Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте – көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін – шалғын дейді. Шалғындар, көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл жағаларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады.
Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күнінде шөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот,тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады.
Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады.
Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді: Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланады.
Оқулықпенжұмыс
Топпен жұмыс
1 - топ
2 - топ
3 - топ
4 - топ
Жаңа сабақтантүсінгенін тексеру
Шалғында өсетін өсімдіктерді ата.
Пішен дайындалатын шалғынды не деп атайды?
Шалғында кездесетін жануарларды ата.
Дәптермен жұмыс
Өсімдіктер
Жануарлар
Жоңышқа
Қылтанақсыз арпабас
Саршұнақ
Бунақденелілер
Көртышқан
Құстар
Атқонақ
Қоңыздар
Көкшегірткелер
Жүпаргүл
Бөдене
Түкті аралар
Күреңот
Тышқанбұршақ
Сабақты бекіту
Шалғын
Анықтама (Шалғын деген не?)
Шалғын өсімдіктері
Шалғын жануарлары
Шалғынның түрлері: табиғи және шабындық деп нені айтамыз?
Ерекшеліктері
Қорытынды
Үйге тапсырма
Шалғын өсімдіктері және жануарларына жеке-жеке сипаттама беру
Бағалау
Рефлексия
Қане, мына тақтадағы өлең жолдарын тиісті сөздермен толықтырып оқып жіберейік: ... болғым келеді, жер байлығын ақтарған. ... болғым келеді, гүл жасайтын тастардан. Асқақтаған... болып, шалқып тұрғым келеді. Жарқыраған... болып, балқып тұрғым келеді.