kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Презентация для урока " Мен өз Отанымның патриотымын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

    «Ел еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға » атты ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Н.Ә.Назарбаевтың суреті, тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер, буклет, слайд.

Мемлекеттік әнұран айту.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған «Ел еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында өтпек.

1-оқушы:

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

 

2-оқушы:

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

 

3-оқушы:

 Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді,

Берекелі, кең байтақ, жалпақ елді.

Қазақстан адымдап бара берді,

Көрінер көк жиектен далам енді.

Кім танымас, айтсаңшы, айтыңдаршы,

Қазақстандай егемен менің елімді.

Кім танымас тербелген тал бесікті,

Болашаққа айқара аштық кең есікті.

Барша ел аузын ашып тамсанумен

«Қандай ғана егемен ел» десіпті.

 

 

4- оқушы:

Шарықтай бер, Нұр аға,

Тік ұста бойды әр кезде.

Қамын жеп елдің қашанда,

Үлгі бол жас ұрпаққа.

Нұр аға, сенің өмірің

Біз үшін қызық, сара жол.

Жас ұрпаққа қашанда

Өмір жолың қызық қой.

Жиырма жыл еліңді

Сүріндірмей келесің.

Ес білгелі естілді

Нұрсұлтан деген ер есім.

Жайқала бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам.

Көбейткен достың қатарын

Нұр аға біздің-ұлы адам.

 

Қазақстан Республикасының президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ендеше, бала Сұлтанның қандай болғанына назар аударайық. Елбасының балалық шағы.


5-оқушы.1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.(1-слайд)

 

6-оқушы.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». (2-слайд)

 

7-оқушы.Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. (3-слайд)


8-оқушы. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балғар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. (4-слайд)


9-оқушы.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. (5-слайд)

 

Көрініс: «Анасы мен Сұлтан».

 

Мұғалім: Бүгін біз Елбасымыздың өмір жолы мен қызметтері туралы сөз қозғаймыз. Өздеріңе қосымша дайындалуды тапсырғанмын. Кім қандай мәлімет жинастырды?

10-оқушы. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Мына табельдерінен мектептегі оқу үлгерімін қарауға да болады. (6-слайд)

 

 Ал қандай істермен айналысқанды ұнатты екен?

11-оқушы.Ол кісі күрес үйірмесінде болды. Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді. Атқа жақсы шабады. (7-слайд)

12-оқушы.1960 жылы Украинада техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірген.

 

Еңбек жолын қайдан бастады?

 

13-оқушы. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды, партком хатшысы болды. (8-слайд)

 

14-оқушы. Елбасымыз Әр түрлі қызметті жақсы атқарып, соңғы жылдары 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. Осы жылы  — Қазақ КСР президенті болды. (9-слайд)

 

Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар, 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. (10-слайд)

 

 

15-оқушы.

Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
 

16-оқушы.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!

 

17-оқушы.

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

 

18-оқушы.

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

 

20-оқушы.

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын!

Елімнің ел ағасын халқы қолдап,

Қазақстан жеріміз аман болсын!

 

Ән: «Нұр аға»

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

 

 


 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«презентация для урока " Мен өз Отанымның патриотымын"»

МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН

МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,  Қайсар мінез, өр еді ғажап еді.  Жәнібек, Керей хандар басын қосып,  Өмірге келген еді қазақ елі.   Алтай мен Атыраудың арасында  Жетісу, жеті өзеннің сағасында.  Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,  Хандық құрды қазақ өз даласында.

Түріктің бір бұтағы қазақ еді, Қайсар мінез, өр еді ғажап еді. Жәнібек, Керей хандар басын қосып, Өмірге келген еді қазақ елі. Алтай мен Атыраудың арасында Жетісу, жеті өзеннің сағасында. Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп, Хандық құрды қазақ өз даласында.

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»
  • «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

.

Қазақстан Республикасының Сөзін жазған:  Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан  Назарбаев  Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов  Алтын күн аспаны,  Алтын  дән даласы,  Ерліктің дастаны,  Еліме қарашы!  Ежелден ер деген,  Даңқымыз шықты ғой,  Намысын  бермеген,  Қазағым мықты  ғой!  Қайырмасы:  Менің елім, менің елім,  Гүлің болып егілемін,  Жырың болып төгілемін, елім!  Туған жерім  менің – Қазақстаным!  Ұрпаққа  жол  ашқан,  Кең байтақ жерім  бар,  Бірлігі  жарасқан,  Тәуелсіз елім бар.  Қарсы алған уақытты,  Мәңгілік  досындай.  Біздің ел бақытты,  Біздің  ел  осындай! Мемлекеттік Әнұраны www.ZHARAR.com

Қазақстан Республикасының

Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой, Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар, Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!

Мемлекеттік Әнұраны

www.ZHARAR.com

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік

Елтаңбасы

Expo 2017 АСТАНА

Expo 2017 АСТАНА

БҮКІЛ ӘЛЕМДІК КӨРМЕ НЕМЕСЕ ЭКСПО (Expo) — Еліміздегі Астана  EXPO-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ.  Астанадағы EXPO-2017 көрмесі ҚР елордасының үздік брендттерінің бірі және аса әдемі нысан болмақ.

БҮКІЛ ӘЛЕМДІК КӨРМЕ НЕМЕСЕ ЭКСПО (Expo) — Еліміздегі Астана

EXPO-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ.

Астанадағы EXPO-2017 көрмесі ҚР елордасының үздік брендттерінің бірі және аса әдемі нысан болмақ.

.

.

.

.

.

.

.

.

.

.

Тәуелсіз Қазақстан – Ұлы Отаным, Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, Бәріміз баласындай бір атаның. Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,  Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын. Халқымның ахуалы дұрыс болсын. Елімізде әрқашан тыныш болсын !  Мәңгілік еліміз жасай берсін !

Тәуелсіз Қазақстан – Ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Елімізде әрқашан тыныш болсын !

Мәңгілік еліміз жасай берсін !

. РАХМЕТ!

.

РАХМЕТ!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
презентация для урока " Мен өз Отанымның патриотымын"

Автор: Суыкбаева Забира Есенжоловна

Дата: 20.11.2016

Номер свидетельства: 360531


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства