kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?ым ма?танышым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:
- Балаларды? ?рт?рлі маманды?тар туралы білімдерін толы?тыру.
- Сурет бойынша ?ойыл?ан с?ра?тар?а толы? жауап беруге да?дыландыру ар?ылы зейіндерін дамыту.
- ?лкендерді е?бегін ба?алау?а т?рбиелеу ж?не маманды? та?дау?а ?ызы?ушылы?тарын тудыру.
К?рнекілігі: т?рлі маманды? иелері туралы суреттер, интерактивті та?та.
Саба?ты? барысы:

                         І. ?йымдастыру.

Ісім о?сын десе?із,
Сол істі? маманы болы?ыз.
Да??ым шы?сын десе?із,
К?пшілікті? адамы болы?ыз.


Міне к?рді?дерме? Балалар болаша?та  маманды? иесі болу ?шін, а?ылды, білімді т?рбиелі болуы,сол істі маманы болуымыз керек екен.

                         ІІ. Жа?а саба? барысы.
1. ?зір ас жо? д?ниеде.
Саба? ?зі о?ылмайды,
К?йлек ?зі то?ылмайды,
Т??ым ?зі себілмейді,
?йлер ?зі салынбайды,
Кендер ?зі табылмайды,
Кітап ?зі жазылмайды.
Барлы? істі? батыры – біз,
Екі ?ол мен а?ылымыз.
Осыны? б?рін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім ?зірлейді?
Саба?ты кім о?иды?
К?йлекті кім то?иды?
Т??ымды кім себеді?
?йлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
Осы с?здерді бір атаумен ?алай атаймыз? Осы с?здерді? орта? атауы - МАМАНДЫ?.
Саба?ты? та?ырыбын айтып, ма?сатты ай?ындау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?ым ма?танышым »

Сабақтың тақырыбы: Мамандығым мақтанышым


Мақсаты:
- Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
- Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
- Үлкендерді еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.


Міне көрдіңдерме? Балалар болашақта мамандық иесі болу үшін, ақылды, білімді тәрбиелі болуы ,сол істі маманы болуымыз керек екен.

ІІ. Жаңа сабақ барысы.
1. Әзір ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім оқиды?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау.

Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

Тағы қандай маман иелерін білеміз?
ІІІ. Сөздікпен жұмыс (интерактивті тақтадағы суреттермен сүйемелдеп көрсету - көрнекілік әдісі)
Мәтінмен жұмыс.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.
Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.
Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді. Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады.                                      

«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.


Суретпен жұмыс. «Менің болашақтағы арманым» көрмесі (тақтадағы суреттермен балалар өз таңдайтын мамандығы туралы түсінік айтып береді)

Көрініс: Ұлағатты ұстаздан тәлім алу.


Ән: Ұстазым (хормен)


Мамандық туралы мақал –мәтелдер. (Оқушылар өздері білген мақал –мәтелдерді айтады).


Би: Қыздар билейді.


Қорытынды
«5 саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине, әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол мамандығымен мақтанатындай болуымыз керек.
Талаптанып,
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз,
Білім алып, тұлғаланып,
Азамат боп шығамыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Маманды?ым ма?танышым

Автор: Бахитова Айнур Тоилыбаевна

Дата: 23.04.2015

Номер свидетельства: 205061


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства