Әдебиеттік оқу
Бұлбұл мен тоқылдақ
Шаттық шеңбері
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Жалқаулықты тастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
«Дөңгелек үстел» әдісі
Құстар жайлы не білеміз?
Кім тапқыр?
?
Бұлбұлдың Қазақстанда 2 түрі кездеседі:кәдімгі(шығыс) бұлбұлы және зортұмсықты бұлбұл.Дене тұрқы-16-19см, салмағы 17-26г.Қыста Африкаға ұшып кетеді.
Тоқылдақ-ерекше ұзын қашау тәрізді тұмсығы бар орташа денелі құс (300г.) Тілі ұзын, ұшы үшкір болады. Қазақстанда 8 түрі кездеседі.
Жұмбақтың шешуін тап.
1.Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады .
Тоқылдақ
2.Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды.
Бұлбұл
Шона Смаханұлы
(1924-1988)
Жамбыл облысы,Талас ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Мектеп» баспасында, «Қазақстан мұғалімі» газетінде, «Ара» журналында жұмыс істеген.
Шона Смаханұлы-қазақтың ақыны, атақты сықақшы. Оның балаларға арналған «Тәкаппар», «Әнші әтеш», «Бұлбұл мен тоқылдақ» атты шығармалары бар.
Оқулықпен жұмыс:
1.Мәтінді мұқият тыңдау
2.Мәтінді түсініп оқу
3.Мәтінді рольге бөліп оқу
Сергіту сәті
Топпен жұмыс
1-топ: Бұлбұлдың пікірі
2-топ: Тоқылдақтың пікірі
3-топ: Мәтіндегі қорытынды ойды тауып,
мағынасын түсіндір
«Ойлан,жұптас,талқыла»
Кері әсер парағы
- Бүгінгі сабақ ұнады ма, әлде жоқ па? 2.Несімен ұнады, немесе ұнамады? 3.Нені білдім? 4.Не үйрендім?
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға
үлкен рахмет!