Қуанамын мен де,Қуанасың сен де.Қуанайық, достарым,Арайлап атқан КҮНГЕ!
Үй тапсырмасын сұрау
Н.Айтовтың “Ана тілім” өлеңін жатқа айту.
“Ана тілім” тақырыбында шығарма жазу.
Шарты:
бірдей түсті әріптерден сөз құрастырыңдар.
Сыныпты топқа бөлу
Қазақ әдебиеті
Ауыз әдебиеті
Жазба әдебиеті
Айтыс
Жаңылтпаш
Жұмбақ
Мақал-мәтелдер
Тұрмыс-салт жырлары
Аңыз әңгімелер
Шешендік сөздер
Ертегілер
Эпостық жырлар
киномотография
Әлемге аты аңыз болған адамдарымыз аз емес.
Енді солардың бірі туралы кинофильмнен үзінді көрейік…
Бұл фильм туралы не айтуға болады?
Бұл“Алдар көсе”фильмі.
1964 жылы жарық көрген.
Қоюшы режиссері мен басты рөлде ойнағанқазақтың әйгілі актері, режиссер,
КСРО-ның халық артісі
Шәкен Кенжетайұлы Айманов
Шәкен Айманов-актер, режиссер, КСРО халық артисі1914 ж. 15 ақпандақазіргіПавлодар обл.Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен.Ауыл мектебін бітіріп, Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен.
Семей мұғалімдер техни-кумында оқып жүргенде1932 ж.Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.
Шәкен Кенжетайұлы
Айманов
(1914 ж. 15 ақпан — 1970 ж. 23 желтоқсан)
Ш.К.Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.
1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.
Ш.К.Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
Мәтінмен жұмыс:1.Топта оқу, талдау2. Үш қадамдық сұхбат3.Топтық жұмысты бағалау“Екі жұлдыз, бір тілек”