Просмотр содержимого документа
«"Озы? ойлы о?ушы" сайыс»
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін, функционалдық сауаттылығын дамыту. Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
І. Бөлім. «Сен білесің бе?»
ІІ. Бөлім. «Мақалдың жалғасын тап»
ІІІ. Бөлім. «Күлдіргі жұмбақтар»
IV.бөлім. «Кім жылдам»
V. бөлім. «Кім тапқыр»
VI. бөлім. Қорытынды
Басталық ақыл – ойдың дара кешін,
Халайық сендер бізге жақын келші,
Математика ғылымына ұмтылғандар,
Сен егер кім екенін білгің келсе...
Ал көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады әр оқушы,
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
Достықпенен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едік талай сында
Қара қылды қақ жарып, әділқазым.
Еңбегін «Оқушылардың» әділ сына
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс досқа, кластас танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос соға берме.
Ойсыз соқыр сезімнің соныңа ерме
Зерделеп сұрақ-жауап санаңа түй!
Сонда ортақ боласың бар жеңіске
1-топ.«Алғыр»
2-топ. «Зерек»
3-топ. «Тапқыр»
«Алғыр» тобына сұрақтар:
1. Біздің облысымызды ата? 2. Мұсылман халықтарының жаңа жыл тойлайтын айы 3. Жаз айларын ата 4. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазған кім? 5. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? 6. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? 7. Суда жұбын жазбай жүретін құс? 8. Жұмадан кейінгі күн қалай аталады ? 9. Аң аулағанда қай құсты пайдаланады ? 10. Әліппенің атасы кім ?
«Зерек» тобына сұрақтар:
1. Ел басымыз кім?
2. Қазақтың ұлы ақыны кім?
3. Алғашқы оқулықты ата
4. Елтаңбаның авторы кім?
5. Үш биді атаңдар
6. Бірінші маусым қандай мереке?
7. ҚР – ның астанасы қай қала?
8. ҚР – ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?
9. Әнұранның авторы кімдер?
10. Т. Әубәкіров кім?
«Тапқыр» тобына сұрақтар:
1. 30 тамыз қандай мереке?
2. Тудың авторы кім?
3. 20 мен 8 көбейтіндісін ?
4. ҚР - ның тәуелсіздік күнін ата
5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата
6. Мемлекеттік туда не бейнеленген?
7. Көкжиектің тұстарын ата
8. Астана қаласының бұрынғы атауы
9. Етістік дегеніміз не ? сұрақтарын ата.
10. Рәміздерді ата?
1. «Алғыр» тобына
1.Ұяда не көрсең, … ………..2. Ата бәйтерек …………….3. Тамшы тас жарады, …..4. Өнер алды – ………
5. Денсаулық – ……..
2. «Зерек» тобына
1.Әдепті бала арлы бала, ...........
2.Білекті бірді жығады, ………
3.Әдептілік белгісі, ........................
4.Ата көрген оқ жанар, ...............
5.Анаға құрмет, .............................
3. «Тапқыр» тобына
1.Әдептілік белгісі ……………2.Жақсыдан үйрен, …………………3. Күннің шуағы жылы — ………4. Еңбектің наны тәтті , ……………5. Өнерлінің қолы алтын, …………
1.Кім барлық тілде сөйлейді?2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады?3. Дүниедегі шапшаң нәрсе не?
4. Егер түнгі сағат 12 - де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме?
5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды?
7. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
8.Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді?
9. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар атайды?
10. Тауық түс көре ме?11. Аппақ қарға бола ма?12. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
Кім тапқыр?
бөлімі
А– қазақтың ұлы ақыныӘ– алғашқы оқулықБ– қазақтың батырыВ– ежелгі мемлекеттердің біріГ– әнұранның орысша атауыҒ- Т. Әубәкіров кім?Д- «Витамин» сөзінің аудармасыЕ- қызыл кітапқа тіркелген жануар?Е- «Шырша» сөзінің аудармасыЖ– Бурабайдағы көлдің ортасындағы тасЗ- үлкен, дәу сөздерінің синониміЙ- қоңыр түсті дәрі
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
3. Төрт қойдың неше аяғы бар?
4. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?
5. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?
6. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?
7. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?
Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді.
Асханаға неше кг картоп әкелінді?
9. Тауық 2 аяғымен тұрса 5 кг, ал 1 аяғымен тұрса неше килограмм?10. 2 кг тас ауыр ма, 2 кг мақта ауыр ма?