kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мемлекеттік рәміздер-елдіктің басты нышаны»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарихқа қарап отырсақ,таңбалар мен белгілер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мемлекеттік рәміздер-елдіктің басты нышаны»»

Мемлекеттік рәміздер-елдіктің басты нышаны

Тарихқа қарап отырсақ ,таңбалар мен белгілер сонау көне заманнан басталып бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.Шәкәрім қажы шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы деректер 5 ғасырдан белгілі екендігі көрсетілген.Қазақ ру-тайпаларының а ттаңбалары осы күнге дейін ұшырасады.Бұл таңбалар республика өңірлеріггггггнен табылған тас жазуларда ,қазба жұмыстары кезінде қолғиген тарихи жәдігерлерде,құрал-жабдықтарда,осытурасында жазылған арнайы зерттеулерде жиі кездеседі.

Түркі халқы көбінесе көк шатыр тігіп,киімді көк түстен киген.Соған қарап,ата-бабаларымыз көтерген қасиетті бөрілі байрақ та ‘көк асаба’атанған.Қазіргі Мемлекеттік Туымыздың түсі осындай тарихи бояулардан рең алғаны белгілі.

Тарихтан белгілі болғандай мемлекеттіліктің тұғырлы белгілері болады.Олардың ішінде Ата заңы,көрші елдермен мемлекеттік шекарасының межеленуі ,мемлекеттік тілінің мәртебелілігі т.с.с.Бұған қоса елдің елдігін белгілейтін,қазақтың рухани талғамынан шыққан желбіреген көк Туы, шаңыраққа ұйысқан айшықты Елтаңбасы бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері саяси тұрғыдан алғанда өте маңызды саналады және елдің елдігін, мемлекеттің басты нышандары мен белгілері айқындап берген егемендіктің басты қазығы іспетті. Ал қазақтың Әнұраны-қазақтың рухын асқақтатып отырған басты ұраны.Сондықтан болар, Мемлекеттік Ту,Елтаңба,Әнұран

Қазақстан халқы үшін рухани ұлы күшке ие.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен белгіленген атаулы және мереклік күндердің бар екені баршаға мәлім.Бүкілхалықтық байқау жарияланып, нәтижесінде 1992ж.4маусым күні қабылданған рәміздеріміздің саяси да рухани маңыздылығы ман сипатын, әр деталін әрқазақ, әр қазақстандық білуге міндетті.

Қазақ халқының рухани тағылымынан шыққан Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңба эстетикалық келбеті мен әсемдігі,нақышы, өзінің бойына сан қырлы элементтерді үйлестіре білген кескінімен әсемдік қауымдастықты тәнті етіп, өте жоғары бағаға ие болатынында зор мақтанышпен айта аламыз.

Мемлекеттік рәміздердің әсіресе жас ұрпақтың бойына рухани нәр беретін тәрбиелік мәні аса жоғары.Сондықтан республикамыздағы мемлекеттік ұйымдар бұл даталы күнді елеусіз қалдырмай салтанатты живн ретінде атап өткені азаматтық борышы болып саналса ,екінші жағынан елжандылық сезімін одан ары бекіте түсері сөзсіз.

Білім беру жүйесін басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты аталған Мемлекеттік Рәміздер күнін Тәрбие жұмысыкабинетінің ұйымдастыруымен атап өтті.

Сценарий бойынша шара 2 бөлімнен тұрды.1 салтанатты бөлімде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің талқылануы,бекітілуі,олардың білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердегі орналасу тәртібі мен рәсімдері егжей-тегжейлі баяндалды.Тіпті Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Тудағы айырықша белгілердің түрі мен түсі,ондағы әр элементтердің орналасуы және оларды қадағалап,стандарттын бекітетін Қ.Р Индустрия және сау да министірлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің құжаттары таныстырылды.

Атаулы күннің 2 мерекелік бөлімінде институттың құрылымдық бөлімшелері арасында Мемлекеттік әнұранның тууна алғышарт болған ‘Асқақ рухты әндер’сайысы ұйымдастырылды.

Сайыстың мақсаты халық арасында ресми түрде бекітілмесе де, елдің рухын көтеретін ән ретінде қалыптасып, кең таралған әндерді насихаттай отырып,ББЖКБАРИ қызметкерлерінің қазақ елінің ұлттық құндылығы болып танылатын рухтандырушы әндерге деген азаматтық құрметін арттыру, мақтанышын ұлықтау болды.

Сайыс төмендегідей бағыттар бойынша бағаланады;әр әнді орындау алдында орындаушылар тарапынан ән тарихы мен авторлары жөнінде дерек беру талап етілді.

Сонымен қатар,қатысушылардың әнді орындау шеберлігі,әннің музыкалық сүйемелдеу деңгейі,әншінің сахналық келбеті мен әнді орындауға ұжымның қатысуы,топпен немесе жеке орындаушылығы есепке алынды.

Тұлға тәрбиесі отты жылдары шыңдалды десек сырттан келген басқыншыларға қарсы рухты көтеретін әндердің бір легі Ұлы Отан соғысының азалы күндерінде дүниеге келген еді. Соның бірі болып табылатын Рамазан Елібаевтың ‘Жас қазақ’ әнін Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, ұлағатты ғалым-ұстаз Ә.Садуақасов домбырамен нақышын келтіре орындады.

Әнұран болып қабылданбай тұрғанда ел арасында әр сатанатты жиында халық тік тұрып, шын ықыластарымен айтатын’Менің Қ.Р ‘әнін Атамекен әнін Оқутудің әдістері мен мазмұнды кафедрасының оқытушылары курсқа келуші тыңдаушылармен бірге орындады.

Қ.Р-баршпамыз үшін туған жеріміз,сүйген мекеніміз.Себебі”Туған елдей ел болмас,Туған жердей жер болмас!”Осы рухта орындалған ән Педагогика және психология кафедрасы оқытушыларын орындауындағы “Туған жер”әніболды.

Әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алған.Нұрғиса Тілендиев ағамыздың тамаша туындыларының бірі “Құстар әні”,жасыл желекке жамылған қазақтың даласы мен төрт түліктің жерұйығына айналған жайлау туралы “Саржайлау”,жалынды жастықтың куәсі болған “Армандастар”әндері де тыңдаушылардың құлақ құрыштарын қандырды.

Ерекше ықыласқа ие болғанОрта білім беруұйымдарын басқару кабинеті мамандары С.Жұманқызы мен Б.Тұмарханқызының орындауындағы қазақтың тек қана қаржы ордасы ғана емес,сонымен қоса мәдениет ордасы әсем қала Алматы туралы әні “Сағындым Алматымды”болды.Бұлорындаушылар байқау жұмысына асқан жауапкершілікпен ат салысуы арқылы ерекшеленеді.

Олар әннің шығу тарихын айтып қана қоймай авторлары туралы толық мағлұматтар бере отырып,әнді орындау кезінде арналып тігілген киім үлгісін ұсынды.

Ақпарпттық тнхнологияларжәне қашықтықтан оқыту кабинетінің әдіскері,Қытай елінен оралған қандасымыз жас талап Әнуар Байқоныстың төл туындысы “Атамекенге”өлеңі тыңдаушыларды алыс елдердегі бауырларымыздың ыстық та,ықыласты сағыныштарымен қауыштырды.

“Асқақ рухты әндер'сайысын Редакция-баспа кабинетінің қызметкері ,Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Жарылқасын Боранбай “Әнұран туралы толғаныс”өлеңімен аяқтады.

Сайыс аяқталғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы институт шаңырағында шарықтаған рухты әндер қалықтады.Тақырыпқа орай викториналық сұрақтар әзірленіп,алғыр жауаптарға Тәрбие жұмысы кабинетінің әдіскерлері қазақтың біртуар ұлы тұлғасы М..Шахановтың “Ұлт анасы-тіл”кітабын тарту етті.Әрбір азаматтың бойында ұлттық рухтық мақтаныш сезімі шарықтап,ән болып қалықтады.

Салтанатты кешті Білім беру жүйесінің басшы және ғылым педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының директоры Б.Сманов қорытындылады.

Бахтияр Өрісбайұлы өзі төрағалық жасаған сайысты әділқазылар алқасы шешімімен Институт әкімшілігі тарапынан жеңімпаздарға естелік сыйлықтар ұсынды.Қатысушыларды мерекелерімен құттықтай отырып шығармашылық табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.

Қазақ мемлекеттілігінің басты нышандары болып әр азаматтың жүрегінен орын алған,елім деп соққан жүректерге рухани күш беретін,егемендіктің басты бірегей белгілері болып табылатын Мемлекеттік Ту,Мемлекеттік Елтаңба,Мемлекеттік Әнұран қабылданған атаулы күнді осындай игі бастамамен атап өткен ұжым,еліміздің әрбір азаматына Қазақ елінің тұғырлы Туы әлем көгінде жйі желбіреп,әсем Әнұранымыз қалықтай берсін деген тілегімізді білдірнміз!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мемлекеттік рәміздер-елдіктің басты нышаны»

Автор: Итжанова Гульнар Кайролдановна

Дата: 27.11.2018

Номер свидетельства: 487882


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства