kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "Аяулы анашым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Аяулы анашым.

Ма?саты: о?ушыларды? ата-ана  алдында?ы  парыз  бен  ?арыздары  туралы  т?сінік  беру.Мейірімділікке,сый-??рметке  т?н  жа?сы  ?асиеттерді  ?алыптастыру.

   О?ушыны?  бойында?ы  ?нері  мен дарындылы?ын  аны?тау,жетілдіру  Хал?ымызды? салт- д?ст?рін  бойларына  сі?іру.Адамгершілікке,

 имандылы??а  т?рбиелеу.

К?рнекілігі: даналы?  с?здер,шар,г?л, к?н, слайдтар,?уенді  санды?.

Саба?ты?  барысы:

 I. Психологиялы?  дайынды?.

?уанамын  мен де

?уанасы? сен де,

?уанайы? достарым!

Арайлап ат?ан к?нге!

2. Топ?а  б?ліну

1-топ: « Наурыз »

2-топ: « С?уір»

3-топ: « Мамыр»

3. Ережемен  таныстыру.

1.М??алімге  ба?ыну.

2.Топ  м?шелері  бірін-бірі  ты?дау.

3.Берілген  уа?ыт?а  ба?ыну.

4.На?ты  с?йлеу.

5.Зейін  ?ойып  ты?дау.

6.Жа?сы  пікірлерді ?ошеметтеп  ?ол со?у.

7.Орта?  пікірге  келу.

4.Сайысымызды?  ба?дарламасы

(9 б?лімнен  т?рады.)

 1. Ана туралы ?ле?дер айту

2. Ма?алды? жал?асын тап.

3. Шеберді? ?олы алтын

4. Баланы? бас ?стазы-ата-ана

5.Бейнеролик

6. К?рініс

7.Шы?армашылы? ж?мыс

8.Топ басшыларыны? сайысы

9.Ойын: «Мені? анамны? ?ні»

I  Ана туралы  ?ле?дер  айту.

1- топ:

Д?ниедегі  е?  арда?ты  асыл  жан,

Анам  мені?  м?пелеген  жасымнан.

Мен  ?уансам ?уанады  ол  бірге,

Мен  ?иналсам  табылады  ?асымнан.

Ма?ан  ?ымбат  жан  жо? сір? анадан,

Бар  жа?сылы?  аналардан  тара?ан.

Жер  бетіне ?мір  н?рін  себуші,

Ана  алдында  борышты  ?ой  бар  адам.

Ана  т?рса ??ша??а  алып  баласын,

Ба?ыт,  шатты?  белгісіндей  жарасым,

?аба?ы?ды  кірбі?  шалмай  ?мірде,

?уаныш?а  кенеле  бер, анашым.

Мен  ананы  шуа?ы мол  к?н  деймін,

Анадан  зор ??діретті  білмеймін,

Анам  ыл?и  ?ам?ор  болып  ж?реді,

Сонды?тан да  жылда т?леп  г?лдеймін.

Аяулы  да  алтын  н?рлы  анашым,

Ж?регімнен  м??гі  бірге  боласы?.

Сен  ас?арсы?,сен аспансы?,биіксі?,

Сен  дархансы?,сен  жомартсы?, данасы?.

Ана   деген –асыл  жандар  болаттай,

Ана  деген-  м?лдір  жандар  б?ла?тай.

О,адамдар, ?адірлей  біл  ананы,

Жат  ?ылы??а  а?ыл- ойды  тонатпай.

Ана десем  сезім  билер  тым ысты?.

Жарасымды  адамдар?а  туысты?,

Берсе  барлы?  адам?а  ана  мейірін

Орнар  еді  бар  ?лемге  тынышты?.

Ана  ?мір  бастауы  м?лдіреген,

Табындыр?ан  ?лемді  мейірімімен.

Отан  ана, жер ана, жан?а  пана,

Бар  тіршілік  иесі  т?сін  емген.

Жан –жануар,?сімдік  балалары,

Жер ана?а  ?лемі  к?рік  берген,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Аяулы анашым"»

Тақырыбы: Аяулы анашым


Мақсаты: оқушылардың ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.Мейірімділікке,сый-құрметке тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын анықтау,жетілдіру Халқымыздың салт- дәстүрін бойларына сіңіру.Адамгершілікке,

имандылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: даналық сөздер,шар,гүл, күн, слайдтар,әуенді сандық.


Сабақтың барысы:

I. Психологиялық дайындық.


Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлап атқан күнге!


2. Топқа бөліну

1-топ: « Наурыз »

2-топ: « Сәуір»

3-топ: « Мамыр»


3. Ережемен таныстыру.

1.Мұғалімге бағыну.

2.Топ мүшелері бірін-бірі тыңдау.

3.Берілген уақытқа бағыну.

4.Нақты сөйлеу.

5.Зейін қойып тыңдау.

6.Жақсы пікірлерді қошеметтеп қол соғу.

7.Ортақ пікірге келу.


4.Сайысымыздың бағдарламасы

(9 бөлімнен тұрады.)


1. Ана туралы өлеңдер айту

2. Мақалдың жалғасын тап.

3. Шебердің қолы алтын

4. Баланың бас ұстазы-ата-ана

5.Бейнеролик

6. Көрініс

7.Шығармашылық жұмыс

8.Топ басшыларының сайысы

9.Ойын: «Менің анамның үні»

I Ана туралы өлеңдер айту.


1- топ:

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші,

Ана алдында борышты ғой бар адам.


Ана тұрса құшаққа алып баласын,

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым,

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,

Қуанышқа кенеле бер, анашым.

Мен ананы шуағы мол күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеймін,

Анам ылғи қамқор болып жүреді,

Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін.


Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегімнен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың,сен аспансың,биіксің,

Сен дархансың,сен жомартсың, данасың.


Ана деген –асыл жандар болаттай,

Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл- ойды тонатпай.

Ана десем сезім билер тым ыстық.

Жарасымды адамдарға туыстық,

Берсе барлық адамға ана мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық.


Ана өмір бастауы мөлдіреген,

Табындырған әлемді мейірімімен.

Отан ана, жер ана, жанға пана,

Бар тіршілік иесі төсін емген.

Жан –жануар,өсімдік балалары,

Жер анаға әлемі көрік берген,

Отан –Ана, ел-ана.Бәріміз де.


2-топ:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағың –аясында гүл бақтың.


Мен өзііңмен қайда болсам біргемін.

Махабаттың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай –жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.


Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың ,ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым.

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам.

Айналайын ақ анам!

Ана- көркі көгімнің,

Ана- нұры жерімнің.

Ана- баға баланың,

Мақтанышы елімнің!

Ана -өмірдің қуанышы, тірегі.

Бала-оның жұбанышы, жүрегі,

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Олар дәйім тыныштықты тіледі.


3-топ:

Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары,

Ана деген теңдесі жоқ жақсы адам.


Өмірге ана –бұлақ, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Талай ер,талай ақын, талай дана

Ана!Ол біздің елде ардақты адам.


Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген- бәтерегі өмірдің.

Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.


Ана – жұмақ,мен-шуақ,саябағы.

Ана –шырақ, мен –сұрақ ,санадағы.

Ана- теңіз,мен құрақ тербетілген.

Ана-бұлақ,мен құрақ жағадағы.

О, анашым, таянышым,тірегім,

Бар бақытты бір басына тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Туған жерім, жайнап тұрған даламның,

Өзіңе деп гүлін үзіп аламын.

Жүрек сырын, өзіңе арнап жинадым.

Міне гүлім! Мен де гүлдей балаңмын.

II.Мақалдың жалғасын табу.

1-топ:

1. Гүл өссе - жердің көркі,

---------------------------------.( Қыз өссе - елдің көркі.)

2. Ағайын алтау,

-------------------. ( Ана біреу.)

3. Атасыз үй батасыз,

---------------------------. (Анасыз үй панасыз.)

4. Ана сүтін мақтамағанды,

--------------------------------. ( ешкім жақтамайды.)

5. Атадан өсиет,

------------------. (Анадан қасиет.)

6. Ата –ана қадірін,

---------------------. ( Балалы болғанда білерсің.)

7. Ана алдында - құрмет,

---------------------- -. ( Ата алдында- қызмет.)


8. Ананың көңілі балада,

-----------------------------. ( Баланың көңілі далада.)


2-топ

1. Әке сөзі - парыз,

--------------------- . ( Ана сөзі – қарыз.)

2. Ананың сүті - бал,

------------------------. (Баланың тілі -бал.)

3. Алып анадан туады,

------------------------. ( Ат биеден туады.)

4. Ана сүті бой өсіреді,

----------------------- . ( Ата тілі ой өсіреді.)

5. Анасыз өмір -

--------------. (сөнген көмір.)

6. Баланың білегі ауырса,

---------------------------. ( Ананың жүрегі ауырады.)

7. Баланың ұяты - әкеге,

----------------------------. (Қыздың ұяты - шешеге.)

8.Жақсы бала – сүйік,

-------------------------. ( Жаман бала - күйік.)


3-топ.

1. Ата көрген оқ жонар,

----------------------- ---. ( Ана көрген тон пішер.)


2 Балалы үйдің ------------------ (ұрлығы жатпас.)

3.Балалы үй базар,

----------------------. (Баласыз үй ку мазар.)


4. Ағайынның алтын лашығынан,

------------------------------------------. (Ананың жыртық лашығы артық.)


5.Ананыңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да,

-----------------------------------------------( Қарызынан құтыла алмайсың.)

6. Ата - балаға ---------. ( сыншы.)

7. Баланың бас ұстазы ---------. (ата-анасы.)

8. Бала - адамның бауыр -----------( еті.)



III.Қол өнер сайысы.

Әр топ өздері қолдарынан гүл жасау.

IV. Ата-анаға сұрақтар:


1. Қазақтың үш биін ата? (Төле,Қазыбек,Әйтеке )

2. Шашалып қалған адамға не дейді? (май қап)

3.Үш байлықты ата? (Денсаулық,ақжаулық, бессаулық)

4.Үш арсызды ата? (Ұйқы,күлкі, тамақ)

5.Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай?(Сақинаға тас қойылмайды)

6.Бес асылды ата? (Талап,еңбек, терең ой,қанағат,рахым)


V.Бейнеролик.

VI.Көрініс.


Үш топтың көрінісі:


1-топ «Әже мен немере»

2-топ « Дана қарт пен бала»

3-топ « Әжесі мен Бағлан»

VII.Шығармашылық жұмыс.


*** - өмір шырағы, (Ана)

*** - өмір бұлағы. (Ана)

********** жыр әні, (Бесігімнің)

********* тұрады. (Жүрегімде)


VIII. Топ басшыларының сайысы:


1-топқа.

1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (Бәйшешек)


2.Қазақша жыл басы қай айдан және қай күннен басталады? (22 наурыз)


3.Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны?( шелпек)


4.Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек?(түсте)


5.Мойынға тағатын әшекей?(алқа)


6. Дүниеде не жетім? (Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтылған сөз жетім)


7.Анаңның туыстары қалай аталады? (нағашы)

8.Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады? (Кереге)

9.Бала тәй-тәй басқанда жасайтын той. (Тұсаукесер)

10.Сөздің көркі не? (Мақал)



2-топ

1.Шашқа тағатын әшеке. (Шашбау)

2. Отбасының береке ұйтқысы кім? (Ана)

3.Көкөністен жасалатын салқын тағам. (салат)

4. 31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)


5.Не тәтті?Не қатты?Не жұмсақ? (Ананың алақаны,

Ананың сүті тәтті,

Әкенің жүрегі қатты.)


6.Қуанышты хабар жеткізгенде не сұралады? (сүйінші)

7. Күйші ана кім? (Дина)

8. Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады? (7)

9.Далада өсетін ақ ұлпа зат. (Мақта)

10.Іс тігетін құрал.(Ине)


3-топ

1.Қыздың бұрымы дегеніміз не? (Өрілген шаш)

2.Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. ( салфетка)


3.Достық нешеу? (екеу) 1-амал,2 –адал.

4.Біз кімдерді гүлге теңейміз? (қыздарды)

5.Дастарханға әкелетін ең қадірлі ас? (нан)

6.Соғысқа қатысқан қандай батыр қыздарды білесің? (Әлия,Мәншүк)

7. Сәби дүниеге келгенде қандай той жасалады? (шілдехана)

8. Қазақтан шыққан алғашқы ғарышкер кім? ( Т.Әубәкіров)

9Суда туып,құрлықта өмір сүреді? (Бақа)

10.Малдың сүтінен жасалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам? (Құрт)



IX. Ойын: «Менің анамның үні»

X.Хор: « Ақ мамам»


Сабақты қорытып ,аяқтау.
























Мақал-мәтелдерді аяқтау жарысы


1-топ


1. Гүл өссе - жердің көркі,

---------------------------------.( Қыз өссе - елдің көркі.)


2. Ағайын алтау,

-------------------. ( Ана біреу.)


3. Атасыз үй батасыз,

---------------------------. (Анасыз үй панасыз.)


4. Ана сүтін мақтамағанды,

--------------------------------. ( ешкім жақтамайды.)


5. Атадан өсиет,

------------------. (Анадан қасиет.)


6. Ата –ана қадірін,

---------------------. ( Балалы болғанда білерсің.)


7. Ана алдында - құрмет,

---------------------- -. ( Ата алдында- қызмет.)


8. Ананың көңілі балада,

-----------------------------. ( Баланың көңілі далада.)








2-топ


1. Әке сөзі - парыз,

--------------------- . ( Ана сөзі – қарыз.)


2. Ананың сүті - бал,

------------------------. (Баланың тілі -бал.)


3. Алып анадан туады,

------------------------. ( Ат биеден туады.)


4. Ана сүті бой өсіреді,

----------------------- . ( Ата тілі ой өсіреді.)


5. Анасыз өмір -

--------------. (сөнген көмір.)


6. Баланың білегі ауырса,

---------------------------. ( Ананың жүрегі ауырады.)


7. Баланың ұяты - әкеге,

----------------------------. (Қыздың ұяты - шешеге.)


8.Жақсы бала – сүйік,

-------------------------. ( Жаман бала - күйік.)





3-топ.


1. Ата көрген оқ жонар,

----------------------- ---. ( Ана көрген тон пішер.)



2 Балалы үйдің ------------------ (ұрлығы жатпас.)


3.Балалы үй базар,

----------------------. (Баласыз үй ку мазар.)


4. Ағайынның алтын лашығынан,

------------------------------------------. (Ананың жыртық лашығы артық.)


5.Ананыңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да,

-----------------------------------------------------.( Қарызынан құтыла алмайсың.)


6. Ата - балаға ---------. ( сыншы.)


7. Баланың бас ұстазы ---------. (ата-анасы.)


8. Бала - адамның бауыр -----------( еті.)


9. Талапты бала- --------------- ( талпынған құстай.)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Та?ырыбы: "Аяулы анашым"

Автор: Таскалиева Найла Рахымовна

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 314166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства