О?ушылар?а т?бір мен ?осымша туралы т?сінік беру. С?здерді с?з ??рамына талдай білуге ?йрету. Т?бір мен ?осымшаны ажырата білуге баулу.Т?бір деп нені айтатынын т?сіндіру. ?осымша деген не екенін айтып т?сіндіру. Сауатты жазу?а, ізденуге, тап?ырлы??а, шапша?ды??а т?рбиелеу.Ой-?рісін, шы?армашылы? ?абілетін дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары:"Т?бір мен ?осымша"»
Тақырыбы:
Түбір мен қосымшаның жазылуы.
3 – сынып
Мақсаты:
Білімділігі: Түбір мен қосымшаның жазылуы туралы білімдерін тереңдету. Кейбір түбірлердің соңғы әріптерінің өзгеруін түсіндіру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жаза білуге, ынталы болуға, ой-өрісін жетілдіруге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың түбір мен қосымша жайлы білімдерін сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: Ереже таблицасы, суреттер, ойындар, ребус.
Көрнекілігі: Ереже таблицасы, суреттер, ойындар, ребус.
Түрі: білім мен іскерлікті игеру.
Әдіс-тәсілдері: ой – қозғау, ассоциация құру, өзіндік жұмыс, ой – толғаныс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабаққа дайындығын ұйымдастыру.
2. Оқулықтары мен дәптерлерін дайындау.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Сұрақтар арқылы ережелерді пысықтау.
1. Түбір деген не?
2 . Жұрнақ деген не?
3. Жалғау деген не?
4. Туынды сөз деген не?
5. Түбірлес сөз деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
“ Миға шабуыл” Сұрақ-жауап.
Үш қатарға үш тапсырма беріледі.
63 – жаттығу.
Бірінші жолдағы сөздерге –жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жаз.
Өнерпаз,ұста,жұлдыз,шолпы,орақ.
Зергер, киіз, күміс, шегіртке, білезік.
3. Ережесін тұжырымдау.
Қосымша жалғанғанда, кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді.
доп – добы сеп - себу
күрек – күрегі тақ – тағу
64 – жаттығу. (Ауызша)
Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздерді салыстыр.
Кітап та – алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
Өзіндік жұмыс
Өлеңді көшіртіп жаздырту. Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдату. Түбір сөздің соңғы әрпі неге өзгергенін анықтау. Шөп ішінен қаулаған
Айырам атқұлақты.
Жапырағы аумаған
Ат құлағы сияқты
Сергіту. Ойын: Қар жинау.
66-жаттығу. Тақтаға орындау.
.
67-жаттығу. Топпен жұмыс.
Жаңылтпашты оқып,жатқа айт.
Қарамен жазылған сөздің түбірін тап.
Ауызша.
Балалар қар күреді,
Қарды ауладан ары күреді.
Күрегі бардың бәрі қар күреді.
68-жаттығу. Ауызша.
Тілек
Әр күнің ашық болсын!
Жүздерің жарқын болсын!
Талаптарың таудай болып,
Сарқылмайтын білім болсын!
IV . Қорытынды
Оқушылардың білімін бағалау. Үйге: 65 – жаттығу. 134бет. Ереже жаттау.