Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды төрт-түліктің қадір- қасиетімен таныстыру.
Дамытушылық: логикалық ойлауға,салауатты сөйлесуге уйрету, сөздік қорды дамыту, оқушы білімін жинақтау.
Тәрбиелік: тазалыққа баулу,отан сүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Көрнекіліктер: Оқулықтар, тірек-сызбалар, суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушыларды түгелдеу.
Балалардың көңіл-күйіне, денсаулығына назар аудару
Үй тапсырмасын сұрау: 1 Иелік форманы айт. 2 Мысал келтір. 3 Тапсырманы тексеру. 4 Тапсырманы тексеру.
Сөздік:
мата-ткань
көрпе-одеяло
арқан-веревка
киіз-кошма
алаша-дорожка
бесбармақ-бешбармак
тері-кожа
жүн-шерсть
қазы жасайды-делают казы
ою-өрнек-орнамент
Қазақ халқы төрт-түлік малды құт санап, оларды Шекшек ата, Ойсыл-қара, Зеңгі-баба деген йелеріне табынған.
Жылқы йесі- « Қамбар-ата »
Сиыр йесі- « Зеңгі-баба »
Түйе йесі- « Ойсыл-қара »
Қой йесі- « Шопан-ата »
Ешкі йесі- « Шекшек-ата »
Малдың төлін сүюі:
Қой сүйеді баласын « қоңырым » - деп,
Ештеңені білмеген « момыным » -деп.
Сиыр сүйеді баласын « торпағым » -деп,
« Қараңғыға баспаған қорқағым » -деп.
Түйе сүйеді баласын « боташым » - деп,
« Жаудыраған көзіңнен тоташым » -деп.
« Ешкі сүйеді баласын лағым » -деп,
« Тастан тасқа секірген шұнағым » -деп.
Жылқы сүйеді баласын « құлыным » -деп,
« Тұлпар болып жүгірер жұрыным » -деп.
Төрт-түліктің пайдасы:
Жылқының пайдасы-ол біз оның етін жейміз, көлік ретінде мінеміз және сүтін ішеміз, сүтінің аты-қымыз деп аталады.
Сиырдың пайдасы-сүтін ішеміз, айран жасаймыз, құрт жасаймыз және де етін жейміз.
Түйенің пайдасы-бұл жануарды ерте заманда ата-бабаларымыз көшкенде жүктерін артқан. Және оның сусынын
ішеміз-ол - қымыран деп аталады.
Қойдың пайдасы-саусақ сүт болады, жесек ет болады. Және де қойдың басын біз қадірлі қонақтарға ұсынамыз. Ешкі де осындай, саусақ сүт, жесек ет.
Төрт түлікке байланысты тыйым сөздер:
Малды теппе,
Ақты төкпе.
Малды басынан ұрма,
Малды теріс мінбе.
Дәптермен жұмыс:
1-тапсырма:
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құраңдар.
Мата, көрпе, арқан,киіз, алаша, бесбармақ, қолғап, пима, қазы жасайды, ою-өрнек.
Кітаппен жұмыс:
2-тапсырма :
Сызба бойынша сөйлесу.
1) Жүннен не жасайды ?
Қосымша жаттығу орындау.
Сөйлемді дұрыс орнына қойып жазу:
1. Сүт, берді, Айгүл, лаққа.
2 . Өріске, жайды, малды, малшылар.
3. Шөп, жем, берді, Асан, малға.
1 Екі өркешті жануар. 2 Қыс мезгілінен кейінгі мезгіл. 3 Ешкінің төлі қалай аталады? 4 Қаладағы көше қозғалысын реттеуші. 5 Ең жақсы баға. 6 Иіс сезу мүшесі.
Жұмбақтарды шешу.
Кішкентай ғана бойы бар.
Айналдырып киген тоны бар.
Кезікті бір жануар.
Үстінде екі тау бар.
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Бірақ сақалы тағы бар
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар.
Бір шыбыртқысы бар.
Сабақты қорыту:
Сұрақ-жауап арқылы, оқушылар ойын пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтап-мадақтау, ынталандыру. Сөзжұмбақты жақсы айтып, толық қатысып отырғандарды мақтап-мадақтау.
Үйге тапсырма:
Малдың төлін сүюін мәнерлеп оқу. 81-бет, 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазу. Йелік формада тұрған сөздердің астын сызу.