Тірі табиғат Өлі табиғат

Табиғат

Тірі табиғат

Өлі табиғат

Жануарлар – тіршілік иесі. Сондықтан ауа, қорек, жылу, су, жарық – жануар тіршілігіне ең қажетті жағдайлар.       Жануарлар дүниесі алуан түрлі болып келеді. Жануарлардың түрлілігі жылдан-жылға көбеюде.

Жануарлар – тіршілік иесі. Сондықтан ауа, қорек, жылу, су, жарық – жануар тіршілігіне ең қажетті жағдайлар.     Жануарлар дүниесі алуан түрлі болып келеді. Жануарлардың түрлілігі жылдан-жылға көбеюде.

Үкі мен бүркіт сияқты жыртқыш құстар егіншілік алқабының зиянкесі – тышқанмен қоректенеді. Пайдасымен бірге кейбір жануарлардың зиянды жақтары да бар.

Үкі мен бүркіт сияқты жыртқыш құстар егіншілік алқабының зиянкесі – тышқанмен қоректенеді. Пайдасымен бірге кейбір жануарлардың зиянды жақтары да бар.

Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, жануарларды аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлері мүлдем жойылып та кетті. Халқымыздың ұрпақты табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеті бар. Олар тыйым салатын сөздер мен мақал-мәтелдер.  Тыйым салатын сөздер:     «Көктемде жан-жануарға тиіспе.»   «Аққуды атпайды, киесі ұрады.»   «Үйге кірген жыланның басына ақ құйып, шығарып сал.»   «Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.»   «Құс ұясын бұзба.»   «Малды аяқпен теппейді, балағаттамайды.»   «Мал сатқанда оны ноқтасымен, не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді.»     Мақал-мәтелдер:  «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.»     «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын.»     «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал.»

Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, жануарларды аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлері мүлдем жойылып та кетті. Халқымыздың ұрпақты табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеті бар. Олар тыйым салатын сөздер мен мақал-мәтелдер.

Тыйым салатын сөздер:    «Көктемде жан-жануарға тиіспе.»  «Аққуды атпайды, киесі ұрады.»  «Үйге кірген жыланның басына ақ құйып, шығарып сал.»  «Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.»  «Құс ұясын бұзба.»  «Малды аяқпен теппейді, балағаттамайды.»  «Мал сатқанда оны ноқтасымен, не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді.»    Мақал-мәтелдер: 

«Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.»    «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын.»    «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал.»

Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу түрлері «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген. Ерекше қорғауға жалпы 221 түр, оның ішінде омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған.

Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу түрлері «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген. Ерекше қорғауға жалпы 221 түр, оның ішінде омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған.

Сырдария тасбекіресі – жойылып кетудің қарсаңында тұрған, өте сирек кездесетін балықтың түрі. Ол бұрын Сырдария су алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген. Тасбекіре Қазақстанда өте сирек болатын, ол соңғы 25 жылда Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. Оның ұзындығы 27 см. Мүлдем жойылып кетпес үшін осы түрдің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, қолдан өсіруді жолға қою керек.

Сырдария тасбекіресі – жойылып кетудің қарсаңында тұрған, өте сирек кездесетін балықтың түрі. Ол бұрын Сырдария су алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген. Тасбекіре Қазақстанда өте сирек болатын, ол соңғы 25 жылда Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. Оның ұзындығы 27 см. Мүлдем жойылып кетпес үшін осы түрдің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, қолдан өсіруді жолға қою керек.

Бекіре Каспий теңізінде тіршілік етеді. Оның уылдырығының тағамдық қасиеті жоғары, ол шетелдерге алтынның құнымен сатылады.  Бүркіт – даламыздың сәні. Десек те саны  азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп, оны түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады. Шабыты түскен қырағы бүркіттер қасқырды да алады.

Бекіре Каспий теңізінде тіршілік етеді. Оның уылдырығының тағамдық қасиеті жоғары, ол шетелдерге алтынның құнымен сатылады.

Бүркіт – даламыздың сәні. Десек те саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп, оны түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады. Шабыты түскен қырағы бүркіттер қасқырды да алады.

Қабылан Алтай ар қары Дуадақ Иттелгі,

Қабылан

Алтай ар қары

Дуадақ

Иттелгі,

Үкі .     Үкі

Үкі .

Үкі

Сәйкестендіру          Орман жаңғақтарын жақсы көретін жылдам аң.  Жабайы жануар, мойны мен аяғы ұзын.     Үй жануары, ол бізге сүт береді.       Ауыр жүкті таситын үй жануары . 

Сәйкестендіру

Орман жаңғақтарын жақсы көретін жылдам аң. 

Жабайы жануар, мойны мен аяғы ұзын. 

  Үй жануары, ол бізге сүт береді.   

Ауыр жүкті таситын үй жануары . 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жануарлар д?ниесін ?ор?ау" 3 сынып

Автор: Жумаева Зина Толегеновна

Дата: 07.04.2015

Номер свидетельства: 198171


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства