kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сын т?р?ысынан ойлау т?жырымдамасы негізінде о?ушыларды? о?у жетістігін ба?алау ерекшеліктері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

сын т?р?ысынан ойлау негізінде о?ушыларды? о?у жетістіктерін ба?алау ерекшеліктері жобасы 4 кезе?нен т?рады. б?л баяндамады о?ушыларды? саба? барысында жетістіктерін ?алай ба?алау жолдары жайында берілген. эссе ар?ылы ба?алау, о?ушыларды? ?зін ?зі ба?алауы, о?ушыларды топпен ба?алау,  жек о?ушыны? білім де?гейін ба?лау жайлында берілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«сын т?р?ысынан ойлау т?жырымдамасы негізінде о?ушыларды? о?у жетістігін ба?алау ерекшеліктері. »

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Бухарбекова Алтынай Тәуекелқызы.

Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебі.


Жоба мақсаты: Білімнің негізгі ірге тасы бастауыш мектептен қаланатындықтан бастауыш

мектеп ұстаздарының арасында да бағалау жүйесі туралы түсінік беру.

Міндеттері: 1. Оқушы білімін бақылаудың мазмұнын, әдісін анықтау.

2. Сыныптағы оқушылардың мүмкіндіктерін саралау.

3. Мұғалінің бағалауы, сыныптастардың оқушыны бағалауы және оқушының

өзін-өзі бағалау әдістерін жетілдіру.

4. Мұндай дәрежеге жету үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас,

сенімділік, оқушы бойындағы жауапкершілік, шындық пен әділдік

қасиеттерінің болуын реттеу.

5. Пән бойынша нақты деңгейді анықтау.

Жобаның даму кезеңдеріне сипаттама.

І кезең. 2007-2008 жж. Іздену кезеңі

ІІ кезең. Еңгізу кезеңі. 2008-2009 жж.

ІІІ кезең. Бақылау кезеңі. 2009-2010 жж.

IV кезең. Қорытынды кезең. 2010-2011 жж.

І кезең. 2007-2008 оқу жылы.

Іздену кезеңінің мақсаты:

  • білім саласындағы жаңарулар мен одан күтілетін нәтижеге жетуді бағалау жүйесін қарастыру; ақпараттық картотека жасау; бақылаудың мазмұны мен әдісін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Өзінің жауапкершілігін түсіне алатын, айтылған сынды көтере алаты, жауапкершілігі мол, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы қатынастарын бойына сіңірген, өзін-өзі бағалай білетін тұлға даярдау.

ІІ кезең. 2008-2009 жж

Еңгізу кезеңінің мақсаты:

  • Қазіргі заман талаптарын ескере отырып оқушының оқу жетістіктерін бақылауда енгізу.

Күтілетін нәтижесі:

Мұғалімнің бағалауының әділдігін, оқушылардың оқушыны бағалауын қабылдайтын және өзін-өзі бағалау әдісін тұлға даярлау.


ІІІ кезең. Бақылау кезеңі. 2009-2010 жж.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімін бақылаудың түрлеріне күнделікті бақылау, тақырыптың бақылау, қорытынды бақылау және текксерудуң бұл көрсетілген түрлері. Аузша және жазбаша болу мүмкіндігі қарастырылады.


Күтілетін нәтижесі:

Тесеру мен бағалауды жаңа технологиялық әдіс-амалдырын ойластыра отырып өмір сүруге үйренген, дайын бейімді тұлға тәрбиелеу.


IV кезең. Қорытынды кезең. 2010-2011 жж.

Мақсаты:Оқушылардың жетістік деңгейін бақылау және бағалау үшін сабақтағы белсенділікті байқау. Оқушылармен ата-аналармен сұхбат, педагогтардың басқа пәндер бойынша сарапшылық бағалары сияқты тәсілдер қолдану.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың сабақтағы негізгі сипатын бағалауда тойымдық белсенділігі зор, шығармашылықпен және өз бетінше әрекет ете білетін тұлға даярлау.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың білімін педагогикалық бақылау және бағалау жүйесіне дайындау – көп қырлы мәселе. Оқу үрдісінің табысты болуы осы мәселені шешумен тікелей байланысты.

З. Д. Жуковская оқушылардың білімін бақылау үрдісі болашақ мұғалімнің педагогикалық әрекетінің ең қиын элементі болып табылады, себебі ол білім беру, тәрбиелеу мәселелерін шешуге бағытталады, сондықтан да болашақ мамандарды дайындауда оған көп көңіл бөлінуі керек деп атап өтеді.

«Диагностика түсінігіне оқушылардың білімін, икемділігін және дағдыларын тексеру» түсінігіне қарағанда көбірек мағына бар. Соңғысы нәтижелердің қайдан шыққанын түсіндірмей, тек қана анықтайды.

Диагностика бақылауды, тексеруді бағалауды (баға), статистикалық мағлұматтардың жинақталуын, олардың сарабын, динамика, тенденция, дидактикалық үрдісті болжауды анықтауды қосып алады.

Тексеру - білімді, икемдік пен дағдыны игеруді бақылауға арналған әрекеттер мен операциялар жүйесі.

Өз мәні бойынша бақылау кері байланысты орнатуды қамтамасыз етеді, яғни, оқушылардың оқу әрекеті нәтижелері бойынша мәліметтер алу. Оқытушы-оқушы қандай қай көлемде білімді игергенін, оның жаңа ақпаратты қабылдауға дайындығын анықтайды. Сондай-ақ ол оқушының өзіндік оқу әрекетінің сипаты туралы мәлімет алады. Бақылау, сонымен бірге оқытушыға өзінің жұмысы қаншалықты жемісті болғанын, педагогикалық үрдіс қабілеттерін оқыту мақсатында ойдағыдай қолдана білгендігін де көрсетеді.

Бақылаудың түрлері, формалары мен әдістері.

Оқыту үрдісінде бақылауға қойылатын талаптар төмендегілер:

  • бақылаудың жеке сипаты. Бақылау әр оқушының жұмысы оның жеке тұлғалық әрекетінен жасалуы тиіс. Жеке оқушылардың оқу нәтижелерін ұжым жұмысының қорытындыларымен немесе керісінше ауыстыруға жол бермеуі тиіс;

  • жүйелік оқытудың үрдісінің барлық сатыларында бақылаудың жүйелілігі; оның оқу жетістіктерінде психологиялық демеу ретінде қабылдануы мүмкін. Сондықтан субъектілі бағалау пікірлерінің бәрі қате ретінде қарастырылмайды.

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеуге үйрету міндетері оқу-танымдық процестің барлық кезеңдеріне зерттеу әдістерін енгізу, оқу және оқудан тыс ізденісті-шығармашылықты іс-әрекеттер ұйымдастыру арқылы шешіледі. Сонда оқушы іс-әрекет мақсатын анықтауға қатысады, өзі үшін жаңа болып табылатын білім көзін ашады, мәселені шешу жолдарын таңдайды, яғни оқыту субъектісіне айналады. Ал мұғалім оқушыға оқу міндеттерін анықтауға көмектеседі, ізденімпаздықпен, инициативамен жұмыс істеу үшін жағдай жасайды, ұсыныстар айтады, яғни оқушының серіктесіне айналады.

Оқып-үйрену үрдісі барысында оқушы:

  • мұғаліммен (яғни, мұғалімнің сұрағына жауап бергенде);

  • өзге оқушылармен (жұптасқан жұмыс барысында);

  • шағын топтармен (рөлдік ойындар, дебат, сыныптық талқылулар т.б.);

  • оқушылар және жұртшылық тобымен (әлеуметтік сауалнама жүргізуде);

  • кейбір техника түрлерімен (мысалы, компьютер өзара қарым-қатынас жасайды).

Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ізденімпаздығы Мен мұны жасау аламын және білемін», «Мұны мен тіпті білмеймін, білуім керек», «Мұны мен толық білмеймін, бірақ әлі де түсініп алуым керек» - сияқты өзіндік бағалау әрекеттерінен, қабілеттіліктерінен байқалады. Алғашқы 1-2 оқу апталығында-ақ 1-сынып оқушысында бақылау-бағалау қабілеттері қалыптаса бастайды. Сабақ үстінде-ақ мұғалім оқушылармен бірлесіп кез-келген әрекетті бағалау критерийлерін анықтайды. Оқушының өзін-өзі бағалауынан кейін оның әрекетін мұғалім сол критерий бойынша бағалайды. Бұдан барлық адамның бағалауы бір-бірімен үнемі сәйкес келе бермейтіні оқушылар түсіне бастайды және олар әр түрлі көзқарастарды ескере білуге үйренеді. Одан кейін бақылау мен бағалаудың тәсілдерін, техникаларын әр бір оқушы меңгеретіндей жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар берілген эталонмен, алгоритммен, жекелеген тапсырмаларды орындауда бағалау критерийлерін бөліп көрсетумен, өзара бақылаумен және өзара бағалаумен, сынып бойынша оқушылардың әрқайсысымен жетістіктерін және проблемаларын бөліп көрсету біліктерімен жұмыс істейді.

Оқу әдісінің нәтижелерін бағалау және есептеу.

Оқушылардың оқу-танымдық әрекеті оның бағасында көрінеді.

Бағалау- бұл білім, икемділік пен дағдыларды игеру дәрежесін анықтау.

Бағалаудың сандық көрінісі баға болып табылады.

Қазіргі кезге дейін педагогикалық практика ғана емес, дидактикалық та, әдістемелік те, әдебиет те «бағалау» мен «баға» терминдері синоним деп қабылданады. Жиі бағалау дегенді ойлап тұрып, баға дейді, бірақ «бағаалау» мен «баға» түсініктері жақын болғанымен бірдей емес.

Бағалау - бұл оқушылардың білімін, икемділігі мен дағдыларының сан және ұпай түрінде шартты сандық көрінісі. Мысалы, ол ауызша құптау немесе құптамау, алғыс білдіру, марапаттау болып табылады.

СТО дамыту жобасындағы баға берудің стратегиясын пайдалана отырып, баға берудің жаңа түрін өз іс-тәжірибемде әдебиеттік оқу пәнінде қалай іске асырудамын, сол туралы бөліскім келеді.

Қазіргі таңда өз практикамда мынадай бағалау критерийін қолданамын: эссе арқылы, партфолио, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау.

Эсссені тіл дамыту, әдебиеттік оқуда жаздырып бағыт беріп отырдым. Нәтижесінде оқушылар ойындағы пікірін, айтқысы келген ойларының түйінін эссеге өысқаша жаза білуді үйренді. Оқушылардың эсселерін бағалау критерийімен бағалайтын болсам, алғашқы кезде жазған эссенің қорытындысы бойынша: сыныбымда 25 оқушы бар.

  • оның толық жеткізгені 20 % - 5 оқушы

  • ойын толық жеткізбесе де белгілі бір аргументтері бар 40% - 10 оқушы

  • ойын жеткізе алмаған – 40 % - 10 оқушы

Ал кейіннен алынған эссенің қорытындысы бойынша

  • барлық талапқа сай 56% - 14 оқушы

  • ойын толық жеткізбесе де, жеткізуге тырысқыны, яғни қандай да бір аргументі бар - 44% - 11 оқушы

Алғашқы эссе

Соңғы эссе

Бағалаудың келесі түрі - партфолио арқылы тексеру. Мұндағы мақсат – оқушының портфолосынан сын тұрғысынын ойлайтынын дәлеледейтін жұмыстарды көру. Олар өлеңдер, венн диаграммалары, семантикалық карта, түсіндірме күнделігі т.б.

Оқушыларды өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйрету барысында әдебиеттік оқу пәнінде өзін-өзі бағалау критерийлерін пайдаландым.

Баға

Оқушылардың іс-әрекеті

«3»

Оқыдым, белгіледім, кесте толтырдым, сұрақ қойдым

«4»

Оқыдым, белгіледім, кесте толтырдым, сұрақ қойдым, сұрақтарға жауап бердім

«5»

Оқыдым, белгіледім, кесте толтырдым, сұрақ қойдым, сұрақтарға жауап бердім, сабақты қорытындыладым, автордың негізгі ойын айту


Жаңа тақырып өткен кезде тақырыпты меңгеру деңгейін өздеріне бағалатуға болады.

Өзін-өзі бағалау кестесі.

Тақырып

Түсінгенін бағалау

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Ертең мен бүгін

۷




Топ жетекшісінің бағалау кестесі

І топ

Оқушы

Топтың жұмысқа қатысуы

Мәтінді оқуы

Бөлікке бөлу

Сұраққа жауап

Кейіпкерге мінездеме

Сабақты қорыту

Мұғалімнің бағасы

Әбдеш А.

+

-

+

+

-

4


Мұндай кесте мұғалімнің уақыты жетпей жатқан кезде өте тиімді. Бұл кестені әр топ жетекшісі немесе оның көмекшісі толтырады.

Еліміздің жаңа мазмұнды мектептің іс-тәжірибесі жүйесінде жаңаша оқыту технологиясының енгізіле бастауы оқушының іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың жаңа жүйесін енгізу қажет етіп отыр. Мен математика сабағында фишканы пайдалана отырып оқушылардың және топтың ұпайын есептей отырып бағалаймын. Мысалы: «Білімді тиянақтау» сабағында мынадай бағалау парағын пайдаландым.


Оқушының тізімі

Үй тапсырмасы

Ауызша есептеу

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4 тапсырма

Ұпайы

Бағасы

1

Айгүл

5

5

4

5

4

5

28

4

2

Нұрзат

5

5

5

5

5

5

30

5

3

Аружан

3

-

3

4

4

3

17

3


Жалпы ұпай саны







75


Қызыл – «5»

Көк – «4»

Сары – «3»

30 ұпай – 5 І топ – 100 ұпапй

25 ұпай – 4 ІІ топ – 74 ұпай

15 ұпай – 3 ІІІ топ – 93 ұпай

Бұл бағалау оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын қалыптастырады; дамытушы, бақылаушы және басқарушы рөл атқара алады; танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады; оқушының ақыл-ой әрекеті артады;жұмыс нәтижесі мен өз мінез құлқын дұрыс бақылап-бағалау дағдысын қалыптастырады.

Математика пәнінен 2 сынып оқушыларының бақылау жұмысының қортындысы.

Оқушылардың

аты-жөні

Амалдарды орындау

Есепті шығару

Теңдеу шығару

Баған түрінде орындау

Бағасы

1

Әбдеш А.

+

-

+

+

4

2

Талғатбек Айгүл

+

+

+

+

5

3

Анзадаева Аружан

+

-

-

+

3

Диаграмма арқылы көрсетуге де болады.

Бақылау жұмысында қате жіберген оқушылар саны, орындаған балалар санынан азайтылып, сол оқушылар санына бөлінгенде білім сапасы шығады. Мысалы:Барлығы 24 оқушы бақылау жұмысын орындады. №1тапсырма бойынша 4 қате жіберілді. Яғни 24 - 4=20 20:24 * 100=88 %

Бұл кесте мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша, бала өз күшіне деген сенімділігін ешқашан да жоғалтпауы, өзінің қолына еш нәрсе келмейтінін сезінбейтін болуы мұғалімнің көрегендігі болып табылады. Әрбір жұмыс оқушы үшін аз да болса алға қарай ілгерілеу болуы қажет. «Баланың білместігін құрметтей біліңдер»,-деген пояк педагогы Януш Корчактың осынау сөздерінің мұғалім үшін маңызы зор.

Оқушылардың қазақ тілінен диктант жұмыстарын тексеру барысында жазба жұмысынан жіберген қаталерді жинақтап, бағаладым.

Оқушының аты-жөні

Тыныс белгісі

Бас әріппен жазылуы

Тасымал

Орфогра-фиялық қате

Барлық қателер саны

Жеке оқушы- пайздық көрсеткіші

бағасы

1

Талғатбек А


1


1

2

25 %

4

2

Байет Н








3

Анзадаева А

1


2

1

4

20%

3

4

Байымбет А

1

1



2

25%

4

5

Байымбет Е








Қателердің жалпы саны

2

2

2

2

8



Әрбір қатенің жал-пы қателерге қара-ғандағы пайыздың көрсеткіші

25 %

25 %

25 %

25 %




Жіберілген қателер бойынша әрбір оқушымен жеке жұмыс жасадым. Жазба жұмысынан кейін, жіберген қателерді жинақтап, әрбір оқушының жіберген қатесі бойынша жұмыс істесек, келесіде қате болмайды, «орташа» жазатын оқушылар болмайды.

Мониторинг әр пәнге, әр оқушыға және тоқсан қорытындысы бойынша да жасалады.

Жеке оқушының деңгейін көру үшін мынадай мониторинг жасауға болады.

1Ә сынып оқушысы Әбдеш Айбектің білім көрсеткіші.

Пән атаулары

Бағалары

1 тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІV тоқсан

Жылдық

1

Ана тілі

5

4

3

2



.

.

.

2

Математика

5

4

3

2



.

.

.

Ал жалпы сыныптың білім деңгейін көрсету үшін мынадай кестені толтырамыз.Бұл кесте әр пән бойынша жасалады. Мысалы: 2 сынып оқушыларының математика пәні бойынша тоқсандық білім көрсеткіші.


Оқушының

аты-жөні

Бағалары

1 тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІV тоқсан

Жылдық

1

Әбдеш А

5

4

3

2

..

..

..


.

.

2

Анзадаева А

5

4

3

2


..



..



..



..



..


Мониторингті жүйелі жүргізу нәтижесінде көп сыныптарда жоғарғы жетістіктер байқалады. Оқушылардың білім сапасының нақты қадағалап, мониторинг түрлерін жүйелі жүргізіп отырудың арқасында үздіксіз білім үрдісінде тың өзгерістер болатыны сөзсіз.

Мұғалім жұмысының нәтижесін бақылаудағы негізгі өлшемі ретінде мына мәселеге жиі назар аудару керек. Жаңа әдіс пен шеберлікті, техникалық құралды пайдалана білу, іздену және зерттеу жұмысын жүргізе білу, ашық сабақ, түрлі жарыс пен мәжілістерде және басқа да шаралардың барысында өзінің біліктілігі мен іскерлігін көрсету.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Бухарбекова Алтынай Тауекеловна

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204022


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства