Мақсаты:оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
оқушылардың әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;
оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.
«Комплимент» тренингі
Орныңыздан тұрып, шеңберге жиналып бір-біріңізге комплимент айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілеңіздер.
“Инабат” тобы
“Әдеп” тобы
1. Әдептілік дегенді қалай түсінесің?
Кіріспе сөз
Әдеп сөзі-қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі.
Әдеп дегеніміз-адамдар арасындағы қарым-қатынаста
сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ
болу дегенді білдіреді. Яғни, бір кісінің басқа кісілермен
инабатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген
сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен
жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы
әдептіліктің нышаны болып табылады. Сондай-ақ, әдеп
сақтау-туған халықты, елді, жерді, Отанды және жалпы
адамзатты ардақтау болып табылады. Өйткені, бұл-
ұрпақтық парыздың нақты көрінісі.
Ойланайық,
пікірлесейік
Сен өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасың?
Қазақ халқының және туысқан басқа да халықтардың қандай әдеп нормаларын білесің?
Әдеп нормаларының жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бола ма?
Мәтінмен жұмыс
“Студент қыздың әңгімесі”
Ж.Бейсенбаев
– Жігіттердің іс- әрекеті сізге қандай ой қалдырды?
– Олардың істегендері дұрыс па?
– Оларға қандай ақыл – кеңес берер едіңіз?
– Қоғамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?
Дәйексөз.
«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін».
И.Гете
Жағдаяттарды талдау.
“Инабат” тобы
Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп,даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.
Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?
“Әдеп тобы”
Назым әп- әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп – нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айырылып жүре береді?
Назымға қандай кеңес берер едіңіз?
Сахналау
“ Инабат” тобы
Сыныптастардың телефонмен сөйлесу әдебі.
“ Әдеп” тобы
Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының әдептері
Әдеп ережелері
(Постер жасау)
“Инабат тобы”
“Әдеп” тобы
Қоғамдық орындардағы әдеп ережелері
Мектептегі әдеп ережелері
Топпен ән айту.
Ән: «Қыз сыны»
Сөзін жазған: Қ.Қазыбеков
Әнін жазған М.Омаров
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек Тұрғандай өзі қимылсыз билеп Иықтан шашы төгіліп жерге Күмісті шашбау жарасып белге Иықтан шашы төгіліп жерге Күмісті шашбау жарасып белге Қиылған қасы, қарақат көзі Жүректі баурап оятар сезім Талбойың нәзік қызғалдақ гүлдей Дидарың нұрлы шуақты күндей Талбойың нәзік қызғалдақ гүлдей Дидарың нұрлы шуақты күндей
Жаңарып қайта, жаңғырып көнем Ләззәт алар көрген жан сенен Көркіңнен сенің айналдым еркем Қазақтың салтын сақтаған көркем Көркіңнен сенің айналдым еркем Қазақтың салтын сақтаған көркем А-а-а-а-а-а-а А-а-а-а-а-а-а Қазақтың салтын сақтаған көркем