Просмотр содержимого документа
«?зендер мен к?лдер. Адам тіршілігі ?шін суды? ма?ызы ж?не оны ?ор?ау»
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы: Өзендер мен көлдер.
Адам тіршілігі үшін судың
маңызы және оны қорғау.
4 сынып .
Пән мұғалімі: Солтанова Равия Икрамқызы
2015 ж.
Сабақтың тақырыбы:Өзендер мен көлдер.Адам тіршілігі үшін судың маңызы және оны қорғау.
Сабақтың мақсаты: \
1. Өзен,көлдер және олардың адамға және шаруашылықтарға тигізер пайдасы туралы білімін қалыптыстыру.
2.Байқағыштық ,танымдық қабілеттерін дамыту,өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
3. Дүниетанымдарын кеңейту, экологиялық тәрбие беру.
Мағынаны тану:
Таулардан өзен ағар сарқыраған Айнадай сәуле беріп жарқыраған Жел соқса ,ыстық соқса бір қалыпта Аралап тау мен тасты арқыраған.
Ы.Алтынсарин
Өзен дегеніміз -өзі салған арнамен ағатын су ағыны.Өзеннің ағып шыққан жері оның бастауы деп аталады. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзені және жазық өзендер.
__
Көлдер . Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықта да тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әртүрлі болады.Үлкен көлдер теңіз деп аталады.Көл суы ағынды ,ағынсыз болады.Ағынды көлден өзен ағып шығады.Көлге тұз жинақталады,ол өзен суымен ағып кетеді.Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады.Каспий –ағынсыз көл. Көлдердің шаруашылыққа пайдасы зор.Олардың ең бірінші байлығы –тұщы су.Көлдер кеме қатынасы үшін пайдалы. Мысалы Каспий көлі арқылы Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан, Иран мемлекеттерімен байланысып тұрады.Каспий теңізінен балықтардың түр-түрін аулайды
Зияны
Суды қорғау:
Су – ғажайып зат.Олай деуіміздің бірнеше себебі бар.Су бір мезгілге үш түрінде кездеседі.
Мұз-судың қатты күйі,оның сұйыққа айналуы мен булануы бірге жүреді.
Су – тіршілік көзі.Тірлігі оттегінсіз өтетін ағза бар,бірақ сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысымен жүреді.Сондықтан ағзалар денесі 50-ден 90% дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе, адам өміріне қауіпті.
1-қатар
Өзен қалай пайда болады? Өзеннің басталатын жері қалай аталады? Өзеннің сағасы деген не? Өзен физикалық картада қалай бейнеленеді? 2-қатар :
Көл деген не? Көлдердің көлемін қандай болады? Көлдердің суы қандай болады? Дүние жүзіндегі ең терең көл? Көл физикалық картада қалай бейнеленеді? Физикалық картадан көлдерді көрсету?
Бәйге ойыны
Табиғаттағы су неше күйде кездеседі?
Жер шарының қандай бөлігін су алып жатыр?
Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Жер асты суы қалай пайда болады?
Құдық не үшін қазылады?
Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
Адам денесі неше процентке дейін судан тұрады?
Бір стаканға су, екінші стаканға сүт құйып, қасық салғанда судың қандай қасиетін көреміз?
Судың қатты түрі қалай аталады?
Жер бетіндегі ауа бір жерден екінші жерге ненің көмегімен ауысады ?
Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі қалай аталады?
Физикалық картада су қандай түспен боялған?
Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына қоюланып көтерілгенде не түзеді?
Жол қатынасы
Ауыз су мал суғарады
суы тұщы Өзен балық аулайды
Электр энергиясын Егістік суғарады
өндіреді
Өзен Көл
Жер бетіндегі ойысты толтырады,
суы ащы,
ағынды, ағынсыз
Ағады
су тұщы
Суды шаруашылықта пайдаланады
Біз бүгінгі сабақта не туралы айттық?
-Су қандай ? (Түссіз, мөлдір, ащы, тұщы)
- Түрлері (Өзен, көл, теңіз жауын – шашын, мұз, бұлт, бұлақ)
- Зиянды заттар (қоқыс, өндіріс қалдықтар, шайынды сулар)
- Пайдасы (көлік, тазалық, ауыз су, өсімдік)
Сабақты қорытындылау.
- Қазіргі кезде адамдардың суды шамадан тыс пайдалануының нәтижесінде қандай қажеттілік туды?
- Қазіргі кезде лас суды тазартатын арнайы қондырғылар орнату қажеттілігі туды.
- Арал теңізін дағдарыстан құтқару қажеттілігі туды