Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсініп оқып, оқулықта берілген мақалдармен байланыстыруға мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтіннің идеясын ашу арқылы қорытынды ой жасауға негіз қалау
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: әңгімеден алған білімдерін дұрыс жүйелей білуге үйрету, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере білу: жиі айтылатын аталы сөздердің мағынасын түсінуге берілген шығармашылық жұмыстар жасау: кейіпкерге сипаттама беру арқылы оқушының шындыққа өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Тұлғалық нәтиже: оқушылардың іскерлік, шығармашылық, логикалық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау: адамгершілік ізгі қасиеттерге, адал болуға, қиыншылықтан қашпау керектігін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, тақырыптың мазмұнына сай сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
Өткенге шолу .
Ғылым таппай мақтанба
Қызығушылығын ояту
І кезең. Диқан нанын жейді,
Жалқау арын жейді
Мақал мен жұмбақтың арасындағы байланысты айтыңдар
Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке артыңнан қуып жетеді.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу
Ақпанның он екісі
Сынып жұмысы
Мағынаны тану
ІІ кезең . Кітап –алтын сандық,
Іші толған қазына, құт.
Оқы,оқы, ойыңа тұт.
Сөздік жұмыс
Ізет көрсету- құрмет көрсету.
Мойнына салып беру- өтірігін ашып беру.
Жалғасын тап
ерке
Есер баладан ... бала жаман.
Жақсы бала-сүйік,
Жаман бала ... .
күйік
«Әдеби үйірме» әдісі
Сілтеме табушы (мәтіннің ең қызықты жерін оқиды)
Кейіпкерлерді сипаттаушы ( әр кейіпкерді танып, сипаттайды)
Дәнекер (мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыру)
Сұрақ құрастырушы (мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады)
Сөз тапқыш (мәтінге сәйкес жұмбақ, мақал-мәтел табады)
Сергіту сәті
ІІІ кезең.Өтірік өрге баспайды
Кестені толтыр:
Оқиғаның басталуы:
Оқиғаның дамуы:
Шиеленісуі
Шарықтау шегі:
Қорытынды:
Ой толғау
ІҮ кезең: Жақсы жаныңа жолдас,
Жаман малыңа жолдас.
Кейіпкерлерге сипаттама бер:
Басты кейіпкерлер
Тасадағы кейіпкерлер
Қорытынды
Басты кейіпкердің –Әмірдің өтірік айтпауына, шыншыл, адал болуына кімнің септігі көбірек тиеді деп ойлайсың?