kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Мемлекеттік р?міздер – т?уелсіздік м?ртебесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Туымыз туралы:

Мемлекеттік туымыз біры??ай к?гілдір т?сті.Б?л т?с т?бедегі б?лтсыз ашы? аспанды елестетеді.Б?лтсыз ашы? аспан ?р?ашан да бейбітшілікті?,тынышты?пен жа?сылы?ты? нышаны.К?к т?с –?аза?стан хал?ыны? бірлік,ынтыма? жолына адалды?ын білдіреді.

Н?р?а малын?ан алтын к?н тынышты?пен байлы?ты бейнелейді.К?н –?оз?алыс, даму,?сіп ?ркендеуді?,?мірді? бейнесі.?анаты? жай?ан ?ыран ??с –бар н?рсені? бастауындай,билік,айбындылы? бейнесі.К?нні? астында?ы ?алы?та?ан ?ыран елді? еркіндік с?йгіш ас?а? рухын,?аза? хал?ыны? жан д?ниесіні? ке?дігін жария етеді.А?аш сабына бекітілген т?ста?ы тік жола? ?лтты? оюлармен ?рнектелген.К?н, ?ыран,ою -?рнек алтын т?сті. ?аза?стан Республикасы мемлекеттік туыны? авторы- суретші Ш?кен Ниязбеков.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Мемлекеттік р?міздер – т?уелсіздік м?ртебесі"»

Тақырыбы:Мемлекеттік рәміздер –тәуелсіздік мәртебесі


Мақсаты:Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып үйрену.Әрбір белгісін түсіндіру,мағынасын ашу.Оқушыларды ел рәміздерін қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздері суреттері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Қазақстан –егеменді ел,тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған ел

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел

Шартарапта шаттығындай азат күн

Ғасыр сүйіп тұрғандай ғажап күн!

Көк байрағы Елтаңбасы бірлігі

Шалқи берсін әнұраны қазақтың

Әнұран айтылады

«Шаттық шеңбері» оқушылар шеңбер бойны тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады

Қазақстан туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.

Кіріспе:

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Биыл 23 жыл .Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

Туымыз туралы:

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің ,тыныштықпен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Нұрға малынған алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

Гүлназ:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы

Ақ ниеті алтын күн,

Асқақ арман қыраны

Мәртебесі мақтаны

Елтаңбамыз туралы:

Елтаңба негізі –Шаңырақ ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күнбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлділі,ер-азаматтың сәйгілігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақытпен кеңістікті біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсің»деген асыл арқаны арқалап тұр.«Қазақстан»жазуы қазақ елінің айғағы.

Елтаңбаның авторлары- Ж .Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.

Самғат: Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт,әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортадла аспан әлемі

Құт,береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты құс қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Тәуелсіздік жолвнда

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім елтаңбам

Әнұранымыз туралы

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.

Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жүмекен Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.

Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков,Жүмекен Нәжмиденов ,Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік мекемелерден мектептерден көруге болады ^ Оқушылар өз өлеңдерін оқыды.

Мемлекеттік Елтаңба,мемлекеттік Ту,Қазақстан туралы.

Рәміздерді құрметтеу,қастерлеу баршамыздың борышымыз.Әнұран сөзің жатқа білу міндетіміз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

.Сурет арқылы көрсету.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Ән: «Атамекен» Орындайтындар: Исламбек,Самғат,Бекболсын

Өлең шумақтары:

1-оқушы:

Отан дейміз –кең байтақ Астананы

Жасыл жайлау,жаңа жол,жас қаланы

Отанның шеті де жоқ,шегі де жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

2-оқушы:

Келеді осылай аңсаған күніміз де,

Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге

Қайта оралды сан ғасырлы қиындықтан,

Қасиетті тіліміз бен дініміз де

3-оқушы:

Аман бол,жаңа ғасыр-жаңа заман,

Аман бол,жаңаша күн жарқыраған

Азат күн,арман ғасыр,мәңгі паш ет,

Қазақтың қасиетті ел екенін

4-оқушы:

Далада думан,қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім,

Жасай бер,жаса асқардан аса бұлбұлым,

Тәуелсіз Қазақстаным!

5-оқушы:

Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік,

Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын еттік.

Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік,

Қысқасы тәуелсіз ел болудың ең қиын белесінен өттік.

6-оқушы:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер,атамекен,

Биік тау, орман-тоғай елімізді

Қорытындылау: Егеменді еліміздің болашағы жарқын.Өткені сендер егемен елде бейбітшілікте өмір сүресіңдер.Ендеше біздің Қазақстанымыз көркейе берсін.Отанымыз жайнай берсін. Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Жаса қазағым» әнімен аяқтаймыз.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "Мемлекеттік р?міздер – т?уелсіздік м?ртебесі"

Автор: Талмурзина Маржанк?л ?мбетбай?ызы

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318682


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства