?аза?стан Республикасы Мемлекеттік елта?басыны? е? басты ж?гін к?теріп, о?ан ар?ау болып т?р?ан –ша?ыра?. Ол-елта?баны? ж?регі. Ша?ыра? нышан м?нінде к?нні? ?оз?алысыны?, жылдамды?ын к?рсететін дала са?аты. К?нні? шаша? шуа?тарына ?арап ?аза?тар уа?ыт мезгілін аны?тап отыр?ан. Ша?ыра? – киіз ?йді? к?мбезі, к?н бейнесін, ал уы?тары одан тарап жат?ан алтын с?улелерді елестетеді.
Киіз ?й к?шіп-?ону?а лайы?талып жасалады. Оны? іші жылы, ?рі ке? болады. Киіз ?й к?шпенділерді? ??ымы бойынша ?лемні? кішкене ?лгісі. Керегелері мен ша?ыра?ы – Аспанны? к?мбезі. «Аспан мен Жерді? некесінен ал?аш?ы адамдар-т?ріктер пайда болды» - деген ертеде.
Киіз ?йді? есігі ?р?ашанда Шы?ыс?а ?арайды. Т?ндігінен к?н с?улесі еркін т?сіп т?рады. К?нге бетін беріп, ?йді? е? ?адірлі де ??рметті жерінде, патша, яки хан отырады. ?она??а арнал?ан е? ??рметті орын – т?р деп аталады. Сонды?тан да патша та?ын білдіреді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Р?міздерім ма?танышым »
БІЗДІҢ ТУЫМЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК.
БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ОСЫ ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТЫНЫШТЫҚ.
БҰЛ ДҮНИЕДЕ БІЗДІҢ БІР ҒАНА ОТАНЫМЫЗ БАР, ОЛ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН.
Н.А.НАЗАРБАЕВ.
Қазақстан
Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбарлы
2006 жылдың 7 қантарында Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны шықты.
Сөзі - Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев
Әні – Шәмші Қалдаяқов
1992 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес сесиясында мемлекеттік елтаңба нұсқасы қабылданды.
Елтаңба авторлары – Жандарбек Мәлібеков
Шотаман Уалиханов
Шаңырақ– елтаңбаның жүрегі.
Шаңырақ– ошақтың кейпін көрсетеді.
Шаңырақ– бейбітшіліктің тұтастығы.
Шаңырақ– мемлекеттің алғашқы негізі –
отбасының рәмізі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған арқау болып тұрған – шаңырақ. Ол-елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ нышан мәнінде күннің қозғалысының, жылдамдығын көрсететін дала сағаты. Күннің шашақ шуақтарына қарап қазақтар уақыт мезгілін анықтап отырған . Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.
Киіз үй көшіп-қонуға лайықталып жасалады. Оның іші жылы, әрі кең болады. Киіз үй көшпенділердің ұғымы бойынша әлемнің кішкене үлгісі. К ерегелері мен шаңырағы – Аспанның күмбезі. «Аспан мен Жердің некесінен алғашқы адамдар-түріктер пайда болды» - деген ертеде.
Киіз үйдің есігі әрқашанда Шығысқа қарайды. Түндігінен күн сәулесі еркін түсіп тұрады. Күнге бетін беріп, үйдің ең қадірлі де құрметті жерінде, патша, яки хан отырады. Қонаққа арналған ең құрметті орын – төр деп аталады. Сондықтан да патша тағын білдіреді.
Тұлпар –күннің, қозғалыстың белгісі.
Тұлпар –тұрақтылықтың, бірқалыптылықтың
белгісі.
Тұлпар –Егемен Қазақстанның құрылымын
сақталуының белгісі.
Қанатты тұлпар– қазақ поэзиясында кеңінен тараған образ. Ол биік арманның, шығармашылық шабыттың, қажырлық пен қайраттылықтың нышаны.
Айрықша күш-қуаттың, күн нұрынан дарыған ғажайып қасиеттің иесі. Желмая жүйрік тұлпар – Уақыт пен Кеңістікті жалғастырады. Ол – мәңгіліктің белгісі, ал елтаңбадағы қанатты, ай мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп, өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді.
Қазақта «Ат – адамның қанаты» деген мақал бар. Тұлпар дала Пырағы, оның ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді. Тұлпар – күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы.
Жұлдыз –биліктің, жарықтың белгісі
Жұлдыз –алдағы мұнартқан мақсаттың белгісі
Жұлдыз –биікке деген ұмтылыстың белгісі
Жұлдыз –мәңгіліктің белгісі
Рәміздер дәстүрінде бестармақты жұлдыз – шағынкеңістіктің тұрқы, адам формуласы. Еліміздің мемлекеттік елтаңбасында жұлдыздың бейнеленуі біздің асқақ арманымызды білдіреді - өзіндік мемлекет ретінде қазіргі, жоғары кемелденген, биік өркениетті қоғам керуеніне қосылу, бүкіл бес континенттегі барлық мемлекеттер мен халықтарға ашық болу.
1992 жылы маусымда Қазақстан Республикасында Жоғарғы Кеңес сесиясында мемлекеттік тудың нұсқасы қабылданды
Тудың авторы –
Шәкен Ниязбеков
Сары-Өмір, бастаудың түсі, тымық қараңғылықты серпілдірген жарықтың өзіндік бейнесі, сондықтан да Космостың алғашқы құрылымы құрылған.
Күн бейнесі–байлық пен берекені білдіреді. Осы бейнені қоршаған шеңбер өмірдің символы. Өзінің шуағына шомылған Алтын күн тыныштық пен байлықты білдіреді. Күн тынымсыз қозғалыстың, даму процесінің символы, өсу мен өшудің, шығыс пен батыстың, өмір мен өлімнің, шығу мен батудың символы. Күн уақыттың символы.
Қыран бейнесі-қазақтардың ұлттық көзқарасымен бірлесіп, бостандық,
намыс, батырлық, биік мақсаттар, көңіл кеңдігі мен ой тазалығын білдіреді.
Қанаты кеңінен шарықтаған қыран билік, тұтастық символы. ҚР мемлекеттік туындағы дала қыраны қазақстандықтардың кеңдігі пен өткірлігін, ой биіктігін білдіреді.
Оюлар-ғасырлардың ізі, халықтың көркем талғамының эталоны. Қазақ оюларында аңбейнелес «қошқар мүйіз» кеңінен таралған. Ертеден оюлар арқылы адамдарды қатерлі күштердің әсерінен қорғайтын сиқырлы күшті көрген.
Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын қастерлеуге міндетті.
(Қазақстан Республикасының Президентының 1996 жылы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышындары туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығынан).