Пайдаланылған әдебиеттер.......................................12
Алғы сөз
Бұл жобада балалар геометриялық пішіндермен танысады. Пішіндермен тек сурет арқылы танысып қана қоймай, пішіндерден неше түрлі қажетті заттар жасауға болатыны көрсетілген. Балалардың білім жиынтығын тексеру үшін түрлі дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Әр геометриялық пішіннің өзіне тән ерекшеліктері және қандай заттарға ұқсастығы бар екенін түсіндіреді. Мұғалім пішіндерді көрсетіп, оны атайды,(үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, сопақша) әрбір бала алдында геометриялық пішіндер болады. Оларды ұстап көріп, атайды, салыстырады айырмашылықтарын айтады. Балалардың танымдылық қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың тағы бір жолы – дидактикалық ойындар. Ойындардың мазмұны геометриялық пішіндерді айыра білу, санау, салыстыру, айырмашылығын көрсету болып табылады. Геометриялық пішіндерге байланысты төмендегідей дидактикалық ойындар пайдаланды.
Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Баланың өздігінен ізденуі дамудың бірден-бір жолы.
Кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер жазықтығы, кеңістіктегі орнын анықтау практикалық жолмен жүзеге асады.
Жобаның зерттеу әдіс-тәсілдері:
1)Салыстыру
2) Қима пішіндерден құрастыру
3)Логикалық тапсырмалар
4)Пішіндерді ажырату
5)Дидактикалық ойындар
6)Қорытынды жасау.
Мен өз жобамда геометриялық пішіндердің көрнекіліктерін қолдандым. Пішіндердің көлеміне, түсіне, пішініне қарай салыстыру әр затты қолдарымен ұстау арқылы сипаттама берілді.
Мұғалімге қарап айтқандарын қайталайды. Пішіндерді атайды, салыстырады, сол пішінге толық сипаттама береді. Түстерін айтады және пішіндерге ұқсас суреттерді көрсетеді.
Көрнекілік:Картоннан жасалған геометриялық пішіндердің бірнеше түрі ұсынылады.
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Барысы: Бала берілген пішінге қарап, қандай затқа ұқсас екенін табады. Мысалы: Үшбұрыш шыршаға, тауға, пирамидаға ұқсайды. Шеңбер допқа, алмаға, сопақша – жұмыртқа немесе шарға, төртбұрыш терезеге, қорапқа ұқсайды. Тапсырма барысында балалардың қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту. Геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу. Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Салыстыру, балалар сол заттың қай геометриялық пішінге ұқсайтынын айтады.
Топтық жұмыс.
Геометриялық пішіндерді айыра білу, қосу, санау, салыстыру, айырмашылығын көрсету. Теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажырату.
“Кім зейінді?”
Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.
Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.
Күтілетін нәтиже:
Заттардан өздеріне таныс пішіндерді таба
білу.
Геометриялық пішіндерді ажыратып, дұрыс
атай білу.
Пішіндерді басқа пішіндердің арасынан таба
білу.
Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыруды,
заттардың ішінен түстерді табуды.
Геометриялық пішіндер, түстер туралы
түсінік.
Геометриялық пішіндерді ажырата алуды,
салыстыруды істей біледі.
Қорытынды.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оған бағыт-бағдар беру ұстаздың парызы. Заттардың түріне, түсіне, пішініне қарай салыстыру, талдау, әр затты қолдарымен ұстап, оған мән беру арқылы ішкі сезімге әсер ету, сонымен бірге баланың өздігінен ізденуі дамудың бірден бір жолы. Әр сабаққа арналған тапсырмалар баланың дара ерекшеліктерінің соның ішінде қабылдау, есте сақтау, зейіні, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Шығармашылық жаттығулар баланың дүниетанымын кеңейтеді. Ал, балалардың дарынын, қабілетін ашу ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаев. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар.