kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ор?ыт ата» кітабы «О?ыз ?а?ан» эпосына оны? ?аза? фольклорына тигізген ?сері

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?ор?ыт ата» кітабы
«О?ыз ?а?ан» эпосына оны? ?аза? фольклорына тигізген ?сері??ор?ыт Ата – т?ркі халы?тарына орта? ?лы ойшыл, жырау, ?обызшы. ?ор?ыт Ата ?мірде ізі, артында ?деби-музыка м?расы ?ал?ан тарихи т?л?а ретінде белгілі. ?ор?ыт Атаны? ?мір с?рген кезе?і туралы ?ылымда ?р т?рлі болжамдар ?алыптас?ан. Алайда зерттеулерді? к?пшілігі ?ор?ыт Ата Сырдария бойында ?мір с?рген о?ыз-?ыпша? тайпалы? бірлестігінде 10 ?асырды? басында д?ниеге келген деген т?жырым?а саяды. Рашид ?д-Дин “Жами? Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде ?ор?ыт Атаны ?айы тайпасынан шы??ан десе, ?біл?азыны? “Т?рік шежіресінде” оны? тегі баят екендігі, о?ыздарды? елбегі болып, 95 жас?а келіп ?айтыс бол?анды?ы айтылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ор?ыт ата» кітабы «О?ыз ?а?ан» эпосына оны? ?аза? фольклорына тигізген ?сері»

№ 2 СРСП «Қорқыт ата» кітабы  «Оғыз қаған» эпосына оның қазақ фольклорына тигізген әсері

2 СРСП

«Қорқыт ата» кітабы «Оғыз қаған» эпосына оның қазақ фольклорына тигізген әсері

Жоспары: «Қорқыт ата» кітабы – түркі халықтарына ортақ мұра. «Оғыз қаған» эпосына оның қазақ фольклорына тигізген әсері
  • Жоспары:
  • «Қорқыт ата» кітабы – түркі халықтарына ортақ мұра.
  • «Оғыз қаған» эпосына оның қазақ фольклорына тигізген әсері
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады.
  • Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады.
Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе , Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады.

Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе , Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады.

  • Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, [[Абыз (адам)|абыз]].
  • Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз.
  • Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра.
Қорқыт ата туралы аңыздар

Қорқыт ата туралы аңыздар

Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады. Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді . В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады.
  • Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.
  • Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді . В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады.
М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады.

М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады.

Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды.
  • Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды.
«Қорқыт ата» кітабынан үзінді

«Қорқыт ата» кітабынан үзінді

  • Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді.
К Ү Й Л Е Р і

К

Ү

Й

Л

Е

Р

і

«Ұшардың ұлуы» күйі «Ұшардың ұлуы» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы заманда бір заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала және ата-анасы өмір сүрген. Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады. Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді. Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді. Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл баланың зиратының қасында ұлып жатқанын көреді. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады. «Башпай» күйі «Башпай» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Қорқыт Атаның қарындасы болған еді. Бірде қарындасы оған тамақ әкелгенде, оның башпайы қарындасына тиеді. Сонда ол «Мені көмгенде, башпайымды сыртқа шығарып көміңдер»,дейді. Бұны айтқан себебі:ертеде қазақ халқы қызды еркелетіп, оны құрметтеген және оған ер адамның кез келген мүшесі тисе арсыздық деп санап, сол адам өмір бақи ұятта өмір сүреді.
  • «Ұшардың ұлуы» күйі
  • «Ұшардың ұлуы» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы заманда бір заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала және ата-анасы өмір сүрген. Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады. Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді. Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді. Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл баланың зиратының қасында ұлып жатқанын көреді. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады.
  • «Башпай» күйі
  • «Башпай» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Қорқыт Атаның қарындасы болған еді. Бірде қарындасы оған тамақ әкелгенде, оның башпайы қарындасына тиеді. Сонда ол «Мені көмгенде, башпайымды сыртқа шығарып көміңдер»,дейді. Бұны айтқан себебі:ертеде қазақ халқы қызды еркелетіп, оны құрметтеген және оған ер адамның кез келген мүшесі тисе арсыздық деп санап, сол адам өмір бақи ұятта өмір сүреді.
Қорқыт ата ескерткіші

Қорқыт ата ескерткіші

Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “Түйе табан” өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан.

Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев.

Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын “Түйе табан” өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан.

Қорқыт Ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған.

Қорқыт Ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған.

«Оғыз-наме» кітаби эпосы сандаған ғасырлардан тамыр тартқан оқиғалар іздерінің мифтік, аңыздық, шежірелік әңгімелерде сақталуы, олардың тұтастана шоғырлануы, бас қаһарманның айналасына топтастырылуы нәтижесінде өмірге келген. Ескерткіштің бойында көптеген фольклорлық мотив-сарындар мен кітаби эпос дәстүріне тән белгілердің бары анықталды. Нақтылап айтқанда бұрын жазба әдебиеттің талабы тұрғысынан тексерілген «Оғыз-наменің» фольклорлық сипатының басымдығы, көне мифологиялық қабаттар мен соңғы тарихи кезеңдер ізі сақталғандығы зерттеу барысында дәлелденді.
  • «Оғыз-наме» кітаби эпосы сандаған ғасырлардан тамыр тартқан оқиғалар іздерінің мифтік, аңыздық, шежірелік әңгімелерде сақталуы, олардың тұтастана шоғырлануы, бас қаһарманның айналасына топтастырылуы нәтижесінде өмірге келген. Ескерткіштің бойында көптеген фольклорлық мотив-сарындар мен кітаби эпос дәстүріне тән белгілердің бары анықталды. Нақтылап айтқанда бұрын жазба әдебиеттің талабы тұрғысынан тексерілген «Оғыз-наменің» фольклорлық сипатының басымдығы, көне мифологиялық қабаттар мен соңғы тарихи кезеңдер ізі сақталғандығы зерттеу барысында дәлелденді.
Шығармада оғыз тайпаларының бірнеше ғасырлық тарихы, маңызды оқиғалары, жер-су атаулары мен кісі есімдері фольклордың тұтастану заңдылығына түскен. «Оғыз-наме» кітаби эпосы Ислам діні орнағанға дейін Тәңірілік дін үстемдік құрған дәуірде туған; оның идеологиялық негізін Тәңірлік дін, анимистік, тотемдік наным-сенімдер құрайды, мұнда Көк Аспан, Күн, Ай, сондай-ақ қасқыр, ағаш культі анық көрініс береді.Фольклорлық мотивтердің ескерткіштегі көріну сипатының өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, ғажайып туу мотиві Оғыздың киелі нұрдан жаралуынан бастап, оның ұлдарының тәңірлік сенім арқылы дүниеге келуімен жалғасады.
  • Шығармада оғыз тайпаларының бірнеше ғасырлық тарихы, маңызды оқиғалары, жер-су атаулары мен кісі есімдері фольклордың тұтастану заңдылығына түскен. «Оғыз-наме» кітаби эпосы Ислам діні орнағанға дейін Тәңірілік дін үстемдік құрған дәуірде туған; оның идеологиялық негізін Тәңірлік дін, анимистік, тотемдік наным-сенімдер құрайды, мұнда Көк Аспан, Күн, Ай, сондай-ақ қасқыр, ағаш культі анық көрініс береді.Фольклорлық мотивтердің ескерткіштегі көріну сипатының өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, ғажайып туу мотиві Оғыздың киелі нұрдан жаралуынан бастап, оның ұлдарының тәңірлік сенім арқылы дүниеге келуімен жалғасады.
Халықтың ата-тегін, өткен өмірді білуге деген ұмтылысы «Оғыз-наменің» хатқа түсіп қалыптасу қажеттілігін туғызған. «Оғыз-наме» кітаби эпос ескерткіші – түркі халықтарының бай фольклорлық мұрасынан және өзіне дейінгі жасалған жазба әдебиет мұраларынан сусындаған туынды. Зерттеуде «Оғыз-наменің» бүкіл түркітектес халықтар фольклорына, соның ішінде қазақ фольклорына қатысы сараланды.
  • Халықтың ата-тегін, өткен өмірді білуге деген ұмтылысы «Оғыз-наменің» хатқа түсіп қалыптасу қажеттілігін туғызған. «Оғыз-наме» кітаби эпос ескерткіші – түркі халықтарының бай фольклорлық мұрасынан және өзіне дейінгі жасалған жазба әдебиет мұраларынан сусындаған туынды. Зерттеуде «Оғыз-наменің» бүкіл түркітектес халықтар фольклорына, соның ішінде қазақ фольклорына қатысы сараланды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
  • Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті – 2005ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ор?ыт ата» кітабы «О?ыз ?а?ан» эпосына оны? ?аза? фольклорына тигізген ?сері

Автор: Рызаханова Рая Сейтжановна

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294436


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства