kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Наурызым-берекем, наурызым-мерекем" ашық тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. 1988 жылдан бері атап өтіліп келеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«наурызым-берекем.»

14 наурыз,2017ж. Ашық тәрбие сағаты 2-класс

Тақырыбы: «Наурызым-мерекем, наурызым-мерекем!!!»

Мақсаты: оқушыларды халықтық салт-дәстүрге баулу, Шығыс халықтарының жаңа жылы Наурыз мейрамымен, наурызда жасалатын қазақтың әдет-ғұрыптарымен таныстыру; Отанды сүюге, оның салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету.

Көрнекілігі: сурет, нақыл сөздер, интерактивтік тақта.


Барысы: Р.Рымбаеваның орындауында «Наурыз» атты ән орындалып тұрады.


Бір ата-ана шашу шашады.


Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар!


Мұғалім: Бұл күні амандасудың да өзіндік ерекшелігі бар. Ер адамдар қос қолдасып, төс соқтырады, ал әйелдер болса құшақтасады, ерлер мен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады.


-Ал, балалар ! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз орнымыздан тұрып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып , Наурыз мейрамымен құттықтайық!


Ержан : Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Нұртай: Наурыз құтты болсын, Өмір жасың ұзақ болсын!

Гүлсезім: «Ұлыс береке берсін, Пәле-жала жерге енсін!»

Аяжан:: Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын!


Мұғалім:

Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен. Наурыз-жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы.

Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап бүкіл Республика жұртшылығы наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтіп, оны ұлттық мерекеге айналдырды.

Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған.

Наурыз – шығыселдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұлк үнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған.

Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.

Оқушы: «Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз

Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмеген бірліктің ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Наурыз-көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Наурыздың мән мағынасы, былайша айтқанда философиясы оны басқа мерекелерден дара бейнелейді. «Бұлақ көрсең, көзін аш, тақыр көрсең, ағаш отырғыз, жоқ-жітікке жәрдем бер». Мейлінше ізгі, мейлінше ұлағатты әрі тіршілік мұратымен барынша қабысып жататын қасиетті тұжырым.

Наурыз мейрамына байланысты атаулар мен сөз тіркестері де өте көп. Мысалы: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз Қыдыр, Саумалық, Мұ- харрам (тыйым), Самарқанның көк тасы.

Наурызнама – шат-шадыман, ойын-сауық той дегенді білдіреді.

Гүлсезім:

Наурызым - салтым жоғалып қайта табылған,

Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған.

Бабамның үні ақ бата беріп жеткізген,

Әр қадамыңнан жаныма мейірім табылған.

Тамашалармыз пәк сәбилердің күлкісін,

Ақ әжелердің өзінен естіп сырды шын.

Ақ бата алып қариялардан өмірге,

Наурызым, саған ұшырғым келді жыл құсын.


Оқушылар тақпақтарын айтады:

Аяжан:

Ілесіп Наурызбенен көктем жетсін,

Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.

Еңсесі көтеріліп ер-азамат,

Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін!

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатты гүл көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Нұртай:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.

Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,

Арманы асқақтады көптен бергі.


Ержан:

Салтымен ата-бабаның

Жаңғырды қайта заманым.

Тіршілік басы, Наурызым,

Құтты болсын қадамың!!!



Наурыз

Мұқағали Мақатаев

Ақпан кетті араз боп наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Мұз көргісін ақпанның лақтырып.

Тозған тонын бойына кие алмай бір,

Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр.

Асқар таулар атасын шақырады,

Ой мен қырын атасы қия алмай жүр.

Қарар емес наурыз атағына,

Алар емес ақпанды қатарына.

Күні бойы жылаған қарт пенденің,

Түні бойы мұз тоңды сақалына.


Аяжан: 22-НАУРЫЗ Оразақын Асқар.


Нұртай: Наурыз тойы Әдібай Табылды.


Аяжан мен Гүлсезмді «Наурыз» әнімен қарсы алыңыздар.


Мұғалім: Тәу ету рәсімі. Ұлыстың ұлы күні Күн-Ана дүниеге өзінің сәулесін, нұрын, құтын құяды. Ол нұр, құтын көкжиектен көтерілген бастапқы алғашқы екі сағат мерзімде ерекше қасиетті мол ырысты болады деп есептеледі. Сондықтан Ұлыстың ұлы күніатқан таңды, шыққан күнді қарсы алған. Әйелдер шығып келе жатқан Күнге тәу етіп, иіліп сәлем беріп: «Армысың қайырымды, Күн - Ана! Атар таңға, шығар күнге, Тәу – тәу!

Басымызға амандық, Елімізге береке дарыта көр!» деген сөздер айтқан.


Ұлттық киімдер туралы мәлімет беру.


Мұғалім: Қазақ халқының ұлттық киімдері өзіндік өзгешелікке толы.

Гүлсезім: Тақия - сәтен, шұға сияқты матадан кестелеп тігілген баскиім. Тақияның үлгілері көп: үкілі, оқалы, шошақ төбе, тікше, қатипа, т. б.

Гүлсезім: Қалпақ - ақ киізден қалың матадан тігілген, биік төбелі баскиім. Төбесі шошақ биіктеу етегі кең келген бұл баскиім күннің сәулесін, суық өткізбейді, жауын-шашыннан пана сәнді киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді.

Аяжан: Сәукеле - қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән - салтанатының, салт - дәстүрінің, мәдениетімен шеберліктің озық үлгісі.

Аяжан: Кимешек - қазақ әйелдеріне тән. Кимешекті ақ матадан, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп әшекейлеп дайындайды. Салт бойынша әйелдер балалы болғаннан кейін киеді.

Нұртай: Ішік - әрі жылы, сәнді, сырт киім. Ішікті еркектер де әйелдер де киеді. Ішікті әшекейлеп, ою, кестелеп, зерлеп тігеді.

Нұртай: Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырт киімдерінің бірі. Тысы мен астарының арасына жүн немесе мата салынып, шұға сияқты әдемі мықты матадан қапталып тігіледі.


Мұғалім: Наурыз мерекесінің танымдық қуаты мол, жұмбақ сырлы рәсімдері мен шарттары, талаптары баршылық. Соның бірі - ұлыстың ұлы күні Наурызнамаға дайындалатын наурызкөже. Ол кемінде жеті түрлі тағамнан дайындалуы керек деген түсінік бар. «Ұлыс күні қазан толса, Ол жылы ақ мол болар»,- деп халық жадында сақталған түсінік бойынша, ол мейлінше мол жасалуы керек. Тіпті, алаңсыз өзі ішсін деген ниеттен болар, қаласа, әркімнің өзі құйып алу еркі болған. Мұның бәрі наурызды теңдік күні, еріктілік, мейірімділік, имандылық мерекесі дегенге саяды. Балалар, осы наурыз көженің құрамына кіретін жеті түрлі дәм, тағамға нелер жатады?

Гүлсезім: Халқымызда барлық сүт тағамдарын ақ дейтіні белгілі. Олай болса, наурыз көженің бірінші дәмі ақ құрт болып табылады.


Гүлсезім: Наурыз көженің екінші дәмі – қызыл ет.


Гүлсезім: Тұзды қасиетті қара дәм, қарабас тұз дейтінін білеміз, үшінші дәм – тұз.


Аяжан: Көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын ететіні белгілі. Су тіршіліктің – негізі. Наурыз көженің ттөртінші дәмі – көк су.


Аяжан: Май өзінің сарылығымен ғана емес, халқымыздың «ең асылын» сары майдай сақтайтынымен белгілі. Наурыз көженің бесінші дәмі – сары май.


Нұртай: Жерден өнетін өнімдердің бәрі жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз. Наурыз көженің алтыншы дәмі – түктеліп, бөрттірілген бидай.


Нұртай: Бидайдың, тарының, талқанның, көжеге қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске бөлеу орынды. Наурыз көжеге қосылатын тағы бір тағам – ұн кеспе.


Наурызда дайындалатын тағы басқа тағамдары туралы мағлұмат беру.


Гүлсезім:

Ет тағамдары              

Қазақша ет (Бесбармақ, Бешбармақ) I Қазы I Қарта I Жал I Жая I Сорпа I Бас I Сүр I Жаубүйрек I Борша  I Қарын бөртпе I Әсіп I Жөргем I Қимай I Шұжық I Шыртылдақ I Сірне I Ми палау I Құйрық-бауыр I Қуырдақ

Аяжан: Сүт тағамдары       

Айран I Қатық I Қойыртпақ I Шалап I Шұбат I Қымыз I Қортықтық (тасқортықтық) I Балқаймақ I Кілегей I Қаймақ I Құрт I Сары май I Сүзбе I Уыз I Іркіт I Ақ ірімшік
Нұртай:

Ұн және дақылдардан жасалатын тағамдары  

Бауырсақ I Таба нан I Салма I Май шелпек І Қаттама
Талқан I Бидай көже I Тары көже I Жент (қоспа) I Майсөк (майтары) I Бидай қуыру I Бөкпе
Би: «Қара жорға»

Шығыс елдері наурызды бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі деген. Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. тойлаған. «Наурызда Самарқанның көк тасы жібиді» деген сөз бар. Наурыздіни мейрам емес, халық мейрамы, ұлттық мереке. Бұл күні жұрт жұмыс істемейді, ренжімейді. Барлық даланы Қыдыр ата аралайды.

Уілдеген жел дыбысы естіледі, ортаға Қызыр баба келеді.

Жандос: Ақыл-ойды асырып, Мынау тұрған халықты ,

Ата салтын сақтаңдар. Ынтымақ пен достыққа,

Дұрыс сөзге тоқталып, Жақсылыққа бастаңдар.

Ұлы күні ұлыстың, Айналайын, ел-жұртым,

Өкпе –назды тастаңдар. Орындалсын арманың,

Жайқала берсін орманың. Әумин!!!

Қыдыр баба тілегін айтып аттанады: Жарқыра, жайна, Наурызым,

Қабағы жаудың түйілсін.

Береке-байлық – дәм-тұзың,

Халқыма мәңгі бұйырсын!


Мұғалім: Бата-үлкендердің өзінен кішілерге беретін ықыласты тілегі.


Бата, оның түрлері туралы электрондық оқулықтан тыңдау.


Мұғалім: Наурыздың өзіне тән салт-дәстүрлері, рәсімдері болған. Мысалы мынадай:

Гүлсезім: Қыздар, келіндер қыс бойы іс тігеді, оны әжелеріне көрсетеді, әжелер наурыз көже береді.


Гүлсезім: Балалар, қыздар жаңа киімдеріне байғазы, көрімдік сұрайды, үлкендер байғазы береді.


Аяжан: Өкпелеп жүрген бір-біріне реніш бар ағайын-туғанды бұл күні басқа жұрт татуластырады. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді».


Нұртай: Жас таланттың көзін ашу. Бұрын көрінбей жүрген өнерлі бала осы наурызда өз өнерін халыққа көрсетеді.


Мұғалім: Тағыда басқа салт –дәстүрлер туралы білесіңдерме?







Шілдехана  

       Қазақ халқы думаншыл халықтың бірі. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын көптеген салт-дәстүрлердің бірі - шілдехана. Бүгінде жас сәбидің дүниеге келгенін той жасап, атап өту рәсімге айналған.

       Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін "ұл туғанға - күн туған" деп, ерекше бақыт санаған. Отбасының, ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген.

       Қазақ халқында ұл бала туса да, қыз бала туса да, жақын туыстарына хабарлап, "сүйінші" сұраған. Қуаныштарынан той жасап, атап өтеді. Ол тойға жақын туыстары мен жора-жолдастары келіп, нәрестенің жақсы азамат болып өсуіне тілектерін білдіріп, шамаларына қарай, арналған сыйлықтарын береді. Баланың анасына туыстары күтіммен қарайды.

      Туған ер баланы отыз күн, қыз баланы қырық күн суға түсіріп, денесін сылап, буындарын созады. Қырық күн өткен соң, қырқынан шығару ырымын жасайды. Оны туыстары болып келетін үлкен кісіге тапсырады. Осындай міндет жүктелген адам, сыйлығын бір тоғыз етіп дайындап келіп, нәрестені қырқынан шыарады.



Бесік той

       Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді.

        "Бесік алып беру" - қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүр. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киітін, зергерлік бұйымдары мен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Алып барған киітінің ішіне тоғыз түрлі заттар салады. Тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттарға дейін кіреді.

        Тойға жиналған қонақтар асқа отырып, шүйіркелесе әңгімелесіп, құдағиларымен танысады. Шай ішіліп, әңгімелер айтылады. сонан соң "бесікке салу" ырымын жасайды. Құдағилары алып келген бесікті ашпас бұрын, сол үйдің басқа келіндері көрімдік сұрайды. Бесікті ашатын әйел көрімдігін береді. Жаңа бесікке нәрестені бөлемес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын орындарына қойып, шашу ретінде алып келген шайлық тәттілері мен ұсақ, ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқан әйелдерге "тыштыма" деп үлестіріп береді. Жаңа бесікке олар байғазыларын береді. Әкелінген бесікке көріп отырғандар баға беріп, бесік әкелушілерге киіт беріледі. Құдағилар білезік пен жүзіктерін бір-біріне сыйлайды. Бесік жыры айтылып, би биленіп, көңіл көтереді.



Аяжан:

Сүндеттеу

   Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ең бірінші Ыбырайым пайғамбар мен оның ұрпақтары сүндеттелген және сүндетке отырғызу Құдайдың берген өсиеті болған. Қазақ халқында бұл салт-дәстүрге айналған. Халықтың түсінігі бойынша, сүндетке отырғызудың мақсаты - бала ер жетіп, азамат болды дегенді білдіреді. Қазіргі күні қазақ халқы осы салтты "Сүндет той" деп, көп жерлерде үлкен той жасап, атап өтеді. Сүндетке отырғызылған балаға тай мінгізіп, келген қонақтары сыйлықтар сыйлайды. Бұрынырақта атқа жабу жауып, ашамай салып. сүндетке отырғызылатын баланы отырғызып, алдына қоржын іліп, туған-туыстарын тойға шақыртуға шығарған. Той басталғанда, кейбір жерлерде, арнайы ұлттық киім киген баланы атқа отырғызып, жиналған қонақтардың алдына шығарады. Отырғызатын атын өрнектелген кілемше жабуларымен безендіреді. Шашуларын шашып, байғазыларын береді. Тойға арнайы келген жақын туыстары тілектерін айтып, сыйлықтарын сыйлайды. Би биленіп, өлеңдер айтылып, ойындар ойналады.



Гүлсезім:

Тұсау кесу

Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүр - тұсау кесу. Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі.Тойға келгендер тұсау кесер тойына сыйлықтарымен, шашуларымен келеді. Дастархан жайылып, көрші-қолаңдар, әйелдер, қыз-келіншектер жиналады. Тұсау кесетін баланың аяғына байлайтын жіпті тұсау кесетін әйел дайындап, алып келеді. Көпшіліктің алдында даярлаған сыйлықтарын беріп, ортада тұрған баланың аяғына байланған жібін кесіп, жібереді. Жіпті ақ, қара жіппен есіп, еркін байлауға жететіндей етіп дайындайды. Ақ, қарадан есіп жасалған жіп біреудің ала жібін аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді. Тұсау кесетін әйелді баланың әке-шешесі таңдайды. Беделді, іске ықшам, жасы үлкен, балалы-шағалы әйелге жүктейді. Ол әйел шамасына қарай балаға сыйлық береді. Кей жерлерде баланың басынан аяғына дейін жаңа киімдер әкеліп, әкелген сыйлығын ел көрсін деп, тұсауын кесіп, ортаға жібермей тұрып, кигізіп қояды. Ал кейбір жерлерде тұсауын кесетін балаға тұсау кесетін әйел балаға аяқ киім немесе бастан-аяқ киімнен бір тоғыз етіп жасап алып келеді. Бұрынырақта ат пен ер-тоқымын сыйлаған. Өлеңдер айтылып, жиналғандар тілектерін тілейді.

Тұсау кескен әйелге әке-шешесі ризашылығын білдіріп, сыйлықтарын тартады. Киітін береді.



Нұртай: Ашамайға мінгізу



Мұғалім: Мереке қызған кезде алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды.

Сендер қанда ұлттық ойындарды білесіңдер?


Арқан тартпақ.

Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.



«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.


Ержан:

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.


Аяжан:

«Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.


Нұртай:

Ақ сүйек - ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар араласып ойнай береді. Кешке мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ерте кезде ірі қараның қу жілігі пайдаланылған. Күн көзінде ұзақ жатқан жіліктің құрап, ақсөнке болып қалатыны белгілі. Ол кезкелген жерден ұшырайды. Соған орай ойын да «Ақсүйек» атанған. Ойынға келгендер екі топқа бөлінеді. Бастаушы ақсүйекті әуелетіп, алысқа лақтырады. Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақ сүйектен көз айырмай қарап, қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер» деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.


Гүлсезім:

Алты бақан –қатысушылар санына шек қойылмайды. Алты бақан далада, алаңда, алаңқайда көбіне көктем, жаз кештерінде өтеді. Алты бақанды әзірлеу және ойын шарты: тербелетін тұғыр жасау үшін ұзындығы 3,5-4 метрлік алты бақан және үш мықты арқан керек. Алты бақан әрқайсысы үш-үштен мосы тәрізді етіліп ара қашықтығы 50-70 сантиметрге жерге төбелері түйістіріліп орнықтырылады да оған көлденең арқалық ағаш байланады. Ал үш арқанның ұшын сол көлденең арқалыққа бекітеді. Арқанның ұзындауы аяқ тиреуге, қалған қысқалау екеуі – отыруға бейімделеді. Әдетте қыздар мен бозбалалар жұп-жұп болып, алма-кезек ауысып тербеледі де әуелете ән шырқайды. Қалған ойыншылар өз кезектері келгенше әнге қосылып, көңілді күлкі, шат думан түннің біруағына дейін созылды.


Аяжанды «Қазақтың дәстүрлері» әнімен қарсы алайық.


Қазақтың ұлттық ойындары

Көкпар. Аударыспақ. Қыз қуу. Күрес. Мойын арқан. Теңге ілу. Алтын қабақ (жамбы ату). Асау үйрету. Ақ сүйек. Сақина салу. Тымпи. Бастаңғы. Ине жасырмақ. Алты бақан. Тоғыз құмалақ. Асық ойыны.









Мұғалім: БҰЛ КҮНІ:

- сапарға шықпайды;

- ешкіммен ренжіспейді;

- жаман, былапыт сөздер айтпайды;

- жаман қылықтар көрсетпейді;

- шаш, тырнақ алмайды;

- іс тікпейді, кір жумайды.

БҰЛ КҮНІ:

- Күн мен Түн теңеледі;

- ренжіскен адамдар достасады;

- жақын туыстармен дәм алысады;

- 7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды;

- ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.



Сұрақ – жауап:

  1. Наурызда қандай тілек айтылады?

  2. Наурыз күні дайындалатын тағамды ата. “Наурыз көже”

  3. Наурыз күні айтылатын ән. “Жарапазан”

  4. Наурыз күнгі жауған қар қалай аталады? “Наурызша”

  5. Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағысты қалай атаймыз? “Әз”

  6. Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария кім? “Қыдыр ата”



Нұртайды «Наурыз-жыл басы» әнімен қарсы алыңыздар.


























Т.Айбергенов атындағы орта мектебі








Наурызым-берекем, наурызым-мерекем!


/2-класс ашық тәрбие сағаты/




Өткізген: Жанқылышева А.




















2016-2017 оқу жылы
































































Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы

Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».



Көкпар - көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. Жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. Сайланған төрт жігіт өздерінің қайрат-күшін елге танытады. Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.Тартысқа шыққан жігіттер серкеге барғаннан кейін таласа-тармаса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды. Қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге тырысады. Ол да жармасып, бос сирақты тақымға басып, тартыса бастайды. Серіктері жолдастарын жебейді. Қайсысы көкпарды жұлып алса, серігіне береді. Ол топқа қарай ала қашады. Қарсыласы қуалайды. Жетіп ұстаса, қайта тартысады. Сөйте-сөйте көрерменге жақындайды. Осы арада көкпарды жұлып алған жігіт тез қимылдап, қарсылас топқа апарып тастайды. Ал аты ұшқыр , жүйрік жігіттер түптегі тартыста-ақ лақ қолына тисе, жеткізбей кетуі мүмкін. Көкпар тартуға араласа алмайтын қартттар, балалар көкпаршы жігіттердің осы ойынынан ләззат алады. Жүйрік атпен мықты жігіттің қайратына сүйсінеді. Біраздан кейін серкенің терісі жыртылып, сүйегі сөгіле бастайдыда, ел жапа-тармағай тартысқа кіріседі. Бұл дода деп аталады. Мұнда да мықты жігіттермен жақсы ат көзге түседі. Мықты жігіттер жүйрік атты жігіттерге топтан көкпарды шығарып береді. Олар ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың бәрі дода әдісімен өтеді.


Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.



Күрес-қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл боліп, дәріптеген.


Мойын арқан - жекпе –жек күш сынасатын ежелгі халық ойыны. Жігіттер тойда, жазғы сауықта сайысқа түседі. Көгал алаң таңдалады. Ұзын арқанның екі ұшы тұйықталып түйіледі. Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық сызылады. Қос қанаттан ұзындығы тепе-тең мөлшерде сайыскерлер тұратын меже белгіленеді. Сайысқа қалаушылардың бәрі түседі. Сарапшылыр олардың шама-шарқын мөлшерлеп, теңдесімен тартысқа түсіреді. Ойынды басқарушы тұйықталған арқанды сайыскерлердің мойнына кигізіп, екі саласын қолтықтың астынан өткізеді де, тартысушыларды жерге тағандатып қояды. Белгі берілгенде екеуі екі жаққа қарай тартуы керек. Дайындық шаралары біткеннен кейін бастаушы тартысқа рұқсат етеді. Сайыскерлер бірін-бірі шегіншектетіп сүйрей жөнеледі. Алаң ортасындағы белдеу сызықтан қарсыласын шегіншектете сүйреп өткізген сайыскер женеді.




Балалар бүгін біз киім жайында оның ішінде Қазақтың ұлттық киімдері туралы өтіп олармен танысамыз. Киім - денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын жасанды жамылғы, тұтыныс бұйымы. Қазақ халқының ұлттық киімдері өзіндік өзгешелікке толы. Ұлттық киімдерге біз тақия, қалпақ, сәукеле, мәсі, саптама етік, кимешек, жейде, көйлек, камзол, шапан, ішік тағы сол сияқты киімдерді жатқызамыз. Біз бүгін олардың әрқайсысына жекелеп тоқталамыз.

Тақия - сәтен, шұға сияқты матадан кестелеп тігілген баскиім. Тақияның үлгілері көп: үкілі, оқалы, шошақ төбе, тікше, қатипа, т. б.

Қалпақ - ақ киізден қалың матадан тігілген, биік төбелі баскиім. Төбесі шошақ биіктеу етегі кең келген бұл баскиім күннің сәулесін, суық өткізбейді, жауын-шашыннан пана сәнді киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді.

Сәукеле - қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән - салтанатының, салт - дәстүрінің, мәдениетімен шеберліктің озық үлгісі.

Кимешек - қазақ әйелдеріне тән. Кимешекті ақ матадан, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп әшекейлеп дайындайды. Салт бойынша әйелдер балалы болғаннан кейін киеді.

Ішік - әрі жылы, сәнді, сырт киім. Ішікті еркектер де әйелдер де киеді. Ішікті әшекейлеп, ою, кестелеп, зерлеп тігеді.

Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырт киімдерінің бірі. Тысы мен астарының арасына жүн немесе мата салынып, шұға сияқты әдемі мықты матадан қапталып тігіледі.

Жейде - түймелігі жоқ ішкиім. Алдыңғы екі өңірі өте ұзын, камзол тәрізді төменге салбырап тұрады. Жейде қайырма жаға, тік жаға, қақпақ жағалы боп бөлінеді.
















Просмотр содержимого презентации
«наурызым-берекем, наурызым-мерекем»

“ Наурыз – 20 17 » мейрамы құтты болсын! Наурыз десе – көгімде жүзді күнім, Наурыз десе – көркейтер түз де гүлін. Наурыз деген – ырысым, ынтымағым, Наурыз деген – дәстүрім, ізгілігім.

“ Наурыз – 20 17 » мейрамы құтты болсын!

Наурыз десе – көгімде жүзді күнім,

Наурыз десе – көркейтер түз де гүлін.

Наурыз деген – ырысым, ынтымағым,

Наурыз деген – дәстүрім, ізгілігім.

«Наурызым-берекем, наурызым-мерекем! »

«Наурызым-берекем, наурызым-мерекем! »

Наурыз басы: “Тәу ету рәсімі”   Наурыз келген күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек, ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. “ Бұлақ көрсең - көзін аш” деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады. “ Бір тал кессең, он тал ек” дескен қариялар бұлақ басына тал егеді. Ұлыстың ұлы күні Күн-Ана дүниеге өзінің сәулесін, нұрын, құтын құяды. Ол нұр, құт көкжиектен көтерілген бастапқы алғашқы екі сағат мерзімде ерекше қасиетті мол ырысты болады деп есептеледі. Сондықтан Ұлыстың ұлы күні атқан таңды, шыққан күнді қарсы алған. Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп: “Армысың қайырымды, Күн - Ана! Атар таңға, шығар күнге, Тәу – тәу! Басымызға амандық, Елімізге береке дарыта көр!”- деп  иіліп сәлем береді. -“Кеудесі түкті Жер- Ана, құт дарыт, жарылқа! - деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.

Наурыз басы: “Тәу ету рәсімі”

Наурыз келген күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек, ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.

“ Бұлақ көрсең - көзін аш” деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады.

“ Бір тал кессең, он тал ек” дескен қариялар бұлақ басына тал егеді.

Ұлыстың ұлы күні Күн-Ана дүниеге өзінің сәулесін, нұрын, құтын құяды. Ол нұр, құт көкжиектен көтерілген бастапқы алғашқы екі сағат мерзімде ерекше қасиетті мол ырысты болады деп есептеледі. Сондықтан Ұлыстың ұлы күні атқан таңды, шыққан күнді қарсы алған. Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп: “Армысың қайырымды, Күн - Ана! Атар таңға, шығар күнге, Тәу – тәу! Басымызға амандық, Елімізге береке дарыта көр!”- деп иіліп сәлем береді. -“Кеудесі түкті Жер- Ана, құт дарыт, жарылқа! - деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.

Наурызшешек -наурыз айында өсетін жапырақтары түрлі-түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік. Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Наурызнама – шат-шадыман, ойын-сауық тойы. Наурызша - наурыз күні жауған қар.

Наурызшешек -наурыз айында өсетін жапырақтары түрлі-түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.

Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.

Наурызнама – шат-шадыман, ойын-сауық тойы.

Наурызша - наурыз күні жауған қар.

Қоян жылы құт береке әкелсін! Наурыз құтты болсын! Ұлыс береке берсін! Ұлыс күні алдына келсе, атаңның құнын кеш Жақсылыққа жақсылық - жай адамның ісі,  Жамандыққа жақсылық - ер жігіттің ісі. Жыл басы - Наурыз, мол болсын дәм - тұз ___________________________________ С.Сенғалиева 1

Қоян жылы құт береке әкелсін!

Наурыз құтты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Ұлыс күні алдына келсе, атаңның құнын кеш

Жақсылыққа жақсылық - жай адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық - ер жігіттің ісі.

Жыл басы - Наурыз, мол болсын дәм - тұз

___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы

«Наурызкөже»

«Наурызкөже»

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық

киімдері

Тақия

Тақия

Қалпақ

Қалпақ

Сәукеле

Сәукеле

Кимешек

Кимешек

Ішік

Ішік

Шапан

Шапан

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ ___________________________________ С.Сенғалиева 1

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ

ТАҒАМДАРЫ

___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы

Наурызға байланысты салт-дәстүрлер ___________________________________ С.Сенғалиева 1

Наурызға байланысты

салт-дәстүрлер

___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы

Шілдехана

Шілдехана

Бесік той

Бесік той

Тұсау кесу

Тұсау кесу

Қазақ халқының ұлттық ойындары ___________________________________ С.Сенғалиева 1

Қазақ халқының

ұлттық ойындары

___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы

___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы

«Арқан тартпақ» ойыны

«Арқан тартпақ» ойыны

«Аударыспақ» ойыны

«Аударыспақ» ойыны

«Теңге алу» ойыны

«Теңге алу» ойыны

«Қыз қуу» ойыны

«Қыз қуу»

ойыны

«Алтыбақан» ойыны

«Алтыбақан»

ойыны

“ Қара жорға” биі

Қара жорға” биі

БҰЛ КҮНІ: - сапарға шықпайды; - ешкіммен ренжіспейді; - жаман, былапыт сөздер айтпайды; - жаман қылықтар көрсетпейді; - шаш, тырнақ алмайды; - іс тікпейді, кір жумайды. БҰЛ КҮНІ: - Күн мен Түн теңеледі; - ренжіскен адамдар достасады; - жақын туыстармен дәм алысады; - 7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды; - ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.

БҰЛ КҮНІ:

- сапарға шықпайды;

- ешкіммен ренжіспейді;

- жаман, былапыт сөздер айтпайды;

- жаман қылықтар көрсетпейді;

- шаш, тырнақ алмайды;

- іс тікпейді, кір жумайды.

БҰЛ КҮНІ:

- Күн мен Түн теңеледі;

- ренжіскен адамдар достасады;

- жақын туыстармен дәм алысады;

- 7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды;

- ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.

Тамашаға толтырып тұнық төрді,   Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді,   Барша үйге бақыт боп, береке боп,   Жанарынан нұр шашып күліп келсін!! ___________________________________ С.Сенғалиева 1

Тамашаға толтырып тұнық төрді,

  Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді,

  Барша үйге бақыт боп, береке боп,

  Жанарынан нұр шашып күліп келсін!!

___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Наурызым-берекем, наурызым-мерекем" ашық тәрбие сағаты

Автор: Жанқылышева Амангүл Зейноллақызы

Дата: 24.03.2017

Номер свидетельства: 403030


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства