Просмотр содержимого документа
«С?йем сені ту?ан ел!»
«Сүйем сені туған ел!»
«Жүргізуші :
Туған жердің қандай жақсы күзі де,
Туған жердің қандай жақсы қысы да!
Туған жердің қандай жақсы көктемі!
Туған жердің қандай жақсы жазы да!
Жақсы екен туған жердің күні де,
Жақсы екен туған жердің түні де!
Жақсы екен туған жердің суы да,
Еш жаманын таба алмайсың осында!
Хабдулмажит Арман.
Сәлеметсіңдерме, балалар! Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар.
Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Бүгін «Сүйем сені туған ел!!» атты шарамызды өткіземіз.
Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі шарамыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар. Ойынға 4 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
«Кім тапқыр?» әр жолдан кестенің сол жағында жазылған сөздерді тап және оны айналдыра сыз.
Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың жарысында Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. Демекші, әділ қазыларды таныстырайық
___________________________ ___________________________ Жүргізуші: Ойыншыларға сәт сапар тілейміз! 1. Әр топ өзін таныстыру
2.«Кім тапқыр?» әр жолдан кестенің сол жағында жазылған сөздерді тап және оны айналдыра сыз.
й
ц
у
к
е
д
е
л
б
а
с
ы
р
о
л
и
о
д
л
ж
р
ф
ы
в
о
л
м
д
ж
м
т
о
т
а
н
г
щ
ш
б
ю
я
ч
с
б
ә
й
т
е
р
е
к
р
о
л
д
и
с
ч
у
й
м
и
т
ь
ь
б
б
ю
е
л
т
а
ң
б
а
п
р
о
л
л
Елбасы, Отан, Бәйтерек, Елтаңба
3. Мақал – мәтел. Суретке қарау
4. Сұрақ – жауап
І топқа:
Қазақтың әйгілі үш биі?
(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)
Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)
Қазақ халқының атақты күйшілері
(Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Дина).
Алғашқы кәсіпқой суретші ( Әбілхан Қастеев)
ІІ топқа:
Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан?
(Шығыс Қазақстан облысы)
Қазақтың атақты композиторларын атаңдар? (Н.Тілендиев, Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов...)