Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік т??ырым" интеллектуалды? топты? сайыс.»
Сайыс тақырыбы:
«Тәуелсіздік тұғырым»
Мақсаты:
Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Оқушыларды 16 желтоқсан – ҚР-ның тәуелсіздік күніне байланысты алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру.
Интеллектуалдық топтық сайыс
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!Сайыстан тыс қалмаңыздар!Мұнда қызық табылар,Білім нұры шашылар.Ақыл, тілі дамыған,Үлгі алайық балалардан!
Көңілді тапқыштар, алғырлар,Бар өнерін алдарыңа салады.Кім білімді, көп оқыған болса егер,Бүгінгі күн жеңімпазы болады
Әділқазы алқасына бір сәлем!Әділдікке бас иеді күллі әлем!Жүйрік озар сайыстарда неше бір.Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
1. “Сұрақтар әлеміне саяхат”2. “Мақал - сөздің мәйегі ”3.“Ойнайық та ойлайық”4. “Мәнерлеп өлең оқу”5.Топтық жұмыс «Болашақ Қазақстан»суреттер салу”
6. «Рефлексия Бәйтерекке тілек жазу”
Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Бүгін осы сайыста жеңіске жет, Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
І - кезең.
“Сұрақтар әлеміне саяхат”
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Тәуелсіздік тобы
1.Қ.Р.-ның Президенті кім?
2.Қ.Р.-ның рәміздері қалай аталады?
3.Тудың авторы кім?
4.Туда нелер бейнеленген?
5.Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім?
Бейбітшілік тобы
1.Сенің Отаның қалай аталады?
2.Елтаңбаның авторлары кім?
3.Қазақстан қандай мемлекет?
4.Елтаңбада нелер бейнеленген?
5. 16 – желтоқсан қандай мереке?
Қазақстан тобы
1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды ?
2.Әнұранның авторлары кім?
3.Қазақстанның қай қаласында тұрасың?
4. 1 – желтоқсан қандай мереке?
5. Тәуелсіздікке қатысқан қазақ жастары кімдер?
II - кезең. «Мың бір мақал»Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Туған жердің күні де ыстық,...
Түні де ыстық.
Туған елдей ел болмас.
Туған жердей жер болмас, …
Ормансыз бұлбұл.
Отансыз адам-,...
алтын бесік
Ел іші ,...
елі бай
Жері байдың ,...
Ер туған еліне
Ит тойған жеріне, ....
Өлең төсегім
Өз елім-,...
Отан-,...
оттан да ыстық
Ормансыз бұлбұл
Отансыз адам,
шипа
Туған жердің ауасы да
III- кезең. «Ойнайықта ойлайық»Бұл сайыста әр топқа сөзжұмбақтар беріледі.
ІV-кезең. Мәнерлеп өлең оқу.Әр топтан бір оқушы шығып жатқа мәнерлеп өлең шумақтарын айтады.
V-кезең. Топтық жұмыс.«Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН»
Сурет арқылы сипаттау.
VІ-кезең. Рефлексия.Сайыстан алған әсерлері.
Тауды биік деме сен, Талаптансаң, шығарсың. Қарсылас мықты деме сен, Білімді болсаң, шығарсың